Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандық. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.

«Халық шежіресі бойынша Асан ата Майқы бидің алтыншы әулеті деседі. Ол Қорқыт сияқты жұрт қамын жеп өткен дана, Батагөй, кемеңгер кісі. Өзінің ұзақ жасында халықтың қамын көп ойлап, уайым жеп өткендіктен, «Асан Қайғы» атанған,» деп жазады ғұлама ғалым, академик Ә.Марғұлан. Осындай пікірді белгілі тарихшы Құрбанғали Халидұғлы өзінің «Тарауих хамса» кітабында да айтады. Асанның XVғасырдағы қазақ ұлысын біріктіруге жанын аямай тер төккенн, Әз-Жәнібек, Керей хандармен бірге Әбілхайырға қарсы басында болғандығын, тіптен оның тек бір ғана қазақтың аңыз-әпсаналары мен ертектеріндегі Жәнібек ханмен бірге есімі қосақталып, қатар айтылатын тарихи тұлға ғана емес, көршілес қырғыз жұртына да осы қалпында белгілі екендігін Ш.Уалиханов таңдана жазады.

Бүгінгі заман адамының түсінігімен алғанда қоршаған ортаның фауна, флорасының қамын толғаған, толғаудың бір үзігіне солай қарағанда халық оның елбас Жәнібек ханға арнап айтқан туындысын одан әрмен қорғаштап аялары хақ:

Әй, хан мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай

Елеуреп неге сөйлейсің?

Қорған салдың бейнет қып

Қызметшің жатыр ішіп жеп

Мұны неге білмейсің?

Әлгінде бүкіл дүниедегі жан иесінің жағдайын ойлап тұрған кемеңгер, бұл жолы Әз-Жәнібекке халқының қамын неге ойламайсың, қымыз ішіп қызарып, елеуреп сөйлеу не теңің, істеген ісіңнің оңып жатқан бірі жоқ, келешегіңе, еліңнің ертеңіне көз жібермейсің деп күйіне тіл қатады.

Бір ғажабы: Асан авторлығымен сақталған жырлар мен ол туралы айтылатын аңыз-әңгімелердің мазұнында пәлендей айырмашылық жоқ. Мысалы сондай аңыздардың бірінде: «Бұрыңғы заманда Еділ мен Жайықтың арасында бір үлкен патшалы жұрт болған екен. Ханы Жәнібек хан екен. Оныі жұртында бір Асан қайғы деген жұрттың қамын ойлаған данышпан адам болыпты. Өзінің ақылдылығы сондай екен, ілгері де не болатынын болжап күні бұрын халыққа айтады екен, сондай-сондай болады деп... Жәнібек хан дегеніне жетіп тұрған кезінде Асан Қайғы 95-ке келген кезі екен»...-делінеді де, одан әрмен Жәнібектің сарай салдыру үшін Ресейден орыс шеберлігін алдырып, ғимаратты бітіртіп той жасататындығы, кейін Қарашаш атты күңнен некелесіп, әйелдікке алып, құладың құсты баулып, оған аққу ілдіріп, осылардың бәріне той жасатып, солардың бәріне Асан Өайғының риза болмай, сарайың оны салған орыстарға бұйырар, күңді әйел еткенің тұқымың халықтан айырылар, құладынға қудың олжа болғаны көліңнің, жеріңнің шын иесінен айырылып, жат жұттыққа бодан болатындығына көрінер деген болжамдары әңгімеленеді.

8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.

Бұқардың ислам дініне көзқарасына тоқтала кетейік.

«Ей айташы, алланы айт,

Аты жақсы құдайды айт,

Төрт шадияр Мұстафа,

Мұсқап ашқан ғаламы айт,

Тәңірім салса аузыңа

Жан долдасың иманды айт»

Бұл жолдардан жыраудың ислам дінінің жай-жапсарына қаншалықты қанық болғандығы көрінеді. Бұқар, сөз жоқ, діншіл. Оның атақты он бір тілегінің ең біріншісі- құдай қаламайтын іске аяқ баспау:

«Бірінші тілек тілеңіз

Бір аллаға жазбасқа!»

Және Бұқардың діншілдігі жай тақуалық емес. Ол «құдайдың-бір, Пайғамбардың хақ» екендігіне шын көңілмен-аө сенген жан.

«Дін пұсырман болмаса,

Тіл пұсырман не пайда»,-дейді ол.

Құдайға құлшылық етіп отыру парыз ғана емес, дінді берік ұстанған адамға алланың рахматы көп.

Құдайға құл болсаң,

Шын жаратқан қл болсаң,

Құдай тағалам өзі берер несіпті.

Алайда Бұқардың дінге қатысты өлеңдерінен фәнидің баянсыздығы, бақидың рахаты жайында ештеңе ұшырата алмаймыз. Соған қарақанда, мемлекет қайраткері Бұқар дінге құрал ретінде, таза пайдалық жағынан ғана қарайтын сияқты.