Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандық. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.

"Қазақ әдебиетінің тарихы III"

Асан қайғы туралы аңыз-әңгімелер мен әр алуан деректердің жарық көру мәселесіне келсек, бұл игілікті істің XIX ғасырдың екінші жартысынан басталғанын көреміз.Бұлардың бір алуаны кезінде озық ойлы орыс оқымыстыларының бастыруымен жарық көрсе, енді бір тобы ертедегі қазақ ақын, жазушылары мен тарихшыларының жариялауымен басылып келді.Бұлардың ішінен Лютшь хрестоматиясында басылған Асан туралы ертегі мен Құрбанғали Халидұғлының "Тауарих хамса Шархиындағы"жоғарыда келтірілген құнды деректерді жеке бөліп атаған жөн.Асан қайғы туралы аңыздар мен жыраудың өз жырлары кеңестік дәуірде ғана үздіксіз жарық көріп, жүйелі түрде зерттеле бастады.Бұл істе әйгілі жазушымыз С.Сейфуллин жинап бастырған "Қазақ әдебиеті" жинағының алатын орны ерекше.Мұнда ең алғаш Асан туралы кейбір құнды деректер мен қатар, оның Әз-Жәнібек ханға айтқан "Қырында киік жайлаған", "Алты атанға қос артып" атты әлеуметтік мәні зор толғаулары жарық көрді.Осы жырларға орай жазған зерттеуінде автор Асан қайғының өмірде болған тарихи тұлға екенін айтып, оны Әз-Жәнібек ханның замандасы, майқы бидің ұрпақтары еді деп көрсетеді.Осы жылдары Асанның Әз-Жәнібек ханға айтқан "Әй хан мен айтпасам білмейсің" атты ұзақ толғауы мен әр алуан қоныс жерлерге берген баға сындары "Таң журналында жариялынса, Асан өлеңінің шешімін айтқан Бұқар жыраудың белгілі жыры "Жас қазақ" журналында жарық көрді.Бұл материалдар сөз жоқ Асан қайғы шығармаларының жиналып, зерттелуіне жол салды.Осыған орай Сабыржан Шәкіржанның "Асан қайғы" атты мақаласын бөліп атауға болады.Асан творчествосының арнайы зертелуі қазақ әдебиетінің тарихына арналған алғашқы кітаптың үлесіне тисе, "Қазақ ертегілеріндегі" алғы сөз бен "Қазақ әдебиеті тарихының" соңғы басылымдарында Асан қайғының әдебиеттегі орны мен шығармаларының мән-маңызы ғылыми талдаулар арқылы байсалды бағасын алды.Бұлардағы асан ең алдымен көркем сөз иесі - ақын ғана емес, халық әңгімелерінің аңызға айналған басты кейіпкері.Ол көбінесе көшпелі елге ырысы мол құт - береке болатын шұрайлы қоныс іздеп "қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын" мамыражай заманды аңсаған жұрт қамқоршысы болып сипатталады.Соңғы кезде асан толғауларының әр түрлі хрестоматияларда басылып жарық көруі оны бірден-бір ақын, жырау ретінде танып білуге жол салды.Айталық жоғарғы оқу орындарына арналған "Ертедегі қазақ әдебиеті" хрестоматиясында Асанның "Қырында киік жайлаған","Құйрығы жоқ, жалы жоқ","Мұнан соң қилы-қилы заман болар" атты үш толғауының бірден жарық көруі алғашқы елеулі бастама болды.Сол жылдары Асан атына байланысты туған халық әңгімелерінен "Хасен ханның Асан қайғы атануы", "асан қайғының жерге айтқан сындары" атты аңыздар "шешендік сөздер" жинағында да басылып, енді бір топ аңыз-әңгімелер балаларға арналып жеке кітап боп шықты

5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.

Х.Сүйіншәлиев "VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті"

Доспамбет жырау - қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ноғайлының белгілі жырауы.оның бір толғауы және бірнеше қысқа жыры ғана бізге мәлім. Доспамбеттің көп күндері жорықтарда өткен.талай қан кешкен соғысқа қатысып, өз елін сырт жаудан ерлікпен қорғаған батырдың бірі.Ақын өлеңдерінде ерлікті дәріптеу - негізгі орын алатын басты идея.Сүйте тұрсада, ол бейбіт өмірді,жайлы жазды жек көрмеген.Доспамбеттің ерлік жырларына "арғымаққа оқ тиді", "айналайын Ақ Жайық" т.б толғаулары бар.

Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана- бар-жоғы 160 жолдың көлемінде.Осы жыр үзінділеріне қарап оның шығармаларының тікелей жорық үстінде , ұрыс майданында туғанына көзіміз жетеді.Жаралы жауынгер жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен өмірі мен қимай қоштасуы,ішкі қайғы мен өкініштің ақтарылып шыққан зарлы мұңы , кейінгі ұрпаққа арнайы сөйлеген жыр-аманаты елес береді.Солай болғанмен де , оның жырларындағы басты қазық-ақынның туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты, ынта-сезімі.Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан қорғау- жырау үшін басты азаматтық парыз.Сол себепті де ол жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.Доспамбет жырлары-майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті.оның жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл - әрекеті көркем бейнеленген.Бұл жырлар-қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары.Қасиетті өзен Жайық бойы ежелден тұнған тарих болса, жауынгер жырау жырларында Жайық азаттық жолындағы күрес тарихының ұйтқысындай елес береді.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда,-

деген жыр жолдарындағы жорықтың асқақ үнді, өршіл рухты сарыны Ақ Жайық бейнесімен астасып бейбіт күндерді аңсаған темірқазық іспетті.Мүның өзі жыраудың ерлікті дәріптеумен бірге бейбіт өмірді армандағанын білдіреді.