- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
65. Шал ақынның афоризмдері
Қай кезде де өңін жоғалтпас Шал ақынның фәлсафалық тұжырымдары мен ұтымды ұйқасын былай қойғанда, тапқыр теңеулеріне тәнті боласыз.
Ай нұрланар аспанда толған сайын,
Пенделер үміт етер болған сайын,
Ашу-пышақ болғанда, ақыл-таяқ,
Сол таяқ кемімей ме жонған сайын.
Мәнерлі, әсерлі шумақтан ғибадаты кең ой түйесіз. Кәрінің өлімін соққандауылдың тынғанына теңесе, жастың өлімі сынған бәйтерекпен парапардейді.«Таудың көркі – тас» деген баламаларды Шалдан естідік. Кісі мінезіндегі олқы жайларды жіті байқап қалып, өз байламын ұсынады. Өмір тәжірибесін оймақтай сөзбен тізеді. Сабырсыздықтан, санасыздықтан сақтандырады. «Жігіттің мұрты кебер мақтанарда» десе, оның немен аяқталатынын жазбай танисыз. Бір жолдың өзінде мінез, кескін-келбет тұтас көрініс береді, Ақын ақылдың көзімен көп нәрсені ашып көрсетеді.
Ақ пен қараның бітіспес күресінің арасында жүріп Шал өзінің шығармашылық нысанасынан ауытқымаған. Өзі сезіп білгенін, көргенін,түйгенін айтқаны басқалар үшін рухани азық еді. Қысқалы, ұзынды нақылдарына бірқатар жүк артты. Кейбір шумақтары шешендік сөздердің жүйесіне жақындайды, енді бірқатары кәдімгі ақ өлеңмен айтылғандай әсер етеді. Кейінгі айтушылары, көшірушілері ұйқасқа икемдеуі мүмкін. Сосын кейбір шумақтар Шалдікі болмауы мүмкін. Айталық, «Көкала көл, нар қамыс», «Бұл өлім қайда жоқ», «Күні суық болғансын түні қайтсін» дегендер халықтікі, не кейінгі қоспалар сияқты. Ақыннан жазба нұсқа қалмағаннан кейін оны жамап-жасқаушылар, «жөндеушілер» табылып қалады. Шал белгілі бір зат, құбылыс туралы дәл, анық айта білген. Қаққан қазықтай сөздерін орнынан жылжыту қиын. Жердің салмақты тұсынан ойып алған кен іспеттес.
Жігіттің өзім білем дегені, –
Басына салған ойраны.
Ісін көпке бергені, –
Тастан соққан қорғаны.
Өсек басты болады
Қыздың жасқа толғаны.
Жан шошырлық жаман іс, –
Ағайын ала болғаны.
Неден сақтанып, неден аянбау керектігін айнаға түсіргендей айнытпай береді. Қазіргі өркениетке де бұл керекті ой. Рухани тәжірибе көпке ортақ. Ертедегі жыршы, жыраулар алауыз, алакөз болған қатерлі хандарды осындай сөздермен ауыздықтап, тізгін тарттырғаны белгілі. Енді біз мемлекеттер алакөз болмаса деп тілейміз. Мұның өзі, Шал ақынның кемеңгерлілікке иек артар сөздері қай дәуірге де қызмет ететіндігіне дәлел болса керек.
Байлауы жоқ шешеннен үндемеген есті артық.
Жомарттық туралы
Ойласаң мың бір пәле тілден туған,
Шешендер топ ішінде белді буған.
Ел билеу ісі туралы
Жақсының айтқан ақылы,
Қазулы сара жолмен тең.
Тәлім- тәрбие туралы
Кәрі өлсе- дауыл тынығады,
Жас өлсе- бәйтерегіңнің сынғаны.
Адам өмірі туралы
Ат жетім өрен жүйрік шабылмаған,
Құс жетім саятшысы табылмаған,
Әйел жетім өзінің теңін тауып қосылмаған.
Адам өмірі туралы
Кедейлік ер жігітке намыс емес,
Жоқ болсаң досыңдағы таныс емес.
Байлық- кедейлік туралы
Өткен қайтып келмейді,
Алғанын құдай бермейді.
Адам өмірі туралы
Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.
Ақыл- ой туралы
Пәле- сабыр, қазаға- тәуба.
Дін, иман туралы
Қона берсең- жерің тозар,
Шаба берең елің тозар.
Ел, халық туралы
Жеңілсе дұшпан достық қыл.
Достық туралы
Жаман әйел алғанның жауы үйінде,
Жақсы әйел алғанның тойы үйінде.
Әйел, ана туралы
Пайдаңды жақсы болсаң елге тигіз.
Тәлім- тәрбие туралы
Елінде жақсы жігіттің,
Алыста даңқы зор болар.
Ер жігіт туралы
Өткен іске өкінген өмір зая.
Адам өмірі туралы
