- •2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы
- •3.Асан туралы аңыз
- •4.Асан қайғы шығармаларының зерттелуі.
- •5 Доспамбет жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
- •7. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
- •8. Бұқар жыраудың дінге қатысы.
- •9. Абылай туралы тарихи жырлар арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
- •10.Бұқар жыраудың болжал толғаулары.
- •11.Шал ақынның адамның жас ерекшеліктері туралы өлеңдері.
- •12.Көтеш ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшіліктері
- •13 Доспамбеттің қолданысындағы аға сөзінің мағынасы
- •14 Доспамбет толғауларының тақырыбы
- •16 Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы
- •20Сұрақ.Тарихта "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"атанған аумалы -төкпелі заманды сипаттаңыз.
- •21Сұрақ.Атақты Мәшһүр Жүсіптің жыраулар шығармашылығын жиналып зерттелулеріндегі рөлі.
- •25.Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыбы.
- •37 Шалкиіздің арнау толғауларының әлеуметтік мәні
- •38 Үмбетейдің Бөгембай батырдың өліміне арналған жоқтауы
- •39 Үмбетей жырау жырларының басты ерекшелігі
- •40 Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі
- •47 Жиембет пен Шалкиіз жыраулардың арнау толғауларының ерекшеліктері
- •48 Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көтерілген мәселелер
- •49.Тәтіқара ақынның «Кебеже қарын кең құрсақ» толғауындағы тарихи оқиғаны түсіндіріңіз
- •50 Үмбетей жыраудың Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыры
- •51 Үмбетей толғауларындағы Бөгембай бейнесі
- •53 Бұқар жырау поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •54 Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі
- •61. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау.
- •62. Жыраулар поэзиясындағы қайталаудың түрлерін көрсетіңіз
- •63. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауына әдеби- теориялық талдау
- •64. Жыраулар поэзиясындағы адамның жас ерекшелік жырлауы (мысал келтіріңіз)
- •65. Шал ақынның афоризмдері
- •66. Асан қайғы афоризмдерін талдау
- •73. Асан қайғы дүниетанымындағы «Жерұйық» идеясы
- •74. Көтеш ақынның өлеңдеріндегі афоризмдер
- •75. Шал ақынның өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері
- •76. Марғасқа жыраудың толғауына әдеби-теориялық талдау жаса
- •77. Жыраулар поэзиясында кездесетін ауыстыруларға мысал келтір
- •78. Тәтіқара ақын шығармашылығының көркемдік сипаты
- •79.Ақтамберді жыраудың афоризмдері
- •80.Ақтамберді жырау толғауларындағы ерлік тақырыбы.
- •81.Тәтіқараның Кеше тоқыраулы судың бойынан деген өлеңіне әдеби-теориялық талдау.
- •82.Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңін талдаңыз
- •83Үмбетей жыраудың Бәкеге арнауындағы заман шындығы.
- •84.Үмбетейдің Бекболат биге арнауына талдау жасау.
- •85.Ханға жауап айтпасам толғауын талдаңыз
- •86.Бұхардың дидактикалык сарындағы толғауларында мақал-мәтелдей оқылатын афоризмдер
- •87.Үмбетейдің «бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі атты» толғауына әдеби теориялық талдау жасау.
- •88.Жиембет жырау толғауларындағы көркем қолданыстар
- •89.Жыраулар поэзиясындағы аллитерация мен ассонанстарға мысал келтіріңіз
- •90.Жыраулар поэзиясындағы болжал толғаулар
6 Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым
"Тілепов Елім деп еңіреген ерлер жыры"
Қазақ поэзиясының тарихилығын зерттеген ғалым, ол Тілепов.Ол өз зерттеулерінде тарихилық жайында төмендегідей зерттеулер жүргізген.Халықтың ғасырларды көктей жүріп өткен жолы сөз жоқ, оның тек қай атырапты мекендеп қандай елдермен айқасып, кімді қол астына ұстағандығын, болмаса кімге бодан болғандығынан мәлімет беретін жылнамашы мен тарихшының жазбаларымен шектелмейді.Сәулет өнері, ауыз әдебиеті, саз өнері секілді негізінен, елдің естиярлығын, халықтың жады мен зердесін таразылайтын рухани қазында да ел тарихының ізі сайрап жататыны хақ.Және бұлардың берер мағлұматтары , шынына келгенде сырттан келген жиһанкез тарихшының сөзінен гөрі де шынайы болуы әбден мүмкін.Ал, бұл тұрғыдан келгенде осы ортада өмір сүрген, оның қуанышы мен сүйенішінің ең алдымен өкінетін де , сүйінетін жыраулар мен ақындар шығармасында сөз болар оқиғалар мен тарихи мағлұматтардың қадір-қасиеті тіптен ерекше.Бәлкім халқының мерейі үстем тұсын бұл адамдар көтеріп айтатын шығар, бақыты қайтқан кезеңін еңсесі түсе отырып баяндайтын болар, бірақ соған қарамастан осы мұралар өзіне айрықша назар аударуды керек етеді.Өйткені әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы әрі белгілі ұлт әдебиетінің жасын межелеуге , әрі сол әдебиеттегі тарихилық мәселелерінің жүріп өткен жолын бағдарлауға қызмет көрсетеді.Ал тарихилық мәселелері назарға алынған кез-келген әдебиетте белгілі бір халықтың есею іздерінің соқпақтығы, тарихи тай-таластардың бел-белестері сайрап жатады:тыңдаушысы мен оқырманына тебірентер ойлар салатын халықтың тағдырына байланысты мәліметтер жүреді.ал ол мәліметтердің әдебиетте бейнеленген тарихи факті, немесе өмір шындығы екендігі мәлім.Тегінде әр дәуірдің шынайы өнердегі көркем шындығын тану бұл әдебиеттану ғылымындағы тарихилық сынды келелі проблемалармен тікелей сабақтас.Әрине біздің тқл әдебиетіміздегі тарихилық мәселесінің көрінуі, оның даму жолдары өзіне тән өзгешеліктерден құр алақан емес.Ілкі көріністері сонау XIII ғасырдағы қазақ жұртының өзге түркі тайпалар мен еншілес кезіндегі араб оқымыстылары Ұлық жыршы атаған шығарма өкілінің Жошы хан өлімін өлеңмен естіртетін хатқа түскен жырынан басталса, онан бергі кезеңінде бұл құбылыс XV-XVII ғасырлардағы Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа сияқты жыраулар шығармасынан жалғасын тапты. Кейін бұл дәстүрді XVIII-XX ғасыр басындағы жыраулар мен ақындар келіп ұластырды.Солардың қайсысының шығармасында да қазақ халқының елдік тарихы жырланды.Ел үшін отқа түскен ерлердің ерекше істері үлгі ете көрсетілді.Сондай-ақ бірден екі шығарма өкілінің өз портреті мен өзі өмір сүрген дәуіріндегі белгілі тарихи тұлғалар мен оқиғаларға деген қатынасы да әдебиетте айқын көрініп отырды.Бұл ерекшелік әсіресе қазақстанның Ресейге қосылған кезінен бергі тұстағы жыраулар мен ақындар поэзиясында айрықша аңғарылады.Ал оның барлығы көркемсөз иесінің авторлық беті мен абырой-беделіне тікелей қатынаста болатын.Мәселен Бұқар жырау мен Үмбетей жырау бір дәуірде өмір сүрген мен олардың мәселені байыбына беру шамалары мен авторлық, қоғамдық тұлға ретіндегі салмақтары әр қилы екені даусыз.
