Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандық. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
224.5 Кб
Скачать

1 Ақын мен жыраудың айырмашылығы "қазақ әдебиетінің тарихы III"

Әдебиетімізде өзінің жанрлық белгі - сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше.Бір ыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде де өзіндік елеулі өзгешеліктер бар.Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса,жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайларын сипаттайтын ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі."Жырау" деген термин өзіміздегі "жырлау", "жыр айту" "жырламақ" сөзінен келіп шыққан.Мұның түп-төркіні байырғы "жыр", "жыршы" деген ұғымдармен өзара астасып жатыр.Бұл пікірді ұлы ойшыл ғалым Ш.Уәлиханов және В.В.Радлов , Л.З.Будагов еңбектерімен қатар, бүгінгі әдебиет зерттеушілері де бірауыздан қуаттайды.В.В.Радлов жырды шумаққа бөлінбейтін импровизация,қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды-жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы деп түсіндіреді. Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп:"жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып, көбінесе заман, дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған"-деп ой түйсе, Ә.Мағұлан:"Жырау ру басы ақсақал,халықтың көкейтесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген.ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай тығырыққа тығылған екі талай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған.Сонда ғана жыраулар халыққа күш-жігер беріп, осы оқиғаның немен тынарлық болжап, тебірене жыр толғайтын болған.Болашақты барлап болжам айту-көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған",- деп жазды.Жырау мен ақындардың арасындағы ерекшеліктерді М.О.Әуезов кезінде дәл басып танып:"Жырау демек ақын деу емес.Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар.бұның сөз үлгісі шығармасы-толғау.Жыраудың мақсаты, міндеті-"не болса сол көңіл ашар","әлдене" дерлік сөзді айту емес.Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын,тарихи оқиғаның мазмұн, бағасын сөз қылады.Көбінесе әрі жырау, әрі би болады" деп бағалайды. ақындық дарын ерекшелігін Е.Ысмайылов:"Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой-өрісі дәрежесінде таниды.Ақынның сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол тез көріп, тез әсер алады, алған әсерін ұғып, есіне сақтауы да күшті, тұрақты.Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді"-деп жазады.

Тілепов."Елім деп еңіреген ерлер жыры"

Жыраулар поэзиясы мен ақындар поэзиясының дәстүрлік ерекшеліктерін айтқанда,бұл дәстүрлердің бір-біріне ұқсастықтары да ,өзгешеліктері де бар.Ең алдымен,негізінен хандық институт заманында соның бір жағынан идеологиясын жүргізіп, бір жағынан сол институт аппаратында отырып ұлыстың мүддесін көздейтін,елге сол арқылы осы аппараттағы ең жақын тұлға болып саналған, жыраулар шығармасы бір ғанан абыздық қасиетімен ғана емес , өздері өмір сүрген кезеңнің тарихи адамдарының басынан өткен оқиғаларын жырлайтын ерекшелігімен де өзгеше көрінеді.Яғни бұл поэзия өкілі өзі өмір сүрген дәуірдегі қазақ халқының өміріне қатысты жағдайларды ғана жырлайды.ақындық поэзия болса тек сол кезең тірлігін ғанан емес, ілгері дәуірдегі ел басынан өткен жайларды да тіптен ерте дүниедегі ежелгі тарихи тұлғалардың тегі мен тындырған істерін де жырлай береді.

Х.Сүйіншәлиев "VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті"

Жыраулар-сөз өнерінің ілкі авторлары,ақындыққа жол ашқан асыл сөз шеберлері, халықтың шешендікпен ұштасқан ойлы-сырлы толғау, арнау, термелер мен эпостық жырлардың бастау бұлақтары.Ақындардың жырауларға қарағанда өрістері біраз кең, тақырып шеңберлері биік, жан-жақты, шеберлік, шешендік айшықты айқын, ажарлы.Ақынға батылдықта,батырлықта лайық.Олар айтар сөзден тайсалмайды.Бай-манап па, сұлтан-төре, ұлық па-деп бет-ажарларына, дәулет-дәрежелеріне қарамай айтар сөзін бетпе -бет айта салады.Кейде шешенсінген билермен де тізелесіп, олар шеше алмаған дауды шешеді немесе ешкім тоқтата алмаған,жанжалы асқынған ерегістерге де тоқтам болар сөз айтып жылдарға созылған талас-тартыстарды келісімге келтіреді.

Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму жолында жеке авторлы поэзия ерекше орын алады.Әсіресе, шешен жыраулар мен ақпа-төкпе ақындар бұған көп үлес қосты.

2 Қазақ хандығының қалыптасу тарихы

Бұрын Алтын Орда хандығының, одан соң алтын орданың қармағында болған қазақ халқы, осы хандықтардың ыдырауына байланысты XV ғасырдың ортасында Батыс Жетісуда қазақ хандығын құрды.Қазақ хандығының құрылуына Әз-Жәнібек мен керей ханы қазақтарды бастап 1456жылы Әбілхайыр бастаған көшпенді өзбек хандығынан бөініп шығуы бастама болды.Кейін Моғолстан хандығының, сібір хандығының және ноғай одағының ыдырауына байланысты, бұрын осылардың қоластында болған қазақтарда қазақ хандығына көшіп қосылды.Сүйтіп бұрын ақ рданың қол астындағы жерлер қазақ хандығының қол астына қарады.Қазақ хандығының ханы Қасым хан тұсында оған қараған қазақтар саны 1мил.жетті Қазақ хандығы XVғасыр ортасынан XVIII ғасыр ортасына дейін 300ж өмір сүрді.Оның астанасы Түркістан қаласы болды.Алғашқы қазақ заңы Қасым ханның Қасқа жолы жасалды.XVI ғасырдың 2-ші артысында әлсіреген хандықты біріктіруді Ақназар ханның інісі Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиалық қарым-қатынастардың нығайуы және орта азияның сауда орталықтарына шығуы.XVII ғасыр Есім ханның орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті.Қазақ хандығының Есім хан тұсында оңтүстік шекараларының кеңеюі "Есім ханның ескі жолы " деп аталатын заңының пайда болуы. XVII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығының саяси әлеуметтік жағдайы Тәуке хан билік құрған кезеңде халықтың бірлік, ынтымағы арта түсті осыдан кейін қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер жасаған "жеті жарғы заңының" жасалуы.Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кездегі қазақ хандығының әлсіреуі.Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық жорығы. 1710,1711,1717,1723-25,1740-42 жылдарды қазақ жеріне жасалған жоңғарлар жорықтары.қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі.Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырған Абылай хан.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.оларға қарсы күйрете соққы берген қазақ батырлары,хандары үлкен роль атқарды.

3.Асан туралы аңыз

"Қазақ әдебиетінің тарихы III"

Асан - аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам қайраткері әрі шешен биі, әрі ойлы-сырлы жырауы.Халық аңыздарында Асанның үрім-бұтағы, өмір-деректері айтып берілген.

Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды салыстырғанда Асанның әкесі - Саятшы Сәбит, шешесі-Салиха, ал оның әйелінің аты-Күлжазира сұлу, баласы -Абат батыр екені көрінеді.Асанның енді бір баласыжетім Жаналы атаныпты.Ол Әз Жәнібек пен бірге қалмақ ханында бірнеше жыл кепілдікте жүрген.Оның жетім атануы, асылы, ол Асанға өкіл бала болып кеткен аға, інілерінің бірі болса керек.1946жылы жазып алынған тағы бір ел аңызында ,Сәбит алыс сапарға шығып ,бірнеше жыл бойына аң аулап кетеді екен.Әкесі соңғы сапарына аттанғанда анасының құрсағында қалған Асан аш-құрсақ жетім, шерменде боп өсіпті.Көзін ашқаннан жетімдік қайғысын тартқан жастың келешегі де қасіретсіз болмапты.Жасында жетімдік тауқыметін тартса, өскеннен кейін де ол-жұртының мұң-мұңтажын армандап, болашағын ойлау, болжап толғанумен боп, шерменде бола беріпті.Осыдан халық оны Асан қайғы атапты мыс.Осы қолжазбадағы енді бір аңызда Асанның аты Хасен екен дейді.

Сабыржан Шәкіржанов жазып алған бір аңызда:Асан ата ноғай екен;Шыңғыс хан тұсында жасаған Майқы бидің Асан 6-ұрпағы.Майқа Алтын Орданың қырағы данышпан адамы болған.Бірнеше хандарды қолынан өткізген.Еділ бойы Айдарханда, одан кейін сарай қаласында , одан кейін ақ ордаға келген.Ең соңында Жиделі Байсынға келіп өлген.Енді бір аңызда Асан қайғы Орманбет хан өлгеннен кейін сары ноғай, қара ноғай болып бөліне көшкенде тірі 120 жаста екен.Ал Орманбет хан қайтыс болғаннан кейін Сары ноғайлар Еділде қалады да , қара ноғайларды Қазтуған батыр мен Асанның тұңғышұлы Абат батыр бастап, жылы жақты бетке алып,Қаратауға көшіп келеді.Жолда көп қиындық көреді.шерқұтты бастаған бір топ ел айшылық жолдан кері қайтып кетеді.Осы кезде Асан әбден қартайып , көш басшылық ісінен қалған адам.Осы тұста айтқан бір толғауынд а ол Қазтуған мен Абатқа алған беттен кері қайтпа деп ақыл береді.Өзінің қалжырап біткенін хабарлап, мақұлдасқандай болады.

Асан жайындағы аңыздардың ең таңдаулысы оның "жер ұйықты" іздеуі.Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін жұмбақ бар, оның аты "Жер ұйық".Бұл кісі жүзге келмей өлмеген, малы екі қайтара төлдеген,елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін мекен.Бақытқа жету жолында күрес дегеннің не екенін білетін ел ғана жерұйыққа қоныстанбақ.Асан қайғы еліне жер ұйықты іздеумен жүріп, Ұлытаудың басына жеткенде дүниеден өтеді.

Асан туралы кейін жасаған ақындардың пікір айтпағаны кемде - кем. Олар бір ауыздан Асанды -ұстаз жырау, ел - жұртының мұңшысы, жыр атасы деп танытады.