- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
Дайындаманың өңдеу маршрутын құру технологиялық үрдiстiң құрамын таңдаумен тығыз байланысты. Таңдау арқылы технологиялық үрдiске керектi операциялар мен олардың бiрiздi жүргiзiлуiн анықтайды; бұл технологиялық үрдiстердi жобалаудағы ең жауапты мәселенiң бiрi.
Үрдiстердi жобалаушы технологтар бұл мәселенi шешуде өздерiнiң бiлiм тәжiрибелерiне немесе технологиялық есептердiң балама шешiмдерiне сүйенедi. Әсте технологтың өмiрлiк тәжiрибе жиынтығы да балама шешiмдерде субъективтi тұжырымдардан алыстамайды.
Дегенмен, технологиялық үрдiстердiң ұтымдылау, тиiмдiлеу деген құралдарын анықтауға төмендегiдей кепiлдемелер ұсынылады:
өңдеу үрдiсiнiң жалпы бiрiздiлiгiн белгiлеуде алдымен технологиялық базалар болатын беттердi өңдейдi;
одан кейiн дайындамалардың қалған беттерiн, олардың өңдеу дәлдiгiнiң дәрежелерiн керiсiнше жүргiзедi; неғұрлым өңделетiн беттiң өлшем шегi дәл болса, олар соғұрлым ең соңғы әрекеттерге қалдырылады;
бұлай өңдеу маршрутының соңына тетiктiң ең жауапты және негiзгi қызметтi атқарушы беттерi жiберiледi;
соңғы операциялардың бiрiне тетiктiң тез бүлiнетiн беттерiн шығарады;
дайындамалардағы iшкi және сыртқы ақауларды анықтау үшiн алдыңғы операцияларда қаралтым, керек болса тазалай өңдейдi; егер ақау бiлiнсе, оларды не ақауға жiбередi, не болмаса түзеу шараларын қарастырады.
Машина жасау технологиясында өңдеу маршрутын қаралтым, тазалай және әрлеп өңдеулер деп аталатын үш сатыға бөледi. Бiрiншi сатыда әдiптердiң жасанды және едәуiр бөлiгiн сылиды; екiншi сатысы аралық мәнде; ал үшiншi сатыда беттердiң керектi дәлдiк және сапа көрсеткiштерi қамтамасыз етiледi.
Қаралтым өңдеу сатысында технологиялық жүйе әжептеуiр қызу (ыссы) режимiнде және кескiш күштерiнiң әсерiнен туатын ауытқу ықпалында болады. Қаралтым және тазалау операцияларын өзара алмастыру дәлдiкке жетуде онша көп нәтиже бермейдi. Қаралтым өңдеулерден кейiн iшкi-қалдық тартылыстар әсерiнен майысу деформациялары пайда болады; сондықтан қаралтым және тазалау операцияларын топтап жүргiзiп, олардың арасындағы уақытты ептеп созады; осы уақыт iшiнде iшкi-тартылыстар әсерлерi бәсеңдеп, релаксация (өзгерiс) үрдiсi бiтуге тиiс. Әрлеу өңдеулерiн маршруттың соңына қойып, кездейсоқ ақау қимылдарынан сақтанады. Баяндалған маршрутты құру принциптерi кейде ерекше өңдеу жағдайларына байланысты өзгеруi мүмкiн. Егер өңделетiн дайындама iрiлеу және оның өңдеу беттерiнiң өлшемдерi өте ұзын болмаса, оның жауапты элементтерiн маршруттың басында өңдеуге болады. Машина жасау тәжiрибесiнде концентрациялау принципi деген ұғым кездеседi. Онда дайндаманың бiр орнатуында, барлық қаралтым және тазалау өңдеуiн бiр операцияда жүргiзiп, тетiктi дайын күйiнде кесiп алады; мұндай өңдеу тетiктi шыбықты дайындамадан автоматта жасауда кездеседi.
Егер сызбаның техникалық талабында термиялық өңдеу көзделсе, онда өңдеу маршрутын екi бөлiкке бөледi: термиялық өңдеуге дейiнгi және одан кейiнгi маршруттар. Термиялық өңдеулерден кейiн деформация тууы мүмкiн; оларды түзету үшiн арнайы түзету үрдiстерiн қолданады. Термиялық өңдеудiң кейбiр түрлерi технологиялық үрдiстi қиындатып жiбередi. Мысалы, цементтеу кезiнде тетiктiң керектi бiр учаскелерiн ғана көмiртегiмен сiңiру қажет. Ол үшiн тетiктiң басқа элементтерiн мыстау керек немесе оған арнайы әдiп қалдыру керек.
Өңдеу маршрутының бiрiздiлiгi тетiктегi өлшемдер қою тәсiлiне көп байланысты. Алдын ала өңделетiн беттен, өлшемдердiң көбiнiң қойылуы қажет.
Маршруттағы қосымша операциялар (майда тесiктердi тесу, фаска өңдеу, ойықтар кесу, қабыршықтар тазалау және т.б.) тазалау сатысында жүргiзiледi.
Технологиялық үрдiстердi жұмыс iстеп тұрған зауыттарға жобалағанда, олардың операциялық тасымалдаулары неғұрлым қысқа болуын көздейдi. Ол үшiн бiр станокта жүргiзiлетiн барлық жұмыстарды топтап, сол жұмыс орнында бiтiруге тырысады, мүмкiндi-гiнше тетiктiң жұмыс орнына оралмаған жөн.
Жаппай өндiрiстерде өңдеу құралдары тетiктiң технологиясының бiрiздiлiгiне байланысты орналасады, мұнда тек операция жүруiнiң даналық уақыты, тасқынды линияның тактiсiне тең, не еселi болуы қажет.
Өңдеу маршрутын құруда әрбiр операциядағы станоктың немесе басқа құралдардың моделi мен түрлерiн белгiлейдi.
Маршрут құрудың кейiнгi сатыларында оларды нақтылап, керектi модель, маркаларын, өлшемдерiн, техникалық сипаттамаларын анықтайды. Бұл кезеңнен туған нәтижелердi технологиялық карталарға түсiредi (операциялардың саны мен мазмұны, құрал-жабдықтары және т.б.).
Негiзгi әдебиет: 1 [172-199]; 2 [198-223].
Бақылау сұрақтары:
Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау.
Дайындаманы өңдеу маршрутын құру.
Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар.
Технологиялық базаларды таңдау.
