- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
Бет қатпарларын модификациялау тәсiлдерiне жататындар: диффузиялық сiңдiру, лазерлiк легiрлеу, қаптаудың электродоғалық және плазмалық түрлерi, иондық имплантация, химиялық және гальваникалық қаптау, бүрку, эмальдау, электрсiлтiлiк қаптау т.с.с.
Бұл бағыт қымбат материалдарды тоздырмау және бұйымның төзiмдiлiгiн арттыру үшiн қолданылады. Көбiнесе тозған бұйымдарды жөндеуде жиi пайдаланылады.
Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
Тетiктiң бетiнiң сапасы сыртынан iшiне қарай (бет қатпарына) өзгермелi болады.
Машина бұйымдарын жасауда бет сапасын қамту үшiн арнайы технологиялық үрдiстер жүргiзiледi.
Оларға жататындар: санды бағдарламамен басқарылатын станоктарда кесу жылдамдық-тары мен аспап берiсiн өзгерту арқылы жону, беттердi пластикалық деформациялау арқылы таптау (мұнда таптау күштерi, жылдамдық, берiстер өзгертiлiп тұрады), тоқ күшiн өзгерту арқылы электромеханикалық өңдеу, т.с.с.
Бұл бағытты дамыту арқылы бұйым төзiмдiлiгiн арттырады.
Мысал ретiнде, әртүрлi құлақшаларды өңдеу, дифференциалдардың ұялары, турбина қалақшалары, тiстi дөңгелектердiң тiстерiн атауға болады.
Дәлме – дәл, өте жоғары дәлдiктегi нанотехнологиялар. Өңдеу дәлдiгi ангстремге жуық, бет кедiр-бұдырлығы Rα=0,0001 мкм.
Өте жоғары дәлдiктегi өңдеудi iске асыру дайындаманың материалының химиялық құрамы мен оның өңдеу қасиетiне тығыз байланысты болады.
Дайындама материалының механикалық және физикалық қасиеттерiнiң параметрлерiнiң шашырауы 0,1%-дан аспауы тиiс. Мұндай шартты тек наноматериалдар қамтамасыз етедi.
Нанотехнологиялар бұйым жасаудың жаңа тәсiлдерiн тудыруға жол ашады.
Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
Бұл дегенiмiз өңдеудi жүздi аспаптармен жүргiзуде кесу жылдамдығын 30 м/с, ал алмас-ты-абразивтi өңдеуде 150 м/с жеткiзу.
Жоғары жылдамдықтағы кесу пiшiндерi өте күрделi тетiктердi өңдеуде кездеседi, мұнда дайындама салмағының 70 – 80%-ы жоңқаға айналады.
Плита тәрiздес пiшiнi қарапайым тетiктердi өңдеуде бұл әдiс өте тиiмдi келедi.
Тәжiрибеде жоғары жылдамдықты токарлық жону жиi қолданылады.
Жоғары жылдамдықты кесу үрдiсiн iске асыру үшiн кескiш аспапты майда түйiрлi қатты қорытпалармен арнайы қаптап, оларды керамикалық бордың кубтық нитридтерiмен, алмас-тық кескiштермен жабдықтап, өңдеудi жоғары жылдамдыққа бейiмделген металл кескiш станоктарда жүргiзу қажет.
Қазiргi кезеңде машина жасауда қолданылатын металдар мен қорытпалардың 200-дей маркiлерiн жоғары жылдамдықпен өңдейдi. Мұнда өңдеу өнiмдiлiгi 3–10 есе өседi де, өңде-лiнетiн беттiң сапасы мен дәлдiгi жақсарады.
Материал қасиеттерiнiң, өлшем дәлдiктерiнiң, тетiк беттерiнiң сапасының тектiк iзқуушылығы.
Бұл бағыт тетiктер сапасын жақсартып, өңдеудiң өзiндiк құнын азайтады.
Бұйым құрамындағы конструкторлық – технологиялық өлшемдiк талдауларды жетiлдiру.
Қиылыстырылатын беттердiң сапасын ескере отырып, ондағы өлшем тiзбектерiне есеп-темелер жүргiзу.
Бұйымның пайдаланушылық қасиеттерiн технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
Пайдаланушылық қасиеттерге жататындар: статикалық және шаршау берiктiгi, тоттану тұрақтылығы, статикалық және динамикалық контактты берiктiк, контактты серпiмдi қатаңдылық, қондыру берiктiгi, тығыздылығы, тозу тұрақтылығы.
Осы бағыттағы жиналған ақпараттар жиынтығы бұйымның сенiмдiлiгiн арттыруға сара жол ашады.
Өңдейтiн тетiктердiң және құрастырылатын бұйымдардың сапасын автоматтандырылған бейiмдi жүйелермен басқару.
Бұл бағытты iске асыру үшiн өлшем дәлдiктерiн, сапа көрсеткiштерiн, өңдеу үрдiстер-iнде туатын күштер мен температураларды лезде тез бақылайтын тексеру құрал-сайман-дары болулары қажет.
Осылар арқылы алынған ақпараттар жиынтығын электронды есептеу машиналарымен басқарылатын станоктарға салып, үрдiстi iске асыруға болады.
Өзiн-өзi үйрететiн технологиялық жүйелердi құру.
Бұл жүйелердi пайдаланып жаңа материалдардан жасалынған бұйымдарды өте жоғарғы сапа көрсеткiштерiмен қамтуға мүмкiндiк туады. Әсiресе, бұлар кiшiгiрiм сериялы және сериялы өндiрiстерде тиiмдi келедi.
Құрастыру үрдiстерiн жетiлдiру және жаңа процестер құру.
Жөндеу, пайдалану, жасау, жобалау технологияларын бiрiктiрiп, тұтас бiр үрдiс құру.
Тетiктердi өсiру арқылы жаңа технология құру.
Технологиялық үрдiстердi автоматтандырылған жобалау жүйелерiн пайдаланып құру.
Модульдiк принциптерге негiзделген жаңа технологиялар жасау.
Машина жасау өндiрiстерiн оңтайландырып қайта құруға арналған технология-лық жобалар жасау.
Өзiн-өзi ұйымдастыратын технологиялық жүйелер және технологиялық орталықтар.
Компьютерлi iрiлендiрiлген икемдi машина жасау технологияларын құру.
Бұл бағыт нарықтық кезеңдегi бәсекеге қабiлеттi бұйымдар жасауға тез өтуге мүмкiндiк тудырады.
Негiзгi әдебиет: 2 [308-312].
Бақылау сұрақтары:
Машина жасау бұйымдарын шығарудағы жаңа технологиялар.
Дайындамаларды өңдеудiң жаңа технологиялық тәсiлдерi.
Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
Наноматериалдар және нанотехнологиялар.
Технологиялық өңдеудiң жоғары жылдамдықты тәсiлдерi.
