Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.41 Mб
Скачать

Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар

Егер жаңа зауыттар үшiн технологиялық үрдiстердi жобалайтын болсақ, онда негiзгi мағлұматтар ретiнде: тетiктердiң материалын, конструктивтi пiшiнi мен өлшемдерiн ақиқаттайтын жұмыс сызбасы, тетiктiң дәлдiгiне, өңдеу беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, басқа да айрықша талаптарын (қаттылық, материал құрамы, термиялық өңдеулерi, балансирлеулерi және т.б.) көрсететiн техникалық шарттар; бұйымға жұмсалатын тетiктердiң шығынын (қосалқы бөлшектердi қоса санағанда); бұйым және қосалқы бөлшектердi шығару мерзiмi тұрақсыз болса, онда шығаратын жылдар санын немесе шығару мерзiмдерiн анықтап көрсетедi.

Егер технологиялық үрдiсстердi жұмыс iстеп тұрған зауыттарға немесе қайта құратын зауыттарға жобаласақ, онда негiзгi мағлұматтарға қосымша нақтылы құрал-саймандар тiзiмi, зауыттың ауданы және басқа да жергiлiктi өндiрiс жағдайларының ретi мәлiм болуы тиiс. Тетiктi шығару жұмыс iстейтiн зауыттың дайндамалар шығару өндiрiсiнiң мүмкiндiгiне байланысты, мысалы бiр зауытта ұста өндiрiсi бар, құйма өндiрiсi жоқ болуы мүмкiн.

Жобалауда мәлiметтi және нормативтi материалдар қолданылады; құрал-саймандардың паспорттары мен каталогтары; қондырғылардың альбомдары; кесу және өлшеу аспаптарының нормалары мен Мемлекттiк стандарттары; дәлдiк нормативтерi, кедiр-бұдырлықтың (МЕСТ 25142-82), (СТ СЭВ 1156-78); әдiп есептеу; кесу режимдерi және уақытты техникалық тұрғыда нормалау; тарифтi-квалификациялық мәлiметтер және басқа да қосымша материалдар.

Техникалық құжаттарды тiркеу үшiн арнайы бланктер болады (МЕСТ 3.1404-86).

Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi

Технологиялық үрдiстi жобалау оның көп варианттылығымен сипатталады. Ең қарапайым деген тетiкке бiрнеше вариантты үрдiс ұсынуға болады: әдетте ол үрдiстер тетiк сызбасының барлық талаптарына қанағаттандыратындай болады.

Әр түрлi үрдiстердiң тиiмдiлiгi мен тиiмсiздiлiгiн салыстыра отырып, бiрнеше тепе-тең варианттарға тiреледi; оның iшiндегi тиiмдiрек деген вариантын таңдап алады.

Технологиялық үрдiстi жобалау өзiнiң қиындығы және күрделiлiгiмен ерекше. Басқа жобалаулар сияқты, мұны да бiрнеше бiрiздi сатылармен жүргiзедi.

Алдымен технологиялық үрдiстiң жорамалын жасайды; одан кейiнгi сатыларында жүргiзiлген технологиялық есептеу нәтижесiнде жорамал тұжырымдары дәлдеп, бiр тиiмдi негiзге бағыттайды. Түбiнде дұрыс шешiмге бiрнеше варианттарды салыстыру арқылы келедi.

Технологиялық жобалаудың толықтығы өндiрiстiң типiне байланысты.

Жаппай мол өндiрiсте үрдiстердi толық бұйымның барлық тетiктерiне арнап жасайды; мұндай технологиялық үрдiстердi операциялық деп атайды. Операцияның мазмұнын, оның әрекеттерiн, кесу режимдерiн және т.б. арнайы операциялық картаға түсiредi (МЕСТ 3.1103-82); формалары – 2.2а және 3.

Кiшiгiрiм өндiрiсте технологиялық үрдiстердi толықтырып жасайды.

Сериялық өндiрiсте, бұйымды шығару номенклатуралары кең болады; бұл кезде топтық үрдiстердi пайдаланған жөн.

3-суретте механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiсiн жобалаудағы негiзгi кезеңдерi көрсетiлген:

1 – жобалауға керектi негiзгi мағлұматтар;

2 – тетiктердi технологиялық тұрғыдан талдау;

3 - өндiрiс типiн белгiлеу;

4 – дайындамалар жасау тәсiлдерiн таңдау;

5 – технологиялық базаларды таңдау;

3 -сурет. Механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi кезеңдер.

6 – тетiктiң беттерiн өңдеу маршрутын таңдау;

7 – тетiктi өңдеу маршрутын анықтау;

8 - әдiптерiн есептеу;

9 – технологиялық әрекеттердiң өлшемдерiн есептеу;

10 – операцияларды құру және құрал-саймандарды таңдау;

11 – кесу режимдерiн есептеу;

12 – техникалық тұрғыда негiзделген операциялық уақыттарды есептеу;

13 – технологиялық үрдiстiң варианттарын салыстырып бағалау.

Негiзгi әдебиет: 1 [167-171]; 2 [193-198].

Бақылау сұрақтары:

  1. Механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалаудың негiзгi мақсаты.

  2. Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар.

  3. Технологиялық үрдiстердi жобалаудың техникалық принципi.

  4. Технологиялық үрдiстердi жобалаудың экономикалық принципi.

  5. Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]