
- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
Технологиялық үрдiстi жобалаудың алдында тетiктiң бұйым құрамында қызмет атқару жағдайын, өңдеу үрдiсiне қойылатын техникалық шарттарын және жұмыс сызбасын әбден таңдап, талдап алу қажет.
Тетiктiң сызбасындағы проекциялардың түгелдiгiн, өлшемдерiнiң дұрыс қойылуын, өңделетiн беттердiң дәлдiгi мен кедiр-бұдырлығына қойылатын талаптардың орындалуын және басқа да техникалық шарттардың негiзделулерiн мұқият бақылап, тексерiп шығу керек. Кейде конструкторлар өңдеу дәлдiгiн себепсiз көтерiп, оның кедiр-бұдырлығын тым азайтып қояды; бұл технологияны қымбаттатып жiберетiн жай. Бұл жағдайда технолог конструктормен ақылдасып, мүмкiн болса тиiмдi шешiмдерге келiсулерi қажет. Жұмыс сызбасын бақылауда, оның технологиялылығын жақсартуды да қарастырады. Өңдеудiң еңбектi көп қажетсiнуiн кемiту үшiн өңделетiн беттердiң өлшемiн мүмкiндiгiнше қысқартуға тырысу, тетiктiң серпiмдi қатаңдығын көтеру арқылы өнiмдi көп аспапты өңдеулер қолдану, көп жүздi аспаптар мен жоғары өнiмдi кесу режимдерiн пайдалану, қосымша уақытты азайту үшiн аспаптың кесу зонасына икемдi кiрiп, шығуын қарастыру, тетiктiң конструкциялы элементтерiнiң пiшiндерiн бiрыңғайландырып, өлшемдiк және профильдiк аспаптардың номенклатурасын азайту; дайындамаларды сенiмдi және ыңғайлы базалауды қамтамасыз етiп, мүмкiндiгi болса технологиялық базалар мен өлшем базаларын сайлап, көп орынды өңдеулердi өндiруге жол ашу. Тетiктiң технологиялылығын жақсарту арқылы технологиялық үрдiстiң еңбексыйымдылығын және өзiндiк құнын күрт кемiтiп жiберуге болады.
Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
Конструктор мемлекеттiк стандартты пайдаланып, дайындаманың материалы мен маркасын белгiлейдi, керектi термиялық өңдеудi де конструктор белгiлейдi. Тетiктiң машина құрамындағы қызмет атқару жағдайын ескере отырып, ол бастапқы дайындаманың керектi тәсiлiне нұсқау беруi мүмкiн; мысалы құйма дайындаманын орнына ұстада соғылып алынған дайындама керек етуi немесе прокаттың орнына штампталған дайындамалар т.б.
Сол мағлұматтарды негiзге ала отырып, технолог дайындаманың нақтылау тәсiлiн таңдайды.
Тәсiл таңдау мәселесi мынадай шарттарға байланысты:
дайындама материалының технологиялық қасиеттерiне: материалдың құйылуға икемдiлiгi; оны қысып өңдеудегi пластикалық деформацияға серпiмдiлiгi; дайындама материалының құрамдық өзгермелiлiгi (ұстада соғып алынған дайындаманың iшкi талшығының орналасуы, құймалардағы түйiршiктер саны және т.б.);
дайындаманың конструктивтi пiшiндерi мен өлшемдерiне;
дайындаманың керектi жасау дәлдiгiне, кедiр-бұдырлылығына және беттерiнiң сапасына;
шығару бағдарламасы мен уақыт мерзiмдерiне.
Дайындама тәсiлiн таңдауына, технологиялық жабдықтарды даярлау да (штамптарды, модельдердi, пресформаларды жасау және т.б.) көп әсер етедi; қолда бар технологиялық құралдардың мүмкiндiгi мен олардың автоматтандыруға немесе механикаландыруға икемдiлiгi.
Таңдап алынған тәсiлдiң өзiндiк құны арзан болғаны жөн. Дайындаманың пiшiндерi мен өлшемдерi тетiкке неғұрлым жақын болса, кейiнгi механикалық өңдеудiң өзiндiк көлемi соғұрлым аз болады. Бiрақ дайындаманың шығару бағдарламасы аз болған кезде, барлық тәсiлдер тиiмдi бола бермейдi, өйткенi дайындама жасау тәсiлiнiң арнайы жабдықтарына шыққан шығын экономикалық тұрғыда қайтып орнына келмейдi. Бұл тетiктiң өзiндiк құнының төменгi құрамдық формуласынан көрiнiп тұр.
,
(9)
Мұндағы, G – бiр дайындама материалының массасы, кг;
α – бiр кг материалдың бағасы, теңге;
Σtд.дайlдай – дайындама цехы жұмысшыларының бiр дайындамаға шаққан өндiрiстiк жалақысы, теңге;
tДАЙ – дайындама жасау операциясының даналық уақыты, мин;
lДАЙ – дайындама цехы бойынша минуттық жалақы, тиын;
ZДАЙ – дайындама цехы бойынша қосымша шығындар; арнайы жабдыққа және құралға шаққан шығын ескерiлмейдi, пайыз;
Е – арнайы жабдықтар шығыны (штамптар, пресс-формалар, модельдер және т.б.)
N - өнiмнiң шығу мөлшерi (дана), арнайы жабдықтар осы өнiмге тән;
ΣtД.ДАЙК – дайындама цехының бiр дайындама жасаудағы құрал-жабдықтарға шығарған шығыны, теңге;
К – құрал-жабдықтарды пайдаланудағы бiр минуттық шығыны, тиын;
ΣtӨНlӨН – механикалық цехтағы дайындаманы өңдеуге кеткен барлық операцияларда iстейтiн өндiрiс жұмысшыларының жалақысы, теңге;
tӨН – дайыдаманы өңдеудiң бiр операциясына кеткен даналық уақыт, мин;
lӨН – берiлген операцияны жүргiзудегi жұмысшының минуттық жалақысы, тиын;
ZӨН – механикалық цех бойынша шығындар, пайыз.
4, а-суретте дайындаманы жасаудың өзiндiк құнының оның өлшемдер шегiне байланысы көрсетiлген. Белгiлi бiр шығару бағдарламасындағы дайындаманы жасаудың өзiндiк құны (А – қисық сызығы) материал шығындарынан, өндiрiстiк жалақыдан, құрал-жабдықтар шығынынан және де басқа да дайындама цехының шығындарынан тұрады (1-4 қисық сызықтар).
Дайындама өлшемiнiң шектерi ұлғайған сайын өзiндiк құн арзандай бередi.
4, б-суретте тетiктi жасаудағы толық өзiндiк құнының дайындаманың дәлдiгiне байланыстары көрсетiлген; бұл суреттегi шартты белгiлер: 0 – дайындаманы жасаудың өзiндiк құны; 1, 2 және 3 – тұрпайы, тазалай және әрлеп өңдеулердiң өзiндiк құны. Тетiктiң ең аз өзiндiк құны, дайындама жасау мен механикалық өңдеулердi құрудағы кешендi мәселелердi дұрыс шешумен байланысты екенi айқындалып тұр.
Дайындама тәсiлдерiнiң технологиялық сипаттамалары белгiлi болса, оның бастапқы мағлұматтарды (дайындаманың материалы туралы, өлшемдерi, пiшiндерiнiң күрделiлiгi, беттерiнiң дәлдiгi мен кедiр-бұдырлығы) қанағаттандыратын бiрнеше тәсiлдер таңдап алуға болады; ол үшiн алдын ала дайындалған кестелердi немесе графиктердi қолдануға болады (4, в және г-суреттердi қара), бұл суреттерде дайындамаларды шығару көлемiне қарай неше түрлi дайындама жасау тәсiлдерiнiң дәйектi қолдану салалары көрсетiлген, бұл графиктердiң ординаттары шартты өзiндiк құн мәнi. 4, в-суреттегi шартты белгiлер: 1-прокат, 2 – ұстада алынған соқпа, 3 – балғалаумен штампталған дайындама, 4 – горизонтальды соғу машинасында алынған дайындама, 5 – арнайы стандарда алынған прокат, 6 – сығу арқылы штампталған дайындама.
4
,
г-суреттегi: 1 – жерде қолымен қалыпқа
құйылған құйма; 2 – жерде машинамен
қалыптаған құйма; 3 – қабықты қалыптар
арқылы алынған құйма; 4 – балқитын
модельдер арқылы алынған құйма; 5 –
кокиль құймасы; 6 – қысыммен алынған
құйма.
4-сурет. Дәлдiк пен шығару бағдарламасының дайындама мен тетiктiң өзiндiк құнына тигiзер әсерлерi.
Дайындама алу тәсiлдерiн таңдауда дайындаманың және оның механикалық өңдеуiнiң өзiндiк құнын есептеу арқылы экономикалық негiздеу жүргiзген жөн.
Дайындама жасаудағы алдын ала ескеретiн технологиялық деректер механикалық өңдеу әдiптерiн дұрыс орналастыру; өңделетiн және өңделмейтiн беттердiң өлшем шектерiн белгiлеу; кесiп өңдеу операцияларына керектi базалық беттерге технологиялық шарт қою; керек болса термиялық өңдеу жайларын, материалдың құрамы мен қаттылығына шарт қою; дайындаманың беттерiн тазалау тәсiлдерi; жауапты дайындамалар үшiн олардың “сыналатын” жерлерiн белгiлеу; дайындаманы тұрпайы өңдеу тәсiлдерiн таңдау (тұрпайы, тазалай, центрлеу, түзеу және т.б.).
Дайындамаларды сортты материалдардан жасағанда, олардың профилiн, шыбықтарының өлшемiн, табақтарының қалыңдығын анықтайды; бұл мағлұматтар дайындаманың сызбасында немесе тетiктiң техникалық шарттарында берiлуi тиiс.
Дайындаманың сапасын тексеру үшiн олардың өңделетiн және өңделмейтiн беттерiн сырт көзбен қарап шығады; өлшемдерiн әмбебап өлшем аспаптарымен, шаблондармен, белгiлеу қондырғыларымен тексередi; материалдың механикалық қасиеттерiн және химиялық құрамын тексередi.