- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
Бұйымды құрастыру үрдiстерiнiң пәрмендiлiгiн арттыру үшiн бұйымдарды жобалаушы конструктордың төмендегiдей технологиялық шарттарды ескергенi жөн. Құрастыру үрдiсiнiң жалпы және тораптап құрастыру тәсiлдерi болады.
Машина конструкцияларының алдын ала құрастырылған құрама бөлшектерiнен тұрғаны абзал; сонда тораптап құрастырудың пәрмендi нышандары, ол құрама бөлшектерiн параллельдi әдiспен құрастыруға және оның құрастыру циклiнiң уақытын қысқартуға мүмкiндiк ашады.
Жалпы құрастыру үрдiсiнiң құрастыру циклiн азайту үшiн бұйымның базалық құрылымына бiр уақытта жан-жақты, бiрiмен-бiрi байланыссыз бiрнеше құрам бөлшектерi мен тетiктерiн iле (құрастыру) беру мүмкiндiктерi болғаны жөн. Мұндай параллельдi iстi тораптар құрастырымында пайдаланған дұрыс.
Кейде тетiктердi құрастыру шартына, қызмет iстеу жайына орай немесе тетiктердiң үйкелiп-қиылысуына қарай, олардың бiрiне-бiрiнiң салыстырмалы бiрыңғайда тұруы (жиналуы) өте қажет болса, онда жобалаушы конструктор арнайы орнату таңбаларын, тексеру штифтерiн, бағыттаушы тетiктердi, шеткерi орналасқан берiктеу тетiктерiн және т.с.с. қарапайым конструкциялық элементтердi, алдын ала қарастыруы қажет; осындай алдын ала қарастырылған қарапайым конструкциялық шаралар құрастыру немесе жөңдеу кезiндегi субъективтi қателiктерден сақтандырады.
Жалпы және тораптар құрастыру жұмыстарының механикаландырылуы мен автоматтандырылуын алдын ала ескерген жөн. Бұл әрекеттердiң қажеттiгi әсiресе ауыр және қауымды объектiлердi құрастыруда айқын сезiледi.
Тексеру-өлшеу жұмыстарының құрамын мейлiнше оңайлатып, олардың сапасын арттыру өте керектi әрекеттердiң қатарына жатады.
Машинаның үйлестiру тәсiлдерi қарапайым, оларды құрастыруда қиыншылық тудырмайтын жәй конструкциялық шешiмдерден тұруы керек.
Машинаның құрам бөлшектерi мен тетiктерiнiң аттары мейлiнше аз болып, олардың өзара ауыстырымдылығы болғаны тиiмдi шаралардың ең керектiсi болып есептелуi тиiс.
Сырттан сатылып алынған стандартты құрама бөлшектер мен тетiктердiң бағасы мейлiнше арзан келедi. Қалыпқа келтiрiлген және бiрыңғайландырылған тетiктер мен құрама бөлшектерiнiң шығару сериялылығын көтеруге және олардың еңбексыйымдылығы мен өзiндiк құнын кемiтуге мүмкiндiк туғызады. Бекiту тетiктерiнiң бiрыңғайландырылуы, құрастыру аспаптарының номенклатурасын азайтып, механикаландырылған құралдардың тиiмдi пайдаланылуына мүмкiндiк бередi.
Машинаның конструкциясын жобалауда, жоғары механикаландырылған құрастыру аспаптарының құрастыру зонасына жеңiл және оңай жеткiзiлуiне, жүк көтергiш қондырғылардың объектiнi жеңiл iлiп алып, оны келесi құрастыру позициясына жеткiзуiне мүмкiндiк беретiн қарапайым конструкциялық шаралар алдын ала ескерiлуi қажет.
Құрастыруда тиiмдi өзара ауыстырымдылық принциптерiн кеңiнен пайдалану үшiн көп буынды өлшем тiзбектерiнiң болмағаны жөн. Әйтпесе өлшем тiзбегiнiң буын мүшелерiнiң ауытқу шегi өте аз болады. Егер буын мүшелерiнiң санын азайтуға болмаса, онда өлшем тiзбегiнде қатты немесе жылжымалы компенсаторларды пайдалану керек. Сонда өлшем тiзбегiнiң тұйықтаушы буынының керектi дәлдiгi қатты компенсаторды жону немесе таңдау арқылы жеткiзiледi; ал жылжымалы компенсаторды қолданғанда керектi дәлдiк, сол компенсаторды жылжыту арқылы қамтамасыз етiледi.
Құрастырылатын бұйымның керектi дәлдiгiне жету үшiн құрастыру мен өлшем базаларын дәлдiкке келтiру керек. Өңдеу кезiнде технологиялық және өлшем базалары сайма-сай болса, онда ең жоғары өңдеу дәлдiгiне жетемiз. Құрастыру процесiнде өлшем базасын технологиялық база ретiнде пайдаланған жөн. Құрастыру, өлшем және технологиялық базаларды сайма-сайлыққа келтiре алсақ, онда құрастырудың ең жоғары дәлдiгiне жеткенiмiз.
Бұйымның конструкциясы өте күрделi құрастыру қондырғыларын талап етпейтiн, базалық тетiктi жиi-жиi қозғамайтын, үйлестiретiн тетiктердi орнықтыру үшiн ең қарапайым қимылдарды тiлейтiн, құрастыру аспабының әрекетiн оңайлататын болуы тиiс.
Бұйымның базалық тетiгiнiң технологиялық базасы кең, көлемдi және тұрақты болуы керек.
Құрастыру процесiнде екi тетiктi уақытша құрастырып, оларды механикалық өңдеу арқылы құрастыратын операциялардың үлесi аз болуы керек. Бұл ескертпе қолмен өңдеп қиюластыру және iстеп бiтiру жұмыстарына да қатысты.
Пайдаланатын машиналарға қызмет көрсету және жөндеуде оларды даярлау үшiн қажеттi қарапайым құралдардың, шығарып алуды жеңiлдететiн аспаптардың, бұрандасы бар тесiктердiң (қысқыш, тартқыш винттер үшiн), рым-болттардың, құйылған текпiшектердiң (ауыр тетiктердi көтеру үшiн) болуы керек.
Жоғарыдағы көрсетiлген жалпы шарттардан басқа тетiктердiң әр түрлi қиюластырылып құрастыру жағдайларын ескерген дұрыс.
Тетiктердi тарту арқылы қиюластыруда құрастыру үрдiсiнiң ыңғайлы жүруi олардың сыртқы және iшкi беттерiнде бағыттау фаскаларының түрлерiн алдын ала қарастырған жөн (2, в – суреттi қара). Құрастыру тетiктерiнiң қисайып кетпеуi үшiн, арнайы бағыттаушы элементтер (белдеулер) болуы қажет (2, г – суреттi қара). Тетiктердiң қос беттерiн қарастыруда, оның оңай өтпеуi үшiн оларды бiрiздi – параллельдi әдiспен жүргiзген абзал.
2, д – суретте қораптың 1-белдеуiнiң енi 2-белдеуiнiң енiнен жалпақтау (b1>b2), сондықтан бiлiктi ось, алдымен 1-белдеумен бағытталып, одан кейiн ортаншы диаметрiмен 2-белдеуге оңай кiредi. Цилиндрлiк белдеулер арқылы жасалатын үлкен диаметрлi тетiктердiң (қақпақ және қораптық фланецi) центрлiк бағыттауын екi бағыттау штифтерi арқылы келтiрген жөн.
Бұрандалы қосылыстардың құрастырылуын оңайлату үшiн, арнайы кiргiзу фаскалары мен бұрандалы беттерiнде бағыттаушы элементтердiң болуы қажет. Құрастыру үрдiстерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру үшiн бекiту тетiктерiн дөңбек кiлттермен бұрап, тартып тастау керек. Ол үшiн бекiту тетiгiнiң осiнен қораптың қабырғасына дейiн жеткiлiктi орын болуы қажет (2, а – суреттi қара). Көп шпиндельдi тарту жабдықтарын кең пайдалану үшiн, бұрандалы элементтердiң ара қашықтықтары мейлiнше кең және стандартты болғаны шарт. Тораптың iшiнде орналасқан гайкаларды мұрындықтаған жөн; сыртта орналасқан гайкаларды серiппелi шайбалармен бекiтедi.
Бұрандалы тетiктер босап кетпеу үшiн, тоқтатқыш элемент ретiнде, олардың түпкi бетiнде конустық тiреуiш беттер қолданылады (2, ж – суреттi қара). Тiреуiш беттерi бар бекiту тетiктерiн қолданғанда мұрындықтау және серiппелi шайбалардың қажетi болмай қалады.
Тетiктердi жаншу және қауыстыру әдiстерiмен қиылыстыруда жаншу-қауыстыру аспаптары құрастыру зонасына қолайлы етiп әкелудi ойлау керек. Жаншу-қауыстыру әрекеттерiн аспаптың тура сызықты пiшiндеу бағытымен өткiзген тәуiр (дорндау, престе қауыстыру).
Қиылыстырудың берiктiгi мен герметикалығына қолданылатын материалдардың сапасы мен қиылыстыратын беттердiң өңделу дәлдiгi әсер етедi.
Қазiргi замандағы машиналардың технологиялылығын пiсiрiлген конструкциялар қолдану арқылы арттырады. Бiрнеше түрлi әдiспен алынған дайындамаларды (штампталған, ұстада жасалған, құйылған, прокатталған) пiсiру арқылы құрастыруға болады. Болаттан құйылған дайындамаларды штамптап пiсiрiлген дайындамалармен ауыстырса, олардың салмағы, 20-30 %-ға жеңiлденiп, ал кейiнгi механикалық өңдеу жұмыстарының көлемi 30-50 %-ға кемидi.
Штамптап пiсiрiлген және дәнекерленген қосылыстар сериялы, жаппай-мол өндiрiсте көп кездеседi.
Ауыр машина жасау өндiрiсiнде элементтерi темiр соғумен, құюмен, прокатты кесумен алынған қосылыстар пайдаланылады. Одан кейiн механикалық өңдеулердi қолданып (кейде қолданбай-ақ), дайындамаларды электр доғалық немесе электршлактық пiсiрулермен бiрiне-бiрiн қосады. Бiр конструкцияларда, материалдары әр түрлi элементтер кездесуi ықтимал. Пiсiрiлiп құрастырылған конструкциялардың сызбадағы өлшемдер шектерi көрсетiлмесе, оларды әрi қарай механикалық өңдеуге жiбермесе де болады. Пiсiргеннен кейiн конструкцияларды тек тазалап өңдеуге қояды. Ауыр машина жасауда дайындамаларды осындай технологиялық үрдiстермен алу арқылы цехтағы станоктардың iске жұмылуын азайтады.
Жалпы машина, автомобильдер және т.б. машина жасау салаларында конструкцияларды пiсiрiп құрастырғаннан кейiн техникалық өңдеуге жiбередi.
Күрделi тетiктердiң конструкциясын жай, қарапайым элементтерден құрастыруға болады.
Машина жасауда ол элементтердi көбiне ыстық және табақтап штамптау, сортты немесе арнайы прокаттарды кесу арқылы жасайды. Мысал ретiнде автомобильдiң артқы және алдыңғы белдiгiн, редуктордың пiсiрiлген қораптарын, карданды бiлiктердi айтуға болады. Кейбiр жағдайларда металл кесетiн станоктардың құйма станинасын штамптап пiсiрiлген дайындамамен алмастырып, оның салмағын 30%-ға жеңiлдетедi, еңбексыйымдылығын 25%-ға дейiн кемiтедi.
Қосылыстардың конструкциясын жобалауда, технологиялық үрдiстiң жалпы құру схемасын ескерiп, пiсiрудiң қолайлы және өнiмдi тәсiлдерi арқылы ақаулы дайындамалар-дан сақтану керек.
Пiсiрудiң қолайлы және өнiмдi тәсiлдерiне контактты, автоматты флюс астындағы, қорғаушы газдар ортасындағы, электршлакты пiсiрулер жатады.
Штампттап пiсiрiлген және құйма конструкцияларды қолдану; құйма дайындамаларға пайдаланылатын болаттың маркалары: 15Л, 20Л және 25Л. Күрделi орналасқан көп санды қосылыстар конструкциясын жеке, оңай құралатын конструкцияларға ауыстырған дұрыс. Бұл жалпы құрастыру үрдiсiнiң және пiсiрудiң оңайлануына, майысудың азаюына, бұйымды шығарудың дәлдiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Автоматты құрастыру жағдайында бұйым конструкциясының қалыптасуына төмендегi-дей қосымша шарттар қойылады:
Бұйым тетiктерiнiң пiшiнi симметриялы, қарапайым болуы керек; бұл тетiктердi бункерлi-бағыттауыш жабдықтарынан құрастыру аймағына жiберудегi бағыттау шарттарын жеңiлдетедi;
Тетiктер бункерлi-бағыттауыш жабдығынан шығарда бiрiне-бiрi iлiнiп қалмауы қажет;
Мейлiнше бiрыңғайландырылған және қалыпқа келтiрiлген тетiктердi пайдалану қажет;
Ажыратылатын қосылыстарды ажырамайтын жаншу, қауыстыру қосылыстарымен ауыстырған абзал;
Құрастыруды өте қарапайым, жеңiл, тура бағытты қимылдармен өткiзген дұрыс;
Құрастыру автоматтарының жұмыс iстеу сенiмдiлiгiн арттыру үшiн құрастыратын тетiк-тердi өте дәл өлшем шектерiнде өңдеу шарт.
2-сурет. Құрастыру қосылыстарына арналған конструктивтi шешiмдердiң мысалдары.
Негiзгi әдебиет: 1 [78-86]; 2 [89-99].
Бақылау сұрақтары:
Құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
Тетiктердi шегендеп қосудағы кепiлдемелер.
Дәнекерлеу арқылы жүргiзiлетiн қосылыстардағы кепiлдемелер.
