Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.41 Mб
Скачать

2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.

Машина жасауда құрастыру өндiрiстiк үрдiстiң ақырғы сатысы болып саналады. Құрастыру үрдiсiнiң еңбек сыйымдылығы жалпы бұйым жасау үрдiсiнiң 25-35 пайызы шамасында. Егер жеткiзу, қиюластыру жұмыстарының көлемi едәуiр болса, онда бұл мөлшер 40-50 пайызға жетедi.

Даяр машинаның сапасы көбiне құрастыру технологиясына байланысты.

Құрастыру үрдiстерiн жобалаудағы бастапқы мағлұматтар ретiнде конструкция құрылымының сызбасы; бұйымды қабылдаудың техникалық шарттары; бұйымды жасаудың көлемi; бұйымды шығаруға жобаланған уақыт мерзiмi.

Құрастыру технологиясы жобалануының түбелiктiлiгi оның шығару көлемiне байланысты. Бұйым көп мөлшерде шығарылса, онда жобалауды егжей-тегжейлi дифференциалдау принциптерiн қолданып даярлауға болады, ал шығару мөлшерi өте аз болса, онда қысқаша жобалаумен қанағаттанады.

Жобалау үшiн мәлiметтi және нормативтi материалдар қажет; бұйым конструкциясының технологиялылығының жақсартатын шаралар тiзiмi, құрастыру құрал-саймандарының каталоктары мен паспорттары, құрастыру қондырғылары мен аспаптарының альбомдары, құрастыру жұмыстарының нормалауға қажет нормативтерi; егер ұқсас бұйымдардың типтi технологиялары болса, онда жобалау жұмысы жеңiлдейдi.

Құрастыру үрдiстерiн жобалау алдында, бұйымның конструкциясымен танысу, құрастыру сызбаларына технологиялық бақылау жасау және қабылдаудағы техникалық шарттарды зерттеу жұмыстарын мұқият салалаған жөн.

Құрастыру сызбасында барлық керектi қималар мен кесiндiлердiң, проекциялардың кескiндерi болуы керек; өнiм элементтерiнiң спецификациясы; құрастыру өлшемдерi, қиюлас-тырудағы саңылаулар мен тартылмалар; өнiмнiң массасы туралы мәлiмет.

Бұйымға қойылатын техникалық шарттарда төмендегiдей мағлұматтар болуы тиiс:

  • құрастыру дәлдiгi;

  • тетiктердiң бет қиюластыруына керектi сапа көрсеткiштерi;

  • қосылыстардың герметикалығы;

  • қосылыс жапсарларының тығыздығы мен серпiмдi қатаңдығы;

  • бұрандалық қосылыстардағы тарту моменттерi мен оның ауытқу шектерi;

  • қосылыстардағы керектi саңылаулар мен тартылмалар;

  • айналмалы бөлшектердiң балансирлеу дәлдiктерi;

  • өнiмнiң атқаратын қызметiне қарай қойылатын басқа да ерекше шарттар.

Техникалық шарттар кейде технологиялық нұсқауларда көрсетiлуi мүмкiн; мысалы, қосылыстарды жүргiзу тәсiлдерi, құрастырудың үйлесiмдi бiрiздiлiктерi, бұйымдарды аралық немесе бiжолата бақылау тәсiлдерi және т.б.

Құрастыру сызбасындағы және техникалық шарттардағы байқалған кемiстiктер, қателiктер және күмәндiктер конструкторлар бюросында түзетiлуi тиiс. Бұйымның конструкциясын талдай отырып, оны жетiлдiру шараларына да қарастыра бередi. Әрине, мұндай шаралар бұйымның атқаратын қызметiне терiс әсер етпеуi қажет.

Өнiмнiң конструкторы құрастыру сызбаларын жобалауда олардың iшiндегi өлшемдер тiзбектерiнiң тұйықтаушы буынының дәлдiгiн қамтамасыз ететiн тәсiлдердi алдын ала ойластырғаны жөн. Ретi келсе, жаппай өзара алмастыру тәсiлiн қолдануды қарастырған абзал.

Тұйықтаушы буынның шегi бұл тәсiлде

, (7)

Мұндағы ТАi – өлшем тiзбегiн құраушы буынның шектерi;

n – өлшем тiзбегiн құраушы буынның саны;

ТАΔ – тұйықтаушы буынның шегi.

Өлшем тiзбегiн құраушы буынның шектерiнiң орташа мәнi

, (8)

Мұндағы m – өлшем тiзбегi буынының жалпы саны. Көпбуынды өлшем тiзбектерiнде (8) формуласымен есептелген, құраушы буынның шектерi (ТАiор) өте азайып кетедi; сондықтан жаппай өзара ауыстыру тәсiлi рентабельсiз болып қалады. Бұл жағдайда конструктор iшiнара өзара ауыстыру тәсiлiн қолдануға тырысады.

Тұйықтаушы буынның дәлдiгi өте жоғары және аз буынды өлшем тiзбектерiнде топтап өзара ауыстыру тәсiлiн қолданады. Бұл тәсiлге керектi барлық бастапқы мағлұматтар (қиюластыруға баратын тетiктердiң өлшем шектерi, өлшемдер тобының саны) құрастыру сызбасы мен техникалық шарттарында айқын көрсетiлуi керек.

Егер жаппай, iшiнара топтап өзара ауыстыру тәсiлдерiн қолдану тиiмсiз болса, онда конструктор құрастыру жұмыстарын өңдеп қиюластыру немесе реттеу арқылы жүргiзуге мәжбүр болады.

Бұл кейiнгi екi тәсiлдi жүргiзу шарты, бұйымның конструкциясында белгiлi болуы қажет. Мысалы, өңдеп қиюластыруда конструкцияның қандай тетiктерiнiң беттерi өңделуi және қанша әдiп алынуы керек екенi айқын көрсетiлуi қажет.

Екiншi жағдайда конструкцияның iшiнде арнайы қатты және реттелетiн компенсатор болады. Сөйтiп, құрастыру тәсiлдерiмен конструктордың айналысатынына көзiмiз жетiп отыр. Ал технолог болса, конструктордың шешiмдерiн өндiрiс жағдайына үйлестiрiп, егжей-тегжейлi тексередi. Егер технологтың ойы тиiмдi және үйлесiмдi болса, онда конструктор екеуi ақылдаса келе бiр тиiмдi шешiмге келедi.

Құрастырылатын бұйымды талдау бұйымның жалпы және тораптық технологиялық схемаларын жасаумен аяқталады. Егер бұйымның үлгiсi болса, мұндай схемаларды жасау жеңiлдеу түседi. – суретте құрастырудың технологиялық схемалары көрсетiлген.

Жалпы технологиялық схема бұйымның негiзгi базалық тетiгiнен басталады. Тетiк, торап, бұйым жайындағы мәлiметтердi арнайы үш бөлiкке бөлiнiп қойылған төртбұрышты клетканың iшiне жазады; төртбұрыштың үстiңгi бөлiгiне тетiктiң аты, астыңғы сол жақ бөлiгiне спецификациядағы нөмiрi, ал оң жақтағы бөлiгiне саны түсiрiледi. Өнiмнiң iшiнен дараланбай шығарып алынатын бөлшектерге тораптық технологиялық схема (1-сурет) жасалады.

Технологиялық құрастыру схемаларына қаттысыз жүргiзетiн керектi қосалқы құрастыру жұмыстарын да көрсетедi (мысалы, құрастыру кезiнде “тойтар”, “престе”, “саңылауын тексер”). Бұл схемалар құрастыру технологиялық үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұмат есебiнде жүредi.

Егер бұйымның конструкциясына бiрнеше өлшем тiзбектерi болса, онда құрастыруды олардың ең дәл деген тiзбегiнен бастайды. Құрастыруды тұйықтаушы буынды орнатумен бiтiрген абзал. Құрастыру схемаларының неше түрлi варианттары болады; бұлар құрастыру-шылардың санына, жұмыстың еңбексыйымдылығына, өзiндiк құнына, жұмыс iстеу ыңғайлы-лығына зор әсерiн тигiзедi. Дегенмен, барлық жағдайларда құрастырудың еңбексыйымды-лығын кемiтуге, өзiндiк құнын арзандатуға тырысқан жөн. Жобалау тәжiрибесiнде көптеген математикалық және эвристикалық алгоритмдердi қолдану арқылы жүргiзiп, мұндай есептердi оңай шешуге болады.

Технологиялық схемалар негiзiнде құрастыру операцияларының мазмұнын анықтап, олардың жүргiзiлу уақытын есептейдi. Операцияның мазмұны бiртектi, технологиялық тұрғыда сол жұмыс орнында бiткенi жөн; бұл операцияның өнiмдi болуын және құрастырушы-лардың iскерлiгiн арттыруға жағдай жасайды.

Операцияның бекiту коэффициентiн анықтайды да, өндiрiстiң типтерiне тоқталады.

Егер өндiрiс сериялы болса, онда жұмыс орындарында неше түрлi бұйымдарды құрастырады. Құрастыру тасқынды немесе тұрақты болуы мүмкiн.

Егер операцияның бекiту коэффициентi 1 мәнiне жақын болса, онда құрастыру жаппай-мол өндiрiс типiне жатады; мұнда бiр жұмыс орнында, тұрақты бiр ғана құрастыру операциясы жүредi. Құрастыруды тасқынды тәсiлмен ұйымдастырады. Егер тасқынды линияның қарқыны аз болса, онда операцияны жiктеп, бiрден ұсақ құрастыру әректтерiне бөледi; егер бұл мүмкiн болмаса, онда операцияны бiрнеше жұмыс орнында жүргiзедi.

Тасқынды тәсiлмен құрастыруда операцияның даналық уақыты оның қарқынына тең немесе соған жуық болуы керек. Жұмыс орнының жүктелу коэффициентi 0,85-тен кем болмағаны жөн; мұның мәнi бiрiншi операцияларда азырақ болып, жұмыстың бiтуiне қарай артуы керек; осындай амалмен жұмыстың өнiмдiлiгiн арттырады.

Құрастыру операцияларын жобалауда олардың бұрыңғы жорамал мазмұндарын нақтылап, технологиялық әрекеттерiнiң бiр мезгiлде жүру мүмкiндiктерiн қарастырады; бұйымның базалық тетiгiн орнату және бекiту схемасын, құрал-саймандарды, аспаптарды және қондырғыларды таңдайды; операцияға керектi уақыт нормасын және жұмыс разрядын анықтайды.

Құрастыру операцияларын жобалауда сапа және дәлдiк мәселелерiн естен шығармау керек. Операцияның неше түрлi варианттарын олардың өнiмдiлiгi мен өзiндiк құнын салыстыру арқылы анықтайды.

Құрастыру операциясының өнiмдiлiгiн көтерудiң негiзгi шаралары – өңдеп қиюластыру жұмыстарының көлемiн азайту, құрастырудың технологиялық үрдiстерiн ұтымды құру, оларды механикаландыру және автоматтандыру. Өңдеп қиюластыруды азайту үшiн тетiктердi өте дәл жасау қажет. Жаппай-мол өндiрiсте көпаспапты, көпорынды схемаларды пайдаланған жөн.

Аспаптарды қолдану ретiне қарай бiрiздi, параллель және бiрiздi-параллель схемаларды қолданады. Құрастырушылар еңбегiнiң өнiмдiлiгiн арттыру үшiн механикаландырылған құрастыру аспаптарын тиiмдi пайдалану қажет. Жаппай-мол өндiрiстерде автоматтандыру құралдарын көп қолданаду (құрастыру автоматтары мен жартылай автоматтары, автоматтық және жартылай автоматтық линиялар); бұлар өнiмдiлiктi 5 есе арттырып, өндiрiс аландарын 2-3 есе кемiтедi.

Өндiрiстi автоматтандырудың маңызды бiр шарттары тетiктердiң қосылыстарын бiрыңғайландыру және қалыптастыру, осы тұрғыда типтi технологиялық құрастыру үрдiстерiн ұтымды қолдану.

Құрастыру үрдiсiнiң маршруты мен операциясын жобалауда, олардың ұйымдастыру пiшiндерiн қарайластырады. Құрастырудың ұйымдастыру пiшiндерi – тасқынды және тұрақты болады. Тасқынды құрастыру өндiрiс циклiн азайтып, операциялық қорды кемiтедi; құрастырушылардың iскерлiгiн арттырады, механикаландыру және автоматтандыру мүмкiндiктерi кеңейедi; еңбексыйымдылығы кемiп, бұйымның құны арзандайды.

Тасқынды құрастыруда, объектiлердi бiр жұмыс орнынан екiншiсiне ауыстыру төмендегiдей әдiстермен жүргiзiледi:

  1. қолмен (верстак, көлбей орналасқан науа-рольгангтер, арбалар арқылы);

  2. механикаландырылған тасымалдау жабдықтарымен;

  3. периодпен жылжитын конвейерлермен (пластиналы конвейер, адымды конвейер, рельспен жүретiн арбалар) құрастыру жұмысын конвейер тоқтағанда жүргiзедi;

  4. үздiксiз жүрiп тұратын конвейерде; конвейердiң жылдамдығы, құрастыру операцияларының уақытымен тығыз байланысты.

1-сурет. Құрастырудың технологиялық схемалары.

Қозғалмайтын объектiлердi тасқынды құрастыруда, бiр линия бойына орналасқан тұрақты құрастыру стендiлерiн қолданады. Әрбiр жұмысшы немесе олардың бiр бригадасы өз жұмыстарын бiр стендiден екiншiсiне ауысып отырып отырып iстейдi. Құрастырудың бұл түрiн сериялық өндiрiсте, өте ауыр және iрi объектiлердi құрастыруда қолданған абзал.

Қозғалу жылдамдықтары төменгi көрсетiлген мөлшерде алынады; 10-15 м/мин объектiлердi қолмен тасымалдауда; 20 м/мин-ке дейiн рольгангтермен; 30-40 м/мин механикалық тасымалдау жабдықтарымен; 15-20 м/мин периодты қимылды құрастыру конвейерiнде.

Құрастыру үрдiсiнiң технологиялық құжаттары арнайы мемлекеттiк стандарттарда көрсетiледi; олардың құрамына кiретiндер:

  • құрастырудың маршруттық картасы;

  • операциялық карталар;

  • техникалық нұсқаулар;

  • конструкцияның жұмыс сызбалары;

  • технологиялық схемалар.

Құрастырудың маршруттық картасында бұйымды құрастыру үрдiстерiнiң мазмұны, бiрiздiлiгi, қолданылатын құрал-саймандар, қажеттi материалдық және еңбек шығындары көрсетiледi. Мұндай маршруттық карталар кiшiгiрiм және сериялы өндiрiстерде қолданылады.

Операциялық карталар құрастырудағы пайдаланылатын барлық операциялардың әрекет – қимылдары, олардың жүргiзу режимдерi (қажеттi престеу күшi, қыздыру–суыту мөлшерi) және керектi технологиялық құрылғылар жайындағы мәлiметтер болулары тиiс. Операциялық карталар сериялық және жаппай-мол өндiрiстерде қолданылады. Маршруттық және операциялық карталар бұйымның кешендi құжаты болып табылады.

Технологиялық нұсқауларда күрделi құрастыру операцияларының жүргiзу әдiстерi, қимылдары, әрекеттерi, бұйымды пайдалану кезiндегi керектi сiлтемелер, құрастыруда туатын физикалық және химиялық құбылыстардың ерекшелiктерi берiледi.

Технологиялық схемалар көкейтестi құрастыру үрдiсiнiң кiлтi ретiнде соларды жан-жақты, бiрiздi және қатесiз құру үшiн қолданылады. Технологиялық схемалар жалпы және тораптық схемаларға бөлiнедi.

Негiзгi әдебиет: 1 [235-248]; [259-274].

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрастыру үрдiстерiн жобалаудағы бастапқы мағлұматтар.

  2. Құрастырылатын бұйымға қойылатын техникалық шарттар.

  3. Құрастырудың технологиялық схемалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]