- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
Жарық сәулемен өңдеу тiптi электронды-сәулелiк өңдеу әдiсiне қарағанның өзiнде мынадай артықшылықтары бар:
а) Өңделетiн тетiкте вакуум ортаның қажетi жоқ, өңдеу үрдiсi ауада жүргiзiле бередi.
б) Қызмет атқарушыларды рентген шағылысынан қорғаудың қажетi жоқ, тек қорғаушы қара көзiлдiрiк қана керек.
в) Керектi құрал-саймандарының құны төмен.
Қосымша әдебиет: 8 [273-279].
Бақылау сұрақтары:
Электрохимиялық әдiспен өңдеу.
Электр абразивтi ажарлау.
Ультрадыбыспен өңдеу.
Электронды-сәулелiк өңдеу.
Жарық сәулемен өңдеу.
15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
ХХI ғасырдың бас кезеңiндегi ғылым, техника және технологияның даму бағдарын жорамалдау арқылы, әсiресе, жапондықтардың жорамалдауларын ғылыми-техникалық мәлiмдемелерге сүйенiп, қорғалып жатқан диссертациялардың, гранттардың және ғылыми-техникалық жобалардың тақырыптары мен ғалым-технологтардың ұсыныстарын ескере отырып, машина жасау технологиясының негiзгi даму бағыттарын төмендегiдей жүйелеуге мүмкiндiк туды.
Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
Қазiргi кезеңде алуан түрлi тетiктердi жасап шығарудың типтi технологиялары мейлiнше кең игерiлген.
Дегенмен, дайындама алу өндiрiсiнiң даму ерекшелiктерi машина жасау технологиясы-ның, металл кескiш станоктардың және құрал-саймандардың прогресивтi түрлерiнiң пайда болуларына орай, қалыптасқан типтi технологияларды энергия материалдар және басқалай ресурстар үнемдеу тұрғысынан қайта қарауды талап етедi.
Мысалы, тiстi дөңгелектердiң дайындамаларын жасау барысында тiстерiмен бiржола қалыптастыру материалдар мен энергиялар шығындарын күрт азайтуға және оның технологиялық өзiндiк құнын кемiтуге кең жол ашады.
Токарлық өңдеу орталықтарын қолдану арқылы бiлiктер шығарудағы типтi технологияда өзгерiске түсiп жатады.
Турбиналық қалақтарды шығаруда да, алты координатты өңдеу орталығын қолдану типтi технологияны мүлде өзгертiп жiбередi.
Осы аталған бағытпен ТМД елдерiнiң көптеген ғылыми-технологиялық бiрлесiктерi мен машина жасау ұжымдары тiкелей айналысып жатыр.
Бұл бағыт бұйымның өзiндiк құнын азайтуға зор мүмкiндiк тудырады.
Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
Бұл бағытты дамыту үшiн өте жүйелi ғылыми тұрғыда негiзделген тиянақты көзқарас қажет.
Өндiрiсте қалыптасқан өңдеу тәсiлдерiн оңтайландыру және жетiлдiру, оларды iске асыру режимдерiн, өңделетiн беттерiнiң сапаларын, өңдеу дәлдiктерiн, энергиялық шығын-дарын, өнiмдiлiктерiн және технологиялық өзiндiк құндарын тiкелей жақсартумен тығыз байланысты.
Мұнда технологиялық өзiндiк құн оңтайландырудың ең кешендi және қажеттi түрi ретiнде алынады.
Ғылыми тұрғыда негiзделген технологиялық өңдеу тәсiлдерiн жетiлдiру үшiн iргелi фундаменталды ғылымдардың жетiстiктерiн кең қолдану қажет, әсiресе, физикалық, химия-лық, электротехникалық, т.с.с. салалар.
Машина жасау саласындағы қолданылып жүрген технологиялық тәсiлдер – тетiк бет-терiн пластикалық деформациялау тәсiлiмен әрлеп, шыңдау технологиясы, электроэрозия-лық өңдеу, электроимпульстық өңдеу, электронды сәулелi, жарық – сәулелi, ультрадыбыстық, лазерлiк, магниттi, химиялық және т.с.с.
Тетiк беттерiн пластикалық деформациялауға жататын технологиялық әрекеттер: домалату, бүрлеу, кеулеу, бұранда салу, калибрлеу, дорындау, үйкелеу, дiрiлдете таптау, құм шашумен өңдеу, центрден тебетiн аспаптармен өңдеу.
Лазерлiк технологиялық әрекеттерге кесу, тесу, жазу, өлшеу, диагностика, тепе-теңестiру, сапа тексеру сияқты жұмыстар кiредi.
Өңдеудiң кешендi – қосарланған тәсiлдерiне электромеханикалық, термомеханикалық, химия-механикалық, физика-химиялық, механо-физика-химиялық тәсiлдер жатады.
Жаңа, кешендi өңдеу тәсiлдерiн қолдану өңделетiн беттiң қызметiне қарай күштiк, қызу-лық немесе химиялық әсерлер арқылы iске асады.
Бұл бағыт өте қиын өңделетiн материалдарды өңдеуде таптырмайтын тәсiл.
