
- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
Тексеру операциялары
Төлкелердiң диаметрлерiн, бойлық өлшемдерiн, беттерiнiң кедiр-бұдырлықтарын, тесiк-терi мен сыртқы беттерiнiң бiростiлiгiн, түп беттерiнiң тесiк осiне перпендикулярлығын тексередi.
Жаппай-мол өндiрiсте тексеру құралы ретiнде көпөлшемдi индикаторлар немесе светофорлық тексеру қондырғыларын пайдаланады. Егер төлкелердiң шығару аумағы көп болса, онда арнайы тексеру автоматтары қоланған жөн.
Иiнтiректер
Иiнтiректер, теңестiрмелер, айыршалар, балансирлер, шатундар және т.б. машина механизмдерiнiң, приборлардың және технологиялық жабдықтардың кинематикалық буын жүйелерiнiң қызметтерiн атқарады. Мысалы, иiнтiректер теңселмелi немесе айналмалы қимылдар жасап, бiр тораптан екiншi торапқа керектi күш, қуаттарды өткерiп тұрады. кинематикалық жүйелерде иiнтiректер өзiмен байланысты тетiктердiң берiлген қимыл заңдылықтарымен қозғалуларын қамтамасыз етедi.
Ж
оғарыда
аталған тетiктердiң бәрiн иiнтiректер
тобына жатқызады. Иiнтiректердiң
конструктивтi түрлерi 23–суретте
көрсетiлген. Бұл тетiктерге тән,
конструктивтi элементтер – параллельдi
немесе перпендикулярлы орналасқан екi,
үш негiзгi тесiктер. Тесiктер, иiнтiректiң
екi басында және ортасында орналасады
да, бiр-бiрiмен бойлық стерженьдер арқылы
жалғасады. Тесiк орналасқан беттердiң,
параллельдi екi түбi, шпонкалық, шлицтiк
беттерi болады. Иiнтiректiң бастарында
ойықшалар, бұрандалық бекiту тесiктерi
кездеседi. Негiзгi тесiктердiң түптерi
мен, шатунның стерженьдерiн көбiнесе
өңдемейдi.
23-сурет. Иінтіректер.
Техникалық шарттары
Иiнтiректердiң қызметтерiне қарай, олардың тесiктерi негiзгi және қосалқы базалық беттер ретiнде қолданылады: сондықтан оларды Н6 – Н11 дәлдiк шегiнде, ал осаралық қашықтықтарының дәлдiк ауытқулары ±(0,05…0,5) мм-ге аспаулары тиiс. Қосалқы базадағы тесiктер остерiнiң параллельдiгi немесе тесiк осiне перпендикулярлығы (негiзгi базаға) 0,02:100 ден 0,10:100-ге дейiн болуы мүмкiн. Тесiк осiнiң түп беттерiне перпендикулярлығы 0,1:100 ден 0,3:100-ге дейiн, ал бет кедiр-бұдырлықтары Rα=0,32…1,25 мкм.
Иiнтiректiң iске шегулi беттерiнiң оске перпендикулярлығы: 0,05:100 ден 0,10:100-ге дейiн, кедiр-бұдырлығы Rα=0,63…2,5 мкм; клапандарға - Rα=0,63 мкм-ден Rz=40 мкм-ға дейiн.
Тесiктердiң кедiр-бұдырлықтары Rα=0,63…2,5 мкм, тесiктiң көлденең қимасының пiшiндiк ауытқуы, сол тесiктiң диаметрлiк ауытқуынан аспауы қажет. Iске шегулi беттерi-нiң қаттылығы НRC 40–50…50–55.
Негiзгi әдебиет: 1 [435-441].
Бақылау сұрақтары:
Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi.
Төлкелердi механикалық өңдеу технологиясы.
Төлкелердi тексеру операциялары.
Иiнтiректердiң қызметтерi және түрлерi.
Иiнтiректерге қойылатын техникалық шарттар.
12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
Тiсфрезерлеу станоктарында цилиндрлi дөңгелектердiң, тiк және қиятiстерiн, червякты дөңгелектердi червяк модульдi фрезалармен өңдейдi.
Тiсфрезерлеу станогы (24-суретте) көрсетiлген. Станинаға 1 қозғалмайтын тiреу 2 орналасқан. Фрезерлеу станоктарының шпинделiне орналасқан оправкадағы фреза тiреуiштiң вертикаль бағыттаушыларымен жылжып тұрады. дайындаманы айналмалы үстел 7 оправкасына орнатады. Оправканың жоғарғы ұшын жылжымалы кронштейн 5 сүйеп тұрады. тiреуiш 6 мен үстел 7 станина бағыттаушыларымен салазкалар 8 көмегiмен горизонтальды қозғалып тұрады. екi тiреуiштi бiрiктiрушi маңдайша 4 станоктың мықтылығын қамтамасыз етедi.
2
4-сурет.
Тiсфрезерлеу
станогы.
Жылдамдықтар гитарасы 9 арқылы шпиндельдiң минуттық айналу жиiлiгiн белгiлейдi. Бөлу гитарасы 11 дайындаманы айналу жылдамдығымен автоматты түрде қажеттi тiс бөлiктерге бөледi. Фрезаның вертикаль берiлiсi немесе дайындаманың горизонталь берiлiсi, берiлiс гитарасы 10 көмегiмен жасалады. Дифференциал гитарасы (ол берiлiс гитарасымен бiр қорапта орналасқан) қия тiстi дөңгелектiң тiсiн кескенде дайындаманы қосымша айнал-малы қозғалысқа келтiредi. Ол дайындама жылдамдығын арттыра немесе кемейте алады.
Тiк тiстi цилиндрлi дөңгелектердiң тiсiн кескенде (25, а-сурет) червякты фреза айналып, дайындама осi бойынша қозғалады. Тiсфрезерлеудiң кесу жылдамдығы болып фрезаның айналу жылдамдығы, ал берiлiс – фрезаның дайындама осi бойынша айналу жатады.
Кесу жылдамдығы, м/мин
V=nDФnФ/1000
Мұндағы DФ – фрезаның диаметрi, мм; nФ – фрезаның айналу жиiлiгi, мин/айн.
Берiлiсi SВ дайындаманың бiр айналғанын миллиметрмен өлшеп, тiс санына, оған қойылатын өңдеу дәлдiгi мен кедiр-бұдырлығына байланысты кесу режимдерi нормативiмен белгiлейдi.
Тiк тiстi цилиндрлi дөңгелектердi кескенде (25, б-сурет) червякты фреза осi дайындама осiне перпендикуляр жазықтықта червяк фрезасының ω көтерiлу орамына тез өтiп γ бұрышымен орнатады.
Қия тiстi цилиндрлi дөңгелектердi кескенде (25, в-сурет) фреза осiн λ бұрышымен орнатады. Ол бұрышты белгiлеу үшiн червякты фрезаның көтерiлу бұрышы ω мен кесiлетiн тiстер ылдиы β бұрышы ескерiледi.
λ = β ± ω
“плюс” белгiсi фреза тiстерi мен дөңгелектiң ылдилары әр түрлi, “минус” белгiсi бiрыңғай ылдилы болғанда қолданылады.
Қия тiстiң пiшiнiн жасау үшiн үш қозғалыс қажет болады: фрезаның айналуы V, фрезаның вертикаль жылжуы SВ және дайындаманың жылдам (немесе баяу) айналуы SДАЙ.
Червякты дөңгелектердi кескенде (25, г-сурет) фреза осi дайындама биiктiгiнiң ортасына горизонтальды (λ=0) етiп орнықтырылады. Мұнда да үш қозғалыстың болуы қажет: червякты фрезаның айналуы V, дайындаманың айналуы SДАЙ және дайындаманың радиальды берiлiсi SР.
25-сурет. Тiстi фрезерлеу станогында тiстi дөңгелектi кесу нобайы:
1 – червякты фреза; 2 – дайындама.
Тiстi фрезерлеудiң барлық түрлерiнде де кинематикалық тiзбек жасалып, кесiлетiн тiстiң түрiне және параметрлерiне байланысты станок икемделiп жөнге салынады.
Тiстi дөңгелектердi тiсқашау және тiссүргiлеу станоктарында да өңдеп, тiстерiн кесуге болады.