- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
Машина жасау саласында, төлкелер үйкелiс мойынтiректерi ретiнде қолданылады. Мойынтiректiк төлкелердiң конструктивтi түрлерi 20–суретте көрсетiлген. Төлкелердi сипаттайтын негiзгi үш өлшемi: ұзындығы – L, сыртқы диаметрi – D, iшкi диаметрi – d. Машина құрылысында, көбiрек тарағандары, қысқа төлкелер. Төлкелерге қойылатын техникалық шарттар: тесiгiнiң диаметрiнiң дәлдiгi – 7 – 8-шi квалитет (шек арнасы Н6, Н7, Js7, К7 мойынтiректер үшiн); сырт базалық бетiнiң дәлдiгi – 6 – 8-шi квалитеттер (h6, к6 және т.б.); мойынтiрекке арналған беттерiнiң дөңгелектiгi мен цилиндрлiгi 5 – 6 дәлдiк дәрежесiнде (мөлшермен 0,01 – 0,02 мм); сырт бетiмен iш бетiнiң бiростiлiгi 5 – 6 дәлдiк дәрежесiнде (мөлшерме 0,01 – 0,03 мм); түп бетiнiң соғу шегi (түп беттiң перпендикуляр-лық шегi) тесiктiң осiне қарағандағы 6 – 8 дәлдiк дәрежесiнде (мөлшермен 0,03 – 0,05 мм). Сыртқы айналмалы беттерiнiң кедiр-бұдырлығы Rα=2,5–1,0 мкм, түп беттерiнiкi - Rα=12,5–5,0 мкм, ал остiк жүктелмеде Rα=2,5–0,5 мкм. Төлкенiң қызметiне қарай, оның материалы ретiнде болаттар, шойындар және неше түрлi түстi қорытпалар пайдаланылады.
Төлкенiң дайындамасын, оның қызметiне, өлшемдерiне, жылдық шығару ауқымына және материалының маркiсiне қарай прокаттан (шыбықтар және трубалар), құймадан жасайды.
Тесiгiнiң диаметрi 20 мм-ге дейiнгi төлкелердi калибрленген немесе ыссықақталған шыбықтардан жонады. Кейде, құйма стерженьдер де қолданылады.
Тесiгiнiң диаметрi 20 мм-ден жоғары төлкелердi трубалардан немесе қуыс құймалардан жонады. Құйманың төмендегi дей әдiстерi кең орын алған: машиналық құмдық қалыптарға құю, тұрақты темiр қалыптарға құю, центрден тепкiш және қысым арқылы құю әдiстерiмен.
Қусырылған жұқа қабырғалы төлкелердi, жез материалынан жасалған табақшалардан немесе биметаллдық ленталардан жасайды. Металкерамикалық материалдардан жасалған дайындамаларды, алдымен престеу онан кейiн жасыту әдiсiне салады. Пласмассадан жасалынатын дайындамаларды престеу әдiсiмен жасайды.
Өңдеу технологиясы
Төлке өңдеу технологиясының негiзгi мақсаты, оның сырт бетi мен тесiгi остерiнiң концентрлiгiмен, остiң түп бетiне перпендикулярлығын қамтамасыз ету.
Жұқа қабырғалы төлкелердi өңдеуде, оларды майыстырмай (қабыстырмай) орнатып бекiту мәселесi қосымша туады.
20-сурет. Төлке тетiктерiнiң құрылымдық түрлерi: а) жадағай; б) текпiшектi; в) жұқа қабырғаға бекiтуге қажет фланецтi текпiшектi; г) конустық тесiктi; д) керiлмелi; е) үйкелiске төзгiш қорытпадан құйылған; ж) қаңылтырдан оралған.
21-сурет. Токарьлық-револьверлi станокта, төлкелердi өңдеу жүйесi.
22-сурет. Токарь станогында төлкелердi өңдеудiң технологиялық жүйелерi.
Осы қойылған технологиялық шарттарды төмендегiдей үш тәсiлмен шешедi:
төлкенiң iшкi, сыртқы және түп беттерiн, дайындаманың бiр орнатуында өңдеп шығу;
төлкенiң аталмыш беттерiн екi орнатуда (немесе екi операциямен) ; екiншi операцияда базалық бет ретiнде, төлкенiң сыртқы бетi қолданылып оның тесiгi өңделедi;
төлкенi екi операциямен өңдеу; екiншi операциясында, тесiк базалық бет болады да, оның сыртқы диаметрлiк бетi өңделедi.
Бiрiншi тәсiлдiң мысалы ретiнде, токарь-револьверлiк станогындағы, төлке өңдеудi, дөңгелек прокаттан жасауды көрсетуге болады. 21–суретiндегi өңдеу позицияларының мазмұны төмендегiдей:
түп беттi шырпу;
дайындаманы тiрелгенше беру;
центлеу;
тесiк тесу және сырт беттi жону;
iшкi тесiктi кеңейту және сырт беттi жону, фаска салу;
алдын ала ұңғылау;
бiржолата ұңғылау;
төлкенi қиып тастау.
Одан кейiнгi операциялар: токарьлық немесе тiк-тескiш станогында, төлкенiң сол жағындағы фаскасын жасау; майлау тесiктерiн тесу; майлау ойықтарын кесу; сырт беттерiн ажарлау.
Екiншi және үшiншi тәсiлдер, iрi өлшемдi төлкелердi дара дайындамалардан жасауда кездеседi.
Сериялы өндiрiстегi, дара дайындамаларды өңдеудiң технологиялық бiрiздiлiгi төмендегiдей:
тiк-тескiш станокта тесiктi зенкерлеу және фаска салу (22, а-суретi);
дайындаманы өзiорнатылатын сфералық шайбаға қойып, тесiгiн тартып кесу;
токарьлық көпкескiштi жартылай автоматта, төлкенiң сырт бетiн алдын ала жону, түп бетiн шырпу және сыртқы фаскаларын салу (22, б-суретi);
төлкенiң сырт беттерiн тазалай жону; керек болған жағдайда, төлкенiң түп бетiн токарь станогында қайыра шырпу. Қалған төрт операция бiрiншi тәсiлдiң 2-5 операцияларына ұқсас.
Төлкелердiң басқа конструктивтi түрлерiнiң өңдеу технологиясы, тек олардың сырт бет-терiн көпкескiштi жартылай автоматтардағы технологиялық келтiрмесiмен ғана өзгеше. Конусты тесiктерi бар төлкелердi, конустық аспаптармен зенкерлеуден кейiн, ұңғылау әрекетiне түсiредi. Аспап берiсi тiреуiштерге жеткеннен кейiн тоқталады.
Бойлық қиықтары бар конустық төлкелердi, көпкескiштi аспап қолданып копир арқылы өңдейдi; одан кейiн бойлық қиықтарын фрезерлеп, ұштарына бұранда салады. Құралмалы төлкелердiң тесiктерiне үйкелiске төзiмдi қорытпалар құю үшiн, олардың iшкi беттерiне арнайы ойықтар салады. Ашық тiкпелерi бар қапсырылған төлкелердi, орындарына престеп орнатқаннан кейiн, түбелiктi қиыстыру өлшемiне жету үшiн нәзiк кеңейте жону әрекетiн жүргiзедi.
Тасымалдау техникалары қозғалтқыштарының гильзалары, iрi өлшемдi жұқа қабырғалы төлкелерге жатады. Олардың дайындамаларын құю әдiстерiмен жасайды. өндiрiсте кең орын алған гильза өңдеудiң технологиясы, төмендегiдей: қаралтым немесе жартылай тазалай кеңейте жону; қаралтым немесе жартылай таза жону; шынықтыру және жетiлдiру; тазалай кеңейте жону; гидравликалық сынау; алдын ала және тазалай хонингтеу; белдеуше-лер мен бурттарын ажарлау; бурттың түп бетiн және сырт бетiн жону; нәзiк хонингтеу. Металкерамикалық төлкелердi көбiнесе темiр немесе мыс негiздегi материалдардан жасайды. Мыс негiзiндегi төлкелердiң үйкелу коэффициентi аз, өңдеуге ыңғайлы, бiрақ берiктiгi төмен.
Темiркерамикалық төлкелердi, ВК8 маркалы қатты қорытпалар пластинасымен жабдықталған кескiштермен өңдейдi. Кесу режимдерi: кесу жылдамдығы V=200–400 м/мин, берiсi S=0,05–0,15 мм/айн, және кесу тереңдiгi t=0,5 – 1,2 мм.
Төлкелердiң үйкелiске төзiмдi қасиеттерiн жетiлдiру үшiн, оларға 110–120 ºC-ға қыздырылған майларды сiңiредi. Бұл майларды сiңiру уақыты, төлкелердiң қабырғаларының қалыңдығына байланысты. 4 мм қалыңдықта – 45 мин, 9,5 мм қалыңдықта – 120 мин.
Төлкелердiң тесiктерiн шариктермен немесе нығыздаушы дiңгектермен таптауға болмайды, өйткенi олардың iшкi бетiндегi майда майлаушы көздер жабылып қалады да, төлкенiң ең керектi қасиетi жойылады. Сондықтан соңғы операцияларда төлкенiң iшкi тесiгiн тек нәзiк кеңейте жонады.
Пластмасса төлкелерiн, трубалардан, дөңгелек прокаттардан немесе престелген дара дайындамалардан жасайды. Бұлардың өңдеу технологиясы, темiр төлкелердiң технологиясына ұқсас.
Престелген дара дайындамалардың өлшемдерi өте дәл шығады, сондықтан оларды тек қана тазалай өңдейдi.
