- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
Өңдеу технологиясы
Қораптың өңдеу технологиясы оның конструктивтi құрылымына, геометриялық пiшiнiне, өлшемдерiне, салмағына, дайындаманың түрiне, шығару аумағына және қорапқа қойылатын күрделi шарттарға байланысты.
Дегенмен, қораптарды өңдеудiң технологиясында көптеген жалпылама заңдылықтардың барлығы мамандарға аян.
Көбiне, бұл жалпы заңдылықтар, технологиялық базалар таңдау, қорап беттерiн өңдеу бiрiздiлiктерiн тағайындау, қажеттi технологиялық әрекеттердiң санын анықтау, құрал-жабдықтар, аспаптар iрiктеу мәселелерiмен тығыз байланысты.
Алуан түрлi қорап тетiктерiнiң технологиялық үрдiстерi төмендегiдей өңдеу бiрiздiлiгiмен өтедi:
қораптың жазылыңқы беттерiн, қаралтым және тазалай өңдеу немесе кейiнгi технологиялық базалар ретiнде қолданылатын бiр жазылыңқы бетпен екi тесiктi өңдеу;
қалған сыртқы беттердi өңдеу;
негiзгi тесiктердi қаралтым және тесiктердi әрлеп өңдеу;
өңделiнген қорапты тексеру операцияларынан өту.
Қораптарға қойылатын техникалық шарттарға қарай қаралтым және тазалай өңдеу операцияларының арасында олардың бойындағы қалдық тартылыстарды реттеу операциясы жүруi мүмкiн.
Негiзгi әдебиет: 1 [409-421].
Бақылау сұрақтары:
Қораптардың қызметтерi және түрлерi.
Қораптарға қойылатын техникалық шарттар.
Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi.
Қораптарды өңдеу технологиясы.
10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
Бұл беттерді фрезерлеу, сүргілеу, жону, ажарлау және тартып кесу әдістерімен өңдейді. Осы әдістердің ішінде, ең кең тарағаны фрезерлеу. Фрезерлеу әдісі, үзіліссіз жүретіндіктен өте жоғары өнімді тәсілдерге жатады. Сондықтан бұл үрдісті кішігірім, сериялы және жаппай-мол өндірістерде жиі қолданады.
Өндiрiс сипатына және өңделетiн дайындаманың өлшемдерiне қарай шпиндельдердi көлбеу, тiк орналасқан әмбебап фрезерлiк, көпшпиндельдi көлбеу-фрезерлiк, карусельдi-барабанды фрезер станоктарын және агрегатты арнайы станоктарын қолданады.
Сериялы өндiрiсте, санды бағдарламамен басқарылатын және көп операциялы станоктарда пайдаланылады.
Кiшiгiрiм өндiрiсте, қораптың майда дайындамаларын әмбебап фрезер станогында өңдейдi. Мұнда, өңдеудiң өнiмдiлiгiн арттыру үшiн жұмыс және қосалқы қимылдарды қосарлап, оны маятниктi фрезерлеу әдiсiмен жүргiзедi (17-сурет). Станоктың үстелiнде екi жұмыс позициясы болады. 1 позицияда қойылған дайындаманы 2 позицияда өңдеп жатады. өңдеудiң бiр циклы бiткеннен кейiн 2 позицияға дайындама орнатыла басталады.
Сериялы өндiрiсте, iрi өлшемдi қораптық тетiктердi және орта өлшемдi қораптарды тобымен өңдеу үшiн, көпшпиндельдi фрезер станоктарын пайдаланады. Iрi өлшемдi қораптардың бiрнеше беттерiн бiр мезетте немесе орта өлшемдi бiрнеше дайындамаларды параллель өңдеу арқылы бұл станоктың өңдеу өнiмдiлiгiн күрт көтеруге болады.
17-сурет. Қорап дайындамаларын, маятниктi фрезерлеу әдiсiнiң жүйесi.
18-суретiнде екi түптiк фрезамен үш қораптың қарама-қарсы беттерiн, бiрiнен соң бiрiн фрезерлеу әдiсi көрсетiлген. Қондырғыларға қораптарды екi қатарға қойып немесе бiр пiшiндi қораптың бiрнеше бетiн, фрезерлеуге оңтайлап қойып та, өңдеу жүргiзедi.
18-сурет. Екi түптiк фрезамен бiр мезетте қораптың үш бүйiр беттерiн фрезерлеу.
19-суретiнде тiк-фрезер станогында өңдеу жүйесi берiлген. Суреттегi 1–станоктың станинасы; 2 – айналмалы үстел; 3 – түптiк фреза; 4 - өңделiнетiн дайындамалар.
19-сурет. Тiк фрезерлеу станогындағы бiрнеше қораптар дайындамаларын фрезерлеу жүйесi.
Iрi сериялы және жаппай-мол өндiрiстерде кiшiгiрiм қораптық тетiктердi карусельдi-фрезерлiк және барабанды-фрезерлiк станоктарда өңдейдi.
Шеңберлi айналым үстелi бар карусельдi-фрезерлiк станоктың тiк шпиндельдi фрезерлiк қондырғылары болады. Егер фрезерлiк қондырғысы үш шпиндельдi болса, онда бiрiншi екеуiне диаметрлерi 250…300 мм-лiк фрезалар орнатып, қаралтым фрезерлеуге, ал үшiншi-сiне диаметрi 500…600 мм-лiк фрезалар орнатып, тазалай фрезерлеуге ыңғайлайды. Өңделетiн дайындамаларды жасанды қондырғыларға орнатып айналым үстелiне бекiтедi. Дайындамаларды орнату және үстелден түсiру станоктың жұмысы үстiнде өте бередi.
Үзiлiссiз жүрiп отыратын параллельдi-бiрiздi өңдеу, станоктың өңдеу өнiмдiлiгiн ылғи көтерiп отырады. Мұндағы өңдеу дәлдiктерiде өте жоғары.
Барабанды-фрезер станогында, бiр мезетте, қораптың екi параллель бетi бiрдей өңделедi. Үзiлiссiз айналып тұрған барабанның, төртен сегiзге дейiн қыры болады; осы қырларына дайындама орнататын қондырғылар бекiтiледi. Көлбей орналасқан шпиндельдердiң саны 2, 4, 6 және 8 болуы мүмкiн. Бiрiншi фреза қаралтым, ал басқалары тазалай өңдейдi. Өңделетiн беттiң өлшемдерi, фрезаның диаметрiмен тығыз байланысты. Дайындамаларды орнату және түсiру әрекеттерi, станоктың жұмысы үстiнде өте бередi. Барабанның айналым жылдамдығының жұмыстық берiсi S=350…700 мм/мин. Мұндағы үзiлiссiз, параллельдi-бiрiздi қаралтым және тазалай өңдеу, станоктың өңдеу өнiмдiлiгiн ылғи үдетiп отырады.
Қораптардың жазылыңқы беттерiн әртүрлi әдiстермен өңдеу кезiндегi дәлдiк көрсеткiштерi төменгi кестеде берiлген.
Кiшiгiрiм өндiрiсте және iрi өлшемдi, ауыр қорап дайындамаларының сырт беттерiн сүргiлеу операциясын қолданып өңдейдi. Бұл операцияны көлбеу-сүргi станогында тiк және көлбеу суппорттарды қолданып жүргiзедi. Сүргiлеу өнiмдiлiгi фрезерлеуден төмен, өйткенi бұл үрдiстегi кесу жылдамдығы аз және станоктың үстелiнiң әрлi-берлi қимылына қосалқы уақыт шығындалады. Сүргiлеу станогының өнiмдiлiгiн арттыру үшiн, дайындама-ларды қондырғыға топтап орнатып, өңдейдi. Мұнда, станоктың барлық суппорттарын, түгел iске шегу қажет.
Сүргiлеуде, серпiмi қатаң, қарапайым, берiк кескiштер қолданылады. Сондықтан, бұл кескiштер дайындаманың бет қатпарындағы қатты қабықтарды жеңiл кеседi де, бiр жұмыс қимылындағы кесу тереңдiгiн, өте қалың (15…20 мм) етiп өңдей алады.
Сүргiленген беттiң түзулiк дәлдiгi жоғары (жоғарғы кестенi қара). Мұның себебi, сүргiш суппорттардың серпiмдi қатаңдылығы, фрезер қондырғыларынан гөрi көбiрек. Паздар мен ойықтарды фрезерлегеннен гөрi, сүргiлеген өнiмдi.
Булы турбиналардың, компрессорлардың, центрден тепкiш сорғылардың, iрi электр-қозғалтқыштардың, генераторлардың қораптарын карусельдi-токарлық станоктарында өңдейдi. Өңделетiн дайындамалардың конструктивтi пiшiндерi өте күрделi келедi. Көбiнесе, бұларға тән фланецтi iшкi және сыртқы конустық, цилиндрлiк беттер. Мұндай, қораптарды әсте жонып өңдеу ыңғайлы келедi. Дайындамаларды станоктың дөңгелек үстелiнiң периметрiне орнатып бекiтедi де, бiр мезетте бiрнешеуiнiң, ашық ажырау беттерiн өңдей бередi. Өңделiнген беттердiң жазылыңқылығы мен параллельдiгi өте жоғары деңгейде қамтамасыз етiледi. Қолданылатын қарапайым, өте қатаң, токарьлық кескiш аспаптар, бiр жұмыс қимылында 15 мм-ге дейiн әдiптердi өте үлкен кесу жылдамдықтарымен сылуға мүмкiндiк жасайды. Демек бұл үрдiс өте өнiмдi.
кесте
Жазылыңқы беттердi әртүрлi әдiстермен өңдеудегi дәлдiк көрсеткiштерi
Өңдеулер |
Бет кедiр- бұдырлығының параметрi, Rα, мкм |
Жазылыңқылық түзулiк және дәлдiк дәрежесi |
Орнату базасының дәлдiгi: 300 мм ұзындықта |
Дәлдiк квалитет- терi |
|
Параллель- дiгi |
Пепендику- лярлығы |
||||
Түптiк фрезамен өңдеу: қаралтым тазалай нәзiк |
6,3 – 12,5 3,2 – 6,3 0,8 – 1,6 |
9 – 12 6 – 8 4 – 5 |
0,08 0,05 0,03 |
0,12 0,07 0,03 |
12 – 14 10 – 11 8, 9 (7) |
Сүргiлеу: қаралтым тазалай нәзiк |
12,5 – 25 3,2 – 6,3 0,8 – 1,6 |
9 – 11 7 – 8 5 – 6 |
0,07 0,04 0,02 |
0,10 0,06 0,02 |
12 – 14 11 – 13 8 – 10 (7) |
Түп жону: қаралтым тазалай нәзiк |
6,3 – 12,5 3,2 – 5 0,8 – 1,6 |
9 – 12 7 – 8 5 – 6 |
0,10 0,05 0,03 |
- - - |
14, 15 11 – 13 8 – 10 (7) |
Тартып кесу: жартылай таза тазалай нәзiк |
6,3 0,8 – 3,2 0,2 – 0,4 |
9 – 10 7 – 8 5 – 6 |
0,07 0,04 0,02 |
0,08 0,05 0,02 |
8, 9 7, 8 7 |
Жазық ажарлау: жартылай таза тазалай нәзiк |
3,2 0,8 – 1,6 0,2 – 0,4 |
7 – 8 5 – 6 3 – 4 |
0,04 0,22 0,007 |
0,06 0,03 0,01 |
8 – 11 6 – 8 6, 7 |
Ескерту. Жақша iшiнде мүмкiн болатын көрсеткiштер. |
|||||
Қораптық тетiктердiң, сырт беттерiн ажарлау ең тиiмдi, соңғы технологиялық әрекетке жатады. Ажарлау операциясымен, қораптық тетiктiң беттерiнiң, керектi кедiр-бұдырлық-тарын және өлшем дәлдiктерiн қамтамасыз етедi. Ажарлауды, дөңгелек немесе тiк-бұрышты үстелi бар жазылыңқы-ажарлау станоктарында өткiзедi. Дөңгелек үстелдi станокта үрдiс, үзiлiссiз жүредi, сондықтан оның өнiмдiлiгi өте жоғары.
Мұнда, ажарлауды, жазық ажарлаушы дөңгелектiң сырт диаметрлiк бетiмен немесе табақша дөңгелектердiң түп бетiмен жүргiзедi. Сырт беттердi қаралтым ажарлау үшiн, құралмалы сегменттi дөңгелектер қолданады. Бiр жұмыс қимылында 4 мм-ге дейiнгi әдiптi сылуға болады.
Ажарлау кезiнде суытушы-майлаушы сұйықтарды пайдалану арқылы өңделетiн беттер-дегi температураны азайтып, бет кедiр-бұдырлықтарын, өлшем дәлдiктерiн жақсарта түседi.
Жаппай-мол өндiрiсте, қораптық тетiктердiң сырт беттерiн, тартып-кесу әдiсiмен өңдейдi. Бұл әдiстi арнайы тартып-кесу станоктарында жүргiзедi. Станоктың моделiне қарай, қорап дайындамасын тiк және көлбеу бағытта тартып кеседi. Қуатты тартып-кесу станогы 500 КН-ға дейiн күш тудырып, 3 – 5 мм-ге дейiнгi әдiптi, сылып шығады. Өңдеу дәлдiгi өте жоғары.
Тартып-кесу аспабының құралмалы түрiнiң ұзындығы 2…3,5 м-ге дейiн жетедi. Бұл аспапты қолданып сырт беттердiң жазылыңқы және фасонды түрлерiн де өңдей бередi. Тартып-кесу жылдамдығы 60 м/мин-ке дейiн жетедi. Бiрнеше позициялы, жылдам жүргiш тартып-кесу станоктарын автоматты жүйелерге тiркеп, цилиндр блоктарының бiрнеше беттерiн өңдейдi.
Тартып-кесу операциясының кемiстiк жақтарына, аспаптың қымбаттығы, тартуға керектi үлкен күштер керектiгi жатады. Сондықтан қатаңдық серпiмi осал, майысқақ тетiктердi тартып-кесуге болмайды.
Тартып-кесу әдiсiмен алдын ала тазалау және әрлеу әрекеттерiн жүргiзедi.
Негiзгi әдебиет: 1 [421-435].
Бақылау сұрақтары:
Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу.
Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу.
Қораптардың тесiктерiнiң дәлдiгi.
