- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
Техникалық шарттар
Қораптың негiзгi, базалық және бос беттерi болады. Негiзгiлерi – жазылыңқы және тесiк беттерi. Осы беттер арқылы, қорап басқа машинаның қорабына, станинасына бекiтiледi. Негiзгi тесiктерге бiлiктердiң мойынтiректерi отырғызылады. Қосалқы тесiктер, бекiтушi болттар мен майлаушы тораптарға арналады.
Қораптарға дәлдiк, берiктiк, серпiмдi қатаңдылық, тозуға төзiмдiлiк, шуға тұрақтылық шарттары қойылады. Қораптың конструкциясы құрастыру және даралау операцияларына ыңғайлы болуы тиiс.
Қораптарға қойылатын дәлдiк шарттары төмендегiдей мөлшерде алынады: мойынтiрекке арналған негiзгi тесiктердiң диаметрлерiнiң өңдеу дәлдiгi Н7, кедiр-бұдырлығы Ra=0,4-1,6 мкм; сирегiрек Н6, Ra=0,4-0,2 мкм. Тесiктерiнiң бiрөстiлiгi, сол тесiктердiң кiшi диаметрлерiнiң дәлдiк шегiнiң жартысынан аспауы қажет. Әрбiр тесiктiң, пiшiндiк қимасының ауытқуы (0,3-0,5) ТD, мұнда TD – тесiк диаметрiнiң ауытқу шегi.
Көп жағдайларда, қораптың iшiндегi берiлiстердiң техникалық шарттары арнайы мемлекеттiк стандарттардың нормативтерiмен шектеледi. 100 мм ұзындықтағы негiзгi өстердiң параллельдiгiнiң ауытқу мәнi 0,02-0,05 мм.
Жазылыңқы беттердiң түзулiктен ауытқуы 0,05-0,2 мм, кедiр-бұдырлығы Ra=0,8-1,6 мкм. 100 мм ұзындықтағы үйкелiс беттерiнiң жазықтықтан ауытқуы 0,02-0,05 мм, кедiр-бұдырлығы Ra=0,4-0,8 мкм.
Қораптың өңдеу еңбексыйымдылығы, оның конструкциясының технологиялылығына көп байланысты. Осы тұрғыда қорап тетiгiнiң серпiмi қатаң, материалсыйымдылығы төмен және құюға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Қораптың базалық беттерiнiң өлшемдерi ауқымды, ұзын болғаны жөн. Оның бiр базалық өлшемдерi бетiндегi өңделiнетiн элементтердiң биiктiктерi бiрдей болулары қажет. Негiзгi тесiктердiң пiшiндерi қарапайым, текпiшексiз, ойықсыз болғаны абзал. Текпiшектi тесiктердiң диаметрлерi қораптың түп бетiнен ортасына қарай азая бергенi өңдеуге жеңiлiрек. Тесiктердiң мүмкiндiгiнше өтпелi және қысқа болғаны технологиялылы.
Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
Әдетте қораптың дайындамасын, сұр шойыннан құю тәсiлiмен жасайды. Сұр шойындар мен қатар қақтамалы шойын және түстi қорытпалар қолданылады. Үйкелiсте iстейтiн, металлкескiш станоктардың қораптары, көбiнесе, сұр шойынның СШ15, СШ18, СШ20 маркаларынан құйылады.
Ал дiрiл, неше түрлi күш әсерiнде iстейтiн қораптарды, қақтамалы шойыннан немесе болаттан құяды (маркалары 30, 35, 40).
Қышқыл, сiлтiлi орталарда, теңiз суларында iстейтiн қораптарды тотқа төзгiш болаттардың (3Х13, 3Х18НЮТ, 12Х18-Н9Т, 20Х23-Н13) маркаларынан, қола және жез құймаларынан жасайды (ЛК80-3Л).
Жеңiл-желпi, майда қораптарды алюминий және магний қорытпаларынан құяды (АЛ4, АЛ8, АЛ10Б, АЛ13). Жеңiл қорытпалардан жасалған қораптар, ұшақ және тасымалдау машиналарын жасау өндiрiстерiнде кең қолданылады.
Кiшiгiрiм өндiрiсте қораптарды, бiрнеше дайындамалардан құрылған тетiктердi пiсiру арқылы жасайды. Дайындамалар ретiнде табақша материалдар, бұрыштамалар, таврлар, рельстер және т.с.с. пайдаланылады.
Машина жасау саласында қораптардың дайындамаларының 95% құю әдiсiмен жасалады. өндiрiсте өте кең тараған құюдың төмендегiдей тәсiлдерi қолданылады: құмнан жасалған, кокильдi қалыптарға құю, қысымдық құйма, қабықты қалыптарға құю, балқытылмалы модельдермен құю. Қораптық тетiктердiң дайындамасын құмды қалыптарға құю арқылы жасайды. Құйманың шығару аумағына, күрделiлiгiне қарай қалыпты қолмен немесе машинамен жасайды.
Кiшiгiрiм өндiрiстерде, күрделi қораптың дайындамасын қолмен қалыптастырады, ал iрi дайындамаларды жердегi қалыптарға құяды.
Қораптың моделiн (үлгiсiн) темiрден немесе ағаштан жасайды.
Өте күрделi пiшiндi, жауапты дайындамаларды (цилиндрлердiң блогы) құюда, қалып құруды, құрғақ стерженьдер пайдаланып жасайды.
Сұр шойын және болат құймаларына үш класты дәлдiк деңгейi қойылған I, II, III (МЕСТ 1855-55 және МЕСТ 2009-55). Әр кластың өзiне тән өлшемдiк және салмақтық ауытқуы бар. Мысалы, габаритi 500 мм-ге дейiнгi құймалардың I, II, III кластағы дәлдiк деңгейлерi үшiн ±1,0; ±1,5 және ±2,5 мм мөлшерiндегi ауытқулардың болулары мүмкiн.
Құймалардың технологиялық үрдiсiн жобалау кезiнде, кейiнгi кесiп өңдеуге керектi базалық беттерде ескерудi ұмытпау керек. Бұл базалық беттердi, модель жасауда және құйманың дәлдiгiн тексеруде де пайдаланған жөн, құйманың базалық беттерiн тағайындарда, олардың құю, модель жинау, қалып құрастыру қимылдарының ақаулары әсер етпейтiндей етiп реттеген жөн.
Құйманың өте жауапты беттерi, қалыптың бiр бөлiгiнде түгел орналасқаны өте технологиялылы болады.
Сериялы және жаппай-мол өндiрiстерде болаттан, шойыннан және түстi қорытпалардан жасалған құймаларды, кокильдiк құйма әдiсiмен алады. мұнда құйманың өлшемi 1,5 метрге, салмағы бiрнеше тоннаға дейiн жетедi. Құйманың дәлдiгi 11, 12 квалитет, бетiнiң кедiр-бұдырлығы Ra=10…5 мкм. Осылар, өңдеу әдiсiнiң 2-3 есе аз болуына мүмкiндiк бередi. Өлшемi 1000 мм-ге дейiнгi құйманың әдiбi небәрi 0,7-3,5 мм. Түстi қорытпалардан жасаған құймаларды мүлдем өңдемесе де болады. Бұл әдiспен алынған құймалардың құрамы өте майда қиыршықты, сондықтан олардың механикалық қасиеттерi де өте жақсы болады.
Мұнда қолданылынған темiр қалыптардың құюға төзiмдiлiгi құйманың материалы мен салмағына байланысты. Құю практикасында оларды 100-ден бiрнеше мың мәртеге дейiн пайдаланады. Ол үшiн темiр қалыптың iшкi бетiн отқа төзiмдi материалмен қаптап және арнайы сырмен сырлап қою керек. Темiр қалып екi немесе бiрнеше салмалы бөлшектен тұруы мүмкiн. Құйманың iшкi пiшiнiн, құмнан немесе темiрден жасалған сағанақтармен келтiредi.
Iрi сериялы және жаппай-мол өндiрiстерде, бұл әдiстi арнайы құю машинасын пайдаланып жүргiзедi. Машинаның құю циклiнде қалыпты ашып-жабу, стерженьдердi (сағанақтарды) орнату-шығару, құйманы қалыптан шығару-итеру қимылдары болады.
Бұл әдiспен алынатын дайындамаларға көптеген технологиялық шарттар қойылады.
Мысалы, құйманы қалыптан жеңiл шығару үшiн оның бетiнде бұдырайып, шығып тұрған элементтер болмағаныдұрыс; бет еңкейiстерi ажырау жазығына қарай орналасқаны жөн. Темiр қалыптың қуыстары жақсы толуы үшiн өлшемi 700 мм-ге дейiнгi құймалар қабырғаларының қалыңдығы 8…10 мм, ал түстi қорытпалар үшiн 3…6 мм болғаны өте дұрыс.
Құйманың қабырғалары, күрт қалыңдап кетпеуi шарт. Қатаңдық қабырғаларын, ажырау жазықтығына перпендикулярлы бағытта орналастыру керек. Базалық және белгiлеу беттерiн, кокильдiң бiр жақтағы бөлiмiне орналастырады.
Көбiнесе, түстi қорытпалардан жасалған қораптардың дайындамасын қысымдық құю әдiсiмен алады. бұл әдiспен өте күрделi пiшiндi, бұрандалы (iшкi, сыртқы), жұқа қабырғалы құймаларды жасайды. Құймалардың түрлерi әдемi, бет кедiр-бұдырлықтары Ra=5-1,25 мкм мөлшерiнде болады.
Бұл әдiстегi, темiр қалыптың және сағанақтың конструкциялары өте күрделi, өңдеу дәлдiктерi 11…14 квалитетте, кейбiр өлшемдерiнiң дәлдiгi 9…10 квалитетке жетедi.
Цилиндр блоктары да, осы екi әдiстiң бiреуiмен, алюминий қорытпаларынан құйылады. Қысымды құюды арнайы құю машиналарында, пресс-қалыптарды 200-250° С-ға қыздырып жүргiзедi; балқытылған материалды 11-12 МПа қысымда құяды. Алдын-ала пресс-қалыпқа, цилиндрдiң шойын гильзаларын және керектi арматураларын салып қояды. Осы әдiспен құйылған дайындамаларды арнайы қондырғыларға орналастырып тығыздықтарын тексередi (сынайды). Сынау ортасы ретiнде, су немесе ауаны қолдануға болады. Сынау режимi 0,3-0,4 МПа қысымда өтедi.
Алюминий қорытпаларын құйылған блоктардың, кесуге қалдырылған әдiбiнiң мөлшерi 2-3 мм.
Iрi сериялы, жаппай-мол өндiрiстерде жауапты фасонды құймаларды, қабықты қалыптарға құю арқылы жүргiзедi. Бұл әдiспен алынған құймалардың өлшемдерi (500-700), салмағы 50 кг-нан аспайды. Өлшем дәлдiктерi 12…14 квалитет, бет кедiр-бұдырлықтары Ra=10…2,5 мкм. Құйма өлшемдерiнiң дәлдiгi жақсы болғандықтан, кесуге қалдыратын әдiп мәнi 0,25…0,5 мкм, ал кейбiр беттерiн өңдемеуге де болады.
Құймаларды даярлау кезiнде олардың бойында қалдық тартылыстар пайда болады; олардың мәндерi материалдың берiктiк мәндерiне шейiн жетедi де, уақыт өткен сайын өзгерiп отырады. Бұл өзгерiстер, құйма дайындамалардың өлшемдiк өзгерiстерiне, пiшiндерiнiң майысуларына апарып соғады. Сондықтан, бұл үрдiстi алдын-ала тоқтату шараларын iздеу керек болады.
Сол шаралардың бiрi дайындамаларды термиялық өңдеуден өткiзу. Термиялық өңдеудiң режимдерi, құйманың материалына, конструкциясына және қызмет орнына тығыз байланысты.
Көбiнесе, сұр шойыннан құйылған дайындамаларды төменгi температурада жасытады. Жасыту жылдамдығы 50-150° С/сағ, мөлшерi 500-600° С. Осы температурада 2,5-10 сағат ұстайды да, 250-300° С-ға дейiн суытады. Суыту жылдамдығы 30-50° С/сағ өтуi тиiс. Осындай өңдеуден кейiн, құйма iшкi қалдық тартылыстардан босап, өлшемдерi бiр қалыпқа түседi.
Жеңiл қорытпалардан құйылған дайындамаларды, термиялық өңдеу арқылы құрамдарын жақсартады, кесiп өңдеуге баптайды және физикалық-механикалық қасиеттерiн жетiлдiредi.
Құймалардың бойындағы, қалдық тартылыстардың өзгерулерi уақытқа байланысты. Ол үшiн дайындамаларды, қоймаларда бiрнеше тәулiктен бiрнеше айларға шейiн жатқызу керек. Осы мерзiм iшiнде, құймалардың бойындағы барлық үрдiстер өтiп болып, олардың өлшем дәлдiктерi, формалары бiр нақтылы күйге түседi. Содан кейiн барып, бұл дайындамаларды өңдеу цехтарына жiберуге болады. Құймалардың бойындағы табиғи құбылыстардың өтулерiн жетеллдету үшiн, жасанды дiрiл, бытырамен атқылау әдiстерiн қолданады.
