- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
Бiлiктегi шпонкалық паздар
Шпонкалық паздарды өңдеуге керектi аспаптардың түрлерi, олардың бiлiктегi орналасу жайына байланысты. Өтпелi паздар үшiн диск тәрiздес фрезалар, ал тұйық паздар үшiн цилиндрлiк саусақты фрезалар қолданылады.
Бiлiктiң дайындамасын центрлi қондырғыларға немесе призмаларға орнатып өңдейдi.
Дайындаманы призмалық қондырғыларға орнатып өңдеуде, паздың “п” өлшемiнiң орнату ауытқуы туады. Көбiнесе бұл ауытқу, өңделетiн дайындамалар диаметрлерiнiң дәлдiк шегiне байланысты болады.
Бiлiктегi паздарды фрезерлеу тәсiлдерi 14–суретiнде көрсетiлген.
Көбiнесе шпонкалық паздарды көлбеу және тiк фрезерлiк станоктарда өңдейдi.
Сериялы және жаппай-мол өндiрiстерде, тұйық шпонкалық паздарды арнайы шпонка фрезерлейтiн жартылай автоматтарда маятник берiсi әдiсiмен өңдейдi (14, в-суретi).
Екi тiстi саусақты фреза өзiнiң бiр өтiсiнде шамамен t=0,2-0,3 мм кесу тереңдiгiне берiледi де, паздың бойлық ұзындығы бiткенше өңдеп шығады. Содан кейiн тағыда t=0,2-0,3 мм кесу тереңдiгiне түсiрiледi де, керi бағытта өңдейдi. Сөйтiп, паздың түгел “п” өлшемiне жеткенше өңдей бередi.
1
4-сурет.
Бiлiктердегi
шпонкалық паздарды фрезерлеу әдiстерi.
Iрi сериялы және жаппай-мол өндiрiстерде бiлiктегi паздарды көпорынды қондырғылар пайдаланып, фрезалар комплектiлерiмен өңдеген өте ұтымды.
14, а, б, в, г-суреттерiнде бiлiктердегi шпонкалық паздарды фрезерлеу әдiстерi көрсетiлген: а – диск тәрiздес фрезаның бойлық берiсiмен; б – саусақты фрезаның бойлық берiсiмен; в – саусақты фрезаның маятниктi берiсiмен; г – дискiлiк дөңгелек фрезаның тiк берiсiмен.
Негiзгi әдебиет: 1 [395-408].
Бақылау сұрақтары:
Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу.
Бiлiктердi жону.
Бiлiктегi шпонкалық паздарды өңдеу.
9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
Машина жасауда қорап базалық тетiк ретiнде қолданылады. Қораптарға машинаның және механизмдердiң құрылым бiрлiктерi, тораптары, тетiктерi орнатылады. Қызметiне қарай, қорапқа орнатылған тетiктер мен механизмдердiң өзара орналасу дәлдiгi тұрақты, берiк болуы тиiс. Бұл шарт машинаның статикалық және динамикалық күйлерiнде де қамтамасыз етiлуi өте қажет. Сондықтан қорап тетiгiнiң серпiмдi қатаңдылығының жеткiлiктi болғаны абзал. Машина жасау саласында қораптардың алуан түрлерi кездеседi. Дегенмен, олардың әдеттегi конструктивтi пiшiндерiне, өңдеудегi қолданылатын технологиялық тәсiлдердiң ұқсастығына қарай, екi үлкен топқа бөлуге болады, оларға жататындар призма тәрiздес және фланецтi (белдеушелi) қораптар.
15-сурет. Конустық бәсеңдеткiштiң құрылым сызбасы.
Мысалы, бiрiншi топтың өкiлдерi ретiнде редуктордың, станоктардың, тiгiн машинасының қораптарын және тасымалдау машиналары қозғалтқыштарының цилиндрлер блоктарын т.с.с. көрсетуге болады. Мұндай қораптардағы ауқымды жазылыңқы беттер (көлбей, тiк, көлденең орналасқан), олардағы базалық және негiзгi тесiктер призмалық қораптардың өзiндiк пiшiндi ерекшелiктерiн аңғартады.
Белдеушелi (фланецтi) қораптар арнайы машиналар мен механизмдерде кездеседi. Бұлардың конструктивтi өзгешелiктерi – домалақ сырт беттерi мен базалық фланецтi түп беттерi. Фланецтi бетiнде негiзгi тесiк және центрлеушi белдеушелер мен ойықтар орналасады.
15-суретте ауылшаруашылығында кең қолданылатын бәсеңдеткiштiң сызбасы көрсетiлген. Мұндағы қорап 1 бәсеңдеткiштiң базалық тетiгi. Қызметi – нөмiрлерi 2 және 3 бiлiктерiнiң өзара орналасу дәлдiгiн қамтамасыз ету. Бiлiктерде конустық тiстi дөңгелектер орналасқан. Осы дөңгелектер арқылы 3 бiлiктен айналдырушы момент берiледi.
16-суретте қораптардың түрлерi көрсетiлген.
16-сурет. Қорап тетiктерiнiң бiр тобы: а–призма тәрiздес қораптардың бiртұтас және жиналмалы түрлерi; б-жадағай iшкi цилиндрлiк беттерi бар қораптар; в-геометриялық пiшiндерi өте күрделi қораптар; г-бағыттаушы беттерi бар қораптық тетiктер; д-бұрыштама және кронштейн тәрiздi тетiктер.
