Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.41 Mб
Скачать

8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.

Бұл текпiшектi бiлiктердi өңдеудегi ең бiрiншi технологиялық әрекет. Мақсаты – базалық беттер туғызу. Өнiмнiң шығару аумағына қарай, бұл әрекеттердi неше түрлi станоктар қолданып жүргiзедi.

Сериялы өндiрiсте, бiлiк дайындамасын призмалық қондырғыларға мойын және түп беттерiмен орнатып, МР71 және МР78 тәрiздес арнайы фрезерлi-центрлiк жартылай автоматтарда өңдейдi. Мұндай станоктардағы өңдеу жүйесi 12–суретiнде көрсетiлген. Бұл беттердi әмбебап станоктар пайдаланып, бөлек-бөлек жасауға да болады. Мысалы, түп беттердi бойлық, көлбеу фрезерлiк станоктарды, ал центрлiк ұяларды бiржақты немесе екiжақты центрлiк станоктарды пайдаланып өңдеу.

1 2-сурет. Фрезерлi-центрлеу станогында бiлiктердiң түп беттерiн шырпып, центрлiк ұялар салу: а) түп беттердi фрезерлеу (шырпу) позициясы; б) центрлiк ұяларды тесу позициясы; 1 – бiлiк дайындамасын ос бойында тежеуге керектi базалық түп бет.

Жаппай-мол өндiрiсте түп беттер мен центрлiк ұяларды арнайы МР77 және МР78 тәрiздес барабан тектi станоктарды пайдаланып өңдейдi. Кiшiгiрiм өндiрiстерде бұл беттердi кәдiмгi әмбебап токарь станоктарын да өңдей бередi.

Бiлiктердi жону

Өнiмнiң шығару аумағына қарай неше түрлi құрал-саймандарды пайдаланады, олар: кәдiмгi токарь станоктары, бағдарламамен басқарылатын немесе гидрокопирлi суппорттармен жабдықталған токарь станоктары, копирлi токарь станоктары және көпкескiштi станоктар.

Көпкескiштi станоктар өнiмдi келедi. Мұндай операцияларды жобалауда, бiрнеше кескiштердi тиiмдi орналастыру мәселелерiн шешiп алу керек. Осы нышанмен құрылған өңдеу жүйелерi 13–суретте көрсетiлген.

13, а-суретiнде көрсетiлген жүйеде бiлiктiң әрбiр текпiшегi жеке-жеке кескiшпен өңделедi де, бойлық суппорттың жүрiсi текпiшектiң ең ұзын өлшемiмен анықталады (суретте, нөмiрi 1 кескiш, ал 2 және 3 кескiштер уақытша кесуге жегiлмейдi).

Егер технологиялық жүйенi текпiшектi бiлiктiң ең қысқа ұзындығымен Еl3 (13, б-сурет) жобаласақ, онда бiлiктiң басқа ұзынырақ текпiшектерiн бiрнеше кескiштермен өңдеу қажет. Мұнда аспаптар саны текпiшектiң ұзындық қатынастарына байланысты Еl1/l3 және бұл вариант бiрiншiге қарағанда өнiмдiрек, бiрақта өңделiнген беттерде кертiктi ақаулар қалып отырады.

Кертiктi ақаулардың мәнi, аспаптарды орнату дәлдiгiне тiкелей байланысты.

Кескiш аспаптарды, тетiк үлгiлерiн пайдаланып алдын-ала орнатып алады.

Егер текпiшектi бiлiктердi, дөңгелек прокат дайындамаларынан жасаса, онда туатын жасанды әдiптердi бiрнеше кескiштерге бөлу арқылы жүргiзедi. Мұндай жобалау әдiсiн, әдiп бөлу тәсiлi дейдi (13, в-сурет). Z1, Z2, Z3 әдiптерi 1, 2, 3 нөмiрлi кескiштерге бөлiнiп берiлген, бойлық – суппорттың жүрiсi L ұзындығымен анықталады.

Текпiшектi бiлiктердi, көпкескiштi станоктарда өңдеу өте күрделi әзiрлеу жұмыстарын талап етедi, сондықтан да бұл әдiстi iрi-сериялы немесе жаппай-мол өндiрiстерде қолданған жөн.

Машина жасау саласында, жиiрек копирлi жартылай автоматтар қолданылып жүр. Әсiресе олардың 1712, 1722, 1Б732 тәрiздес модельдерi текпiшектi бiлiктер өңдеуге өте тиiмдi. –суретiнде осындай станоктарда өңдеудiң технологиялық жүйесi берiлген. Мұнда бойлық суппорт копир арқылы текпiшектi бiлiктi жонады, ал көлденең суппорт бiлiк ойықтарын жонумен болады. Кейде көлденең суппорт түп беттердi шырпу үшiн де қолданылады.

13-сурет. Бiлiктiң мойын беттерiн жону тәсiлдерi.

Көпкескiштi өңдеумен салыстырғанда, копирлi жонудың көптеген ұтымды жерлерi бар, олар:

  • технологиялық жүйенi әзiрлеу мерзiмi 30-35 мин, ал көпкескiштi жүйелерде бұл уақыт 90-100 мин;

  • өңдеу дәлдiгi – 9 квалитет, көпкескiштi жонуда – 11 квалитет;

  • технологиялық жүйенiң серпiмдi қатаңдылығы жоғарылау;

  • өңделген бет сапалы (кертiксiз);

  • кесу жылдамдықтары басымдау.

Токарьлық копирлi жартылай автоматтарда көбiнесе алдын ала және тазалай өңдеу әрекеттерiн жүргiзедi. Сондықтан бұл станоктарды сериялы өндiрiстерде өте жиi қолданады.

Iрi сериялы және жаппай-мол өндiрiстерде 1К282, 1284 тәрiздес көпшпиндельдi және көпкескiштi жартылай автоматтарды кеңiнен қолданады. Бұл жабдықтардың iске әзiрленуi өте күрделi.

Ұзындықтары 150-200 мм-ге дейiнгi ұсақ, майда бiлiктердi арнайы токарьлық автомат-тарда жонады.

Кiшiгiрiм сериялы өндiрiстерде гидросуппортты және бағдарламамен басқарылатын токарь станоктарын қолдану өте тиiмдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]