Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.41 Mб
Скачать

Дайындамалары

Машина жасау өндiрiсiнде, бiлiк тетiгiне керектi бастапқы дайындаманы негiзгi екi әдiспен алады.

  1. Материалды пластикалық деформациялау. Осы әдiс негiзiнде машина жасау саласында дайындама жасаудың соқпа, қақтама, штамптау, ротациялық-соқпа машиналарында қысымалдап өңдеу, электрлiк-шөктiру, көлденең-бұрандама әдiсiмен прокаттау атты технологиялық тәсiлдердi кең орын алған.

  2. Дайын стандартты прокатты кесу арқылы.

9 -сурет. Бiлiктiң дайындамалары.

9-суретте әртүрлi әдiстермен алынған дайындамалардың түрлерi көрсетiлген.

Мұнда, 9, а-суретiнде төсеулi штамптарда штамптау әдiсiмен, текпiшектi бiлiктiң дайындамасы; б) – суретiнде көлбей-соқпа машинасында алынған белдеулi бiлiктiң дайындамасы; в) – суретiнде iрi сериялы және жаппай-мол өндiрiсiнде қолданылатын көлденең-бұрандама әдiсiмен прокаттау арқылы алынған текпiшектi бiлiктiң дайындамасы.

Дайындама алудың тиiмдiрек әдiстерiн таңдап алу үшiн, арнайы техникалық және экономикалық есептемелер жүргiзу керек.

Дегенмен дайындамаларды бағдарламаларының (шығару аумағы) көбеюiне қарай материал пайдалану коэффициентiнiң (КПМ) мәнi арта түседi.

, (19)

Мұнда, GТЕТ – тетiктiң салмағы, кг; GДАЙ – дайындаманың салмағы, кг.

Iрi сериялы және жаппай-мол өндiрiстерде КПМ мәнi 0,75-тен 0,95-ке жетуi мүмкiн.

Кiшiгiрiм және майда өндiрiстерде, дайындамаларды ыссықақталған прокаттардан әзiрлейдi. Нақтылы тетiк жасау үшiн, оларды керектi өлшемдерге алдын ала қиып немесе кесiп алады.

Егер текпiшектi бiлiктердiң диаметрлерiнiң айырмалары әжептеуiр болса, онда олардың дайындамаларын ротациялық соқпа әдiсiмен алған жөн.

10-суретiнде радиальды-қысымдау (ротациялық соқпа) әдiсiнiң жұмыс iстеу жүйесi көрсетiлген.

Мұнда, 3 шпинделiнiң паздарына орналасқан матрицалы 5 соқпа аспаптарының жылжу мүмкiндiктерi қамтылған. Шпиндель айналған кезде центрден тепкiш күштерiнiң әсерiнен радиальды қысымылдаушы 5 аспаптары керiледi. 4 құрсауының тесiктерiнде бос отырған 1 ролик 2 ролигiн қыса бастайды, сол кезде 5 қысымылдаушы аспаптар центрге қарай ығысып 6 дайындамасын жан-жағынан қыса бастайды. Бұл үрдiстi дайындамалардың ыссы және суық күйлерiнде де жүргiзе беруге болады.

Радиальды суық қысымалдаудан кейiн, текпiшектi дайындамалардың диаметрлерiнiң дәлдiк шектерi ± 0,02-0,2 мм, ал бет кедiр-бұдырлықтары Rα=0,63…0,32 мкм.

Ыссы радиальды қысымалдау кезiнде дәлдiк шегi ± 0,3 мм-ге, ал ұзындығы бойынша

± 1 мм-ге дейiн жетедi.

Материал пайдалану коэффициентi өте жоғары (0,85…0,95). Үрдiс өте өнiмдi операциялардың ұзақтылығы небәрi 40…70 сек.

11-суретiнде өте прогрессивтi көлденең-бұранда әдiсiмен прокаттау тәсiлiмен текпiшектi дайындамалар алу жүйесi көрсетiлген.

10-сурет. Бiлiк дайындамасын радиальды қысымдау әдiсiмен жасау.

11-сурет. Текпiшектi бiлiк дайындамасын көлденең-бұрандама әдiсiмен прокаттау тәсiлiмен жасау.

Өңдеу технологиясы

Өңдеудiң технологиясы, қолданылатын құрал-жабдықтар, бiлiктердiң жiктеу нұсқасына, өлшемдерiне, серпiмдi қатаңдылықтарына және өнiмдi шығару аумағына байланысты.

Бiлiктiң жұмыс сызбасында көрсетiлген өлшемдер дәлдiктерiнiң және қойылған техника-лық шарттарының дұрыстықтарын тексерiп алу үшiн, ең алдымен бiлiктiң тораптағы қызмет орнын әбден дәйектеп алу қажет.

Ол үшiн нақтылы тораптың жұмыс сызбасын талқыға салып алу абзал.

Осындай талқылау кезiнде бiлiктiң әрбiр өлшемiнiң атқаратын қызметiн, оның әрбiр iске шегулi беттерiнiң, тораптың басқа тетiктерi беттерiнiң өлшемдерiмен байланыстылығын анықтайды. Мұның үстiне тетiктiң әрбiр бетiнiң өңдеу бiрiздiлiгiн, әрекетаралық өлшемдерiнiң дәлдiк шектерiн тағайындауға да кең жол ашылады.

Сөйтiп, торапқа қойылатын әрбiр техникалық шартты шешуге нақтылы бiр объективтi өлшем тiзбегi даярланады.

Негiзгi әдебиет: 1 [383-394].

Бақылау сұрақтары:

  1. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi.

  2. Бiлiктердi жасау үшiн қолданылатын материалдар.

  3. Бiлiктерге қойылатын техникалық шарттар.

  4. Бiлiктердiң дайындамалары.

  5. Бiлiктердi өңдеу технологиясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]