- •1 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.
- •Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау
- •Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •2 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Құрастыру үрдiстерiн жобалау.
- •3 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина конструкцияларын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар.
- •4 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.
- •Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдiстемесi
- •5 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тетiк конструкциясының технологиялылығын талдау. Дайындама жасау тәсiлдерiн таңдау.
- •Дайындаманы жасау тәсiлiн таңдау
- •Дайындаманы өңдеу маршрутын құру
- •6 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Механикалық өңдеудегi операцияларды құру.
- •А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.
- •А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.
- •А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.
- •Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
- •Қолданылатын материалдар
- •Техникалық шарттар
- •Дайындамалары
- •Өңдеу технологиясы
- •8 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Түп беттердi шырпу және центрлiк ұя салу. Бiлiктердi жону. Бiлiктердi ажарлау.
- •Бiлiктердi жону
- •Бiлiктегi шпонкалық паздар
- •9 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптардың қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы.
- •Техникалық шарттар
- •Қораптың материалы және дайындамасын жасау тәсiлдерi
- •Өңдеу технологиясы
- •10 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң негiзгi тесiктерiн өңдеу. Қораптық тетiктердiң сырт беттерiн өңдеу
- •11 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Төлкелердiң қызметтерi және түрлерi. Оларды механикалық өңдеу технологиясы. Иiнтiректердiң қызметтері және түрлері. Төлкелер
- •Өңдеу технологиясы
- •Тексеру операциялары
- •Иiнтiректер
- •Техникалық шарттары
- •12 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Тiстi дөңгелектердiң қызметтерi және түрлерi. Тiстi дөңгелектердi механикалық өңдеу технологиясы. Тiстi дөңгелектердi тiсфрезерлеу станоктарында өңдеу.
- •Тiстi дөңгелектердiң тiстерiн ажарлау арқылы өңдеу
- •13 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Өлшемдiк өңдеудiң электрофизикалық және электрохимиялық әдiстерi. Материалдарды өңдеудiң электрофизикалық әдiстерi.
- •14 Дәрiс. Дәрiстiң тақырыбы. Материалдарды электрохимиялық әдiспен өңдеу. Ультра-дыбыспен өңдеу. Сәулемен өңдеу әдiстерi.
- •- Ксеонды лампы, 2 – лағыл тас стержень, 3 – цилиндрдiң шағылыстырылатын бетi, 4 – фокусқа келтiретiн оптикалық линза, 5 - өңделетiн тетiк, 6 – электрмен қоректендiрушi көз, 7 – конденсатор.
- •15 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина жасау технологиясының даму бағыттары.
- •Машина жасау бұйымдарын шығарудағы технологиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру және олардың оңтайлы энергия және материалдар үнемдейтiн жаңа түрлерiн ойлап шығару, құру.
- •Дайындамалар өңдеудiң ғылыми тұрғыда негiзделген жаңа кешендi технологиялық тәсiлдерiн құру, өмiрде қолданылатындарын оңтайландыру және жетiлдiру.
- •Машина тетiктерiнiң бет қатпарларын технологиялық модификациялау.
- •Тетiк беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, олардың атқаратын қызметтерiне қарай технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету.
- •Өңдеудiң жоғары жылдамдықта өтетiн технологиялық тәсiлдер.
7 Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы. Бiлiктердiң қызметтерi және түрлерi
Бiлiктер машиналар мен механизмдердiң құрамында, көбiнесе айналмалы қимылдар мен моменттердi, олардың бiр торабынан екiншi торабына беру (өткiзу) үшiн қолданылады. Қызметiне қарай бiлiк жұмыс үстiнде өте күрделi бұралу, майысу, созылу және сығылу деформацияларының әсерiнде болады. Сондықтан бiлiкке орнатылған тетiктердiң жұмыстары дұрыс болуы үшiн, бiлiк материалының сапасы мен серпiмдi қатаңдылығы өте жоғары болуы керек.
Бiлiктiң серпiмдi қатаңдылығы оның геометриялық өлшемдерiне байланысты. Тәжiрибеде, егер бiлiктiң ұзындығының оның орта диаметрiне қатынасы 12-ден кем болса, оны серпiмдi қатаң бiлiк деп есептейдi де, ал одан жоғары болса, майысқақ, осал бiлiктерге жатқызады.
Бiлiктердiң қызметтерiне, конструктивтi пiшiндерiне, өлшемдерiне және материалдарына қарай алуан түрлерi кездеседi.
Бiрақ та, оларды жасау әдiстерiнде көптеген жалпылама технологиялық қағидалар болады, сондықтан нақтылы бiлiктiң технологиясын құруда, бiлiктердiң неше түрлi конструкцияларын жiктеу тұрғысында жасалған типтi үрдiстердi пайдаланған өте абзал.
Машина жасаудың салалары өте мол. Әр саласындағы технологияның өзiндiк ерекшелiк-терi болады.
Жалпы машина жасау саласында бiлiктердiң жадағай, текпiшектi, текпiшектi-белдеушелi, қуыс және бiртұтас шлицтi, тiстi бiлiктер және арнайы түрлерi кездеседi. Бiлiктердiң геометриялық остерiне қарай иiндi, тiзелi, кривошиптi, құлақшалы және эксцентриктi түрлерi болады.
Машина жасау саласына, бiлiктердiң бұл түрлерi онша тән болмағандықтан, бұл оқулықта көбiнесе станок және машина жасау саласында жиiрек кездесетiн жадағай және текпiшектi бiлiктердiң бiраз түрлерiнiң өңдеу технологиялары қамтылған.
Арнайы технологиялық әдебиеттердiң ақпараттары бойынша жалпы машина жасау саласындағы қолданылатын бiлiктердiң 85%-ының ұзындықтары 150-1000 мм арасында.
Бiлiктердегi шлицтi элементтердiң өтпелi ашық және тұйық жабық пiшiндерi кездеседi. Әсiресе тетiктердегi шлицтердiң 65% тұйық жабық пiшiндерi. Шлиц қимасының пiшiнi тiкқабырғалы немесе эвольвенттi болып келедi. Машина құрылысындағы шлицтердiң 85-90%-ының қималарының пiшiндерi тiкқабырғалы.
Қолданылатын материалдар
Көбiнесе бiлiктердiң материалы ретiнде конструкторлық сапалы көмiртектi болаттар 35, 40, 45 және легiрленген болаттар 40Х, 50Х, 40Г2 және т.б. қолданылады.
Бiлiктер берiк, үйкелiске төзiмдi болулары тиiс. Сондықтан оларды арнайы термиялық өңдеулер арқылы, қаттылықтарын НВ 230-260 мөлшерiне дейiн, ал iске шегулi мойын беттерiнiң қаттылығын HRC 45-50 мөлшерiне дейiн жеткiзедi.
Материалы аз легiрленген болаттан жасалған бiлiктiң үйкелiс төзiмдiлiгiн көтеру үшiн, оны алдымен химиялық-термиялық (цементациялау) өңдеп, одан кейiн термиялық өңдеу арқылы бет қаттылығын HRC 50-60 мәнiне дейiн жеткiзедi.
Техникалық шарттар
Бiлiктердiң қиылыстырылатын беттерiнiң (мойындарының) өңдеу дәлдiгi 6 немесе 8-шi квалитеттер мөлшерiнде, ал өңделiнген беттерiнiң кедiр-бұдырлықтары Rα=1,25-0,63 мкм, және Rα=2,5-1,25 мкм аралықтарында болады.
Мойын беттерi қималарының пiшiндiк ауытқулары, өздерiнiң диаметрлiк өлшемдерiнiң ауытқу шектерiне байланысты, төмендегiдей формуламен есептеледi.
ТФ ≤ (0,2 – 0,4)ТD, (18)
Мұнда, ТФ – мойын бет қимасы пiшiнiң ауытқу шегi, ТD – мойын бетiнiң диаметрлiк өлшемiнiң ауытқу шегi.
Мойын беттерiнiң соғу (ұру) ауытқулары 10-20 мкм, түп беттерiнiң ең ұзын радиусiндегi остiк ұру ауытқуы 10 мкм-ден аспауы керек.
Шпонкалық паздар мен шлицтiк элементтердiң қабырғаларының оске параллельдiктерi, остiң 1 мм ұзындығында 0,1 мкм-ден аспауы қажет. Бiлiк әрбiр текпiшектерiнiң ұзындық-тарының ауытқу шектерi 50-200 мкм.
Бiлiктiң осiнiң шектi майысу ауытқуы 0,03-0,05 мм/м.
