Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.41 Mб
Скачать

А) бiркескiштi, бiр орынды өңдеу; б) ауыстырмалы аспаптармен бiр орынды өңдеу.

Бiрорынды, бiр кескiштi бiрiздi схемада операцияның қосалқы уақытының мәнi төменгi формуламен есептеледi (5, а-суреттi қара)

tҚ=top+tб , (12)

Бiрнеше ауыстырмалы кескiш аспаптармен өңдеуде: (5, б-суреттi қара)

tқ=top+tб+tасп , (13)

Жоғарғы формулада tасп уақытының орнына tинд кiруi мүмкiн: бұл токарьлық өңдеудегi төрт кескiштi жабдықты бiрiздi бұрап бұруда кездеседi.

Бiрорынды параллельдi өңдеуде негiзгi уақыт (6-суреттi қара) лимиттi әрекеттiң жүру уақытымен есептеледi

tH=t , (14)

6-сурет. Технологиялық әрекеттердi параллельды жүргiзумен өңдеудiң схемалары:

А) бiрнеше аспаппен бiр орынды өңдеу; б) аспаптармен бiр орынды өңдеу.

Параллель-бiрiздi схемалар дайындамалардың бiрнеше беттерiн бiр мезгiлде бiрнеше позицияларда өңдеуде кездеседi (7, а-суреттi қара); бұл жағдайда дайындамалар немесе кескiш аспаптар өз позицияларын аспапты блокты бұрап бұрумен ауыстырылады.

Технологиялық дербес негiзгi уақыт бiрнеше лимиттi әрекеттер уақыттарының қосындысынан тұрады

, (15)

Операцияның қосалқы уақыты

tқ=top+tб+tинд , (16)

Кейде tинд орнына tасп болуы мүмкiн; бұл көп шпиндельдi тескiш жабдықты бiрiздi жылжытуда кездеседi (7, б-суреттi қара).

7-сурет. Технологиялық әрекеттердi параллельды жүргiзумен өңдеудiң схемалары:

А) токарьлы-револьверлi станокта алты позициялық аспаптар жабдығымен; б) тескiш станокта көпшпиндельдi аспаптар жабдығын бiрiздiлiкпен 1-2-3 позицияларына жылжытумен.

Операцияның бiрорынды схемаларына қарағанда, көпорынды схемалары дербес технологиялық уақытты tнд қосалқы уақытпен (tқ) бiр мезгiлде жүргiзу мүмкiндiгi өте тиiмдi пайдаланылады; мұндай схемаларда tнд уақытын top уақытымен алмастыруға болады; кейде қосалқы уақыт (tқ) мүлде болмауы мүмкiн.

Көп орынды схемалар төмендегiдей негiзгi үш вариантпен жүргiзiледi:

  1. станоктың үстелiне бiр топ дайындамаларды алдын ала орнатып, содан кейiн бәрiн бiр мезгiлде өңдей бастайды; мысалы, ұсақ дайындамаларды ажарлау станогының магниттi үстелiнде өңдеу;

  2. дайындамаларды немесе дайындамалар тобын өздерiнiң қондырғыларына бiрiне-бiрiн байланыссыз отырғызып, оларды кезегiмен өңдейдi. Мысалы, дайындамаларды бұрылмалы қондырғыларға орнатып, маятниктi берiспен фрезерлеу;

  3. өңдеудi үздiксiз айналып тұрған барабанда немесе үстелде жүргiзедi.

Көпорынды схемалардағы бiр тетiкке кететiн өңдеу уақытын табу үшiн жалпы өңдеуге кеткен уақытты дайындамаларды бiр мезгiлде өңделетiн операциялық партиясының санына бөлу керек; мұнда бiр тетiкке кететiн өңдеу уақыты бiрорынды схемаға қарағанда әлдеқайда кем болады. Көпорынды схемаларда tН уақыты кескiш аспаптың кесу және шығу уақыттарын үнемдеу арқылы азайтылады; қосалқы (tҚ) дайындамалардың операциялық Z партиясын орнатуда ептеп көбейедi, бiрақ ол бiр дайындамаға шаққанда өте аз болады.

8 -сурет. Көп орынды бiрiздi өңдеудiң схемасы:

А) бiлезiк тектi тетiктi жону; б) бiлезiк тектi тетiктердiң тесiгiн қашап кеңейту.

Дайындамаларды бiр (8, а-суреттi қара) немесе бiрнеше аспаппен (8, б-суретiн қара) көп орынды бiрiздi схемамен өңдеуде негiзгi технологиялық уақыт төменгi формуламен көрсетiледi.

, (17)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]