- •1Сұрақ.Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары
- •3 Сұрақ. Сөз тіркесі (жалпы сипаттама). Оған тән белгілер.
- •12 Сұрақ. Баяндауыш
- •18 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері
- •26 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;
- •37Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •3.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •5.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •7.Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •8.Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •39 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
37Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
Сабақтас құрмалас сөйлем- ондағы синтаксистік компоненттің бағыныңқы және басыңқы сөйлем ретінде жұмсалып, алғашқы тиянақсыз тұлғадағы баяндауышы арқылы басыңқыға тәуелді бағына жұмсалған құрмаластың түрі. Жұрттың бәрі колхозға енген соң, көзге түрткі болмайық деп жортып кеттік (Ғ.М).
Сабақтас құрмаластың салалас құрмалас сөйлмнен басты айырмашылығы: оны құрайтын сөйлемдердің өзара қарым қатынасында. Егер салаласқа енген сөйлемдер шартты түрде тең дәрежеде болса, ал сабақтасқа енген сөйлемдердің бірінші сөйлемі екінші сөйлемге бағынышты келед,. Бұл сабақтастың негізгі белгісі. Сондықтан құрмаластың бұл түрінің аты да соны көрсетсе керек. Осының негізінде сабақтас құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары бағыныңқы, екінші сыңары басыңқы деп аталады. Бұл сөйлемде бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз формада айтылады. Оның өзі көбіне етістік баяндауыштар арқылы, яғни есңмше, көсемше, кейде оларға түрлі шылаулардың қатысы арқылы жүзеге асады. Осы тиянақсыздың нәтижесінде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге бағынышты, сол басыңқы сөйлемге қатысты мезгілді, мекенді, мақсатты, т.б білдіреді, басыңқы сөйлем арқылы олардың негізгі топтары айқындалады. Соның негізінде:
Шартты бағыныңқылы сабақтас. Жасалу жолы: - Бағыныңқының баяндауышы шартты райдан. - А, е, й болымсыз тұлғадағы көсемшеден. Бірлік болмай, тірлік болмас. - Бағ ң баяндауышы жатыс жалғаулы есімшеден. Болымсыз мағынада. Биыл қыс қатты болмағанда, мал шығынға ұшырамас еді. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. Жасалу жолы: Себеп бағыныңқылы сабақтас Мезгіл бағыныңқылы сабақтас Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас Мақсат бағыныңқылы сабақтас Мезгілдес ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас 38 сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.Әр түрі бір сұрақ
Құрмалас сөйлем жасаудың екінші негізгі тәсілі – жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра байланыстыру. Сабақтас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысатын құрмалас сөйлемді айтамыз. Бағынушы компонент мейлінше тиянақсыз болады, сондықтан ол жеке айтылмайды, айтыла қалған күнде де өз бетінше тұрып сөйлем бола алмайды. Ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлеміз де, өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Мыс., Әншейінде қазақ жиыны отырып сөйлесетін болса, қазір ұлықтын алдында олар аяғын тік басады. Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің бір компоненті бағынушы, тәуелді болып тұрады да, екіншісі тәуелсіз, өз бетінше сөйлем болып тұрады. Бағынышты тиянақсыз компонент бағыныңқы сөйлем деп аталады да, өз бетінше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Басыңқы сөйлем бағыңқы сөйлемді жетектеп, оны өзіне бағындырып, құрмалас сөйлемді тиянақтап тұрады. Сондықтан бағыныңқы сөйлем бұрын, басыңқы сөйлем одан кейін келіп отырады. Сабақтас құрмалас сөйлемдердегі негізгі ой, көпшілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де, бағыңқы компонент сол басыңқыдағы ойды түрді жағынан айқындап, дәлдеп түсіндіру үшін қоладанылатын қосымша бір мүше ретінде тұрады.
Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін айқындауда мынадай белгілер басшылыққа алынада:
Компоненттің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдік мағынаға ие болып тұрады.
Компонент баяндаушы етістіктің көсемше түрі мен шартты рай және есімшенің жатыс, көмектес жалғаулы түрлері мен септеулік шылаулы, кейбір жұрнақты түрлерінен жән етістіктің басқа да кейбір түрлерінен болады. Бұл баяндауыштардың тек шартты райдан болғандарынан басқалары өз бастауыштарымен жақтаспайды.
Бағыныңқы компонент дербес бастауышты болып келеді.
Компоненттің өзіндік интонациясы болады. Бірақ ол тиянақты аяқталған интонция болмайды, тиянақталмаған құрмаластырушы интонация болады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері:
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқы жай сөйлем басыңқы жай сөйлемдегі іс-әрекет, жай-күйдің болу я болмауының шартын білдірсе, ондай сабақтас құрмалас сөйлем шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады. Мыс., Тәкежан Абаймен араз, қырбай болса, түбінде Оразбайды табатыны бұрын да шешілген.
Шартты бағыныңқы басқа бағыныңқы сөйлемдерден бірнеше өзгешелігі бар.
Бірінші өзгешелік шартты бағыныңқының баяндауыш формасында, оның өз бастауышымен байланысында. Шартты бағыныңқының шартты райдан болған баяндауышы жіктік жалғаулар арқылы әр жаққа жіктеле айтылады да, өз бастауышымен жақтық жағынан қиысып тұрады. Мыс., сіз бұрын оқып болсаңыз, оны еске түсіру оңай.
Шартты рай арқылы жасалатын шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің сабақтастың басқа түрлерінен екінші өзгешелігі- компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынасында. Сабақтас құрмаластың басқа түрлерінде бағыныңқы компонеттер жай сөйлемнің пысықтауыш мүшесі функциясында қолданылып, басыңқы сөйлемдегі баяндауыштың жетегінде, соған меңгеріліп тұрса шартты рай арқылы жасалатын шартты бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ешбір сөзге де тәуелді болмайды. Мыс: Соған бекінген тәуекелің рас болса, барды сарапқа салар күнім туды.
