- •1Сұрақ.Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары
- •3 Сұрақ. Сөз тіркесі (жалпы сипаттама). Оған тән белгілер.
- •12 Сұрақ. Баяндауыш
- •18 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері
- •26 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;
- •37Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •3.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •5.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •7.Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •8.Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •39 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
18 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері
Айқындауыш — анықтауыштың ерекше түрі. Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай 3 түрлі болады: 1) Оңашаланған; 2) Қосалқы; 3) Қосарлы;
Оңашаланған айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтеріңкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нактылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Бір үйден, бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (М. Әуезов). Жазуда екі жағынан үтірмен бөлінеді.
Қосалқы айқындауыш — зат есімдердің (көбінесе кісі аттарының) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр.
Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады: Мысалы: Ер Қосай, Алпамыс батыр, Біржан сал, Баян сұлу, әнші Күләш, биші Шара, Құрманғазы күйші, Ақлима ана, т. Б. Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен, қос сөздер сияқты, дефис арқылы бөлінеді: жер-ана, әйел-ана, телефон-автомат, инженер-механик, пәтер-мұражай, ақын-сазгер, т. б.
Айқындауыш сөйлемде екі жағынан да үтірмен, кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады. Мысалы: Абай бұл сырдың шет жағасын досына, Ерболға ғана, сездірді. Құнанбайдың қасындағылар – Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер – осы сөзге тоқтасты.
19 сұрақ. Сұраулы сөйлемдер, жасалу жолы, мағыналық түрлері Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер оларға ерекше форма беретін мына амалдар арқылы жасалады: сұраулык есімдіктер, сұраулық шылаулар (ма, ме, ше), интонация. Бұлардын бірі лексикалық амал болса, екіншілері (шылау, инто-нация) — синтаксис саласына жататын амалдар.Сұраулы сөйлемдер лексикалық амалдарды, синтаксистік амалдарды қатыстырумен қатар, әр уақытта ерекше сұраулық интонациямен айтылады. Сұраулы сөйлемдердің өзіне тән грамматикалық амалдарды талғауы мағынасына, диалогтық ситуация үстінде жұмсалу ерекшеліктеріне, яғни қызмет ерекшелігіне байланысты. СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЖАҒЫНАН БӨЛІНУІ Сұраулы сөйлемдер диалогтік, сөйлеудін әр кезеңіне сай түрліше құрылып жұмсалады. Сұраулы сөйлемдерді бұл жөнінен ескергенде үш топка бөлуге болады: 1. Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер диалогқа желі болып отырған тақырып жөнінде әңгімелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады. — Ей, сен бала, директордың шопыры емессің бе?(А. Нұрманов). Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер сұраулы сөздердің (не істеді, кім, қашан т. б.), шылаулардың(ма, ме, па, пе) қатысуымен жасалады. Сұраулы сөйлемдердің бұл түрі бір заттың, кұбылыстың белгісін білу үшін койылған бастапқы, әр негізгі сұрақты білдіреді. Оның кызмет ерекшелігі жетек сұрақтармен салыстырғанда анық байқалады. 2. Жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл топқа негізгі сұракқа жауап алу үстінде косымша қойылған сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдерді жаткызамыз. — Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағай- ындасақ екен? — Бұған Ілияс дайын тұр. Білімі де, тәжірибесі де сай. — Сен өзің ше? Бұл мысалдағы негізгі сұрақты білдіретін сөйлем— «Бұл кұрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен». Сөйлеуші осы сұраққа жауап ала отырып, тындаушыға іліктес тағы бір сұрак қойып отыр: Сен өзің ше? Бұл — жетек сұрақ. Жетек сұрақ әр уақытта негізгі сұраққа арқа сүйеп жұмсалады. Бүл оның құрамына әсер етеді. Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады. Көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана түрады. — Естіп пе ең, келді ғой? — Кім? — Әбіл. — Кайда? — Осында! (Б. М.)- Жетек сұрак тек сұраулы сөзден құралғанмен, оған қатысты баска сөздер негізгі сұрактан көрініп түрады. Ашык сұрақ мағынасындағы сөйлемдер жетек кызметінде келгенде, ол тек сұрак мағыналы сөзден құралады. Жетек сұрак алыернативті мағынада келгенде ше шылауынын катысуымен кұралады. Альтернативті білдіретін мүше ше шылауын қосып сөйлем құрайды. — Әлде Донбастың күші жетпеді ме? — Донбастың күші жететін еді, соғыс басталып кет- ті де, біз үлгіре алмадық. Ал соғыстан бұрын ше? (Ә. Ә.). Жетек сұрақты білдіретін сөйлем — сөйлеу процесін ықшамды жинақты ету мақсатынан пайда болған форма. — Канал Қаройға жетті ме? — Жоқ. — Жалтырға ше? Соңғы сұрақты «Ал Жалтырға жетті ме?» деп те айтуға болар еді. Бірақ тілімізде көбіне қосымша сұрақты ықшам білдіру үшін арнай жасалған форма басым жұмсалады. 3. Анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл сұраулы сөйлемдер екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді. Аынқтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап құралады. — Бұл кісілер қай елдікі? — Сабынкөлдікі. — Сабынкөлдікі? — Иә, Сабынкөлдікі (Б. М.). Бұл диалогтардағы анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлем тек интонация арқылы форма алып тұр. Оған шылаулар, сұрау мағыналы сөздер қатыспаған. Бұл амал-анықтаушы сұрақка тән амал және бұл хабарлы сөйлемге қатысты қойылатын анықтаушы сұрақтың формасы.Негізгі сұраққа қатысты қойылған анықтаушы сұрақ басқа формада құралады. — Күздік бас алды ма? — Күздік пе, күздік биыл кеш көтерілді. Анықтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап құралады.
СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ Сұраулы сөйлемдер сұрақтың ішкі логикалық мазмұнына қарай да бөлініп жатады. Сұрақтың бұл бөлінуі арнайы тілдік формасынан да көрінеді. Сондықтан тіл ғылымы сұраулы сөйлемдердің бойындағы бұл құбылысты елеусіз қалдыра алмайды. Сұрақты, логиктер мазмұнына қарай негізінен екі топқа бөліп жүр: жалпы сұрақ (общий вопрос), альтернативтік сұрақ (альтернативный вопрос). Сұраулы сөй-лемдердің мағынасы осы логикалық мағыналарға негізделгенмен, коммуникация үстінде түрлі өң алатыны бар. Соларды ескеріп біз сұраулы сөйлемдерді мағынасына қарай төрт топқа бөлдік: ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер.
АШЫҚ (ЖАЛПЫ) СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР Сұраулы сөйлемдердік бұл түріне тән мағыналық ерекшелік — мұнда сұраққа негіз болып отырған, іздеулі болып отырған мүше белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қатысады. Сондықтан іздеулі мүшенің орнына кім, не, қайда, қайдан, қандай, неше, не істеді деген сияқты сұрақ мағыналы сөздер жұмсалады: Ау, Несібелі қайда? (Б. М.). Ал не істейміз? (С. Мұрат.).
Ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер іштей өзара былай бөлінеді: 1. Субъектінің іздеулі екенін білдіретін сөйлемдер. Бұл сұраулы сөйлемдер кім, не деген есімдіктердің бас- тауыш позициясында қатысуы арқылы кұралады: Не құ- латқан мұны? Кім келді? 2. Предикативтік іс-әрекеттің, сапаның, сынның із- деулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлем- дер не істеді, қайтті, кім, не, қандай, неше қайда деген есімдіктердің баяндауыштық позицияда жұмсалуы ар- қылы қатысады. Келгелі не істедіңіз? Сонда айтпағың не? 3. Іс-қимыл объектісінің іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер кімді, нені, кімге, неге, кіммен, немен т. б. сұраулы есімдіктердің қатысуы- мен құралады. Кімге жолықтың? 4. Іс-қимылдың сапасының, себебінің, мекенінің, мез- гілінің іздеулі екенін білдіретін сұраулы сейлемдер. Бұл сөйлемдер қалай, не үшін, неліктен, қашандеген сияқты сөздердің пысықтауыш мүше позициясында қатысуы арқылы құралады. Олар не үшін қалды? Ол қашан қайтыпты? 5. Зат сапасының, сынының, санының іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдергеқандай, неше, қай деген сөздер анықтауыш мүше позициясында қатысады. Қанша кісі жұмысқа шықты? Қандай вагонға алдыңдар?[62-63-б] АЛЬТЕРНАТИВТІК СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР
Ашық сұрақта іздеулі мүше түгел белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қойылса, альтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып альтернатив сапа, іс аталады. Ол сапа, іс атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада айтылып тұрғанын шылау ~ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пебілдіреді.
Альтернативтік сұрақты білдіретін сөйлемдер баяндауыш мүшенің аталған шылауларды үстеуі арқылы жасалады. Осы сөзге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? Мынау егіс күздік пе, жаздық па? Келтірілген сөйлемдерде ізделетін іс-қимыл, предикативтік заттық сапа жалпы, белгісіз күйде аталмай, белгілі альтернативтердің төңірегінен (тоқтайсың ба — тоқтамайсың ба, күздік пе —жаздық па) ізделеді. Альтернативтер сөйлемде дара-дара аталып толық көрінумен бірге (тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба) үнемді түрде құралады. Үнемді кұраудың бір жолы — альтернатив етістіктің, болымды түрі арқылы аталып, болымсыз етістіктің орнына жоқ па сөзі қатысады: Тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба — Тоқтайсың ба, жоқ па. Жоқ па — эллипсис мүше, ол сөзді айтуға ықшамды етеді. Сөзде іздеулі екі альтернатив мүше бірдей атала бермейді, көбіне бір альтернатив мүше ғана аталады және мұндайда көбіне болымды етістік жұмсалады. Сен келдің бе? Ағаш өнді ме? Альтернатив мүше ретінде сұраулы сөйлемге болымды формалы сөздің қатысуы заңды. Бұл ойдың құрылысына сай келеді: кісі сұрақ арқылы ең алдымен пози-тивті істі іздейді. Осы себептен альтернативті сұрақты білдіретін сөйлемдерде іздеулі баяндауыш ретінде болымсыз етістік өз мағынасында жұмсалмайды. Ал сұ-раулы сөйлемге енген күннің өзінде ол мағына жағынан болымды етістікке тең келіп қызмет атқарады. Іштерінде Қараойдан келген кісі жоқ па? Сіз жолда арбалы баланы көрмедіңіз бе? Альтернативті сұрақты білдіретін сөйлем құрамында болымсыз етістіктің бұл жұмсалуы сөзді түрлендіру мақсатынан туған. Альтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер баяндауыштық мүшенің формасы арқылы ғана құралады. Бірақ сөзде ізделетін мүше тек предикативтік іс, сапа болып қана қоймайды. Ізделетін мүше субъект те, объект те, анықтауыш та болуы мүмкін. Бұл мүшелердің іздеулі болуы оларды баяндауышқа тақау қойылуы аркылы білдіріледі. Мұғалім мені шақырды ма? Мені мұғалім шақырды ма? Сөз жоқ, баяндауыштан басқа мүшелер сұраулық форманы жеке ала алмайтын болған соң, олардың орын ауыстыруы, баяндауышқа тақау келуі оның іздеулі мүше екенін анық таныта алмайды, бұл коммуникативтік мақсат солғын көрінеді. Осы дүдәмалдықты жойып, баяндауыштан басқа да мүшелердің альтернативті сұрақ арқылы ізделуін анық білдіру үшін тіл арнаулы амал жұмсайды. Ол амалды мына мысалдардан көруге болады. Сәулеш, сен кімге ызалысың, маған ба? (Ә. Ә.). Қырманға неше қатынадың, бес пе? Іздеулі мүше алдымен жалпы сұрақ арқылы білдіріледі де, сөйлемнің соңынан оның альтернативтерін білдіретін сөздер терулі компонент ретінде жалғастырылады. Сөйлемнің соңынан жалғастырылуы арқылы бұл іздеулі сөздер ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларын қабылдап, сұраулық формаға ие болады. Ашық сұрақты білдіретін сөз бен оның альтернативін атайтын сөздердің өзара қатыстығы олардың формаларының ыңғайластығы арқылы көрінеді.[63-64-б]
РИТОРИКАЛЫҚ СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР
Сұраулы сөйлем формасы хабар ретінде айтылған пікірді білдіру үшін жұмсалатыны бар. Мысалы,Сөйлетіп отырсыз ба? Ол мұндайдан қалған ба? Хабар ретіндегі пікірдің сұраулы сөйлем формасы арқылы білдірілуі сөзге полемикалық ең береді. Полемикалыққа баяндауыш сөздің болымды, болымсыз формаларының өз бастапқы мағынасына қарсы жұмсалуы да сеп болады.
Демесін бүрын Бәкеңді теңеп пе еді (Б. М.). Осы да жөн бе!
Риторикалық сұрақты білдіру үшін жұмсалу үстінде бұл сұраулы сөйлемдер ерекше баяндауыштық форма да құраған жайы бар. Ол баяндауыштық формаларды ілгергі мысалдардан керуге болады. Бұл мысалдардан байқайтын нәрсе: риторикалық сұрақты білдіретін сөйлемдерде баяндауыш сөздер көрі мағынада жұмсалып, ерекше интонация арқылы құралады. Дауыс ырғағының қатысуы жағынан жай сұраулы сөйлемдерге ұқсас болғанмен, риторикалық сұрақ ерекше жігермен, екпінмен айтылады. Интонациядағы бұл ерекшелікті беретін дыбыс күшінің, амплитуданың көлемді болуы. Сөйлемде екпін түсетін сөз ерекше қарқынмен айтылады. Интонацияның бұл көрінісі лепті сөй-лемдермен тең түседі. Риторикалық сұрақты білдіретін сейлемдер баян-дауыштардың кері мағынада жұмсалуы арқылы құрылады дедік. Бұл сөйлемдердің құрамында өзіне лайықталып құралған баяндауыштық формалар кездеседі: келді емес пе, келген жоқ емес пе. Өтті емес пе, оқыған жоқ емессің бв — риторикалық тудыратын баяндауыштық формалар. Жедел өткен шақ етістіктің болымсыз түрі -ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады: өтпеді. Риторикалық сұрақты білдіру үшін етістік осы формада да жұмсала алады: Содан бері бірталай жылдар өтпеді ме? Өтті емес пе — ощыған жоқ емес пе деген формалардың құрамындағы емес пе — риторикалық тудыратын элемент. Өтті емес пе тәрізді форма баяндауыштық сөздің білдіретін мағынасы мен формасы арасындағы қайшылықты әлсірету талабының нәтижесінде пайда болған. Баяндауыш сөз білдірілетін мағынаға сай болымды формада алынады да, риторикалық тудырушы болымсыздық форманы аналитикалық тәсіл арқылы қабылдайды: өтпеді ме — өтті емес пе. Оқыған жоқ емес пе деген тәрізді форманың құрамына емес риторикалық амал ретінде аналогия бойынша катысып тұр. Оны баяндауыштың мағыггасына нұқсан келтірмей-ақ алып тастауға болады:Оқыған жоқ емес пе — оқыған жоқ па! Біз ілгеріде альтернативтік сұрақты сөйлемдердің риторикалық мағына беруін айттық. Бұл қызметті ашық сұрақты сейлемдер де атқара алады. Бұлардың ішінде де риторикалық сұраққа түгелдей бейімделгендері бар. Солардың бірі — «есім-емей немене», «етістік-емей немене», болып жасалған баяндауыш қатысқан сөйлемдер. Ата, мүлкің, адалың емей немене бұл (М. Ә.).
Бастауыш ретінде -ған, -ген формалы есімше, баяндауыш ретінде қайда сөзі қатысып құралған сөйлем де риторикалық сұрақты білдіру үшін жиі жұмсалады.
Еркежан-ау, әлгіде жездемнің құлағынан жұлам дегенің қайда! (Б. М.).[65-66-б]
ТҮРТКІ СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СӨЙЛЕМДЕР
Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады. Үй құрығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? (Б. М.). Мұндай сөйлемдер түрткі сүрақты білдіретін сөйлемдер деп аталады. Іске жұмсаудың бұйрықты форма арқылы айтылмай, сұраулы сөйлем формасында ай-тылуы коммуникативтік мақсатқа байланысты. Ол мақсат — тілекті, іске жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру.
Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемнің баяндауышы келер шақ етістік пен ма, ме шылауларының бірігуінен жасалады: аласың ба, келесің бе.
Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемге баяндауыш болып етістік сөз болымды, болымсыз түрінде қатысып, бірақ синтаксистік мағына білдіреді: Қалаға барып келесің бе?— Қалаға барып келмейсің бе?
Бұл жағдай альтернативтік сұрақ ішіндегі етістіктің бұл екі формасының синтакснстік мағына жағынан теңелу дәстүрінің керінісі: Сол кісі жолықпады ма?— Сол кісіге жолықпайсың ба?
20 сұрақ. Лепті сөйлем. Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.
Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т. б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы:Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлемдеп аталады. -Л е п т і сөйлемдер кісінің таңырқау, таңдану, қайғыру, аяу, арман ету сияқты көңіл күйін, сезімін білдіру үшін көбінесе көркем әдебиетте жұмсалады. Лепті сөйлемдер құрамында әдетте одағайлар болады және олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемдер-дің негізгі мағыналық топтары мыналар:
1. Т а ң ы р қ а у: – Қандай тамаша! Қандай ақылды адам! Тіпті, ғажап қарқын! (Ғ. Мұстафин). Айналаңа қарашы! Дүние қандай сәнді! (Ғ. Сланов) . Жеріміз біздің неткен бай!.. (X. Ерғалиев).
2. Т а ң д а н у: — Пай-пай, мына аттың жүрісін-ай! — Ой, қандай сүйкімді үн! — Мынау не деген тамаша көріністер! (С. Шаймерденов) . — Апырай, желісінің қаттысын-ай! (Ғ. Мүсірепов).
3. Қ а й ғ ы р у, қ о р қ у: — Апыр-ай, аман болғай-ак, та! (Ғ. Мүсірепов). — Құлады-ау! Құлайды-ау? (Ғ. Мұстафин).
4. А я у, ж а н ы а ш у: –Ой, байғұс бала-ай’ Қарғадай баламды тағы шырылдатты-ау, қан ішер Майбасар! (М. Әуезов).— Апырай, аман болғай-ақ та (Ғ. Мүсіреігов).— Әй, мынаны-ай! Кетеді-ау! (Т. Нұртазин).
5. Арман ету, көксеу: Әттең, осылардың бэрі де біздің ауылда өсетін болса! (С. Шаймерденов). Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң! — Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді!
6. Ө к і н у: — Қап, астықты кеше жинап алмаған екенбіз де! Әттеген-ай, кеше есте болмапты-ау!— Қап, мен де барсамшы!— Жиналысты кеше шақыру керек еді ғой’ Қолыңыздан келмейтін болса, айтуыңыз керек еді ғой! (М. Иманжанов).
7. Қорқу, сескену: — Ойбай-ай, ана бала құлайды-ау! (Т. Нұртазин).
Осы мысалдардан лепті сөйлемдердің мазмұны кісінің әр алуан сезімін, көңіл күйін білдіретінін аңғаруға болады. Стилистика ғы-лымы тұрғысынан сөйлемдердің мұндай эмоциялық мағыналарын түсініп жұмсай білудің үлкен мәні бар. Мүндайда сөйлемді лепті етуге себепкер болатын одағай сөздердің мағыналарын айырып, басқа сөздермен мағыналық байланыста жұмсай білу керек. Оның үстіне лепті сөйлемде айтылатын ойдың қандай эмоциялы сезімде берілгенін білген жөн.
21 сұрақ. ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады. Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:
Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;
Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Жалаң сөйлемдер бірте-бірте қайырылса, жайылма сөйлемдерде дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түседі. Мысалы, Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар.сөйлесінің мазмұны әр түрлі болғандықтан, олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, мүшелердің, әсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.) Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі:
Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды;
Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мысалы, Мидай дала. Жарқыраған ай.
Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.
Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Хабадлы сөйлем — адамның ойын, көрген-білгенін басқаға ай-тудың формсы. Хабарлы сөйлем арқылы шындық өмірдегі әр түрлі кұбылыстардың жайын бар (болған) не болмаған қалпында баяндаймыз. Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әр алуан болатынын ескеріп, алдымен олардьщ б о л ы м д ы және б о л ы м с ы з түрлерін стилистика талғамдары тұрғысынан екі бөліп қараймыз.
Б о л ы м д ы сөйлем арқылы өмір құбылыстары шындық бай-ланыс күйінде, бар қалпында, оған сөйлеушінің субъективті көзқа-расы қоса баяндалады. Мысалы: Күн қызыл арай шатырынап жаңа ғана шыққан (Ғ. Мұстафин). Ораз терезеден басын сұғып тұр екен (3. Шашкин). Бұл сөйлемдердегі хабарға айтушының көзі жетіп баяндағаны аңғарылады. Баяғыда бір хан болған екен. Оның екі ұлы болыпты деген хабарлар айтушының өзі көрмеген, жақсы білмеген, бірақ есіткен оқиға түрінде баяндалған. Осындай сөйлемде айтылған ойға айтушының субъективті көз-қарасын да біідіруін сөйлемнің модальдігі дейміз. Болымды сөйлемнің модальді мағынасы көбінесе баяндауштар құрамында түрлендіру арқылы құбылып отырады. Мысалы.;
1.Жолаушылар таң ата жүріп кетті. 2.Жолаушылар таң ата жүріп кетіпті. 3. Жолаушылар таң ата жүріп кететін шығар. Бірінші сөйлемде іс сөйлеушінің көз алдында болса, екінші сөйлем олай емес,(жүріп кететін шығар) хабарланған істің жүр-етініне сөйлеушінің көзі жетпей, болжап айтқаны аңғарылады. Қазақ тілінің болымды сөйлемді осылардай күмәнды, болжалды етіп айтудың бірнеше тәсілдері бар; күманды болжалды 1,Жолаушылар жүріп кетіпті 1Жолаушылар журіп кеткен шығар 2,Жолаушылар жүріп кеткен 2Жолаушылар жүріп кеткен көрінеді. болар. .3,Жолаушылар жүріп кеткен 3. Жолаушылар жүріп кеткен . керек. білем. 4. Жолаушылар жүріп кеткен 4. Жолаушылар жүріп кеткен сияқты болса керек. 5.Жолаушылар жүріп кеткен- 5. Жолаушылар жүріп кеткенге ұқсайды. Ғой деймін .. Бір модальділік мағынаның осыншама көп синонимдерінің болуы қазақ тілі сөйлемдерінің стильдік мүмкіншілігінің молдығын, стиль-дік бояуларының әр алуан екенін көрсетеді.Бұлар таңдап, талғап өз орнында жүмсай білу керек. Күмәнды білдіретін хабарлы сөйлемдер қатарына енбей тұр-түрі бар. Ол — мыс шылауы арқылы жасалады. Мұны бөліп шығарған себебіміз оның ерекше экспрессивтік те мағынасы бар.— Мыс шылауы арқылы жасалатын күмәнды сөйлем айтушының айғақ пікіріне басқа біреудің жөнсіз күмәнданғандығын білдіреді, мысалы: Қарымсақтың көзінен бүршіктеген жас шығыпты-мыс (Б. Майлин). Аш-жалаңаш болмайсың, өзің би, өзің төре боласың,— деп Абдол оны қызықтырыпты-мыс (Б. Майлин). Болымды сөйлемді болымсыз тұлғалы сөйлемдермен алмастыру да кездеседі. Ондайда хабарланатын ойдың ерекше экспрессивті мәні болады. Мысалы: Мен ол үйге барамын — Мен ол үйге бармай тұра алмаймын. Мен ол үйге бармасам болмайды. Жаз жайлауға көшу керек — Жаз жайлауға көшпейінше болмайды, Жаз жайлауға көшпей тұра алмайсың. Б о л ы м с ы з. сөйлем ұғым арасында байланыстың жоқтығын көрсетеді. Қазақ тілінде болымсыз сөйлем жасаудың бірнеше амалы болатындықтан, оларды талғап жұмсай алудың стильдік мәні бар. Мысалы: Ол бүгін келмеді — Ол бүгін келген жоқ. Таудың қары элі ерімеді — Таудың қары, әлі еріген жоқ. Аспан ашылмас —• Аспан ашылатын емес—Аспанның ашылатын түрі жоқ. Бұлар_өз_ ара _мәндес болғанмен, стильдік қызметтері бірдей емес: Ол келмеді — жай хабар. Осындағы келмеді сөзінің болымсыздық мағы-насын күшейту үшін, оны келген жоқ деп айтамыз. Сондай-ақ Аспан ашылмас — әшейін болымсыздық болжал ғана, ал оның ор-нына — Аспан ашылатын емес, Аспанның ашылатын түрі жоқ де-сек, болымсыздық хабарда айтьшған ой күшейтіліп жұмсалған болады. - Төмендегі сөйлемдердің де сондай мағыналық айырмашылығы бар. Оларды салыстырып, қайсысының болымсыздық мағынасы босаң не қатал екенін айырыңыз: Содан бері ол біздің үйге кірген жоқ еді (Ғ. Сланов). Содан бері ол біздің үйге кірген емес. Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртенбеспін (С. Мұқанов). Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртене қоймаспын. … Мені ол топырақтан жұла алмас! Туған жеріме деген мөлдір махаббатымды енді ешкім де сөндіре алмас! (С. Мұқанов). Мені ол топырақтан жұлып тастай алмайды! Туған жеріме деген мөл-макаббатымды енді ешкім де сөндіре алмак, емес! Болымсыз тұлғалы сөйлемдерді болымды етіп айтудың стильдік қызметі ерекше. Бүгін барамын. Бүгін бармасам болмайды. Мен енді айтамын. Мен енді айтпай тұра алмаймын. Ол қайда болса, сонда жүре береді — Оның жүрмейтін жері жоқ. Бұл мысалдардың екінші түрлерінің әрқайсысы екі-екіден болымсыздық тұлғада жұмсалған. Математикада минус пен минус плюс болатынындай, болымсыз бен болымсыз тұлға жарыса айтылып, болымды мағына пайда болады. Болымды сөйлемді осылай болымсыз тұлғалардан құрастырудың стильдік қызметі ерекше. Солар арқылы айтылған болымды хабар әдетте өткір тілділіктің, эмоциялы сезімнің нысанасы болып ұғынылады. Сол сияқты кейбір сұраулы сөйлемді де хабарлы етіп айтуға болады: — Бұл не ғып жүр? Әлде күзеуінің оты тозды ма екен? — Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Тұнып тұр. Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні несін жейді? (М. Әуезов). — Біздің ауылға барасық ғой, қызым? — Бармағанда қайтем? (Ғ. Сланов). Осындай сұраққа сұрақ түрінде берілген жауаптың мағыналары жай хабар болып қалмайды, кісінің ішкі сезімін, лажының жоқ-тығын, өтінішін т. б. модальді мағынаны қоса хабарлайды. Кейбір сұраулы сөйлемдер кісінің күмәнің_таңдануын кейіген сенімсіз- дігін қоса білдідеді де, бірқатары болымсыз сөйлемнің орнына жұмсалады.
Дәмеш өз жүрегінің соғуын өзі түсіне ме екен?— Түсінбейді. — Бір қалған көңіл жіби ме? (3. Шашкин)—Жібімейді. — Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! Мені білмейді деймісің?! (Ғ. Мүсірепов).— Білемін. Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде баяндалады. Оны р и т о р и к а л ы қ (шешердік) сұрақ дейміз:
Күнде жақсы бола ма, Бір қылығы жаққанға? Оқалы тон тола ма, Ар-ұятын сатқанға? (Абай). Жылағанда көзіме Қанды жасым тола ма? Тауға біткен бәйшешек Кураса, бір күн сола ма? (“Алпамыс”).
22 сұрақ. Бұйрықты сөйлем ( орыс. побудительное, повелительное предложение ) - кимыл-әрекетке итермелу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады: Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше ренде білдіріледі. Осынысына орай бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасын ғана емес, басқа формаларды да қатыстырып жасалады.
1. Бұйрық мағыналы баяндауыштардың ішіндегі негізгі тірек форма — етістіктің жалаң II жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады. Бұл баяндауышты тірек форма деуіміз — ол бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіреді. Қөп сөзді қайтесің? Одан да тауығыңа ие бол,— деп күзетті Құрманға тапсырды да, Мақпал үйіне қайтты (Қ. Ж.)-
2. I жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды -айын, -ейін, -айық, -ейік формалы етістіктерден жасалған баяндауыштар білдіріледі. Етістік тудыратын бұл жұрнақтардың тарихи жолын қуғанда былай саралауға болады: -айын, -ай, -ын, -ейін, -ей, -ін; -ай, -ей бұйрық мағына беретін жұрнақ, -ын, -ін, -ьщ, ік,— жақтық көрсеткіштер -ын, -н жақтық керсеткіш ретінде бұрын жиі жұмсалған. «Шайбаниғіамада» алғанын тәрізді I жақ- тық форма жиі ұшырайды . III жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын түлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ре-тінде жүмсалады.
3. Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгін формалы баяндауыштардың қатысуымен де құралады: Сен ертең келгін. Бұл баяндауыш тек анайы тұлғада келеді, сыпайы тұлғасы жоқ. Сөйлеуде де сирек жұмсалатын бұл форма өте көнеден келеді, әрі ол осы күнгі бірқатар өзге формаларға негіз болған3.
4. Бұйрықты тұжырымдылау етіп білдіру үшін алсаңшы, алсаңызшы түрінде құралған етістіктер баяндауыш болып жұмсалады.
ЕгіннІң болары болды ғой, онан да шөпті айтсаңшы! (Қ. Ж.). Тұрсаңшы, ауырып жатырсың ба! (Д. Д.).
Алсаңшы, алсаңызшы формалы баяндауыштарды ал, алшы тұлғалы баяндауыштармен салыстырғанда ілгеріде біз атаған қызмет ерекшеліктері анық көрінеді. Баяндауыш шартты рай тұлғасын қатыстыру арқылы жасалған: ал-са-ң-шы, ал-са-ң-ыз-шы . Қарапайым сөзде бұл баяндауыш -шы,-ші жұрнағын қоспай да айты-латыны болады: Сен ертерек келсең! Барсаң, күткізіпқарамай Барсаң, келсең тәрізді бұйрық мағыналы баяндауыштар әдеби норма шеңберінен тыс, тек қарапайым тілде жұмсалғанмен, ол сөз бастапқы бір формасын бұзудың, кысқартудың нәтижесінде пайда болған форма емес. Бұлар тіліміздің ерте кездегі қалпының ізі. Орхон жазуларында бұйрық рай етістік -ң, -ыңжұрнақтары арқылы жасалған. Олурың, тілін тіміс — Отыр … деді. Осы күнде да өзбек тілінде бұйрық райдың келің, алің формалары еркін жұмсалады, Осылай болғандықтан бұйрық мағыналыбарыңыз, барсаң, барсаңшы, барсаңызшы деген тұлғалардағы -ң жақтық жалғау емес, ертеден келе жатқан бұйрық райдың жұрнағы. В. Г. Кондратьевтің айтуынша, бұйрық мағыналы -ң (басқа тілдерде -ің, -ң) бұрынырақтан бар -ын (алғын) жұрнағының қысқаруынан пайда болған.
5. Шартты рай тұлғалы етістікті қатыстырып бұйрық мағыналы баяндауыш жасау басқа түркі тілдерінде де бар. А. Н. Кононов түрк тілінде ашсана (ашсаңшы) сөй-лесене (сөйлесеңші) деген бұйрық мағыналы етістіктерді шартты рай тұлға негізінде жасалған деп есептейді: ашса-н-а4.
Қой сана, батыр, қой сана, Ашуы жоқ бол сана. Қой дегенде коймасан, Тусіремін ой-сана! Айналдырған алтауың, Бір кісідей бол сана!’
(«Алпамыс батыр»).
6. Бұйрықты бұдан гөрі тұжырымды етіп, үзілді-кесілді айту үшін «II жақ бұйрық форма — деген соң — II жақ бұйрық форма» болып құралған баяндауыш (ал деген соң ал) жұмсалады. Шық деген соң шық!—деп таяғына жармасты (Б. М.). Баяндауыштық формаға етістіктің жіктік тұлғалары, есім сөздер де катысуы мүмкін.
— Көп,— деп басын шайқайды.
— Неге?— деймін мен өз-өзімнен қысылып…
— Көп деген соң көп! —дейді ол ақшаны қайырмай, уыстап тұрып. (Ә. Нүрш.).
Сірә «етістік — деген соң — етістік», немесе «есім— деген сон — есім» болып кұралған баяндауыш сөйлеуші өз ойын тындаушысына мойындату үшін үзілді-кесілді байлам түрінде айтқанда жұмсалатын форма болуға тиіс.
7. Осы қызметте — «-уші формалы есімше — болма» құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады. Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған
(М.Ә.).
Бұл баяндауыш негізінде тек екінші жаққа тән формада жұмсалады.
8. Іске жұмсауды, тілек, өтініш ретінде айту үшін алшы, келші, алайыншы түрінде кұралған баяндауыштар қызмет етеді.
Сен енгізші осы ұсынысты. Осыны да айта баршы (М.Ә.).
9 -айық, -ейік тұлғалы баяндауышқа синонимдік сынар ретінде жұмсалатын -алық, -елік арқылы жасалған баяндауыш бар: баралық,келелік. Соңғы формадағы баяндауыш эпостық жырларда және соған ұқсатып мәнерленген сөзде жұмсалады.
Егінді даланы бөліп әуре болмалық дестік,-— дейді Қасен (Ғ. Мұст.).
10. -алықшы, -елікші бұйрықты өкініш, тілек ретінде білдіру үшін жұмсалады.
Бір шөбі қалың, ойпаңдау жерге келгенде Бибі «аттан түселікші» дейді (С. Мұрат.).
Бұйрық мағыналы етістік тудыратын -алық, -елік жұрнағы түркі тілдерде әр түрлі грамматикалык сипатта дамыған. Сібірдегі Чулыма өзенінің өңірін жайлаған түркі тілдерінде -лық, -лік келер шақтық жұрнақ ретінде қызмет етеді.
Түрік тілінде аталған жұрнақ -алым, -елім түрінде I жақ жекеше тұлғадағы бұйрық рай етістік жасайды.
Бұл келтірілген мағлұматтар қазак тілінде жіктік түрленуден оқшау тұрып жұмсалатын—(а)лық—(е)-лік жұрнақтарының генезисін байқатады.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшелігі ретінде бұйрық мағына білдіретін алалы, көрелі (ал-алы, көр-елі)тұлғалы баяндауыш бар. Бұл форма қалыптасуы жағынаи тілдік ортақ қордан шет тұрған жоқ. Өйткені -алы, -елі кейіндеу, -алыщ, -елік жұрнақтарының негізінде пайда болған. Бірақ жұмсалу аясы тар, белгілі территориялық сөйлеу практикасында ұшырайды .
Көрсеткішін айталы: төрт кило жарым жүн беріп, төрт қозыдан табады.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінің көрінісі ретінде -алы, -елі фольклорлық шығармаларда да ұшырасады.
Өткен іске өкініп біз кетелі, Біраз айтып, мұратқа біз жетелі.
(Қозы Қөрпеш — Баян сұлу).
11. Ауызекі тіл бұйрық мағынаны білдіру үшін ашық райдың келер шақ формасындағы етістікті баяндауыш ретінде жұмсайды.
Бүгіннен бастап есігін ашушы болмайсың, олармен сөйлеспейсің! Олардың бетіне қараушы болмайсың! (Б. М.).
Бұл сөйлемдердегі келер шақ етістіктен жасалған баяндауыштар (ашушы болмайсың, сөйлеспейсің, қараушы болмайсың, бармайсың) белгілі бір оқиғаны хабар-лау ретінде емес, тыңдаушыны іске міндеттеу мағынасын білдіріп түр. Осы жағынан ол бұйрық мағыналы баяндауыштармен жуықтасады. Аталған баяндауыштың қызмет, мағына ерекшеліктері -ушы болмайсың етістігінің жұмсалуынан анық ажыратылады. Өйткені бұл құрамдағы етістік хабарлы сөйлемнің баяндауышы ре-тінде жұмсала алмайды. Ол негізінен тыңдаушы жаққа тұжырымды түрде айтылған бұйрықты білдіру үшін құралған етістік: алушы болма, тыңдаушы болмайсың.
12. Ашық рай формасындағы алушы болмайсың, бұйрық рай алушы болма қызмет тұрғысынан ғана емес, кұрылысы жағынан да ыңғайлас. Іске міндеттеу мағынасында жұмсалатын бұл күрделі етістік бұйрық рай тұлғаға (алушы болма) сүйеніп, соның негізінде қалыптасқан. Өйткені қызметі қатар бұл екі формадағы күрделі етістіктің, құрамы да ыңғайлас өлшемге түскен. Екеуіне де бол етістігі тек болымсыздық тұлғада кірігеді, -ушы — болымды бол болып кұралған етістік бұйрық мағынада, міндеттеу мағынасында жұмсала алмайды. Алушы болмайсың, аласың тәрізді ауыспалы келер шақ формалы етістік баяндауышты қатыстырып құралып, бір істі міндеттеу, бұйыруды білдіретін бұйрық формалы сөйлемдер мағына жағынан бұйрық формалы сөйлемдермен жуықтас келгенмен өзінің грамматикалық сипаты жағынан хабарлы сөйлем қатарына жата береді. Ашық рай тұлғалы етістіктің бұйрык, міндеттеу мағынасын білдіруі бір жағынан контекске, ком- муникативтік жағдайға байланысты болса, екінші жағынан осы форманың аясында ерекше (бұйрық, міндеттеу) мағынаға сай даралана бастаған тұлғалар да жоқ емес. Оның көрінісін алушы болмайсың тәрізді баяндауыш- тардың бұйрық мағынаға түгел бейімделуінен бай- қаймыз.
13. Іске қосу қызметінде ерекше жұмсалатын тағы бір баяндауыштар бар. Бұл баяндауыштың бір түрі «келер шақ етістік — сұраулық шылау ба (бе)» болып құралады: келесің бе, (осыны) айтып барасың ба т. б. Осы құрамдағы баяндауыштардың бұйрық мағынаға жуық келу мүмкіншілігін мына мысалдардан байқауға болады.
Сен Төремді шақыртасың ба, жаздыратын қағаздарым бар еді (Б. М.).
Бұл сөйлемдегі шақыртасың ба дегенде сұраулық мағына жоқ, олар тыңдаушыны іске қосу қызметінде жұмсалып тұр. Бірақ бұйрық мағынасының бұл формадағы баяндауыш арқылы білдірілуінің ерекше стильдік мәні бар. Бұл ерекшелік іске қосуды өтініш, тілек ретінде білдіруде ғана емес. «Келер шақ етістік — ба» болып құралған баяндауыш — ауызекі сөйлесу үстінде ерекше мәнерлік тудыратын тұлға. Аталған мағыналы баяндауыш жасауға келер шақ етістік тек екінші жақ тұлғада қатысады. Осыньщ өзінде форманың сұраулық мағынадан ажырап, бұйрық мағына алуы көптен-көп контекске сүйенеді.
Ауызекі сейлеу тілінде құрамы, кызметі жағынан осы реттес тағы бір баяңдауыш бар. Ол баяндауыш «бо-лымсыз келер шақ етістік — ба» болып кұралады: бармайсың ба, айтпайсың ба. Бұл баяндауыш та бұйрық мағынаны контекске сүйеніп білдіреді. 23-сұрақ. Сөйлемнің біріңғай мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады. Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев).
24-сұрақ. Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері.[1] Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын (-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі. Белгілі бір сөйлемнің синтаксистік құрылымына жанаспай, оқшау тұратын қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. «Фельетон» терминінің қызметін атқарған және сол жанрдағы шығармаларды танушы тарихият қолданыс (историзм).
Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұрау белгілерімен дараланып тұрады. Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, автордың көзқарасы аңғарылады. Мысалы: Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді, нақты айтылса, екінші сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде беріліп тұр. Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше деген қыстырма сөз. Оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жатады. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Кейде сөйлеушінің қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз заттар да болып келеді, бұл - көбінесе көркем әдебиетте кездесетін құбылыс. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі бауырың (Жамбыл). Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем ыңғайында да кездеседі. Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты (М. Ә.) Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың! 25 сұрақ. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
Сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы — сөйлем мүшелерін дүрыс орналастыру.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Мысалы:
Кейде сөйлемдегі сөздерді өз орнына қойып айтпағандықтан, өрескел қателер кетіп жатады. Мысалы: Ұзын мүйізді немістің қызыл сиыры жайылып жүр.Мұнда ұзын мүйізді деген анықтауыш өз орнында тұрмай сөйлемнің басына шығып кеткендіктен, “ұзын мүйізді неміс” болып тұр. Дұрысы — немістің ұзын мүйізді қызыл сиыры жайылып жүр.
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы алғанда, тұрақты, орыс-тіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша — баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Ауызекі сөзде, көркем әдебиетте сөйлем мүшелерінің бұл орын тәртібі, әрдайым жоғарыда айтқандай болып келе бермейді, инверсия жасалып (орын ауысып) та орналаса береді. Бірақ осылай етудің стильдік мәні болады. Мысалы, грамматикаларда “анықтауыш анықтайтын сөзінен соң тұрмайды” десе,
Ғ. Мүсірепов “Қазақ солдатында”: “Осындай да табан бола ма екен қырық тесік” деп анықтауышты (қырық тесік) анықтайтын сөзінен (табан) кейін қойған.
Бастауыштың жайылма сөйлемдегі қалыпты орны үш түрлі болады:
Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, бастауыш сөйлемнің басында тұрады. Мысалы, Жігіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Осындағы бастауыш — жігіттер^ баяндауыш — кірісті.
2. Сөйлемде бастауыштың да, баяндауыштың да маңында тұрлаусыз мүшелер болса, бастауыштың қалыпты орны сөйлемнің ортасы болады. Мысалы,Университетте оқып жүрген жігіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті.
3. Тұрлаусыз мүше (мүшелер) тек бастауыштың маңында болып, баяндауышқа қатыспайтын болса, онда бастауыш баяндауыштың дәл алдында тұрады. Мысалы, Университеттс оқып жүрген жігіттер көмектесті десек, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып айтуға көнбейді (өлеңді сөйлемнің жөні бір басқа).
Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыс-тырып айтуды и н в е р с и я дейміз.
Бастауыш кейде сөйлемнің ең соңында тұратын да орайы болады:
1. Диалогты сөйлемге автордың, берген түсінігінде бастауыш сөйлемнің соңында да, диалогтың алдында да түра береді, мысалы:
— Жастардың саяси тәрбиесіне партия алдында комсомол жауапты,— деді Әбдікәрім.
2. Қынжыла, күйіне айтылған лепті, сұраулы сөйлемдердің бастауыштарын соңына шығарып айтуға болады: Үміт-тен айрылса, не болар еді адам? (С. Мүканов).
Баяндауыштың үйреншікті орны — сөйлемнің соңы. Сол орнын, өлеңді сөйлемдерде болмаса,— көп өзгертпейді. Дегенмен, оған да инверсия жасауға болады:
Баяндауышқа ой екпінін түсіре, басқа сөздерден басым мағынада айту үшін, кейбір ұранды, лепті сөйлемдерде оны бірінші орынға қойып айтуға болады.
Жойылсын жауыздар! Жасасын сүйікті Отанымыз! (3. Шашкин).
Толықтауыштардың сөйлемдегі қалыпты орны — баяндауыштың алды. Бұлардың да ол орнын басқа мүшелермен ауыстыруга болады.
Толықтауыштар бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде болмаса, хабарлы сөйлемде баяндауыштармен орын ауысып, баяндауыштың соңында келе бермейді.Келе жатыр ол үйден. Ол отыра кетті орындыққа.
Бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде баяндауышты күшті екпінмен, көтеріңкі дауыспен айту үшін, сөйлемнің басына, ал толықтауыш, пысықтауыштарды одан кейін қоямыз. Ондайда баяндауышпен орын ауысқан толықтауыштар да бұрынғы мағынасында қалмайды:
— Бар, осынымды айт дегендегі толықтауышты баяндауышпен орнын ауыстырып: Бар, айт осынымды! деуге болады.
Толықтауыштарға көбірек инверсия жасалатын сөйлем — диалогты сөйлем. Диалогты сұраулы сөйлемнің мазмұнына лайық оғаш берілетін жауап толықтауыштан басталса, онда оған инверсия жасалып, басқа сөздерден гөрі басым мағынада айтылған-дағысы.
— Кімді кутіп отырсың?
— Амантайды күтіп отырмын.
— Бұл ақшаны кімге берейін?
— Рабиғаға бере гой.
Анықтауыш, пысықтауыштар көбінесе басқа сөздермен қатар тұру арқылы байланысатындықтан, оларды әрі-бері жылжытуға болмайды, болса да, ондай мысал көп кездеспейді. Ал ілік жалғауы жалғанған анықтауыштар мен барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларындағы пысықтауыштарға толықтауыштардай инверсия жасауға болады. Сондай-ақ инверсия жасай беруге көнгіш пысықтауыш — мезгіл үстеулері мен көсемшелерден жасалған пы-сықтауыштар:
1. Үлкен кісісің ғой, апа, көпті көрген (С. Мұканов).
Осындай да табан бола ма екен қырық тесік! (Ғ. Мүсірепов)
Кетерде Боржадай маған амандасқан жоқ, мен оған амандасқаным жоқ
(С Мұқанов).
Егер бірыңғай анықтауыш біркелкі болмай, түрлі-түрлі сапа болса, және бір заттың маңында әр түрлі бірнеше анықтауышы болса, олардың ішіндегі заттың ең негізгі сыны болатыны басқа анықтауыштардан кейін, анықталатын сөздің қасында тұрады:
Сары қыз әдемі сары келіншек болыпты. Жасында ат жақтылау, қыр мұрын-дылау сияқты еді, қазірдөңгелек көзді, май мұрындылау, ет-жеңді, толық әйел болуга бет алыпты (Ғ. Мұстафин).
