- •1Сұрақ.Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары
- •3 Сұрақ. Сөз тіркесі (жалпы сипаттама). Оған тән белгілер.
- •12 Сұрақ. Баяндауыш
- •18 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері
- •26 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;
- •37Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •3.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •5.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •7.Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •8.Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •39 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
26 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.
Бір құрамды сөйлем - тұлғалық құрылымы жағынан бiр ғана предикативтік бас мүшелi құрылымда келiп, екiншi бас мүшемен толықтыруды мағынасы қажет етпейтiн жай сөйлем түрi.
Бір құрамды сөйлемге тiрек болатын бас мүшенi я бастауыш я баяндауыш деп айырып қарауға келмейдi. Субъекті мен предикаттың мәндерi бiртұтастықта келетiндiктен, бұл мүшенi "субъектi — предикаттық" немесе жай ғана "бас мүше" деп атауға болады. Бұл бас мүше iс-әрекеттi, құбылысты немесе затты бiлдiрiп қана қоймайды, олардың шындық болмысқа қатынасын көрсететiн предикативтiк мәнге де ие болады. Бір құрамды сөйлем синтаксисiн зерттеушiлердiң осы сөйлем типi және оның түрлерi жөнiндегi көзқарастары алуан түрлi. Мыс,жақсыз сөйлем болатындығы және оның бастауышсыз сөйлем екендiгi жайындағы пiкiрлер бұрыннан болғанымен (М.Ломоносов, И.И. Давыдов, Қ.С.Аксаков, А.Қазембек), оны логикалық құрылымы жағынан қарап, қос құрамды деп есептеу идеясы (Е. Ф. Будде т. б.) XX ғасырдың 40-жылдарына дейiн белең алып келдi. Бұл идеяны жақтаушылар қазiр де бар (Ю.М.Костинский, Г.А.Золотова, Б. Тойшыбекова, т.б.). Ал бір құрамды сөйлемнің жақты деп аталатын түрi алғашқы кезде бастауышты түсiрiп айтуға болатын сөйлем түрi ретiнде есептелiп (А.А.Потебня, Д.Н.Овсянико-Куликовский, А.А.Шахматов, Т. П.Ломтев), кейiнгi кезде бiрыңғай толымсыз сөйлем қатарында қаралып келдi. Тек 50-жылдардан кейiн ғана (А.М.Пешковский) 1, 2-жақтық жiктеу есiмдерiнен болған бастауышсыз айтылған сөйлемдердi "белгiлi жақты" деп қарауға болатындығы жөнiнде сөз бола бастады, арнайы зерттелдi (В.В.Бабайцева, В.В.Белошапкова).
Түркi тiлдерiнде 60-жылдардан кейiн ғана зерттеу объектiсiне айналды (М.3.Закиев, А. А.Гасанов, У.Б.Алиев, И.X.Ахматов т. б.).[3]
Қазақ тiлiнде бұл сөйлем түрi жайында 90-шы жылдардан кейін сөз бола бастады (Ж. Сәдуақасұлы).
(Ж. Садуакасүлы. Бір кұрамды сөйлемдер. Алматы, 1996). Бір құрамды сөйлемге мынадай сөйлем түрлері жатқызылып жүр:
а) белгісіз жақты сөйлем;
ә) жалпылама жақты сөйлем;
в) жақты (жағы белгілі, сөйлем;
г) бір кұрамды қаратпа сөйлем. Кейбір ғалымдар субъект те, предикат та бір мүше арқылы берілетінін ескеріп, атаулы сөйлемді де жатқызады (Р. С. Әміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983,54-6).
Кей тiлшiлер олардың өзiндiк айрықша құрылымдық белгiлерi бар деген пiкiрмен (Д.Н.Овсянико-Куликовский, А.А.Шахматов т.б.) жалпылама жақты сөйлем мен белгiсiз жақты сөйлемдi айырып қарамайды. Бұл идея түркi тiлдерiне, соның iшiнде, қазақ тiлiне де әсерiн тигiздi (Ғ.Мадина). Бiрақ, кейiнгi көптеген әдебиеттерде бұл сөйлемдердi жекелей қарау басым болып келедi. Атаулы сөйлемдердi де бір құрамды сөйлем типiне жатқызу және жатқызбау жөнiнде жалпы тiл бiлiмiнде әр түрлi пiкiрлер бар. Осы тұрғыда атаулы сөйлемдi бір құрамды сөйлемнен бөлек қарау қазақ тiл бiлiмiн зерттеушiлері арасында да кездеседi. (Ғ.Мадина, Р.Әмiров, О.Төлегенов). Жалпы тiл бiлiмiне А.А.Шахматов арқылы енген бiр бас мүшелi (Б. қ. с.) сөйлемдерге мына сөйлем түрлерi жатқызылып жүр:
а) белгiлi жақты сөйлем: -Кетiңiзшi, өтiнемiн (Д.И.);
ә) жалпылама жақты сөйлем:— Топ iшiнен жалғыз сенi жау алар деймiсiң? (Д.И.);
б) белгiсiз жақты сөйлем: — Анамен алыспайды да, атыспайды да (Ғ.М.);
в) жақсыз сейлөм: — Қайта соларға қолы батыл жасты салу керек (М.Ә.).
Жақты сөйлем — бастауышы мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі. Жақты сөйлемнің бастауышы болады немесе сөйлемнің мазмұнынан бастауышының қай сөз екенін табуға болады. Жақты сөйлем үшке бөлінеді: 1)арнаулы жақты сөйлем (“Мен оқиын. Сіз тыңдаңыз”); 2) ауыспалы (ортақ) жақты сөйлем (“Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра”); 3) бастауышы белгісіз жақты сөйлемнегізінен, 3-жақта айтылады. Бастауышы қай сөз екені сөйлемнің мазмұнынан аңғарылады. (“Біздің бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын еді”).
27 сұрақ. а) Бір құрамды сөйлем деп бір ғана бас мүшелі предикативтік құрылымда келіп, синтаксистік құрылымы жағынан екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз. Жалпы тіл білімінде бір құрамды сөйлемдер туралы ХІХ ғасырдың аяғында сөз бола бастағанымен, оның кейбір түрлері туралы (жақсыз сөйлем) одан да ертерек ауызға алынды. Түркі тіл білімінде бір құрамды сөйлемнің кейбір типтері туралы 40-жылдардан бері қарай ғана сөз бола бастады М.З. Закиев татар тіліндегі бір құрамды сөйлемдерді алдымен үш топқа: етістікті, есімді, сөз-сөйлем деп бөледі де, етістікті түрлеріне: белгілі жақты, белгісіз жақты,жалпылама жақты және жақсыз сөйлемдерді топтастырады. Ал есімді түріне атаулы сөйлемді, сөз-сөйлемге мүшеленбейтін сөйлемді жатқызады. Осы кезеңде түркі тілін зерттеушілер де өз үлестерін қосып жатты. Бұған Э.В. Севортянның, Н.А. Басқақовтың, З.И. Будагованың, А.Юлдашевтің, Н. Дмитриевтің, М. Закиевтің, И. Ахматовтың т.б. ғалымдардың бір құрамды сөйлемдерге, оның жекелеген түрлерін зерттеуге арналған алуан түрлі ғылыми мақалалары, еңбектері айғақ. Қазақ тіл білімінде бірлі-жарлы еңбектер ғана аталатыны болмаса «бір құрамды сөйлемдер» өзіндік жеке ерекшеліктерімен дәстүрлі қос құрамды сөйлемдерге қарсы-қарсы қойылып, арнайы зерттелеуі әлі де аз. Бір құрамды сөйлемдердің типтік түрлері болып есептелетін сөйлемдерді зерттеу 30-жылдардан бері жүргізіліп келеді. Жақсыз сөйлемдермен бірге қазіргі орыс және басқа түркі тілдеріндегі зерттеулерде бір құрамды сөйлем түріне жатқызылатын «атаулы» сөйлем жай сөйлемнің ерекше құрылымдағы түрі ретінде қазақ тілінде алғаш С. Аманжолов пен С. Жиенбаевтардың еңбегінде сөз болады. 1954 жылы қазақ тілі мамандарының көп жылғы зерттеу жұмыстарының қорытындысы іспетті алғашқы академия грамматика жарыққа шықты. Бұл еңбекте де жалпы жай сөйлемдердің құрылымдық түрлері ретінде жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы сөйлемдер аталады. 1950 жылы М. Балақаев жай сөйлем синтаксисінен докторлық диссертация қорғап, 1957 және 1959 жылдары сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксистеріне арналған ғылыми кітаптарын жарыққа шығарды. Соңғы еңбегінде «бастауышсыз» деп аталатын сөйлемдер қатарына бір бас мүшелі сөйлемдер деп танылып жүрген белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдерді қосады. Бір құрамды сөйлемдердің бұрынғы аталған толымсыз, жақсыз, атаулы сөйлем түрлеріне өзіндік көзқараспен анықтама береді, жасалу жолдарын толықтырады. Осындай топтастыру Н. Сауранбаевтың «Қазақ тілі» /1954/ оқулығында берілген. Ғ. Мадина жақсыз сөйлемдердің арнайы зерттеп кандидаттық диссертация қорғады. Бірақ автор бұл сөйлем түрін бір құрамды деп есептемейді. «Бір бас мүшелі сөйлем» /немесе «бір құрамды»/ термині қазақ тілі білімінде 60-жылдардан бастап көрініс береді. Бұл терминді алғаш рет К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде /1965/ қолданады. А. Әбілқаев қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді жақты, жақсыз, толымды, атаулы деп жіктейді де, жақты сөйлемді-арнаулы, ауыспалы және бастауыш белгісіз жақты сөйлем деп бөледі. М. Балақаев 1992 жылы өңделіп басылған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында жай сөйлем түрлері: жақты, жақсыз; белгісіз және жалпылама жақты; толымды, толымсыз; атаулы сөйлемдер деп жіктеледі . Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдерді арнайы зерттеп жүрген Ж. Садуақасов жалпы тіл білімі мен түркологиядағы осы бағытта айтылған пікірлерге талдау жасай отырып, оған белгілі, белгісіз, жалпылама жақты және жақсыз, атаулы сөйлемдерді жатқызады. М. Балақаев пен Т. Сайрамбаевтың авторлығымен шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдер жақсыз сөйлемнен кейін беріледі. Бұдан байқағанымдай, қазақ тілінде бір құрамды сөйлемдерді жіктеуде біреді пікір қалыптаса қойған жоқ. Жоғардағы аталғандарды жинақтай келе, қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдердің ең басты екі ерекшелігін бөліп көрсетуге болады: - бірінші, бір ғана бас мүшелі құрылымда келуі,- екіншіден, синтаксистік құрылымы жағынан сөйлемді екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтіндігі. Бір құрамды сөйлемдер іштей: жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдер деп бөлінсе, бір құрамды жақты сөйлемнің өзін семантикалық-грамматикалық ерекшеліктеріне орай: белгілі жақты сөйлемдер; белгісіз жақты сөйлемдер; жалпылама жақты сөйлемдер және ауыспалы жақты сөйлемдер деп жіктейміз. «Бір құрамды сөйлем» термині қазақ тіл білімінде 60-жылдан бастап көрініс береді. Бұл терминді алғаш рет К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде (1965ж.) қолданады. Жай сөйлемнің екі түрлі құрылымдық үлгісі бар: оның бірі - екі құрамды (бастауыш, баяндауыш) үлгі (двусоставные схемы), екіншісі -бір құрамды үлгі (односоставные схемы). «Екі құрамды сөйлем үлгісі екі бас мүшеден құралса, бір құрамды сөйлем үлгісі бір ғана бас мүшеден құралады»,- дейді ғалым [12]. Осы аталған еңбектердегі сөйлемді топтастырулар мен жіктеулерді саралай келіп, мынадай тұжырым жасауға болады: 1.Қазақ тілінде де басқа түркі тілдері тәрізді бір құрамды (бір бас мүшелі, бір тұрлаулы мүшелі) сөйлемдер бар екен анық. 2. Бір құрамды сөйлемнің типтік түрлеріне жақсыз, белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер енеді. Бір құрамды екені даусыз бұл жерде жақсыз сөйлем мен белгісіз жақты сөйлем. 3. Атаулы сөйлем мүшеленбейтін сөйлемдер қатарына жатқызылады. Қорыта келгенде, қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисін зерттеуде қол жеткен табыстар бар екені анық. Ә) Бастуышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бірқатарын «жақсыз» сөйлем деп атап жүрміз. Мұндай сөйлемде белгілі жақтық ұғым болмайды, істің, қимылдың иесі қай жатқа екендігі белгісіз болады. Олардың үш жақтың біріне тән белгілі грамматикалық бастауышы болмайды. Баланы жаман үйретпеу керек. Сабаққа кешігуге болмайды деген сөйлемдерде Кім? Не? Сұрақтарына жауап болатындай бастауыштар ерекше айтылмаған. Мұндайда сөйлеуші мен тыңдаушыға істі істеушінің кім екендігін дәлдеп көрсетудің қажетті болмайды да, тек іс-әрекетін хабарлау, істеумеуге тиісті жайды білдіру қажет болады. Ондай сөйлемдер бастауыштары бар жақты сөйлемнен өзгеше құрылыстағы арнаулы стильдік тәсіл ретінде қолданылады. Егер жақсыз сөйлемдердің түрлері әдеби тіліміз қалыптаспай тұрған кезде елеусіз болып, аз жұмсалатын болса, осы күнгі әдебиеттерде оның түр-түрі сараланып, жиі жұмсалатын болады. Сонда да «жақсыз сөйлем» деген термин - шартты атау. Ондай сөйлемдерді орысша «безличные предложение» дегеннің аудармасы ретінде «жақсыз сөйлем» деп атағанымыз болмаса, қазақ тілінде дәл орыс тіліндегідей жақсыз сөйлем де, ондай сөйлем жасайтын стемнело, не спится сияқты өзгеше жақсыз етістіктер де жоқ. Дұрысында, біздің жақсыз сөйлем деп жүргеніміздің баяндауыштарының белгілі жағы болады. Бұл сөздер көбінесе үшінші, екінші жақта айтылады. Сөйтеді де, олар кейде бастауышы жоқ сөйлемнің баяндаышы юолып жұмсалады: Ол кезде көмірді қауғамен тартатын. Не істеу керек? Көне беруге тағы болмайды. (Ғ. Мұстафин). Қалайша жыр төкпессің, ән соқпассың, Шаттықтан нөсер құйған өмірде енді. (Жамбыл). Әрине, бұл сөйлемдердің бастауыштарының айтылмау Москва бардым, не көрдім? Туысқан туған ел көрдім (Жамбыл) деген сияқты сөйлемдермен бір емес. Соңғыда бастауыштың мен екені айқын да, одан бұрынғы сөйлемдердің бастауыштары ондай белгілі, айқын емес. Сабақтан қалуға болмайды деген сөйлемнің баяндауышы үшінші жақта айтылған. Бірақ оның грамматикалық бастауышы ІІ жақтық ол, олар деген есімдіктер емес. Өйткені бұл сөйлем бір ғана адамға айтылуы да, көп адамға айтылуы да, тыңдаушыға айтылуы да мүмкін. Ондай сөйлемдер: Маған сабақтан қалуға болмайды. Саған сабақтан қалуға болмайды. Оған сабақтан қалуға болмайды. Бізге сабақтан қалуға болмайдыт.т. делініп те айтыла алады. Сөйтіп, бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтыны, айтылған іс-ірекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлемдер болады.
Жақсыз сөйлемнің түрлері 1.-у,-мақ жұрнақтары тұйық рай тұлғалы қимыл есімі мен керек сөздерінен құралған баяндауышы бар сөйлемдер көбінесе жақсыз сөйлем болады: Бізге көбірек оқу керек. Әркімге де тезірек өту керек. (Ғ. Мұстафин). Бұл жұмысты тез қолға алу керек. Қол құсырып босқа отырмау керек. Формамен буын шығару үшін тұқымды күрекпен аударыстыру керек. (Газеттен). Осы мысалдардағыдай, керек сөзі бар жақсыз сөйлемдерді «жақты» етіп те айтуға болады: Біз көбірек оқуымыз керек. Ол бүгін келу керек. 2. Барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістікке, есімше, көсемше тұлғалы етістікке бол етістігі көмекші болу арқылы жақсыз сөйлем жасалады. Тұқымды құртпай-ақ себе беруге болады. Мүұдай жағдайларды басқа артельдерден де көп кездестіруге болады. (Газеттен). Отырықшы дегендердің өздерін де көшпелі деп есептеуге болады. (С. Мұқанов). Қызынған аттың делбесін бос қояр болар. (Ғ. Сыланов) 3.Күрделі баяндауыш құрамында барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістіктен кейін тура келу көмекші айтылу арқылы да жақсыз сөйлем жасалады: Саған аздап досыңның желісін басуға тура келер. (С.Мұқанов) Насыбайды қайта атуға тура келді. (Ғ. Мүсірепов) 4. Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен болған күрделі баяндауыштың құрамында мүмкін (мүмкін емес) сөзі айтылу арқылы да сөйлем жақсыз болады: Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ жүруге мүмкін емес еді. (М. Иманжанов) Әрине, мұндай жағдайда маған оқытушы болып қалуға мүмкін емес еді. (С. Көбеев). Кейбір есімді сөйлемнің құрамында барыс жалғаулы толықтауыш болса да, сөйлем жақсызға айналады. Мысалы: (Ол) Жұмаққа бармақ шығар - оған қайдағы жұмақ! (Б.Майлин) 5. Бірдеңені арман ете айтылатын күрделі баяндауышты сөйлемнің негізгі сөзі келер шақтық есімше (-р, -ар// -ер) болып, одан кейін сұраулы - ма//-ме шылау және көмекші -е (-ді//-дің) етістігі айтылып та жақсыз сөйлем жасалады: Па, шіркін! Мына атқа мінер ме еді? Ана көк шөпке бауырыңды төсеп жатар ма едің! Бұл сөйлемдердің баяндауыштарына Кім мінер ме еді? Кім жатар ма едің? Деп сұрақ қойып баяндауышын іздесек, онда мен, сен, ол, сіз дегендердің бірі алдымызға көлденең тартыла қоймады. Олардың бірінің орнына кім болса сол, мен де, сен де, ол да деген ұғым пайда болады да, ол тек ойда сақталып, көпке тән мағыналық бастауыш болады. Сол сияқты, Өзін барып көретін екен! (С. Мұқанов). - Әкемей-ай айтуға да ұят, айтпауыма да болмай тұр. (Ж. Арыстанов) деген сөйлемдер де - сондай жақсыз сөйлемдер.
28. Атаулы сөйлем. Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сөйлем болудан қалады. Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде, әсіресе, анықтауыш кездесіп отырады. Ол атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Осы айтылғандардың бәрі - атаулы сөйлемнің өзіндік ерекшелігі. Атаулы сөйлемнің өзіндік белгілері: 1. Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады. 2. Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді. 3. Атаулы сөйлем жазушы тілінде ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан табиғатты, адам келбетін немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар атаулы сөйлемді жиі қолданады. Тұрлаулы мүшеден бастауышы ғана бар заттың, құбылыстың атын білдіретін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз. Атау сөз сөйлемде негізгі, тірек мүше болады. Осы негізгі мүше құбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады. Негізгі мүше ретінде зат есім, сын есім, есімше(-ған-ген, -қан-кен, -тын-тін формалы), тұйық рай тұлғалы етістік жұсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі мүшеге бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді: Жаздың ыстығы-ай! Күтпеген жерден жолығуы-ай! Атаулы сөйлемнің негізгі мүшесі ретінде сын есім, есімше жұмсалғанда, олар субстансивтеніп тұрады. Осылай болғандықтан олар септік тұлғаға ие бола алады. Негізгі мүше көбіне атау тұлғада тұрады, бірақ сын есім, тұйық етістік негізгі мүше қызметін табыс септік формасында тұрып та атқара алады. Жаздың ыстығын! Күтпеген жерден келуін! Атаулы сөйлемдерде бастауыш-баяндауыш болып құралатын предикативтік қатынас болмағанымен, предикативтің өзі бар. Бұл сөйлем де тиянақты пікірді білдіреді, ол ойды болмысқа шақ, жақ тұрғынан қарастырып білдіреді. Атаулы сөйлемдерге тиянақты синтаксистік форма беретін – интонация және контекст. Сөйлемге тән интонация алып, атаулы сөйлем дара, тиянақты форма алады. Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді мынадай үш топқа болуға болады: 1. Бейнелеу мағыналы атаулы сөйлемдер. Түн. Шалқыған ай. 2. Эмоциялы атаулы сөйлемдер. Күлуін! 3.Сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер. Қаңғыған неме! Өркенің өскір! Атаулы сөйлемдер мен екі бас мүшелі сөйлемдер функция жағынан да, құрылымы жағынан да тығыз байланысты. Функция жағынан байланысты дейтініміз - атаулы сөйлемдер мен екі бас мүшелі сөйлемдер мағына жағынан бірдей болып келе береді, бірақ олардың арасында ілгеріде аталғандай қызмет ерекшелігі болады: Мезгіл жаз еді. Ай жарқырап тұрған. - Жаз. Жарқыраған ай. Құрылымы жағынан да байланысты дейтініміз - көп жағдайда бұл екі құрылымдық түрдегі сөйлемдерді бір түрден екінші түрге ауыстырып, құрылысын өзгертуге келеді: Жаз ыстық. - Жаздың ыстығы-ай! Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты - жайылуы, кеңеюі, морфологиялық тұрпаты - негізгі мүшенің қай сөз табынан болуына, қай формадағы сөз болуына байланысты. Тасадан шыға келгенім! Шыжыңан ыстық! Сондықтан атаулы сөйлемдерді біз негізгі мүшенің грамматикалық тұр-тұрпатына қарай топтаймыз. Ол топтар - мыналар: негізгі мүшесі атау тұлғалы зат есімнен болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі сын есімнен болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі -ған-ген, тын-тін тұлғалы есімшіден болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі табыс септіктегі сөзден (зат, сын, есім, есімше, тұйық етістік) болған атаулы сөйлем. Соғыс басталар жыл, нағыз қызыл балақ бозбаламыз. Жауыннан жауын, жолға шыға алмай отырмыз. Сонымен бірге бұл атаулы сөйлемдер құбылысты, затты эмоциялы атау үшін де жұмсалады. Шіркіннің күлкісі-ай! Шіркін, осы ауылдың жастары-ай! Ойын-сауық десе жанып кетеді. Негізгі мүшесі сын есімнен болған атаулы сөйлемдер субъектіге тән сын, сапаны эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. Түннің қараңғысы-ай! Ту қараңғысы-ай даланың- деді Әдиев. Тіліңмен орақ орғышың-й сенің. Негізгі мүше қызметіндегі сын есім тәуелді формада тұрады. Бұл - субъектілік мағыналы сөз бен анықтауыштың байланысуы үшін туған жағдай: Менің оқығаным-ай! Сенің келгішің-ай! Негізгі мүшесі -ғыр-гір, қыр-кір жұрнағы арқылы жасалған сын есімнен болған атаулы сөйлемдер тілеу, сөгіс білдіру амалы болып жұмсалады. Оқымай кеткір! Көзің ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жайдың табанына салып бермек. Негізгі мүшесі -ған-ген, -қан-кен, -тын-тін тұлғалы есімшеден болған атаулы сөйлемдер іс-әрекет туралы пікірді эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. Күні бойы сарылып үйде отырған! Жай отырмайды, бірдемені жазып отырады. Сенің-ақ сағына беретінің-ай Тоба-ай, сенің түсінбейтінің-ай. Атаулы сөйлем құрайтын есімшелердің түр-түрінің қатысуындағы айырмашылық олардың шақтық мағынасына байланысты.Негізгі мүшесі тұйық етістіктен болған атаулы сөйлемдер іс-қимылды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. Тіпа, мынаның шешенсіп сөйлеуі-ай. Негізгі мүшесі табыс септіктегі сөзден (зат есім, сын есім, есімше) болған атаулы сөйлемдер де пікірді эмоциямен білдіреді. Мына жердің тауын-ай! Жүктің ауырын-ай! Мүләйімсуін! Балаларға қорған болған кісімсініп тұрғанын. Негізгі мүшесі атау септіктегі сөзден болған атаулы сөйлем мен табыс септіктегі сөзден болған атаулы сөйлемдердің жасалуында үлкен алшақтық жоқ. Соңғы сөйлемдер - тарихи өзгерестердің нәтижесі. Бұл атаулы сөйлемдердің негізгі мүшесі кейде -шы-ші жұрнағын үстеген күйде жұмсалады. Сұрының жаманыншы. Атаулы сөйлемнің мүшесінің құрамына -шы-ші жұрнағының қатысуы оның басқа ұқсас формалаларға еліктеуінен (аналогия заңы) болған. 29-сұрақ.Толымды,толымсыз,жалаң,жайылма сөйлемдер Сөйлем арқылы хабарланатын ойға қатысты сөздер кейде түгел айтылып, кейде олардың кейбіреулері ғана айтылуы мүмкін. Мысалы: Сырдың суы ышқынып ағады деген сөйлемде,ондағы ойға қатысты мүшелер түгел айтылған. Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес.Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді.Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды(Ғ.Мұстафин). Бұл үш сөйлемнің соңғы екеуінде мынадай сөйлем мүшелері ерекше айтылмаған: Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді дегеннің бастауышы Ардақ.Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды деген сөйлемдегі көңіліне, аяғы дегендердің ілік жалғаулы анықтауыштары-Ардақтың. Олар сөйлемде айтылмағанмен,бірақ,бұдан сөйлем түсініксіз болып тұрған жоқ, өйткені алдыңғы сөйлем мен соңғы сөйлемдердің өзара мағыналық байланысынан екінші сөйлемнің айтылмаған бастауышын, үшінші сөйлемнің айтылмаған бастауыштарын аңғаруға болады.Осылардай, ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем толымды болады да, ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз болады.Толымсыз сөйлемде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірі не бірнешеуі түсіріліп айтылуы мүмкін. Бірақ сол түсірілген мүшенің қай сөз екені алдыңғы сөйлемнен, толымсыз сөйлемдегі басқа мүшелердің жалғауларынан,сөйлемдердің,сөздердің өзара қатынасынан белгілі болып тұрады. Толымсыз сөйлемдер, әсіресе сөйлеу тіліне,солай болғандықтан,диалогты сөйлемдерге тән: -Кім жазды? -Слесарь Лапшин. -Қарындасым,сіздің атыңыз кім? -Лиза. Жайылма сөйлем — жалаң сөйлемнің құрамындағы бастауышты не баяндауышты, не түгелдей сөйлемді түсіндіру үшін құрамына тұрлаусыз мүшелердің біреуі немесе бірнешеуі енгізілу арқылы жасалған жай сөйлемнің түрі. Жайылма сөйлем жасаудың бірнеше жолдары бар. Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің төңірегіне топталады. Мысалы, “Еріншек егіншіден елгезек масақшы артық” (мақал). Осындағы “елгезек” сөзі “масақшы” сөзінің (бастауыштың) анықтауышы болып тұр. Сондай-ақ, “Адамның алып анасы — қара жер перзентін құшағына бір алады” сөйлеміндегі бастауыш қызметінде “жер”, оның анықтауышы “қара”, айқындауышы “ана” болып тұр. Ал “ана” сөзінің анықтауышы ретінде “алып” және “адамның” сөздері қызмет атқарады. Екінші жағынан, “құшағына алады” тіркесі баяндауыш бола тұрып, тура толықтауышты (“перзентін”) керек етеді. Жайылма сөйлем құрамындағы сөздер өзара әр түрлі синтаксистік байланыста болады. Мысалы, меңгере байланысу (“перзентін құшағына алады”), матаса байланысу (“адамның анасы”), қабыса байланысу (“алып анасы”), т.б. Тұтас сөйлемге қатысты сөздердің енгізілуі де жайылма сөйлемнің құрылуына себепші болады: “Екі қолын артқа ұстап, еңкеңдеп кәрі кемпірлер де келді”. Осындағы “екі қолын артқа ұстап, еңкеңдеп кәрі” деген сөз тізбегі — жалаң сөйлем болғалы тұрған сөйлемнің жайылма болуының белгісі. Оқшау, қаратпа, қыстырма сөздердің кірістірілуі де сөйлемнің жайылма болуына жағдай жасайды. Мысалы, “Осының өзіне елтіп, еліктеп, таусыла таңдануына қарағанда, бұның машығы өзі айтқан “жора-бозаның” төңірегіндегі желік сияқты” .“ — Ой, мынаны өзім еңдеп жүр едім ғой! — Ә, не дейді?”.Мұндай құрылымдар жазылуындағы тыныс белгілеріне сәйкес ауызша өздеріне тән айырым интонациямен айтылып, оқылады. Жайылма сөйлем құрауға сөйлемнің мүшелену заңдылықтарының да тікелей қатысы бар. Оның мәнісі: бастауыштың немесе баяндауыштың төңірегінде бір не екі сөз ғана топтаспайды, өз ішінде бірнеше сөйлем мүшесіне ажыратуға болатын сөздер тобы, яғни мағыналық бөлшек болуы әбден мүмкін.
Жалаң сөйлем— тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі. Жалаңаш сөйлем тек қана бастауыштан немесе тек қана баяндауыштан тұруы, я болмаса қос тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнен болуы да мүмкін.Жалаңаш сөйлемнің басты белгісі — бір тұрлаулы мүшенің немесе екі тұрлаулы мүшенің жай сөйлемге тән хабарламаны қамти алатындығы және сөйлемнің тұтастығы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, жалаңаш сөйлем сөйлемнің басқа түрлерінен ерте қалыптасқан. Жалаңаш сөйлем сөз таптарының қатысына қарай есімді де, етістікті де бола береді.
30-сұрақ. Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы,дамуы Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдер Қазан революциясынан бұрын да сөз болған.Олардың нағыз ғылыми дәрежеде зерттелуі-соңғы кездің жемісі. Құрмалас сөйлемдер, олардың түрлері,жасалуы туралы А.Байтұрсынов,С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Қордабаев сынды ғалымдар едәуір үлес қосты. Олардың еңбектерінде құрмалас сөйлемдер әр қырынан зерттеліп, қазіргі қазақ тілінде оның теориялық мәелелері айқындалады. Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден кейбір белгілеріне қарай ерекшеленеді. Жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де қызметі жағынан бірдей. Екеуін де сөйлеудің бір бөлігі деп ұққан дұрыс. Құрмалас сөйлемдер өздерін құрайтын сыңарларымен ерекшеленеді. Құрмалас сөйлемдерді талдауда негізінен олрдың қанша сөйлемнен құралатынын, әрбір сөйлемнің тиянақты, тиянақсыз баяндыауышы болатыны ескеріледі. Сол сияқты жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер бір-бірінен грамматикалық мағыналары жағынан да ерекшеленеді. Жай сөйлемдерде негізінен предикативтік, яғни жақ,модальдық жәнеуақыт жағы басым болса, құрмалас сөйлемдерде негізгі мәнге оларды құрайтын сөйлемдерге назар аударылды, соны айқындағаннан кейін,оның әрбір сөйлеміндегі жай сөйлем принципі басшылыққа алынады. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен тағы бір ерекшелігі- сөйлем санына байланысты десек, осының негізінде олардағы ой жай сөйлемдерге қарағанда күрделірек болады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің салалас құрмалас сөйлемнен негізгі басты айырмашылығы: оны құрайтын сөйлемдердің өзара қарым-қатынасында. Егер салаласқа енген сөйлемдер шартты түрде тең дәрежеде болса, ал сабақтасқа енген сөйлемдердің бірінші сөйлемі екінші сөйлемге үнемі бағынышты дәрежеде келеді. Сабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сыңарының баяндыуышы тиянақсыз формада айтылады. Есімше ,көсемше, түрлі шылаулардың қатысы арқылы жүзеге асады. Салалас құрмалас сөйлемде біріншіден, оның әрбір сөйлемі тең дәрежеде,2-ден әрбір сөйлемнің тиянақты баяндауыштары бар,3-ден оны құрайтын сөйлемдер бір-біріне бағынышты емес, олар бір-бірімен жалғаулықпен де жалғаулықсыз да байланысады. Жалпы салалас сөйлемдердің ішінде ең алдымен жалғаулықты түрлері алғаш қалыптасты да, ал жалғаулықсыз түрлері кейін қалыптасты, зерттелуі жағынан да сол іспеттес. 31-сұрақ. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы пікір, тұжырымдар П.М. Мелиоранский [5], Н.И. Ильминский [6]және т.б. түркітанушылар еңбектерінде көрініс табады. Авторлардың құрмалас деп көреткен сөйлемдері бүгінгі таным тұрғысынан алғанда жай сөйлемге жататындығына қарамастан, бұл еңбектердің сөйлем табиғатын танытудағы ролін жоққа шығаруға болмайды. Түркі тілдес халықтар ғалымдары да құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеу нысаны етіп алып қарастырды. Олардың қатарында М.З. Закиевтің «Синтаксический строй татарского языка», А. Жапаровтың «Синтаксический строй киргизского языка», Н. З. Гаджиева, Б.А. Серебренниковтардың авторлығымен жарық көрген «Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Синтаксис», Г.Г. Саитбатталовтың «Синтаксис сложного предложения в башкирском языке», К. Чонбашиевтың «Сложные предложения в русском и киргизском языке», Н. Нартыевтің «Строй сложного предложения в современном туркменском языке», сондай-ақ «Грамматика хакасского языка», «Грамматика татарского языка» т. т. еңбектерді атап өтуге болады. Аталған мәселе төл ғалымдарымыздың да назарынан тыс қалмады.
Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол нысаны құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір, М. Серғалиев, Б. Шалабай еңбектерінің мәні зор.
Қазақ тілі құрмалас сөйлемдерінің зерттелу тарихы бізге дейін де кейбір еңбектерде арнайы сөз етілген. Мұны кеңестік кезеңде Қ.Есенов, Т.Қордабаев сынды ғалымдар қарастырып, құрмалас сөйлем зерттелуінің кезеңдеріне талдау жасаған [1.2.]. Аталмыш еңбектерде мәселенің ғылыми-теориялық жағына тереңдеп бармай, жалпы шолу түрінде айтылады.
Біз, ең алдымен, сол ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып, мәселеге бүгінгі күннің деңгейінен, синтаксис ғылымының қазақ тіл білімінде және орыс, батыс тіл білімінде қазіргі қарастырылуы тұрғысынан ой қорыттық.
Қ.Есенов өзінің 1969 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер» атты еңбегінде құрмалас сөйлемнің біраз мәселелерін қамтып, зерттелу тарихына тоқталған. Ғалым кеңес өкіметі тұсындағы құрмалас сөйлемнің зерттелу барысын сөз ете отырып, оны үш кезеңге бөліп қарастырды:
1930-1940 жылдардың арасы;
1940-1950 жылдардың арасы;
1950 жылдардан осы кезеңге дейінгі дәуір (автордың «осы кезеңі» шамамен, 60-жылдардың орта шені)[1, 9].
Алайда, Т.Қордабаев Қ.Есеновтің бұлайша бөлуін тарихи дәлсіздік деп қарайды. Ғалымның өз сөзімен дәлелдесек: «Автор (Қ.Есенов) қазақ тілі синтаксисінің кеңес дәуірінде зерттелу тарихын Қ.Жұбановтың 1936 жылы жарық көрген бағдарламасынан бастауды жөн көріпті. Ақиқатына келсек, синтаксиске қатысты терминдер де, сөйлем мүшелерінің, сөйлемдердің күні бүгінге дейін қолданылып жүрген классификациялық жіктелуінің негізгі түрлері де 20-жылдардағы оқулықтардан басталады... С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев тәрізді ғалымдардың 50-жылдарға дейін қолданған сабақтас сөйлем компоненттерін сөйлем мүшелерінің атымен атаулары да осы 20-жылдардағы оқулықтардан басталған, - деп сын айтады [2, 60].
Біздіңше, Қ.Есеновтің бұлайша кезеңдерге бөліп қарастыруына түрлі жағдайлар әсер еткен. Біріншіден, ең басты себебі – ол кезде әлі қазақ тіл ғылымының негізін салушы, Т.Қордабаев айтып отырғандай, негізгі тіл терминдерін жасап кеткен, «ұлт көсемі» аталған А.Байтұрсынұлының аты саяси жаладан ақталмаған болатын. Қордабаевтың өзі де оны ашып айтпай, тек меңзеп қана отыр. Екіншіден, қазақ тілінің бағдарламасы мен оқулықтары алғаш рет 1930 жылдардың басынан жарық көрген. Осы жағдайларды ескере келіп, автор өз еңбегінде құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелу барысын осылайша бөлуді жөн көрген секілді.
Дегенмен, сол алғашқы кезеңнің өзінде қазақ тіл білімі ғылымының теориялық негіздері сапалы ғылыми ізденістер негізінде қалыптаса бастағанын қазіргі зерттеулер көрсетіп отыр. Сондықтан қазақ тілі синтаксисінің де теориялық берік негіздері сол алғашқы дәуірдегі қазақ тіл білімі классиктерінің еңбектерінде жатыр деп білеміз.
Ғалым Т.Қордабаев құрмалас сөйлем туралы қазақ тілінде айтыла бастаған алғашқы пікірлерді А.Байтұрсынов жазған «Тіл құрал» атты оқулықтан және оқу бағдарламаларынан кездестіруге болатындығын айтады. Ол: «Қазірде қолданылып жүрген басқа да көптеген лингвистикалық терминдер сияқты «құрмалас» сөзі сол оқулықтардан (20-жылдардағы) басталып еді. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралатын күрделі категория. Кейбір ғалымдар (Қ.Жұбанов) құрмалас сөйлем деген атауды «күрделі сөйлем» дегенмен ауыстыруды да ұсынды, бірақ бұл термин сіңісе алмады» - дейді[3, 14]. Ғалым қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесіне қатысты зерттеулердің отызыншы жылдардың аяқ кезінен бастап молырақ көріне бастағанын айтады. Бұл арада құрмалас сөйлемнің беделді зерттеушілеріне А.Байтұрсынов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжоловтарды жатқызады.
Осы ізбен құрмалас сөйлем теориясын кейінгі кезеңде зерттеп жүрген Т.Ермекова Қ.Есенов атап өткен үш кезеңге төртінші кезеңді қосты. Себебі, төртінші кезең алдыңғы озық идеялы аға буын өкілдерінің ізін жалғастырушы жас ғалымдар легін қалыптастыстырды деп көрсетті. Ғалым олардың қатарында Р.Әмір, М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев, Б.Шалабай, Ж.Жақыпов, Б.Сағындықұлы т.б. ғалымдарды жатқызады[4, 17].
32-сұрақ. Құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері. Кемінде 2 жай сөйлемнен тұрып, олардың құрылымдық және мағыналық бірлігінен тұратын сөйлем- құрмалас сөйлем. Жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де компоненттік қызметі жағынан тең болып келеді. Ал пайымдау жағына келгенде бұлар ажыратылады. Құрмаласта кемінде 2 пайымдау бар.
Айырмашылығы. Құрамы жағынан алғанда жай сөйлем жеке мүшелерден тқрады, ал құрмалас кемінде 2 немесе бірнеше предикативтік бөліктерден тұрады.
Негізгі белгілері: 1) Құрмаластың әрбір компоненті мейлі ол тиянақты болсын, мейлі тиянақсыз болсын, бәрібір 1 сөйлемдік мағынаға ие болуы, 1 ойды қамтуы керек; 2) Құрмалас компоненттің білдіретін мағыналары бір-біріне жақын, белгілі бір дәнекерлер арқылы ұштасып жататын күрделі ой болуы керек; 3) Құрм. Құрамына енетін әр компоненнт сөйлемге тән жалпы қасиетке ие болуы керек: а) коммуникативтік мән; ә) модальдылық сипат; б) предикативтік қатынас. 4) Құрм. Сөйлем бойында 2 түрлі интонация(тиянақты және тиянақсыз ұласпалы инт).
Жасалу жолдары:
Алдыңғы комп-ң баяндауышының тиянақсыз пішінде келуі. Мұндайда алд. Комп-ң баяндау. Көсемше шартты рай, есімше-ң әрт өзгермелері тұлғасында болады.
Атау, барыс, шығыс септігі есімшеге септеуліктің я болмаса септеулік мәніндегі басқа сөздердің тіркесуі арқылы.Мыс: Ақбілек жылағын соң, Ұрқия да жылады.
Комп-р бір-бірімен жалғаулық шылаулар не солар мәндес сөздер арқ құрмаласады(салалас құрм.)
Мағ жалғастығы, интон арқ, жалғаулықсыз бір-біріне іргелес айтылып байланысу. Мыс: Істің жайын енді түсіндік: ертең сабақ болмайды екен.
Құрмалас-шы-түйістірме сөздер(коррелят сөздер)- қалай-солай, егер-онда, қанша-сонша, нені-соны, т.б.
Құрм. Сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдердің бір-біріне құрмаласу жолдары, арақатынастары біркелкі болмайды. Олардың кейбіреулері белгілі шамада болса да, өз дербестіктерін сақтай бір-біріне онша тәуелдә болмай теңдік қатынаста тұрып құрмаласса, екінші біреулері сөйлемдік дербестіктерін жойып, бір-біріне тәуелді қатынаста құрмаласады. Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласуындағы осы айтылғандай ерекшеліктеріне сәйкес, әдетте құрмалас сөйлем күрделі 3 топқа бөлінеді:
А) Салалас құрмалас сөйлем- құрмалас құрамына енген жай сөйлемдердің бір-біріе бағынышты , тәуелді болмай өзара теңдік қатынаста тұрып құрмаласуы. Мыс: Менің тәугі оқыған жылым ғой, молданың қандайының жақсы, қандайының жаман екенін мен қайдан білейін.
Салалас құрмалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдеріне орай топтаймыз: 1. Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы(жалғаулықсыз салалас)- мезгілдес, себептес, қарсылықты, талғаулы, кезектес; 2. Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы(жалғаулықты салалас)-мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, салыстырмалы, шартты, көп компонентті.
Ә)Сабақтас құрмалас сөйлем-компоненттері өзара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысатын құрмалас с. Бағынушы компонент мейілінше тиянақсыз болады, айтыла қалған күнде де өз бетінше тұрып сөйлем бола алмайды. Ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрге бөлгенде, олардың бағыныңқы копмоненттері мен басыңқы копм-ң мағыналық қарым-қатынастары басшылыққалынады, түрге бөлінеді:
1.Шартты б.саб; 2. Қарсылықты; 3. Салыстырмалы; 4. Мезгіл; 5. Себеп; 6.қимыл-сын; 7. Мақсат;8. Мезгілдес.9. көп бағыныңқы саб.
Б) аралас құрмалас сөйлем- құрмалас сөйлем құрамына енген жай сөйлемдер өзара әрдайым не бірыңғай салаласа, не бірыңғай сабақтаса байланысып отырмайды. Көп жағдайда құрмаласудың осы екі тәсілінің бір сөйлем ішінде қатарымен келе беретіні болады. Мыс: Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.
Қордабаев, Балақаев, қазіргі қазақ тілі
33-сұрақ. Салалас құрмалас сөйлем. Оған тән белгілер.
Салалас құрмалас сөйлем деп - компоненттердің тиянақты формаларда тұруы, өз бастауышымен қиысу арқылы түрленетін сөйлемнің түрін салалас құрмалас дейміз.
Салаласа құрмаласу деп, құрмалас құрамына енген жай сөйлемдердің бір-біріне бағынышты, тәуелді болмай, өзара теңдік қатынаста тұрып құрмаласуын айтамыз. Құрмаластың бұл түрінің құрамындағы жай сөйлемдердің өзара теңдік қатынаста болғандығының бірден-бір себебі олардың баяндауыштарының грамматикалық форма жағынан бір-біріне тәуелсіз өзара тең болып келетінінде. Мысалы, Түйебайдың сылтауы шамалы, сондықтан оның таяқ жейтініне менің де, өзінің де көзі жетті. Бұл мысалдағы құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш формалары, ол компоненттердің орналасу тәртібіне қарамастан,тиянақтылық жағынан өзара тең, бір-біріне тәуелсіз. Салалас құрмалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдер әрдайым іргелесе құрмаласып отырмайды, жай сөйлемдерді бір-бірімен салыстыра құрмаластырудың одан басқа да бірнеше тәсілдері болады. Олар:
