Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sintaxis_s_1201_ra_1179_taryna_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249.89 Кб
Скачать

12 Сұрақ. Баяндауыш

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүшебаяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.

 Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;

2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойдытиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағынажауап береді.

 Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.

 Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкеніЖолаушылар саны – отыздай.

 Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.

 Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңқалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.

Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара

Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс орны.

 

Күрделі

Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.

 

Үйірлі

Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу.

 

 

Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей бастады.

 Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.

 Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.

 Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.

 Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы –осы.

Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі.

 

Сөз табы

Мысалдар

Етістіктер

Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.

Сын есімдер

Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.

Зат есімдер

Бүгінгі жастар – бақытты жастар.

Сан есімдер

Төрт жерде төрт – он алты.

Есімдіктер

Мәдениет сарайы – анау.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.

13- сұрақ. ҚИЫСУ- синтаксистік байланыстың жиі ұшырайтын бір түрі. Ол сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқысының басыңқы сөздерге икемделе, олардың грамматикалық мағыналары мен тұлғаларына үйлесіп тұратын сөздер арасында болады.қиысу. қиысуға тұлғалық үйлесімі бар сөздер тіркесті түгел ене бермейді, тек сөздер тіркесінің бағыныңқы бөлегі басыңқы бөлегіне бейімделіп үйлесуі ғана енеді.

Қ т/де сөздер бір-бірімен орыс тіліндегідей, септік жалғауларында қиыспайды, тек оңашаланған айқындауыштар ғана айқындайтын сөздері қандай септік жалғауда тұрса, сол жалғауда тұрып қиысуы мүмкін. Баяндауыштың бастауышпен қиысуы «жақтық не көптік» болады.

Баян/ң белгілі жақтық мағынада, жақтық тұлғада айтылуы еркін бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздердің жақтық мағынасы билейді. Бастауыш болатын негізгі сөздер – зат есімдер мен жіктеу есімдіктері. Олардан басқа сөздер де субчтантивтеніп, бастауыштық қызметте жұмсала береді. Сол сөздердің тек төртеуі- 1 және 2 жақтық жіктеу есімдіктер (мен, біз, сен, сіз) 1,2 жақтық бастауыш болады да, олардан басқа сөз атаулының бәрі бастауыш қызметінде тек 3 жақтық мағынада айтылады. Сонд «жұмабай айтты» деген сөйлемнің де, «жолдасым айтты», «жолодасың айтты» деген сөйлемнің де басндауыштары 3 жақтық бастауышпен қиысып, сол 2 жақта тұрады.

Бастауыштың баяндауышпен жақтық қиысуының 2 түрі бар: 1) жалғаулы қиысу; 2) жалғаусыз мағыналық қиысу

Түркі тідері жайлы әдебиеттерде жалғаулы қиысуды 1,2 жаққа, кейде басндауыш ашық райлы етістік болғанда 3 жаққа тән,; жалғаусыз, мағыналық қиысуды тек қана 3 жақтық есім баяндауыштарға тән деген көзқарас берік орын алып келеді. Қ т/ң материалдарына қарағанда, мағыналық қиысу, 1,2 жақта да бар екені байқалады. Ол сен тұр, сен шық сияқты бұйрық райдың баяндауыш болуын қоспағанда, мынадай сөйлем құрылысында кездеседі:

*сіз- жалын шоқ, біз – бір май (абай)

*мен-президент

*мен келгенде, сен үйде жоқ едің

Сен шақырғанда, ол келер ме еді?

*Біз көрдік дегенде –ді+к әрі бірінші жақтық, әрі көпше мағына білд.

Сандық қиысу. Баяндауышты бастауышпен сандық мағынада қиыстыру үшін жұмсалатын жіктік жалғаулар:

Бір сөздің қайталануы арқылы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасында болады. Олар қолданылу ерекшеліктеріне қарай әр түрлі жақтарда және дара,көпше түрінде де бола береді. Әсіресе мұндай кезде олардың қай сөз таптарынан болу жағы ерекше қызмет атқарады. Біз оларды қай сөз таптарынан болуына қарай былай топтап көрсетеміз:

  1. Зат есім мен зат есім арқылы.Қиыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің бастауышы көбінесе нолдік,тәуелдік формадағы зат есімдер болады. А ) Бастауышы нолдік формада келуі. Мысалы: Есеней Есеней ғана бола алса керек. Малсыз күй күй болмады. Ә) Бастауышы тәуелдік формада келуі: Қарғыс атқандардың басы да бас емес, қолы да қол емес.

Б)Кейде бастауышы көмекші сөздердің қосақталуы арқылы келе береді. Күнә екені күнә, бірақ қылмыс емес. Бір сөздердің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің баяндауыштары да тек сол сөздер болуы тиіс. Бірақ баяндауыш болатын ондай сөздер тек бастауыш сияқты тқлғада да келе береді, кейде бастауыш жеке дара болғанымен сол сөздің қайталануы арқылы жасалған баяндауыш таза күйінде немесе ондай сөздерге түрлі көмекші етістіктердің де тіркесі арқылы келе береді. Оны жоғарыдағы мысалдардың баяндауышы көрсетеді

  1. Сын есім мен сын есімнің тіркесі: Тәуірі тәуір. Қызылы қызыл, жасылы жасыл болып кесіліп жатыр.

  2. Есімдік пен есімдіктің тіркесі: Өзгесі өзге еді бүгінгі қылығын не деп дәріптейді. Менікі де менікі, сенікі де менікі.

  3. Етістік пен етістіктің тіркесі: Мынау көрген- көрген емес. Осы тоқтағаның тоқтаған.

  4. Үстеу мен үстеудің тіркесі: Бұрынғысы бұрынғы ма, қазіргіңе жол болсын?

  5. Бар, жоқ сөздерінің өзара тіркесі: Бары бар, жоғы жоқ, қойын алар бөрі жоқ. «Бары бар- ау, бірақ менікі елде жоқ неме» - деп қыбыжықтай берген Сәкен шынын айтты.

14- сұрақ. Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады. Сызықша койылатын жерлер: 1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: жастар — біздің болашағымыз. Еңбек ету — ардақты іс. Ел намысы — ер намысы. (Мақал). Ол — инженер. Баяндауыш болған сөздердегі жіктік тұлғаның үшініш жағыңда арнайы қосымша жоқ. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы синтаксистік қатынас интонация арқылы беріледі. Бірінші сөйлем баяндауышындағы -ымыз — жіктік жалғау емес, I жақ тәуелдік жалғау; сондықтан да ол бастауыштың қай жақта тұрғанын білдіре алмайды. 2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл — мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы. (А. X.) Бұл — үлкен қуаныш. (А. Лекеров) Ол — үлгілі пионер. 3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан. 4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов) Менің ұмтылған тілегім — қалай да пайдалы адам болып шығу (Ы. Алтынсарин). 5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз. 6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов) Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай). Әлі де беделі — бедел (Ғ. Мұстафин). 7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады: Жүз — жиырма беске бөлінеді. Елу — беске қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер астында. (Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады). Мен білмейтін — жер астында түрінде білмейтін деген бастауыштан кейін сызықша қойылмаса білмейтін нәрсе емес, жер деп түсінілуі мүмкін. 8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады: Асыл — тастан, ақыл — жастан (Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады). Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы. (Абай). 9. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Гипотеза дегеніміз — ғылыми жорамалдар. Көрдім деген — көп сөз (Мақал). Балалар әдебиеті дегеніміз — балалар тәрбиесі деген сөз (Ш. Ахметов).

15 сұрақ. Толықтауыш жасалуы, мағыналық түрлері. Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше – толықтауыш. Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері: 1) атау мен іліктен басқабарыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріптұрады; 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; 4) толықтауыштың байланысу түрі –меңгеру мен жанасу.

 Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара толықтауыш; 2) күрделітолықтауыш; 3) үйірлі толықтауыш.

 Бір сөзден болған толықтауыш дара толықтауыш деп аталады. Мысалы: АбайЕрболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты.

 Күрделі сөздерден болған толықтауыш күрделі толықтауыш деп аталады.Күрделі толықтауыш төмендегі жолдармен жасалады:

 1. Күрделі зат есімнен: Ата-анасын (кімді?) сыйлаған адам қор болмайды.Күрделі сын есімнен: Марат күрең қасқамен (немен?) ойқастай жүрді.Күрделі сан есімнен: Жүз – жиырма төртке (неге?) қалдықсыз бөлінбейді.

 2. Негізгі сөз бен көмекші есім немесе көмекші етістік арқылы: Үй ішіне(кімдерге?) сырттағы дауыс қатты естілді. Абай биік мансаптың биік жартас екенін (нені?) айтқан.

 3. Туралы, жөнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы: Абай Әбдірахманның болашақ жоспары туралы (не туралы?) сұрап-білді.

 Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады. Мысалы: Көкірегі ашық, білімі тереңге (кімге?) өмірде қиындық кездеспейді. Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?) толып тұр.

 Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: 1.Тура толықтауыш 2.Жанама толықтауыш. Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш бола алады. Ол заттың қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланысты болады. Өйткені сабақты етістіктер сөйлемде қандай мүше болмасын, әр уақытта өзіне басқа затты тура толықтауышты керек етіп, ілестіре жұмсалады. Мысалы:Баяндамашы баяндамасын аяқтады. Жас құрақтар көлдің суын сипап тұр. Бұл мысалдардағы етістіктердің қимылы басқа бір затқа ауысып түсіп тұрса, екінші жағынан сол зат етістіктің қимылдық мағынасын толықтырып тұр. Сондықтан олар біріне-бірі сабақтасып, бірінсіз-бірі жұмсалмайды десе де болады. Сабақты етістіктер сөйлемде тура толықтауыш болмаса, сөйлем олқыланып, кейде түсініксіз болып тұрады. Мысалы: Мен көрдім дегенде кімді, нені көргеніміз айтылмағандықтан, сөйлем олқыланып тұр. Тура толықтауыштар қазақ тілінде тек сабақты етістіктермен ғана емес, есімдер мен көмекші етістіктермен болған құрама баяндауыштармен де байланысты болып, соларды толықтап тұрады. Ондай құрама баяндауыштар мынадай болады: жақсы көру, жек көру, мақұл көру, артық көру, сөз ету, табыс ету, т.б. Мысалы: Олар өткен жылғы табыстарын баянды етті. Гүлнар әзірге емі жоқ сырқаттың емін табуды арман еткен.(С.Мұқанов). Тура толықтауыштың грамматикалық тұлғасы – табыс септігі. Одан басқа септік жалғауларда айтылған тура толықтауыш болмайды.Түркітанушылардың еңбектерінде тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз болатыны туралы пікірлер ертеден бар. А.Казембек «Общая грамматика турецко-татарского языка» деген 1846 жылы шыққан кітабында «қимылға қатысты зат белгісіз болғанда және ол – етістіктің дәл алдында тұрғанда табыс септік атау септігімен алмастырылады », - дейді. 1869 жылы Қазанда шыққан «Алтай тілінің грамматикасы» да, сол ізбен, тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуын оның белгілі, белгісіз зат болуынан деп түсіндіреді. Тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалу себептерін түсіну үшін, олардың әрдайым жалғаулы болып жұмсалуын айұындау керек: 1)тура толықтауыш өзіне қатысты сөздер қашықтап тұрып, (толықтауыш пен толықталатын сөздің) екеуінің ортасында басқа сөйлем мүшесі тұрса, ол жалғаулы болады: Кітапты кітапханадан алдым. 2)экспрессивті мағынада жұмсалатын күрделі не қосарлы етістіктердің жетегінде айтылатын тура толықтауыштар да әрдайым жалғаулы болады: Асқар есікті ашып кеп жіберді.

Табыс септігіндегі тура толықтауыштардан басқа, барыс, шығыс, көмектес және жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыш деп аталады. Олай аталуы – оның сөйлемдегі басқа сөздерге қатысы қалай болатынымен байланысты: жанама толықтауыштар тура толықтауыштардай, сабақты етістіктермен ғана тығыз байланысты айтылмай, негізінде сабақты және салт етістіктермен алшақ байланыста тұрып, оларды жанама түрде толықтайды. Субъектінің қмиыл процесін, күйін білдіретін етістіктер жанама толықтауыштарды меңгеріп, оның тиісті жалғауда тұруын керек етеді: Шолпанның жүрегіне түскен жара мәңгі болғаны ма?(М.Жұмабаев).

16 сұрақ. Анықтауыш жасалуы, мағыналық түрлері. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді.  Күрең (қандай?) ат еш нәрседен үрікпей сұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып келеді. Екінші (нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды. Қалиқа – Ұлжанның (кімнің?) ауылдан ертіп келген серігі. Шеткі (қай?) үйден көңілді (қандай?) әуен естіліп жатты. Тілек сегізінші (нешінші?) сыныпта оқиды. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы: күрең ат, сұлу жүріспен, Ұлжанның серігі, шеткі үй,  сегізінші сынып, т. б. Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат есімдернен оқшауланбай, қатар тұрып, қабыса байланысады, олар фразалық бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады. Мысалы, семіз қой, гүлденген өмір сияқты анықтауыштық тіркестегі сөздер жұбын жазбай қабыса байланысады да, тиісті грамматикалық тұлғалар тек анықталатын зат есімдерге жалғанады. Анықтауыштар сөйлемде заттың әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жұмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар түгел сөйлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады. Сондықтан олар әдебиетте көрікті ойдың көркем бояуы қызметінде де жұмсалады. Бұйра толқын, асау терек, алтын күн, жазық дала, жұмсақ жел, т.б.

Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) дара анықтауыш; 2) күрделі анықтауыш; 3) үйірлі анықтауыш.

 Дара анықтауыш бір сөзден құралады. Мысалы: Елімізде орманды жерлер көп кездеседі.

 Күрделі анықтауыш екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: Ұлпа Керей еліндегі Байтүменов Бекбердінің қызы екен.

 Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауышдеп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу. Қабілеті бар (қандай?)оқушы мақсатына жетеді. Қапырық ауаға тұншыққан (қай?) жолаушылар қалың талдың көлеңкесіне келіп саялады.

 Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштардың мағыналары әр түрлі болады. Оларды мағынасына қарай негізгі екі топқа бөлуге болады: 1) сапалық анықтауыш, 2) меншікті анықтауыш.

Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады. Меншік анықтауышқа ілік жалғауындағы айтылған анықтауыштар жатады. Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздерімен қабыса байланысады, меншікті анықтауыштар матаса байланысады.

Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі

 

Анықтауыш болатын

сөз таптары

Мысалдар

Сын есімдер

Қарақат – тәтті де сұлу жеміс. Тоғайдакәрі үйеңкі, торы тобылғы өседі.

Зат есімдер

Тоғайдың күміс қабықты қайыңы менмыс қабықты мойылы ерекше көз тартады.

Сан есімдер

Қазақстан жерінде тарихта қалған жетікеремет бар.

Есімдіктер

Бұл кітап адамды ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді.

Есімшелер

Алабұртқан көңілі әлденеге елеңдей берді.

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Мойылдың дәмі таңдайыңнан кетпейді.

17 сұрақ. Пысықтауыш. Жасалуы, мағыналық түрлері. Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Неге? Не үшін?

 Пысықтауыштың негізгі белгілері:

1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынан пысықтап тұрады; 

2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді;

3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.

 Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді:

1) дара пысықтауыш;

2) күрделі пысықтауыш;

3) үйірлі пысықтауыш. 

Пысықтауыштың түрлері

Мысалдар

Дара пысықтауыш

Алыстан бірнеше салт атты көрінді.

 

Күрделі пысықтауыш

Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.

 

Үйірлі пысықтауыш

Ит жоқта қорада шошқа үреді.

 

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді:

1) мезгіл пысықтауыш;

2)мекен пысықтауыш;

3) мақсат пысықтауыш;

4) амал пысықтауыш;

5) себеп пысықтауыш;

6) мөлшер пысықтауыш.

 Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Мезгіл пысықтауыш

Қашан? Қай кезде?

Қай уақытта?

Жолаушылар кешке қарайаттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.

Мекен пысықтауыш

Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан?

Оқушылар қала сыртынадемалуға бармақшы. Ата-анасыжайлауға көшкелі жатыр.Жоғарыдан бір топ аттылытөменге қарай түсіп келеді.

Мақсат пысықтауыш

Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?

Кітапханадан кітап алғалыкелді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.

Амал пысықтауыш

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Әйгерім бұл сөзге жымиыпкүлді. Жас әнші бұлбұлшасайрады. Бала үлкендершесөйлеп отыр.

Себеп пысықтауыш

Неліктен? Не себепті?

Жұмысты бітірмегендіктенуақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.

Мөлшер пысықтауыш

Қанша? Қалай?

Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]