Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sintaxis_s_1201_ra_1179_taryna_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249.89 Кб
Скачать

3 Сұрақ. Сөз тіркесі (жалпы сипаттама). Оған тән белгілер.

Тіл білімінің грамматика саласының бірі синтаксис (грекше «syntaxis»). Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім. Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Құрамы үш не одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсу. Алматы қаласында тұру, ойда жоқта кез болу т. б.

Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

 ● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

 ● толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;

 ● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

 ● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

  Сөйлем ішіндегі сөздердің әр түрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесініңқұрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көріктітабиғат, т. б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы жәнебасыңқы сыңарға бөлінеді.

Сөйлем ішіндегі сөздердің әр түрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесініңқұрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көріктітабиғат, т. б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы жәнебасыңқы сыңарға бөлінеді.

 Бағыныңқы сыңары    Басыңқы сыңары

Жиырма     оқушы

Тосыннан келген     хабар

Кеше      хабарласты

Саны      он үш

 Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделі сөз тіркесі.

 

Синтаксистік жай тіркес

Синтаксистік күрделі тіркес

Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез.

Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі

 

Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т. б.

 Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т. б.

  Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.

 

Тұрақты сөз тіркесі

Білдіретін мағынасы

Ағаш атқа мінгізді (қайтті?) Ағаштан түйін түйген (қандай?)

Әліпті таяқ деп білмейді (қайтпейді?)

Басқан ізін білдірмеді (қайтпеді?)

Беті бүлк етпеді (қайтпеді?)

Гүлдей солды (қайтті?)

Дамыл таппады (қайтпеді?)

Екі аяғын бір етікке тықты (қайтті?)

Жаны ашыды (қайтті?)

Зәресі зәр түбіне кетті (қайтті?)

Иманын ұшырды (қайтті?)

Сөз қылды, келеке қылды.

Аса шебер, өте өнерлі

Хат танымайды, сауатсыз (қандай?)

 

Істегенін сездірмеді (не істеді?)

Ұялмады, қысылмады

Сары уайымға салынды

Тыныштық көрмеді, демалмады

Састырды

Аяды, есіркеді, мүсіркеді

Қатты қорықты, үрейі ұшты

Қорқытты, үрейін алды

 

Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы әкесіне тіл тигізу – не істеу? деген бір сұраққа жауапбереді, бір ғана ұғым атауы болады.

  Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістікболса, етістікті сөз тіркесі болады.

 

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір.

Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.

Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады: 1) жалғау арқылы;

2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.

  Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.

  Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайынжаттықты, ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл менжапырақ, қалам және қарындаш, т. б.

  Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т .б.

Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай – ақын, Сәбит – жазушы, мектеп – кеме, білім – теңіз, т. б.

  Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар: 1) қиысу;

2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.

  Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).

  Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т .б.

  Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т. б.

  Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелесбайланысқан түрі. Мысалы, кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т .б

  Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.

  Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қарым-қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тән лексика-грамматикалық мағына да пайда болады. Сөз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас және пысықтауыштық қатынас.

1. Анықтауыштық қатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән.Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман.Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қандай? қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? нешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады.

  Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел – табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл – заттың түсі,тәтті тамақ, ащы сорпа – тамақтың дәмі.

2.Толықтауыштық қатынас меңгеру байланысындағы есімді және 

етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.

  3. Пысықтауыштық қатынас меңгеру, қабысу және жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?

  Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалық мағынада жұмсалады: істің мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі.Мысалы: оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.

Синтаксистікқатынастың түрлері

Байланысу түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Анықтауыштық қатынас

Матасу,

қабысу

Кімнің? Ненің?

Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші?

Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй.

Толықтауыштық қатынас

Меңгеру

Кімге? Неге?

Кімді? Нені?

Кімде? Неде?

Кімнен? Неден?

Кіммен? Немен?

Балаға мейірімді, жұмыстыжандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу.

Пысықтауыштық қатынас

Меңгеру, қабысу,

жанасу

Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен?

Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б.

 

СӨЗДЕРДІҢ  БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ

Кез келген сөздердін қатар тұруы синтаксистік сөз тіркесі болып есептеле бермейді. Еркін сөз тіркесі үшін сөздердің байланысы белгілі заңдылығы болады, демек, бұл жағдайда сөздер белгілі бір тәсілдермен байланысады. Ондай тәсілдер қазақ тілінде төртеу: 1. Жалғау арқылы байланысу; 2. Шылау арқылы байланысу; 3. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу; 4. Дауыс ырғағы арқылы байланысу. 1. Жалғау арқылы байланысу деп септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы байланысуды айтады. Осы жалғаулардын қатысуымен сөздердің өзара байланысынан белгілі синтаксистік мағына туып отырады, Мысалы, Мен үйге келсем, Әбдрахманның қаладан келгенін естіп, үйдің іші қуанып отыр екен. (Б. М.) деген сөйлемдегі Әбдірахманның  келгенін, үйге келсем, қаладан келгенін де­ген сөз тіркестері бағыныңқы сыңарына ілік (Әбдірахманның), барыс (үйге) шығыс (қаладан) септігі  жалғаулары жалғану арқылы жасалып тұр.   2 Сөздер шылаулар арқылы да байланысады. Мысалы: Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма жыл (Абай) дегендегі өзіндң сөзі мен үйренсең сөзінің тіркесуіне үшін шылауы септігін тигізіп, мақсаттық мағына тудырып тұр. Мысалы: желге қарсы жүру, ақырына дейін күту, оқыған соң ойлану, айтқан сайын қыза түсу т. б, 3. Сөздердің байланысуында тұрақты орын тәртібі ойдың айқындығын қамтамасыз етеді. Мысалы: Шайқалған қымыздың иісі көш  жерден мұрынға келеді (С. С). 4. Сөздердің байланысуының сонғы тәсілі — дауыс ырғағы. Мұнда екі сөздің орын тәртібі тиянақты болумен бірге; екеуінін арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екіңші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда екеуі сызықшамен ажыратылады. Мағжан —шын. Асан қайғы — философ, Қаныш-ғалым,  дауыс ырғағы арқылы байланысқан сөздер сөйлем құрады да,  алдыңғы сөз бастауыш, соңғы сөз — баяндауыш қызметін атқарады. СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ (ФОРМАЛАРЫ) Қазақ тілінде өзара байланысқан сөздер мағынасы мен байланысу тәсілдеріне қарай: 1. қиысу, 2. меңгеру, 3. матасу, 4. қабысу 5. жанасу болып бес түрге бөлінеді:

4 сұрақ. Сөз тіркесінің ұйытқы сыңарға байланысты түрлері. Есімді сөз тіркесі Есімді сөз тіркестері— сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есімсан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.

  • Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.

    • Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.

    • Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).

    • Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістікболса, етістікті сөз тіркесі болады.

 

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір.

Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.

ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Етістікті сөз тіркестеріне қабысу амалы арқылы бағыныңқы компонент ретінде қатысатын сөздер мыналар: сын есімдер, сан есімдер, көсемшелер, үстеулер, еліктеуіш сөздер. Етістікті сөз тіркесіне бағыныңкы болып сын есімдер жаппай еркін қатыса бермейді. Етістікпен мол тіркесетіндер -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз жұнақтары арқылы жасалған сын есім сөздер:сынаптай құбылды, шайдай ашылды, дамылсыз сөйледі.

Сан есімдер етістікті сөз тіркесіне негізінен дүркіндік, көлемдік мағыналы рет, есе сөздерінің жетегінде кірігеді: екі рет сүңгіді, екі есе өлшеді. Тек ауызекі сөзде немесе осы стильге еліктеген жазба тілде сан есім етістікпен тікелей қабысып тіркеседі: ол ұзағанша артына үш қарады. Соңғы тіркес — толық варианттың шегерілген түрі. Үш рет қарады — үш  қарады.[27-б]

 ЗАТ ЕСІМДІ ҚАБЫСТЫРЫП ҚАТЫСТЫРҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ   ТІРКЕСТЕРІ Атау күйіндегі зат есім мен сабақты етістік сөздің, қабысуы аркылы құрылған сөз тіркестері объектілік қатынасты білдіреді: асфальт төседі, кітап үлестірді, киім киді. Іс-әрекет пен объектінің арасындағы қатынас «табыс септіктегі зат есім—етістік болып» құралған сөз тіркестері аркылы да білдіріледі: асфальтты төседі, кітапты үлестірді, киімді киді.

СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Үстеулер қимылға тән амалды, сапаны, мезгілді, мекенді атайтын сөздер болғандыктан, олар етістіктермен мол тіркеседі және олар морфологиялық өзгеріске түсе алмайтын болғандыктан етістікпен тек қабысып тіркеседі. Тіркескен үстеу сөз бен етістік мынадай мағыналық катынаста тұрады: 1. Мезгілдік — жаңа қарады, ерте бітті, биыл көшті. 2. Мекендік — әрі отырды, кері бұрылды т. т. 3.Амалдық — шапшаң көнеді, бастан-аяқ айтты, қасқырша ұлиды.[28-б] ЕЛІКТЕУШІ СӨЗДІҢ ҚАБЫСУЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Еліктеуіштер — мағынасына орай тек етістіктермен тіркесіп, қимылдың сапасын, сынын білдіретін сөздер. Сөздердің еліктеуіштік мағынасы оларды белгілі етістіктермен ғана тіркесуге мәжбүр етеді. Мысалы,қарш-қарш. тек шайнады етістігімен, бұрқ-бұрқ — қайнады, қарқ-қарқ — күлді етістігімен тіркеседі. Еліктеуіш сөз-дердің бәрі бірдей түбір күйінде тікелей етістікке тіркесе алмайды. Мысалы, шіңк-шіңк, жалт-жұлт, адыраң-адыраң, қылп-қылп тәрізді көптеген еліктеуіш сөздер көмекші етістіктің жәрдемімен көсемшелік тұлға алып тіркеседі: жалт-жұлт етіпжарқырады, шіңк-шіңк етіп сөйледі.[29-б] КӨСЕМШЕНІҢ ҚАБЫСУЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Көсемше өзгермейтін форма екені, әрі екінші бір қимылға қатысты қимылды, іс-әрекетті соның сапалық қасиеті ретінде атайтын форма екені белгілі. Бұл жерде біз көсемшенің синтаксистік қызметін атап отырмыз. Синтаксистік жүйенің өзінде көсемшенің қызметі алуан, әрі кейде тіпті бірінен-бірі алшақ боп көрінетіні бар. Бірақ барлық жағдайда — бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда да, бағыныңқы қатынастағы сөздерді бай-ланыстырғанда да — көсемше екі етістіктің біріне-бірі қатысты екенін білдіреді. Қарындаш жерге түсіп, домалап кетті. Перде жиырылып түсті.

Етістікті тіркеске көсемшенің үш түрі де (-ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі) қатысады. Қөсемшелермен етістіктердің тіркесу мүмкіншілігі екі шартпен өлшенеді.

1. Көсемше сөз бен етістік сөздің мағыналық үйлесімі: Шошып — оянды, түрды, қарады.

2. КөсемшенІң грамматикалық түрлеріне тән мағына да олардың тіркесу мүмкіншілігіне әсер етеді. Қызмет, мағына жағынан біріне-бірі -ып, -іп, -п формасы мен -а, -е, -й формасы жуық келеді. Көптеген мысалдар бұл екі форманың мағына жұмсалу жағынан қатар келе алатынын байқатады: Күле кіріп, күңіреніп шықты. Дайындалып сөйледі — дайындалмай сөйледі. Айтып-айтпай немене. МЕҢГЕРУ АЛМАЛЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Етістік сөз тіркестеріне меңгеріліп бағыныңқы компонент ретінде зат есім, есімдіктер қатысады. Сын есім, сан есім, есімшелер бұл тіркеске субстантивтенген жағдайда ғана енеді: кісіні шақырды, алғанын көрді т. т. Бағыныңқы сөздер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік формалар арқылы немесе септеулік шылаулар арқылы меңгеріледі.[31-б] ТАБЫС СЕПТІК ТҰЛҒАЛЫ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Табыс септіктегі сөзді менгеріп тіркес кұрайтын — сабақты етістіктер: үйді жуды, терезені ашты.Салт етістіктер өзгелік етіс формасына ауысқанда, олар да табыс септік сөзді меңгере алатын болады: ойна — баланы ойнатты, толды — шелекті толтырды, қанды — сусынын қандырды. «Табыс септіктегі зат есім — етістік» болып құралған сөз тіркестері объектілік катынасты білдіреді, яғни бағыныңқы сөз қимылдың, іс-әрекеттің объектісі болған затты атайды. Сонымен, аталған сөз тіркесі объект — затпен қимылдың арақатынасын білдіреді. Объектілік қатынасты білдіруге зат есім сөздің табыс септік формасы бейімделген. Бұл қызмет — осы форманың үлесі. Дегенмен санаулы етістік сөздердің тіркесінде объектілік қатынас барыс, шығыс септік тұлғалары арқылы да немесе шылау арқылы да білдіріле алады. Айтжанды ұрысты — Айтжанға ұрысты. Не айтуды білмеді — не айтуға білмеді. Қолын ұстады — қолынан ұстады; етегін басты — етегінен басты. БАРЫС СЕПТІК ТҰЛҒАЛЫ ЗАТ ЕСІМ СӨЗДІ МЕҢГЕРУ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Барыс септік арқылы меңгеріліп, етістікті сөз тіркесіне мынадай сөздер кіреді: зат есім, есімдік, есімше. «Барыс септіктегі сөз — етістік» болып кұралған сөз тіркестерінің бастапқы мағынасы іс-әрекеттің бағытын білдіру екені анық: қалаға кетті, інісіне берді. Бірақ осы мағынаны негізге алып барыс септік формасы көптеген басқа мағыналық қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Олар — себептік, мақсаттық, қатыстық мағыналар. Сонымен, барыс септіктегі зат есімді меңгерген етістікті сөз тіркесін білдіретін мағыналар мыналар: 1. Іс-қимылдын, бағытын білдіреді: суға сүңгіді, ішке кірді, қапқа салды, дәрігерге көрінді. 2. Қимылдың, істің объектісін білдіреді: асытққа тол- ды, шайға қанды, хабарға қанықты. Айналуы, жұмсалу объектісін білдіреді — (шытты) көйлекке алды, отынға (сабан) жағатын. Айналдырсан, уақытты ащы терге, ЖАТЫС СЕПТІКТЕГІ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Жатыс септік формасының негізгі мағынасы заттардың мекендік қатынасын білдіру. Етістік сөздерге жатыс септік формасы арқылы меңгеріліп зат есімдер осы қатынасқа түседі: сазда отыр, қорада жүр.Жатыс (статикалық) мекендік қатынас негізінен осы септік формасы арқылы білдіріледі. Тек санаулы сөздердің тіркесуінде ғана бұл қатынасты білдіруде жатыс, барыс септіктері қатар жұмсалатынын ілгеріде айттық. Жатыс септіктегі сөз жеке етістікке қатыспай, субъект — етістік-баяндауыш немесе объект — етістік-баяндауыш болып құралған тұтас тіркеске қатысты болып келетіні бар және мұндай байланысқа түскен есім сөздер генетивтік қатынаста тұрады: жатыс септіктегі жалпы мағыналы сөз бен оған байланысты басыңқы сөз екеуі жалпы мен жалқы заттардың генетивтік қатынасын білдіреді: екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бо- та  тату.Әйелде Шолпаннан, биеде мынадан артықты әзір көргем жоқ!деді Аман (Ғ. Мұст.). Осы өзіміз көргенде мырза кім? (М. Ә.). ШЫҒЫС СЕПТІКТЕГІ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Барыс септік бағытты, жетер жерді, мезгілді білдірсе, шығыс септік — оған кері мағыналы форма. Ол іс-қимылдың басталған мекенін, мезгілін атайды: қалаға барады — қаладан барады. Шығыс септіктің де осы басты мағына негізінде сараланған көп мағыналары бар. Ол мағына тіркеске енген бағыныңқы компоненттердің семантикасына байланысты көрінеді. 1. Шығыс септіктегі сөз дара бір ғана етістік немесе есім сөзге қатысты болып тіркеспей, бастауыш — баяндауыштық байланыстағы екі сөзге бірдей қатысты болады. Үлкендерден Оспан келді, қос аяқтыдан осы жүйрік. Мұндайда шығыс септіктегі сөз өкіл шығарған жалпы топты атайды да, тіркестегі басыңқы зат есім, есімдік сол дара секілді білдіреді: Ойлап тұрсам, үлкеннен мен, жастан сен екенсің қалған (Ғ. Мұст.). Бұл тіркестің ерекшелігі мына салыстырудан айқын байқалады: Оспан үлкендерден келді — үлкендерден Оспан келді. 2. Шығыс септіктегі сөз жақсы, жаман, озық, кейін, жүйрік, шабан т. б. осы сияқты сапалық сын есімдермен тіркескенде, салыстыруға алынған объектіні білдіреді: Мынау менен жазымпаз екен!— деді Жақып. Жаман құр- быныц   серіктігінен   сендердің   серіктігің   артық екен (Ғ. Мұст.). КӨМЕКТЕС СЕПТІКТЕГІ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ «Көмектес септіктегі зат есім—етістік» болып кұралатын тіркестің білдіретін грамматикалық мағынасы әр қилы және көп жағдайда бұл тіркеске грамматикалық кұрылысы өзгеше тіркестер функция жағынан қатар келеді.

  1. «Көмектес септіктегі зат есім — етістік» болып кұралған тіркес іс-әрекетке субъектімен қатар  қатысқан объектіні білдіреді: (ағам) кісілермен келді.

  2.   Аталған тіркес іс-әрекет пен оның сынын атайтын сөздерді біріктіріп пысықтауыштық қатынасты білдіреді: жақсылықпен кездесейік, (өз) азығымен кетті т. т. Бұл пысықтауыштық қатынас -мен, -пен, -бен жалғауының іс-әрекетке субъектімен қатар қатысуды білдіретін грамматикалық   мағынасының  негізінде қалыптаскан. СЕПТЕУЛІКТЕР АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Сөз тіркестерін кұрауға мына септеуліктер катысады: арқылы, үшін, соң, кейін, қарай, таман, сайын, әрі, бері, дейін, шейін, құрлы, туралы.

Септеуліктер зат есім, есімше сөздерге жалғасып, оларды етістікпен тіркестіреді: келген соң сөйлесеміз, келгені үшін риза болды.

Септеуліктердің көпшілігі мекендік, мезгілдік қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Олар мыналар:соң, кейін, қарай, таман, сайын, дейін, бері.

Қой дүркіреп үркіп, қойшыға қарай қашты (М. Ә.). Содан соң бұл адырға кіріп, бір-екі бел асңан соң қуғыншыны адастырып, құтылып алды (М. Ә.).

Бағыныңқы сөз (зат есім) арқылы септеулігі арқылы етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің құралы ретіндегі объектіні қатыстырады: телефон арқылы хабарласты.

5 сұрақ. Сөз тіркестерінің ұйытқы сыңарларға байланысты түрлері ( етістікті сөз тіркесі) Етістікті сөз тіркестері— грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады. Етістікті сөз тіркестері: а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (Қожа кеш келіп, ерте кетуші еді (С. Көбеев); ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т. (Байжан іске кірісті (Г. Мүсірепов) болып екі салаға бөлінеді. Қабыса байланысқан Етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады. етсітіктер мен қабыса байланысатын сөздер: үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есмідер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? Қанша сұрайды? Қашан келеді? Не алды? Тәрізді сөз тіркестерін құрайды. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына байланысты: А) үстеулі сөз тіркестері: А)негізгі үстеулерге қатысты: 1) Мезгілдік: кеше қарындасым қаладан келді. 2) Мекендік: ол күлімсіреп төмен қарады. 3) Амал: поезд тез жүріп келеді. Ә)Туынды үстеулерге қарай: 1) Анықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста: биылша барма, әзірше жүрмеймін. 2) Істің тәсілдерін: боташа боздау, қазақша сөйлесу. 3) Сан, мөлшелік немесе салыстарма мезгілдік: көбінше үйде боламын, барныша табыс етті. 4) Салыстырмалы сапа: бұлбұлдай сайрау, шыбықтай бұраңдау, сүліктей сору. 5) Іс әрекеттің амалын, күйін: орынсыз сөйлеу, еріксіз күлу. Ә) еліктеуіш сөз тіркестері: Самолет гүрс жарылып, от жайылып жүре берді. Ахмет қарқ қарқ күлді. Б) көсемшелі сөз тіркестері: ашуланып сөйлеу, асыға жүгіру, ұшып тұрды, Лиза Ахметке қадала қарады. В) сын есімді сөз тіркестері: жақсы сөйледі, жаман жазды,ұйқысық өткізді. Г) сан есімді сөз тіркестері: үш рет келді, екі есе өсті, он минут сөйледі. Ғ) зат есімді сөз тіркестері: сөз сөйлеу, төсек салу, жол жүру. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде айтылады. Бұл жалғаулар есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын да тұлғалар. Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мәні ерекше. А) табыс жалғаулы сөз тіркестері: қолыңды тос, малды бауыздау, өмірді ойлады. Ә) барыс жалғаулы сөз тіркестері: А) Обьектілік: жамбылға сөз келді, Абайға қарады. Ә) Пысықтауыштық: ауданға барамын, қонаққа шақырып келем. Б) шығыс жалғаулы сөз тіркестері: А) толықтауыштық: 1) заттың істелу тегі: Тастан жер ошақ жасап, май қайнаттым. 2) мағлұматтың, әрекеттің шығу тегін: кісіден есту, үлкеннен үйрену. 3) шығыс жалғаулы зат есімдер: аурудан айығу, бәледен құтылу 4) сан есім: Әлі бір сомнан беретін болады. Ә) пысықтауыштық: 1) көлемдік: арбадан түсу, үйден шығу, тоғайдан өту. 2) мезгілдік: былтырдан білемін, жастайымнан т.сінгенмін. 3) себеп салдар: ұялғаннан қызарды, ұйықтап қалғандықтан кешікті. 4) амал: етпетінен құлау, даусынан тану. В) жатыс жалғаулы сөз тіркестері: А) обьектілік: өмірде кездесу, күресте озу, ойда сақтау. Ә) пысықтауыштық: 1) мекендік: ұйықтап жатыр, Жезқазғанда көрдім. 2) мезгілдік: алғашқы кезде ұнамады. Г) көмектес жалғаулы сөз тіркестері: А) обьектілік: 1) құралдық: балғамен соғу, қармақпен ұстау, арамен кесу. 2) материалдық: бояумен сырлау, қамыспен қоршау, балшықпен сылау. 3) заттық: іспен жауап беру, сумен жуу, отпен ойнау. 4) бірлестік: Асқармен сөйлесу, Көбеймен қоштасу, баламен ойнаумен, студентпе жұмыс. Ә) пысықтауыштық: ертемен қайтып кетті, шеберлікпен егіліпті. Ғ) шылау сөзді тіркестер сияқты. А) демеуліктер: 1) көлемдік: таман, қарай, шейін, жуық, арқылы шылаулар арқылы жасалады: Миниск арқылы 2) мезгілдік: бітіргеннен кейін, үш күннен бері, таңға жуық оянды. 3) мақсаттық: меңгеру үшін жеңді, зеррттеу үшін кірісті. Ә) көмекші есімдер: терезенің алдында тұр, төсек үстінде жатыр, түн ішінде түсеміз.

6сұрақ. Матаса байланысқан сөз тіркестері, олардың сыңарлары (изафет). Ілік септігіндегі сөздің тәуелдік жалғауындағы сөзбен өзара байланысуы матасу деп аталады. Мысалы: Матаса байланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөзден де, бірнеше сөзден де бола береді. Осыған қарай матасу жай матасу және күрделі матасу деп бөлінеді. Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған сөзбен байланысу жай матасу деп аталады. Мысалы: біздің колхоз;  Сенің кітабың. Бірінші сыңары екі не бірнеше сөздердің өзара сатылап бір-бірімен іліктесе байланысуы күрделі матасу деп аталады. Мысалы: Менің жолдасымның дәптері. Сенің жолдасыңның сөзі.  Оның жолдасының кітабы. Кейде III жақ тәуелдік жалғаулы сөзбен байланыскан сездір ілік септік жалғауы айтылмайды. Мысалы: егіс даласы, ел байлығы. Тек біз, сіз деген есімдік ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен байланысқан сөздердін тәуелдік жалғауы түсіп калады. Мысалы: Біздің ту, біздің қыз, біздің Отан, Біздің ел,  сіздің  қыз, сіздің Отан, сіздің ел, Сіздің   ауыл, біздің ауыл.

Изафет (парсыша: اضافه‎ — ezâfeжалғастыру)[1] – есім сөздердің бір-біріне бағына байланысуынан жасалған сөз тіркестерінің ғылыми атауы.

Зат есім сөздердің анықтауыштық қатыстағы байланысы изафет деп саналады. Мысалы, қол сағат, қала адамы, Асқардың баласыдеген үш сөз тіркесінің әрқайсысында алғашқы сыңарлары анықтауыш сөздер, 2-сыңары анықталатын сөздер, сондықтан олар анықтауыштық қатыстағы сөздерден құралған болып саналады. Түркі тілінде, соның ішінде қазақ тілінде, изафеттің үш түрі бар:

  1. бір зат есім сөздің екінші зат есімге анықтауыш болып, қосымшасыз қабыса байланысуы арқылы жасалған сөз тіркесі. Мысалы, алтын сағат, күміс сырға, кірпіш үй, т.б.;

  2. нольдік тұлғадағы зат есімнен болған анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғаудың 3-жағындағы анықталатын сөзден жасалған сөз тіркесі. Мысалы, ауыл адамы, халық соты, үкімет қаулысы, ата батасы. т.б.;

  3. ілік септік жалғаудағы анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғауындағы анықталатын сөзден жасалған сөз тіркесі. Мысалы, менің кітабым, сенің сағатың, оның дәптері.

Изафет қолданысына қарай бір-біріне ауыса алады. Мысалы, ауыл баласы – осы ауылдың баласы, бұл мектептің оқушылары – мектеп оқушылары, т.б. изафеттің бұл түрінің сыңарлары бір-бірінен алыс тұрып та байланыса береді. Мысалы, студенттің бүгінгі берген жауабы

Изафет: 1. Ілік септігі де, тәуелдік жалғауы көрініп тұрады. 2. Ілік септігі көміс, тәуелдік жалғауы көрнеу 3. Ілік септігі көрнеу, тәуелдік жалғауы жасырын 4. -нікі, -дікі арқылы. Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары Матаса байланысатын сөздер зат есімдер. Сондықтан зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын сөздердің бәрі сол тіркестің бірінші не екінші сыңары бола алады. Изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің бірінші сыңары жалғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өзара қабыса, әрі тәуелдене байланысады. Ондайда ілік септеуі зат пен заттың меншіктілік, туыстық, табиғи қатынасын білдірмейді, тек заттың заттық сапасы ретінде, тәуелдік қатынаста жұмсалады: колхоздың малы, колхоз малы сияқты айтылатын анықтауыштардың мағынасы бірдей емес, сондықтан мал шаруашылығы, колхоз аулы (колхоз аулының бейнесі) сияқты жалғаусыз айтылған бірқатар анықтауыштарды малдың шаруашылығы, кодхоздың аулы деп жалғаулы етіп айтуға болмайды. Болмайтын себебі ілік септікті сөз жалғаулы болса, меншіктік қатынасты білдіреді, жалғаусыз болса, заттық сапа ретінде жұмсалады. Абайдың кітапханасы ( Абайдың өзінің кітапханасы) Абай кітапханасы ( Абай атындағы кітапхана).

Изафеттік темір пеш, ағаш күрек тәрізді құрылыста және кен байлығы, мал шаруашылығы, радио хабары сияқты құрылыста келетін түрлері де синтаксистік байланыстағы сөз тіркестері. Екеуіде қабыса байланысқан зат есімдер тобын (қыл арқан, ағаш үй) жалғаулы есімдер тобымен (студенттердің оқуы, кеңес үкіметі, кен байлығы) салыстырғандағ алдыңғыдан соңғы топтағы сөз тіркестерінің синтаксистік байланысының берік, біртұтас екенін көреміз. Оның себебі тіркескен сөздердің соңғысы алдыңғысына тәуелдік жалғауы арқылы да байланысып тұрады. Солай болғандықтан Темір пештің оты лаулап жана бастады деген сөйлемдегі темір сөзін тастап айтуға болады, ал Қазақстанда кен байлығы үлкен орын алады, Игілік жолы халқымызды бақытты тұрмысқа жеткізді деген сөйлемдегі кен байлығы, игілік жолы деген сөз тіркестерін олай ыдыратып, екі сыңарының бірін түсіре алмаймыз. Изафеттік құрылыстың ілік жалғаулы (Қазақстанның байлығы), ілік жалғаусыз (кен байлығы) болып келетін екі түріннің айырмашылығы да жоғарғыдай болады. ол айырмашылықты байқау үшін жоғарғы екі тіркесті бір изафеттік құрылысқа сыйыстырып сөйлем құрайық: Қазақстанның кен байлығы мол. Мұпда кен дегеннің тіркесті сыңары, байлығы. Қазақстанның деген сөздің тіркесті сыңары тек байлығы емес, кен байлығы. Сол сияқты колхоздың мал шаруашылығы дегенде де, ілік жалғаулы сөздің (колхоздың) тіркесті тобына енетін сөздер тек шаруашылығы емес, мал шаруашылығы, ауыыл шаруашылығы. Бұлай болуы соңғы сөздердің синтаксистік және мағыналық берік байланыста болуы. Матаса байланысақан сөз тіркесінің екінші сыңары Сөйлеуші бір затты не өзіне, не өзгеге, не басқа затқа меншіктеп айтқысы келгенде, меншіктелген сөзге нікі, дікі, тікі жұрнағын жалғап, Мына ат менікі, Мына сағат сенікі, Мына жер мемлекттікі деген сөйлемдер құрайды. Жұрнақтар жалғанған сөздерге одан бұрын айтылған заттар меншіктеліп тұрады да, ол екеуінің арасынан меншіктілік қатынас туады. Сондай ақ, зат пен заттың, меншіктілік басқа табиғи қатынасын білдіру үшін, меншіктеуші сөздерге ілік, меншіктелуші сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанады: менің атым, сенің атың, оның аты. Матаса байланысққан изафеттік тіркестің екінші сыңары зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімдіктер болады: теңіздің толқыны, аттың жүйрігі, оқушылардың бесеуі, менің айтқаным, сенің өзің. Негізінде зат есімдер матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші тәуелдеулә сыңары болып кездеседі. Соның өзінде олардың анықтайтын сөздерімен мағыналық қатысы әр түрлі: Зат есім тәуелденіп, ілік жалғаулы сөзбен матаса байланысқанда, меншіктілік және табиғи қатынасты білдіреді: менің жолдасым, үйдің есігі, қазанның қақпағы, ағаштың жапырағы. Сын есім изафетік тіркестің екінші сыңары болғанда, мынадай мағынада айтылады: А) субстантивтенген зат есім орнында тәндік (меншіктік) мағынада жұмсалады: менің тентегім (менің балам) деген, колхаоздың шұбарыч ( колхоздың шұбар аты). Ә) сын есімнің таңдаулы шырай мағынасында: бұл таудың биігі, Ақмоншақ аттың жүйрігі. Сан есім изафеттік тіркестің екінші сыңары болып ілік жалғаулы зат есіммен, сан есіммен матаса байланысқанда бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалады: балалардың бесеуі, оқушылрадың екеуі, майдың он бесі, төрттің бірі. Есімшелер жоғарғыдай тіркесте тәндік қатынаста, әрі заттық қатынаста, әрі қимылдыық сапа мағынасында жұмсалады: менің айтқаным, сенің жазғанын, сенің айтарың.

7 сұрақ .Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері (есімді, етістікті) Сөз тіркесі - әрқайсысы дербес лексикалық мағынаға ие екі сөздің немесе бірнеше сөздер түйдегінің өзара сабақтаса байланысқан тобы. Сөз тіркесінің байланысу түрлері – сөздер тіркесінің синтаксистік жағынан бес түрлі байланысу формалары. Сөз тіркесінің байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, матасу, қиысу, жанасу. Меңгеру - сөз тіркесі құрамындағы бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңармен атау мен іліктен басқа септік жалғауларында тұрып байланысуы. Сөз тіркестері деген ұғымға сөйлем мүшелерінің емес, сөз формаларының тіркесі енеді. Ал сөз формалары белгілі бір тіркесу қабілетінің арқасында байланысады. Тіркесу қабілеті бар сөздердің бірі сөз тіркесін құруының ұйытқысы болады. Ондай сөз басыңқы сөз деп аталады. Осыған байланысты есімді, етістікті тіркес деп бөлінеді. Сөз тіркесінің екінші басты тірегі – байланысу формасы. Осыған байланысты есімді тіркестер қабыса, матаса, меңгеріле деп 3-ке, етістікті тіркестер қабыса, меңгеріле деп бөлінеді. Ал қиысу сөйлемдерге байланысты. Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырып қана қоймайды, грамматикалық мағына үстейді. Мысалы: барыс, шығыс. Меңгеру етістікке тән, алайда есімдерде де кездесіп қалады. Тілге бай одан үлкенмін.

  1. Сын есім баяндауыш қызсметінде басыңқы сыңар бола алады, бұндайда олар меңгеріліп тұрады. Заттың түсін, сапасын білдіретін сын есімдер меңгеруде көп кездеседі (қардан ақ (шығ. с.), сөзге сараң (бар. с.), бетегеден биік, жусаннан аласа, жақсы ісімен жақсы).

  2. Зат есім. Мысал: Білгенге маржан, елге сын, содан комсомолмын, төрде көрпе, аяқта етік.

Заттың күйін білдіретін модаль сөздер: аз, жоқ, бар, мәлім, көп, т.с.с. Сақтықта қорлық жоқ, сайлауға міндетті, біткен іске сыншы көп.Сан есім мен есімдіктер меңгеруде сирек кездеседі: менде бесеу, сенде қалай. Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер – олармен берік мағыналық байланыстағы, етістіктермен біте қайнасқан сөздер. Олар – үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, жалғаусыө зат есімдер. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі туралы түсінік Етістікке ілескен сөздердің біразы жалғаусыз қабыса байланысса, енді бірқатары жалғаулар арқылы меңгеріле байланысады. Синтатикалық байланыс – сөз тіркесі синтаксисінің жанды жері. Сөздердің байланысу дағдысы сөз тіркесінің сапалық қасиетін, оның тармақты тптарының аясы қаншалық кең не тар екенін белгілейді. Осы тұрғыдан меңгеруді етістікті сөз тіркестеріне өлшем етсек, олардың аса қомақты, әр алуан екені байқалады. Олай болу меңгеруде сөз арасына дәнекер болатын жалғаулардың көптігінде емес, олардың жұмсалу аясының кеңдігінде. Олар – барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулары. Меңгерілетін сөздер – есімдер. Олардың белгілі жалғауда жұмсалуының екі жағы бар: біріншіден, олар етістіктермен сабақтаса, орайласа байланысса, екіншіден, сол байланыс нәтижесінде грамматикалық қосымша мағынаға ие болады. Мысалы, Нұржан Меруертке ажырая қарады дегендегі меңгеріле байланысқан сөз тіркісі – Меруертке қарады. Бұл құрамдағы барыс жалғаулы жалқы есімді сол мағынада басқаша айтуға болмайды: жалғаусыз айтсақ, Меруерт қарады деген басқа тіркеске айналады, табыс, шығыс, барыс, жатыс жалғауларын жалғасақ, ол екі сөздің байланысы бұзылады. Өйткені, қарады етістігі әлгі сөйлемде тек барыс жалғауын керек етеді де, сол тобымен ол екі сөз толықтауыштық қатынаста айтылады. Бұған қарағанда, жоғарыда аталған жалғаулар есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана емес, - сөйлемдегі сөздердің белгілі синтаксистік қызметке енуіне себепкер болатын да тұлғалар. Олардың тиістілері етістіктердің лексикалық мағыналарымен үйлесе бағыныңқы сөзге жалғанғанда, сен пәлен мүшесің дегендей таңба болмайды, меңгерілген сөз бен меңгеретін етістіктің қарым-қатынасқа ену нәтижесінде ол сөздердің мүшелікқызметтері белгілі болады. Мыслы, шық, түс, қара, жібер, шақыр етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларын түгел меңгереді де, табыс жалғауын кейбіреуі ғана меңгереді, мыс.: үйден шық, тауға шық, сатымен шық, суға түс, аттан түс, арқанмен түс, балаға қара, терезеден қара, бинокльмен қара, жазғанын қара; үйге жібер, қаладан жібер, машинамен жібер, машинаны жібер; мектепке шақыр, жиналыстан шақыр, телефонмен шақыр, Есенді шақыр. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді: 1) табыс жалғаулы сөз тіркестері;2) барыс жалғаулы сөз тіркестері; 3) шығыс жалғаулы сөз тіркестері, 4)жатыс жалғаулы сөз тіркестері, 5)көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Етістіктер меңгеретін сөздер, - негіізінде, зп есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер. Сонымен қатар етістіктер субстантивтенген сын есім, сан есім, есімшелерді де меңгереді. Сонысына қарай меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады. Қимыл есімді, еісмше тұлғалы етістіктер тиісті септік жалғауында айтылып меңгерілген сөз тіркесінің құрамында, өздері басқа есімдерді меңгеріп екінші сөз тіркесінің әрі бағындырушы сыңары болуы мүмкін. Мектепті қалай салуды кеңестік, бірсыпырасы жұмысы азболады деп, кәстен салуды қолайлап еді, көпшілігіміз кірпіштен салуды қолайладық (Майлин).

Табыс жалғаулы сөз тіркестері. Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер – сабақты етістіктер. Қазақ тілінде сабақты, салт етістіктің тұлғалық айырмашылығы болғанымен, оларды мағыналық ерекшелігіне қарап, табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын не тіркесе алмайтынына қарап, айыруға болады, мыс.: кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста, көзде, қода, кемі, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же. Кісінің қимыл-әрекетін, ісін білдіретін етістіктерсабақты болады да, күл, қуан, қайғыр, жыла, шошы, есіне, жалық, ауыр, терле, тоң, шомыл, тырыс, шаттан, насаттан сияқты кісінің көңіл-күйін білдіретін және маңыра, ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сайра, тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел, жорт, күркіре, жымыңда, аһла,уһле, жылтылда, қозыла, бұзаула сияқты, кісінің не басқа заттың қимылдық күйін білдіретін етістіктер салт болады. Бұларға етіс жұрнақтары жалғанып, сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді. Қазақ тілінде, етістіктердің мағыналарын түрлендіруде етіс жұрнақтары ерекше роль атқарады. Соның нәтижесінде етістіктер бір қалыпты қатып қалмай, жылысып, ауытқып, меңгеретін сөзімен сабақтылық, салттылық байланыста болу арқылы ерекше икемділік қасиетке ие болады. Сабақты, салт етістіктердің негізгі топтарының айырмашылықтарына қарағанда, түбір тұлғалы сабақты етістіктердің көпшілігі кісінің еңбек процесімен, қимыл әрекетімен байланысты етістіктер болады да, салт етістіктердің көпшілігі кісінің көңіл-күйін, кісінің және басқа заттардың үндеу, қозғалыс әрекетін, қимыл-күйін білдіреді. Бірақ заттың қимылы, күйі деп отырған етістіктер әр уақытта, белгілі затқа ғана таңулы болмайды. Олардың бәрі болмағанмен, бірқатары әрі жанды, әрі жансыз заттың қимылы, күйі болуы мүмкін.

Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері обьектілік (толықтауыштық) қатынаста жұмсалады: табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтайды да, ол етістіктің қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі, мыс.: ағашты кесу, етті турау, қойды айдау, шегені суыру, терезені ашу, пішендеору, малды бауыздау, баланы тәрбиелеу. Сапалық есімдердің сабақты етістіктермен тіркесу қабілеті бірдей, көбінесе, ол қрамда айтылатын сөздер – зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер және сапалық есімдер. Бұндай сөз тіркестері былай бөлінеді: 1) нақты обьектілі; 2) абстрактіленген обьектілі. Бірінші топқа қолға ұстап, көзбен көретіндей за есімдер қатысаьын сқз тіркестері енеді. Ондағы есімдер мен етістіктер барынша мағыналық тығыз байланыста болады: Игілік тоқымын төсеніп, еріен жастанды да жатаберді (Мүсірепов). Бұл топқа табыс жалғаулы кісі аты қатысты сөз тіркестері де жатады. М: Самалды салқын түн Қанышты жұбата алмайды. Ол Жақыпты ертіп үйге кірді (Мұстафин). Табыс жалғаулы сөзі бар етістікті сөз тіркесінің екінші тобына (абстракт есімдер мен кісінің (жан-жануарлардың да) көру,сезу, сөйлеу т.б. әрәкетін білдіретін сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері жатады: / Қаныш/ солармен араласып өткізген өмірді ойлайды. Ауыл адамдары алдымен жазды әңгіме қылып өтті (Майлин). Сабақты етістікті сөз тіркестерінің құрамында зат есімдерден басқа есімдер де айтылады. Есімдіктердің (жіктеу, өздік, сілтеу, сұрау, белгісіздік) табыс жалғауында, тура толықтауыштық қатынаста жұмсалуында кейбір ерекшелік бар: біріншіден, олардың лексикалық ұғымдары объектілік (заттық) болмай, субъектілік не атрибуттық болатындықтан, деректі затесімдердей кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз тұлғада жұмсалмайды, көпшілігі тек жалғаулы болады, екіншіден, олар (не дегеннен басқалары) сабақты етістіктермен берік байланыста емес, көлденеңнен қосылған объект ретінде жұмсалады. Сын, сан еімдер мен есімшелер де сабақты етістіктермен мағыналық үйлесімі болғандықтан тіркеспейді, зат есімдердің орнына жүретіндіктен тіркеседі:

  • Мені қызғанасың ба? – деді Рақила.

  • Биыл өзін конфискелеп, жер аударып жібердік (Майлин). Мырза, сіз басқа біреуді маған жорып отырсыз ғой (Сейфуллин). Күн қазір ымырт бопты,оны да жаңа байқады. Екі көше адасаппәтерінен асып кетіпті. Мұны да жаңа білді (Әуезов). Бөлінгенді бөрі жейді (мақал). Шөптің шашылғанынжинап алуға да мұрша жоқ (Мүсірепов). Жақсыны көрмек үшін (мақал). Мектептің ашылғанын біз бір-ақ білдік (Майлин).

Барыс жалғаулы сөз тіркестері Есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестерінің барыс жалғауы арқылы байланысуында да белгілі бір жүйе бар. Егер табыс жалғауы сабақты етістіктің затқа қатысын, заттың оған қатысын, бекемдейтін тұлға болса, «көлемдік жалғаулар», соның бірі барыс, қимыл әрекетінің әр алуан бұлтарысында сәйкестене заттың етістікке қатысын орнықты етеді. Сондықтан барыс жалғаулы есімдерді кез келген етістікпен бірыңғайластыра салмай, мағыналық үйлесімі бар етістіктермен ғана отастыруға болады. Мысалы, ойлау етістігі табыс, шығыс, көмектес жалғауларын керек етсе (елін ойлау, алыстан ойлау, түнімен ойлау), сағыну етістігі, тек табысты тілейді (баласын сағынды), ал жақындау, таяну етістіктері барыс жалғауларын керек етеді (ауылға жақындады, қалаға таянды). Бұлай болуының себебіекі түрлі: біріншіден, әрбір септік жалғауы жалғанғансөздердің белгілі синтаксистік қызметі, мағынасы болады, екіншіден, әрбір етістіктің мағынасы солардың тиістісін тілеп тұрады. Сол мағыналар мен синтаксистік қызметәуелі тіркес құрамында пайда болады. Солай үйлесімін тапқан сөздер тіркестері көп жылғы дағды бойынша өздерінің ұяласқан жұбын жазбайды. Одан сәл ауытқу, бір жалғаудың орнына екінші жалғауды жұмсай салу сөз тіркесінің тұрқын бұзады. Мысалы, атқа мінді дегенді аттан келді, атқа келді деуге болмайды, болса, басқа мағынада жұмсалады. Барыс жалғауын меңгере алатын негізгі етістіктер мыналар:

  1. Қимыл бағарын білдіретін етістіктер, мыс.: кету, бару, ұмтылу, қозғалу, жақындау, таяну, беттеу, келу, қамау, кіргізу, кіру, жету, жіберу, жүру.

  2. Қимылдың мекенін білдіретін етістіктер, мыс.: отыру, тұру, жату, міну, қону, түсу, қою, шығу.

  3. Кісінің ішкі әрекетін білдіретін етістіктер, мыс.: сену, нану, ұнау, жалыну, қуану, қайғыру, қызығу.

  4. Кісінің не басқа заттың қабылдау күйін білідретін етістіктер, мыс.: көріну, есітілу, сезілу, түйсіну, құлақ қою, зер салу.

  5. Кісінің іске қатысын білдіретін етістіктер, мыс.: кірісу, араласу, қатысу, жәрдемдеск, жолығу, ұшырау.

Бұл етістіктердің көпшілігі – салт етістіктер. Барыс жалғаулы есімдердің ондай етістіктермен байланысы берәік болады да, сабақты етістікті сөз тіркестерінің құрамына енген барыс жалғаулы есімдердің мағыналық байланысы екі жақты болады: олар етістіктермен де, сөйлем құрамында тұра объект қызметіндегі заттармен де мағыналық болады. Барыс жалғауының мағынасы, әдетте, шығыс жалғауына қарсы болады, мыс.. үйге кірді, үйден шықты; Есеннен алды, Ерболға берді. Барыс жалғауындағы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері екі түрлі мүшелік қатынаста жұмсалады: І. Объектілік. Бұл топқа енетін сөз тіркестерінің мағыналық қатарлары былай болады:

  1. Барыс жалғауындағы зат не за орнына жұмсалатын есімдік, сын, сан есімдер, сөйлемдегі басқа заттың кімге, неге арналғанын білдіреді, мыс.:кітапты балама алдым, телеграмманы Өскенбайға жібердік, мақаланы редакторды тапсырдым.

  2. Барыс жалғауындағы есімдер қимыл процесінің қандай заттармен үстемеленгенін білдіреді, мыс.: дәулетке бату, малға толу, қызметке жарау.

  3. Іс-әректтің барыс жалғаулы еісмдерге беттегенін білдіреді, мыс.: Әміреге қарау, маған келу, тойға әзірлеу.

ІІ. Пысықтауыштық. Барыс жалғаулы еісмдермен етістіктерден құралған сөз тіркестері, көбінесе, пысықтауыштық қатынаста айтылады. Сондағы оның негізгі мағыналары: мекендік, бағыт-беттегендік, мезгілдік, мақсаттық.

  1. Мекендік ұғымды білдіретін сөз тіркестерінің құрамында жер, көше, стадион, үй, түбі, алды, арты тәрізді көлемдік ұғымы бар.

.... Болаттан сұңқар ұшырып, Мұхиттан әрі асамыз. Қуаттан дария ағызып, Ерліктен ерлік туғызып, Өрге өрлеп тасамыз (Жамбыл) Мұндай шығыс жалғаулы сөз тіркесін меңгеретін етістіктің жетегінде тура толықтаыш та болады. Сонда шығыс жалғаулы жанама толықтауыш тура толықтауышпен де мағыналық байланыста тұрады. 2.Мағлұматтың, әрекеттің шығу тегін білдіреді. Ондай сөз тіркестерін құрайтын етістіктер – кісінің қабылдау әрекетін білідретін сабақты етістіктер (алу, алдыру, білу, есіту, оқу, үйрену, сұрау): кісіден есіту, (білімді) кітаптан алу, үлкеннен үйрену, сөзінен білу, жолдасынан сұрап алу. 3.Шығыс жалғаулы зат есімдер айырылу, құтылу,айығу, жазылу, қашу, тазару, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, бірдеңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады., мыс.: аурудан айығу, бәледен құтылу, жамандықтан қашу. 4. Сан есім не болмаса сан есімнен анықтауышы бар за есім шығыс жалғауынада тұрып етістікпен тіркескенде, сөз тіркесі заттың сандық бөлшегін не дараланған мөлшерін білдіреді: Сегіз жүз жылықыдан бір тай қалмаған екен. Әрбір қонақтың сыртында екіден, үштен жастықтар жатыр (Әуезов). ІІ. Пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын шығыс жалғаулы сөзі бар етістікті тіркестер, негізінде, мынадай мағыналарда айтылады.

  1. Көлемдік. Ондай сөз тіркестерінің көлемдік мағыналары істелетін істің әйтеуір бір басталу орнын көрсетуге негізделеді. Көбінесе олар қимыл процесінің заттың үстінен, ішінен, арасынан шыққанын көрсетеді, мыс.: арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өту.

Көлемдік мағыналы сөз тіркестерінің енді бірқатары қимылдың басталу, болу орнын (мекенін) білдіреді, мыс.: қаладан аттану, базардан қайту, университеттен келу, ауданнан кету, осы арадан тарау.

  1. Мезгілдік. Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мәнді және кісінің жас мөлшерін білдіретін есімдер болады да, басыңқы сөз, көбінесе, қабылдау мәнді етістіктер болады, мыс.: былтырдан білемін, жастайымнан түсінгенмен.

  2. Себеп-салдар. Бұл мағынада жұмсалатын сөз тіркесінің шығыс жалғаулы сыңары есімше не қимылдық есім болады, мыс.: ұялғаннан қызарды, түсінбегендіктен қателесті, ұйықтап қалғандықтан кешікті. Жақып қуанғаннан күліп жіберді (Мүсірепов). Жабай өзінің білместігінен ұялыңқырап қалды. Мүмкін, саны бесеу болғандықтан «бестік» деп аталатын шығар (Сәрсенбаев). Көптен көрмегендіктен Ботакөз апасын сағынған (Мұқанов).

  3. Амал. Шығыс жалғаулы есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылдың амалын (қалай болғанын) білдіреді, мыс.: етпетінен құлау, даусынан тану, мұртынан күлу. Жатыс жалғаулы сөз тіркестері Басқаларына қарағанда , жатыс жалғаулы есімдіктерді меңгере алатын етістіктердің саны онша көп емес. Олардың көпшілігі заттың күйін білдіретін салт етістіктер: отыру, тұру, жүру, жату, кездесу, ойнау, қону, көру, көрсету, ұйықтау, қалғу, қалу, сүйену, жылау, ескеру, үйрету, ұнау, кіру т.б.

Мұндай етістіктермен тіркесетін жатыс жалғаулы есімдер мынадай қатынастарда жұмсалады: І. Объектілік (толықтауыштық). Объектілік қатынастағы ондай сөз тіркестерінің мағыналары қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен байланыста боатынын бірдеңенің кімде екенін білдіреді, мыс.: өмірде кездесу, заңда көрсетілу, ойда сақтау, күресте озу, сенде тұру. ІІ. Пысықтауыштық. Пысықтауыштық қатынастағы жатыс жалғаулы сөз тіркестері мекендік және мезгілдік мағынада жұмсалады:

  1. Мекендік мағынадағы сөз тіркестері көлем мәнді зат есімдер мен отыру, тұру, жату, жүру, қаралу сияқты заттың күйін білдіретін етістіктерден несолар қатысты күрделі етістіктерден құралады.

  2. Мезгілідк мағынадағы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары шақ, мезгіл мәнді есімдер не есімдер тіркесі болады да, басыңқылары жрғарыдағыдай етістіктің бір түрі болады: Оның бұл қылықтары Гүлнарға алғашқы кезде ұнамады (Мұқанов).Олар Омбы қаласына іңір қараңғысында келіп кірді (Мүсірепов).

Көмектес жалғаулы сөз тіркестері Сабақты және кейбір салт етістіктер көмектес жалғаулыесімдерді меңгеру арқылы сө тіркесінің үлкен бір тобын құрайды. Көмектес жалғаулы есімдер етістіктерге меңгерілу арқылы объектілік және пысықтауыштық қатынастарда, түрлі-түрлі мағынада жұмсалады: І. Объектілік қатынастағы сөз тіркестері. Көмектес жалғауда тұрып етістіктермен обектілік қатынаста айтылатын сөздер – зат есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер. Олардың обьектілік мағынасы әр түрлі болады Оның себебі, біоріншіден, көмектестегі бағыңқы сөздердің нені білдіретінімен байланысты болса, екіншіден, оларды керек ететін етістіктердің мағыналарының әр қилы болуымен байланысты. Сол негізде жоғарғыдай сөз тіркестері мынандай мағыналарда айтылады: 1. Құралдық. Құрал-сайманның атын білдіретін көмектестегі зат есімдер кісінің қимыл-әрекетін білідретін етістіктермен тіркесіп, құралдық мағыналы сөз тіркестері жасалады. Мысалы; балтамен шабу, арамен кесу, трактормен жырту, балғамен соғу, қармақпен ұстау, бинокльмен қарау. Мұндай сөз тіркестерінде көмектес жалғаулы зат іс-әректтің тікелей не сол арқылы істелу құралы болады: Бұрынғыдай.... қызыл темірді балғамен қосыла соққанда, сорғалайтын тер жоқ (Мұстафин). Хамит ұстарамен шашын тегіс қырғызған басын, мойнын жуып, ... орамалмен беті-қолын сүртіп, мойнын ыспалап тұрды (Сейфуллин). Әбіш бинокльмен қарап, алыстағы айлакер тағының іс-әрекетіне қызығып тамашалайды. Таяқтай қарумен салып та кетеді (Әуезов). Атты қамшымен айдма, жеммен айда (мақал).

  1. Материалдық. Етістікті сөз тіркесінің құрамындағы көмектес жалғаулы зат есім істелетін істің неден, қандай заттан істелетінін немесе, соның қатысымен істелетіні білдіреді. Мыс.: балшықпен сылау, бояумен сырлау, қамыспен қоршау, былғарымен қаптау.

  2. Заттық. Бірқатар зат есімдер көмектес жалғауда етістіктермен тіркескенде, олар қимылдң заттық объектісі ретінде жұмсалады. Мысалы: отпен ойнау, сумен жуу, іспен жауап беру, білгіштігімен аты шығу.

  3. Бірлестік. Көмектес жалғаулы кісі аттары жіне кім? Деген сұрақ қоюға болатын бала, студент, әкем сияқты сөздер, көбінесе, ортақ етіс тұлғалы салт етістіктермен тіркесіп бірлестік мағынада жұмсалады. Мысалы: Асқармен сөйлесу, Көбеймен қоштасу, баламен ойнау.

ІІ. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері. Көмектес жалғаулы зат есімдер етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатынаста мезгілід, мекенді, себеп-салдарды және қимылдың істелу амалын білдіреді.

Шылау сөзді тіркестер Үйге барайық, үйге таман барайық деген етістікті сөз тіркестері мәндес болғандықтан, бірін екіншісінің орнына айтса да болар еді, бірақ аздап та болса да тіркестердің айырмашылығы бар: ең алдымен – үйге барайық пен үйге таман барайық дегендердің мағынасы бірдей емес: алдыңғыда қимылдың жалпы бағыты, бет алысы айтылса, соңғыда ол бет алысты бұрынғысынан дәлдеп көрсеткен. Сол дәлділік үйге сөзінен кейін таман шылауын қойып айтудан болып тұр. Егер бұлардың білдіретін көлемдік мағынасын әлі де түрлендіргіміз келсе, оны үйге дейін, үйге қарай, үйге жуық, үйдің қасына, үйдің маңына дегендей етіп, оларды тиісті етістіктермен тіркестірер едік. Сонда сөз тіркестерінің құрамы бұрынғыдай есім мен етістіктен ғана құралған болмайды, есім мен етістіктің арасына дейін, таман, қарай, қасына, жуық, маңына тәрізді шылау сөздер қойылады. Ондай шылаулар сөз тіркесінің грамматикалық мағыналарын толықтырып, есім мен етістікті өзара байланыстырушы аралық дәнекер болады. Етістікті сөз тіркесін құрауға қатысқан шылаулар – демеулер мен көмекші есімдер. Демеулер сөз тіркестерінің құрамында өздерінен бұрын айтылатын есімдердің белгілі септікте тұруын керек етеді, сол жетегімен етістікке бағынады. Оны схемамен көрсетсек, былай болар еді.

есім

демеу

етістік

Демеулер қатысты етістікті сөз тіркестері әр түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады. Олардың басты-бастылары мыналар: 1. Көлемдік. Әр түрлі көлемдік мағынада айтылатын ондай сөз тіркесінің құрамында мына демеулер болады: таман, қарай, дейін, шейін, жуық, арқылы. Жылқылар батысқа таман ығысты (Мұстафин). Абай мен Оспан өзенге қарай беттеді. Қарқаралыдан Шығысқа дейін жүретін жол ұзақ (Әуезов). Ағам мені Қостанайға дейін шығарып салды (Көбеев). Есіктен төрге шейін жайылған қызыл жібек кілемдер (Әуезов). 2. Мезгілдік. Етістікті сөз тіркестері кейін, соң, дейін, шейін, бері, сайын, әрі, бұрын, жуық, жақын демеулерінің қатысымен мезгілдік мағынада да көп жұмсалады: Байжан жұмысын бітіргеннен кейін Қызылордаға қайтты (Мұқанов). Кешке дейін жолыға алмас па екенсің? (Фадеев). Қонақтар түске шейін кешегі үйлерінен қозғалған жоқ. Үш күннен бері сілбілеген ақ жауын айықпай тұр. Абай күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. Осыдан он күн бұрын жатақтар ортасынан.... Базаралы келіпті. Қонақтар таңға жуық оянды (Әуезов).

3. Мақсаттық. Қимылдың, іс-әректтің болу мақсатын білдіретін етістікті сөз тіркесінің құрамында, көбінесе, үшін демеуі болады: Табиғат байлығын меңгеру үшін адамбаласы талай қиындықтарыд жеңді. Жаңа канад қазылатын өлкені зерттеу үшін Байжан басқарған партия іске кірісті (Мұқанов). Жоғарыда көрсетілмеген бірге, бетер, әрі, бері, қарсы, туралы, бойы демеулері де етістікті сөз тіркестерінің құрауға қатысып, түрлі мағынада жұмасалады, мыс.: жазбен бірге келу, жылдағыдан бетер семіру, таудан әрі асу, үш күннен бері күту, жауға қарсы ұмтылу, қысқа қарсы келу, жыл бойы іздену. Көмекші есімдер ілік септігіндегі сөздермен тәуелдік жалғауында тұрып байланысады. Олар сол тобымен етістікке бағынып, етістікті сөз тіркесінің құрамында пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Ол үшін көмекші есімдерге тиісті септік жалғаулары (барыс, шығыс, жатыс, көмектес) жалғанады. Ондайда етістікті сөз тіркестері мекендік, кейде мезгілдік мағынаны білдіреді. Осындай сөз тіркестерінің құрамында айтылатын көмекші есімдер мыналар: алды, арты, қасы, маңы, жаны, іші, бойы, басы, аузы, жағасы, үсті, сырты т.б. Лида терезенің алдында тұр (Ерғалиев). Құдайберді биіу төсек үстінде жатыр екен. Арада үш күн өткенде, Шыңғыс ішіне бір суық хабар тарады. Абай қаршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда көп еріп еді. Олар осы түн ішінде Семей түсеміз деп келе жатты (Әуезов).

8 сұрақ. Қабыса байланысқан сөз тіркестері (есімді, етістікті) Есімді сөз тіркесі Қабыса байланысу. Есімді сөз тіркестерінің бұл түрі құрылымы жағынан әр алуан. Олардың басыңқы сыңары, әдетте, зат есім не субстантивтенген сөзден жасалған есімдер болады да, бағыныңқы есімдер не есімше болып келеді. Мысалы қабыса байланысатын есімді сөз тіркесін құрауға қатысатын сөздер сипатына қарай: зат есімді тіркестер, сын есімді, сан есімді, есімдікті, есімшелі болып бөлінеді. Зат есімді тіркестері Бұндай тіркестер көбіне зат есімнен құралады да анықтауыштық қатынаста айтылады, бірақ олардың бағыныңқысы сөйлемнің күрделі мүшелерінің құрамына еніп кетуі мүмкін (пұшпақ, бөрік, қол диірмен). Қатар тұру арқылы анықтауыштық қатынастағы сөздердің бірнешеуі де болуы мүмкін: қой көз қыз, темір қанат құс.

Тағы бір ерекшелік бағыныңқылы сыңар қос ретінде ғана пайданалады, жеке тіркеспейді: тау-тау бидай, қора-қора т.с.с. Кей зат есімдер жалаң қалпында тіркесе алмай, көмекке анықтауышты керек етеді: ұзын құйрық ат, қаба жал жылқы. Тіркескен сөздердің мағыналық қатынасы әр түрлі тегін білдіреді: ағаш аяқ, алтын сағат; не үшін қолданылатынын: кір сабын, қол сағат, т.м.м.

Сын есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері Бұнда сын есімдер бағалық қызметте зат есіммен қабысады. Мағынасына қарай сын есім түсін, көлемін, табиғи күйін, дәмін, т.б. білдіреді. Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында сөз тіркесінің І сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, ІІ сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне еш қатысы болмайды. Салыстырмалы тұлғалы сын есімдер зат есімдер мен қабыса байланысқан тіркес құрамында онша көп айтылмайды. Олар сло салыстырмалы шырай мағынасында көбінесе баяндауыш қызметінде жұмсалады: Кеңірек бөлмеде. Бөлме кеңірек.Бұндайда «келген» қосылып отырады. Күшейтпелі шырай көп кездеседі.Қатыстық сын есімдердің зат есіммен тіркесу қабілеті төмен. Олар белгілі бір зат атауымен тіркеседі.Бұндайда сапалық сынмен тіркесіп барып күрделі анықтауыш болады. Субстантивтеніп басыңқа сыңар да болады: ақсақалды үлкендер. Сан есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері Сын есімдер сияқты анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Зат есімдермен тіркескен санауға келетін нақты зат есіммен байланысады. Тек стильдік мақсатта болмаса. Сан есім қатыстық сын есіммен тіркесіп барып күрделі сөз тіркесі болады: екі шекті домбыра. Бұлар әсіресе мөлшерді білдіретін зат есіммен тіркесіп анықтауыш болады. Мысал: Тоғыз жасар бала. Үш күндік жол. Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер – олармен берік мағыналық байланыстағы, етістіктермен біте қайнасқан сөздер. Олар – үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, жалғаусыө зат есімдер.Сын, сан есімдер – жаратылысынан зат есімдерге тән сөздер. Сонда да олар етістіктерге қатысты болып, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің құрамында кездеседі. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? Қанша сұрайды? Қашан келеді? Не алды? Тәрізді сөз тіркестерінде айтылады. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай: 1) үстеулі; 2) еліктеуіш сөзді; 3) көсемшелі; 4) сын есімді; 5) сан есімді; 6) заь есімді сөз тіркестері деген алты топқа бөлінеді. Үстеулі сөз тіркестері Үстеулер етістіктермен тіркесіп, қимылдың сапасын білдіреді. Етістікті сөз тіркестерінің бұл түрі көп таралған, өте өнімді. Үстеулер етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатынаста мезгіл, мекен, себеп, мақсат, т.б. мағыналарда жұмсалады. Үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай екі топқа бөлінеді: а) негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері; ә) туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері. Негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері. Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп жатуға келмейтін үстеулерді айтамыз (кеше, қазір, енді, жаңа, ертең). Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолымен құралған сөздер, мыспалы, бүгін (<бұл + күн), биыл (< бұл + йыл), қосарлы, оқта-текте, жол-жөнекей, жалма-жан тәрізді үстеулер де жатқызылады. Негізгі үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады: Мезгілдік. Етістіктердің шақты білдіруі олардың өздеріне тән ерекше, ең басты қасиеті деп есептеледі. Олардың сол лексика-грамматикалық мағыналарын айқындай, дәлелдей түсу үшін мезгіл үстеулерді етістіктермен тіркестіреміз. Сондықтан ондай үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында өте жиі ұшырайды. Қазіргі қазақ тілінде мезгіл тіркеспейтін бірде-бір етістік жоқ деуге болады. Оның себебі етістіктің шақтық мағынасының үстеудің мезгілдік мағынасымен әуендес екендігінде. Мезгіл үстеулері етістіктермен қабыса байланысады. Дегенмен мұндай сөз тіркестір құрамындағы сөздердің орын тәртібі едәуір еркін болып келеді. Мезгіл үстеуі етістікпен қатар тұрып та, арасына сөз салып тұрып та байланыса береді. Мысалы: кеше Маржан келін қымыз ішкен екен (Майлин) дегенде, кеше сөзі сөйлемнің басында тұр. Ол ішкен екен деген сөйлем соңындағы етістікаен тіркеседі.Осындайды тюркологтардың көбі мезгіл үстеу (прысықтауыш) сөйлемге түгел қатысты болғандықтан оның алдында тұр деп түсіндіреді. Дұрысы олай емес. Мұндайда ол сөйлемдегі барлық сөзбен тіркеспейді, тек қатысты сөзбен тіркеседі. Кейде үстеулер етістік тобына енген сөзбен де берік мағыналық байланыста айтылуы мүмкін, мысалы, Бүгінгі өзен кеше де, онан да бұрын да, жүз жыл бұрын да тап осылай ақты ғой (Есенжанов). Әдетте, мезгіл үстеулер етістікті сөйлемнің қай шенінде тұрмасын, тек етістікке ғана қатысты болып, етістікпен ғана тіркесе алады, сын есім, сан есім, есімшелер сияқты қай сөздің алдында тұрса, сол сөзге қатысты бола қалмайды. Сондықтан кеше келді, жаңа білдім тәрізді сөз тіркестерінің арасына есімдер қойып, үстеуді етістіктен қашықтауға болады: Кеше қарындасым қаладан келді. Жаңа ғана жолаушылар атқа мінді.

Мезгіл үстеулерінің етістікпен тіркескенде мезгілдік мағыналары әр түрлі болады. Мысалы, бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні, алдыңғы күні, күндіз, түнде, күндіз-түні, ертеңінде, ерте, ертемен тәрізді мезгіл үстеулерімен келген сөз тіркестері бір тәулік ішіндегі мезгілдік кезеңдерін білдіреді. Гүлім бүгін бұрынғысынан ұзағырақ айқайлаған тәрізді. Мен кеше Щербаковпен сөйлестім (Мұстафин). Қожаш кеш келіп, ерте кетуші еді (Көбеев). Ертеңінде таңертең ........ үй есігі ашылды (Әуезов). Ол күндіз де, түнде де өндірудің қамын ойлады (Брагин). Биыл, былтыр, жылда, жылма-жыл, қысы-жазы, күзде тәрізді сөз тіркестері жыл мезгілі кезеңдерін көрсетеді: Жеңіп ем былтыр ғана Арғынбайды Осы үйде домбырасы даңғырлайды (Жамбыл). Жылда осылайша... бірнеше айды бірге өткәзуші еді (Әуезов). Жаңа енді, әуелі, енді-енді, алдымен үстеулері етістіктермен тіркесіп, істің алғашқы кезеңін білдіреді. Өйткені келген почтаны алдымен өзі тексереді («Жұлдыз»). Ұдайы, үнемі, ылғи, ұзаққа, талай үстеулері етісті сөз тіркестерінің құрамында жұмсалып, істің созылу мерзімін білдіреді: Бұл екі ауылдың арасында мұндай қақтығыс ұдайы болып тұрады. Тары әңгімесі ұзаққа созылды (Мүсірепов) Лезде, тез, шапшаң, қайта-қайта, әрқашан, дем арасында үстеулері етістіктермен мезгілідік қатынасқа түсіп, істің шапшаңдық, дүркінділігін мезгілдік ыңғайда білдіреді. Сен немене, Қайрақтыңа қайта қайтпақпысың? (Мүсірепов). Лезде ол қайта оралып, от тамызды (Сланов). Мекендік. Іс-әрекеттің қайда болғанын білдіру – етістікті сөз тіркесінің арнаулы қызметінің бірі. Сондықтан мекен үстеулері етістіктермен жиі тіркеседі де, олар көлемдік қатынастажұмсалады: Арасында құлын-тай, айнала шауып бұлтылдап, Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Ол күлімсіреп төмен қарады (Мұқанов). Айнадай төңкеріліп, үстімде аспан. Төменде көк толқындар көбік шашқан (Жароков). Полк ілгері жүріп кетті (Мүсірепов). «.........мінген, әрі тұр, жүйрік мінген, бері тұр» (Жамбыл). Ауылға баратын жол біресе олай, біресе былай кетеді. Кеме ақырынғана кейін шегініп барады. Божышы аттың басын кері бұрады (Иманжанов). Жүністің Қарагері мен бір торы ат... қатар келе жатыр (Көбеев). Амал. Мұндай сөзтіркестері пысықтауыштық қатынаста істің әр түрлі істелу амалын, тәсілін білдіреді. Мысалы, тез, тез-тез, шапшаң, ақырын, әрең, жай, қатты, жалма-жан, кілт, жалт сияқты үстеулер етістіктермен тіркесіп істің қарқынын, даму дәрежесін көрсетеді: Поезд тез жүріп келеді (Мұқанов). Байжанның әр сөзінің артынан аз ғана аялдауға әрең шыдап, тағы да тез-тез қайталап жіберді (Мүсірепов). Ол ақырын ғана жол үстіне қисайып отыра кетті де, қайта тұрды (Мүсірепов). Абай... ақырын аяңдап, әкесінің үйіне келді (Әуезов). Біреулер қатты-қатты қарқылдап, біреулер ақырын ғана ыржияды (Мұстафин). Мұрат жалма-жан қалтасындағы 20 тиынды алды.. артынша кілт тұрып қалды (Иманжанов).Кенеттен етпетінен, шалқасынан, қолма-қол, көзбе-көз, тікелей, зорға, әрең, басқа, әбден тәрізді сын-қимыл үстеулері етістікті сөз тіркестерінің құрамы да қимылдың болу тәсілдерін білдіреді, мысалы, кенеттен шыға келу, етпетінен құлау, қлома-қол беру, көзбе-көз сөйлесу. Байжан әбден ұзап кеткен соң, әйелдер... үйге қарай беттеді (Мүсірепов). Көп, аз, талай, бірталай, анағұрлым, мұнша, бастан-аяқ, біржолата тәрізді сан-мөлшер үстеулері етістіктермен тіркесіп анықтауыш-пысықтауыштық қатынасқа түседі: Қожаш бастан-аяқ барлық сырын айтты. Ертең біржолата қайтамыз (Көбеев). Үстеулер күрделі болып та келеді: Келесі жылы құрғақшылық болса қайттің? (Тілеков). Алдыңғы күні ақтар Фортқа жақындап қалған (Вишневский). Әбіш... келер жылы оқуын тамамдай қайтатынын айтты. (Әуезов). Туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері. Басқа есім сөздерге –ша//-ше, -дай// -дей, -сыз//-сіз т.б. аффикстері жалғану арқылы туынды үстеулер жасалатыны белгілі. Осы аффикстердің соңғы екеуі қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрамында пысықтауыш мүшелердің де қызметін атқара береді. Қатыстық сын есімдер ондайда үстеуге айналып кетпейді. Ондай тұлғадағы үстеуге айналған сөздер, көбінесе, етістіктермен тіркесте жұмсалады. Туынды үстеулер қатысты етістікті сөз тіркестері әр түрлі анықтауыш-пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады: -ша // -ше қосымшалы үстеулермен (биылша, бүгінше, қазірше, ізінше, арынша) келген сөз тіркестері қимылдың әр түрлі мезгілдік кезеңдерін білдіреді. Бұл үшін ол үстеулер көбінесе қимыл етістіктерімен тіркеседі: биылша барма, бүгінше тоқтай тұр, әзірше жүрмеймін, ізіңше кейін қайт, артынша қарадым. Қабашбай, ізіңше қалаға тарт (Сланов). Бүгінше дем ал, ертең Қызылжарға аттанатын бол! (Тілеков). Бүгінше жатсын осы кухняда (Мұқанов). Маған дегенде Митягиннің іші бұрынғыша елжіріп тұрады (Макаренко). -ша//-ше тұлғалы жанды зат есімдерден жасалған үстеулер салт етістіктермттарға тән істің тәсілдерін білдіреді, мысалы, боташа боздау, өгізше өкіру, қазақша сөйлеу, ерлерше күресу. Олар пештің үстінде отырып, қазашқа кеңесті (Мұқанов). Уа, ендеше осылай... өзгеше бір ерлерше қуанайық! (Әуезов). Ескі бише отырмын бос мақалдап, ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай). Оқты жаңбырша жаудырады (Сейфуллин). Барынша, көбінше (көбінесе) тәріздес үстеулер қатысты етістікті сөз тіркестері істің сан-мөлшерлік және салыстырма мезгілдік дәрежесін білдіру үшін жұмсалады, мысалы, көбінше үйде боламын, барынша күтті, осыншакүттірді. Қоғамның материалдық, мәдени қажеттерін барынша қанағаттандыру керек (газеттен). Бүгін қал деп осынша өтінсем де қалмады. Оны күндіз барынша күтеді (Әуезов). Ең қайратты деген Тілеудің осынша егілгені несі? (Сланов). Құнанбай онша шіміркенген жоқ-ты (Әуезов). Қаншама қысып сұраса да, ұйымдастырушыларды таба алмады (Есенжанов). Кейде –ған тұлғалы есімшелер де –ша//-ше жұрнағын қабылдап, мезгіл үстеулеріне айналады. Ал мұндай үстеулер көбінесе өзі меңгеретін есім сөзбен бір тіркесте қолданылады да, осы күйінде тұтасымен етістікке қатысты болады: Айтыс Ойылға жеткенше басылмады (Мұстафин). Менің мектебіме түс... Қолымнан келгенше қарасып көрейін (Сланов). -дай//-дей, -сыз//-сіз афикстерін жалғау арқылы есімдерден жасалған үстеулер сирек кездеседі. Дегенмен мұндай үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Зат есімдер мен –ған тұлғалы есімшелерге –дай//-дей жұрнақтары жалғану арқылы жасалған үстеулер салт етістіктермен және сирек болса да, сабақты етістіктермен тіркесіп, қимылдың салыстырмалы сапасын білдіреді, мысалы, бұлбұлдай сайрау, көріктей көтерілу, сүліктей сору, шыбықтай бұраңдау, безгек болғандай қалтырау. Кеудем көріктей көтерілді (Мүсірепов). Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай). Білте шам безгек болғандай қалтырап тұр (Мүсірепов). Ол мені танымағандай бетіме қайта-қайта қарады (Шаймерденов). Қонақтың ұйқысы шайдай ашылды (Мұстафин). -сыз//-сіз тұлғалы үстеулермен келген етістікті сөз тірекестері қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі амалын, күйін білдіреді, мысалы, орынсыз сөйлеу, еріксіз күлу, үздіксіз көбею. Василий Антонович еріксіз күліп жіберді (Мұстафин). Кітапханалардың саны да үздіксіз көбейіп келеді («Қаз. әдебиеті»). Итбайдың жазықсыздан-жызықсыз Амантайды бір сабатқаны бар еді, Мынау Сырдария сияқты мол судың ауылдың тұсынан пайдасыз ағып жатуы өз денесінің қаны төгіліп жатудан кем батпайтын еді (Мұқанов). Кейбіреу жайдары, ашық боламын деп, орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай). Ескерту: Туынды үстеулердің кейбірі сын есіммен тіркеседі, мыс.: тастай қараңғы, сүттей ақ, мұнша көп, онша көп емес, оншалық сапалы емес. Еліктеуіш сөзі бар тіркестер. Еліктеуіш сөздерді өзіндік дербестігі бар сөз табының бірі деп танимыз. Еліктеуіш сөздерқазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші не негізгі етістіктермен бір тіркесте қолданылуы, мыс.: (мылтық) тарс етті, (жарық) жылт етті: (арба) кілт тоқтады, (бала) жалт қарады.

Етістікті сөз тіркестерінің баң\ғыныңқы сыңары қызметінде жұмсалатын еліктеуіш сөздер етістіктерді мәнерлі түрде еліктеу тұрғысынан сыпаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер қимыл-әрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді, мыс.: жалт бұрылу, тарс жабылу, кілт тоқтау. Ал, қосарланып қайтылған еліктеуіш сөздері бар етістікті тіркестер қимыл-әрекеттің созылымдылығын көрсетеді, мыс.: жалт-жалт қарай, бұрқ-бұрқ қайнау, тарс-тарс соғу. Сонда олардыің мағыналары кісінің көру не есіту сезіміне үйлесімді болып, кейде дыбысқа еліктеуді, кейде қимылға тән әрекеттің көріну амалын білдіреді. Өздерінің осы ерекшелігіне лайық әрбір еліктеуіш сөз белгілі етістіктермен не етістіктер тобымен тіркесе алады. Осы тұрғыдан қарағанда, еліктеуіш сөздері бар тіркестерді тұрақты деп те есептеуге болатын тәрізді. Алайда бұлар еркін тіркестер қатарына жатады. Өйткені ондай тіркестердің құрамындағы сөздер өздерінің лексикалық та, грамматикалық та дербестігін жоғалтпайды. Оның үстіне, еліктеуіш сөздердің тіркестік топ құрай алатын етістіктері белгілі ғана сөздер болғанмен, ол етістіктермен тіркесе алатын еліктеуіш сөздер бірнеше болуы мүмкін, мыс.: қарқ-қарқ күлу, сақ-сақ күлу, сылқ-сылқ күлу, мырс-мырс күлу. Мұндай тіркестердің көп жұмсалатын жері – көркем әдебиет. Онда олар көрікті, көркем, әсерлі ойдың материалы есебінде қолданылады. Кісінің көру, есіту сезіміне әсер ететіндей эмоциялы, экспрессивті күште болады. Еліктеуіш сөздер қуану, сағыну, түсінц тәрізді адамның ішкі сезім күйін білдіретін етістіктермен тіркеспейді. Олар көбінесе қимылды немесе заттың әрекетін білдіретін салт етістіктермен тіркеседі, мыс.: жалт бұрылу, кілт тоқтау, зыр айналу, күрс жарылу, морт сыну, жалт-жалт қарау, тырс-тырс соғу , бұрқ-бұрқ қайнау. Социалистік индустрияның дөңгелегі зыр жүгірді (Мүсірепов). Самолет гүрс жырылып, от жайылып жүре берді. Үйдің қабырғасында тырс-тырс соққан үлкен қабырға сағаттың дыбысы анық естіліп тұр. Жанат сылқ-сылқ күліп жіберді. Ахмет қарқ-қарқ күлді. Алма сақ-сақ күліп жіберді (Мұстафин). Колхоздың қара сабалары гүмп-гүмп пісілді (Мүсірепов). Мылтық даусы гүрс-гүрс шықты (Сланов). Бір буынды еліктеуіш сөздер сирек қолданылады. Оның үстіне мұндай еліктеуіш сөздердің әрқайсысы белгілі бір етістіктермен ғана тіркесе алады. Мысалы, шыр сөзі айналу етістігімен ғана, кілт сөзі тоқтау, бұрылу етістіктерімен, жалт сөзі қарау, бұрылу, беру сөздерімен, гүрс сөзі жарылу, құлау сөздерімен, қарс сөзі айрылу, жарылу етістіктерімен және морт сөзі сыну сөзімен, ал зыр сөзі жүгіру, айналу етістіктерімен тіркесе алады. Қос сөзді еліктеуіштер етістікті тіркестердің құрамында жиі қолданылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн: кез келген бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мыс.: гүрс-гүрс, жалт-жалт); ал кез келген қос сөзді еліктеуіштерді бір буынды етіп айтуға болмайды (мыс.: құж-құж қайнау, лүп-лүп соғу). Граната гүрс-гүрс жарылды (Мүсірепов). Жанәбілқарқ-қарқ күлді (Мұстафин). Аспан.. салдыр-гүлдір құлап келе жатқандай болды (Мүсірепов). Аяқ бассаң, (ол жердің) сортаң суы шып-шып шығып, шыпылдап жатады. Күркіреп жер шатыр-шұтыр жарылады секунд сайын (Сәрсенбаев). Еліктеуіш сөздерге етіп, еткізіп көмекші етістіктердің жалғасуы арқылы олардың негізгі етістіктермен тіркесу қабілеті арта түседі. Бұл жағдайда да ондай сөз тіркестері амал пысықтауыштық қатынаста жұмсалады: Мария апайдың басқаның бәрі де мырс етіп күліп жіберді. Қара теңіз бұрқ-бұрқ етіп қайнап жатқандай. Әлдеқайдағы біздің екі көк қырғи жарқ етіп көрінді. Құлағыма дүрс-дүрс етіп аспан жүрегінің соққаны естіледі.

Көсемшелі сөз тіркестері. Көсемшелер – синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қасиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы баяндауыштың құрамында, сонымен қатар толық мағынлы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып пысықтауыш та болады. Соңғы екі жағдайда көсемшелік тұлағалар бір етістікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде жұмсалады. Солай болатындықтан көсемшелер тек етістіктерге қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың етістіктермен тіркескіштік қасиетін мынадан көруге болады; етістіктердің модальдық, шақтық, видтік, т.б. мағыналарын түрлендіру үшін немесе әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу үшін етістіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің үстіне бірі жамалып, өз ара қат-қабаттала береді. Мысалы, асықпай оқыды – асықпай оқып отыр еді, - асықпай оқып кетіп бара жатыр еді; осылардың ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауыш мүше қызметінде дербес қолданылған да, қалған көсемшелер тұтас бір түйдекті тіркес құраған. Кейде осы тәрізді қат-қабатталудың нәтижесінде бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын тіркес құрамында бес сөзге дейін, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын тіркестер құрамында он сөзге дейін болады. Мысал үшін мына төмендегі тіркестерге назар аударайық: 1. Жүгіріп кету, жүгіріп кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді; 2. Асықпай оқып отыр, асықпай оқып отыра берді. 3. Асығып оқып кетіп бара жатып, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздап еді. Соңғы мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтасистік топтар құраған: соңғы төрт сөз баяндауыш қызметінде (жығылып қала жаздап еді), қалған үш топ әр түрлі пысықтауыш қызметінде қайтылған: 1) асығып; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; 3) сүрініп кетіп жығылу. Мұндай мысалдар қазақ тіліндегі көсемшелердің етістікті сөз тіркестерін құрауда ерекше икемдігі барлығын дәлелдейді. Көсемшелер таза етістікті сөз тіркестерінің көп кездесетін топтарын құрайды. Кез келген негізгі етістік мұндай сөз тіркесі құрамында оның не бағыныңқы, не басыңқы сыңары қызметінде жұмсала алады. Мысал, үшінмына сөз тіркестерінің құрамына көз жіберейік: қуып жету, қуып жетіп оқу, түсініп сөйлеу. Бұл мысалдағы бағыныңқы көсемшелерді мына мысалдағыдай басыңқы етіеп айтуға болады: ойқастата қуу, бастырмалата қуып жету, оқып түсіну. Көсемшелердің етістіктермен тіркесуі олардың тұлғасы мен мағыналық үйлесіміне байланысты болады. Мысалы: сөйлеу етістігі мен кісінің ішкі, сыртқы күйін білдіретін көсемшелер ғана тіркесе алады: ашуланып сөйлеу, ызаланып сөйлеу, күлімсіреп сөйлеу, қылмыңдай сөйлеу, қызараңдап сөйлеу, назданып сөйлеу, түсініп сөйлеу, жақтырмай сөйлеу, ұнатпай сөйлеу, саспай сөйлеу, қорқып сөйлеу, отырып сөйлеу, қырылдап сөйлеу, ентігіп сөйлеу, т.б.Осы келтірілген мысалдардан көсемшелер мен етістіктерден құралатын сөз тіркестерінің аясы кең екенін аңғаруға болады. Бұдан кез келген көсемшені кез келген етістікпен тіркестіре салуға болады деген түсінік болмауы керек. Мысалы, ентіге жүгіру, асыға жүгіру, таяқ ала жүгіру, ақсаңдай жүгіру - әбден табиғи байланыстылығы жарасымды тіркестер. Ал, жүгіру етістігі мен сызылып, жүре көсемшелерін тіркестіру зорлық болар еді. Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте –ы п//-і п//-п тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады да, -а// -е, -й тұлғалы көсемшелер сиректеу, ал –ғалы, //-гелі, -қалы//-келі тұлғалы одан да гөрі сирек кездеседі. Көсемшелер сөз тіркестері пысықтауыштық қатынастарды, атап айтқанда, қимылдың амалын, мезгілін және мақсатын білдіреді. Сонда көсемшелер етістіктің – қимыл процесін білдіретін сөздердің – қимылдық сапасы ретінде жұмсалады. ОЛ үшін көсемшенің кез келген тұлғасының бірін жұмсаса болады деп қарау дұрыс емес. Олардың әрқайсысының өзіне ғана тән ерекшеліктері барлығын сөз тіркесі құрамында анық байқауға болады. -ы п//-і, п //-п тұлғалы көсемшелер амал пысықтауыш қызметінде, көбінесе, салт етістіктермен тіркеседі. Амантай о р н ы н а н ұ ш ы п т ұ р д ы (Мұстафин). /Ғайша/ жеңгесінің қасына с ы з ы л ы п қана о т ы р д ы (Көбеев). Жолдың үстінде жалғыз қара с о п а й ы п көрінеді (Мүсірепов). Бір қоянды бір тазы б а с т ы р м а л а п қ у ы п к е л е ж а т ы р екен (Ерубаев). Әр жерде ақырын ш ұ л ғ ы п балықшы кемелері ж ү р (Мүсірепов). Ж ү г і р і п тысқа да ш ы қ қ а м ы н. Дегенмен –ып//-іп, -п тұлғалы көсемшелер сабақты етістіктермен де тіркеседі, мыс.: Әйгерім әнін Абай м ү л г і п т ы ң д а д ы (Әуезов). Қара құс б а с ы п ж е й д і, сұңқар құс ш а ш ы п ж е й д і (мақал). –ып//-іп, -п тұлғалы көсемшелер өздеріне қатысты есімдермен бірге күрделі сөз тіркесінің құрамында да қимылдың амалын, мақсатын т.б. білдіреді: Қаланың солтүстік жағында... н а р д а й ш ө г і п бір тау ж а т ы р (Мұстафин). Кісілер с а л қ ы н д а й ы қ деп далаға ш ы қ т ы (Көбеев). Батальон командирі бізге қ а й т д е п ә м і р е т т і. Пісіп қалған алма мен өрік т о п – т о п е т і п ү з і л і п т ү с е д і (Мүсірепов). Қыз-келіншектер ү й т і г е р, б ұ р а л а б а с ы п, б ы л қ ы л д а п (Абай). -а//-е тұлғалы көсемшелер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері қиымлыдң амалын, тәсілін барынша айқын түрде хабарлайды: Лиза Рахметке қадала қарады (Ерубаев). Жақсылық оған күле қарайды (Сланов). (Ол) қуаныш ете қарап отыр (Әуезов). Кейде –ғалы//-гелі, -қалы//-келі және –а//-е тұлғалы көсемшелер өздеріне қатысты болатын есімдермен бірге сөз тіркесінің құрамында қимылдың мақсатын білдерід: Айғырды Шығайбай үйірге салғалы... құлын алғалы алыстағы елден алдырыпты («Алдар Көсе әңгімелері» ). Базарәлі Құнанбайға сәлем бере келген-ді (Әуезов). ...Достық білдіргелі келдік, - деді Қожекең (Мүсірепов). Сен маған сәлем бере келген шығарсың?... Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс далаға шықты (Әуезов). ғалы//-гелі, -а//-е тұлғалы көсемшелерден келген тіркестер күрделі не үйірлі мүше қызметінде мезгілдік қатынаста жұмсалады: Ел жата Олжабек... көше жөнелген (Мұстафин). Осы сәлемді ести сала Базарәлі атқа мінген (Әуезов). Қос сөз түрінде келген көсемшелер етістіктермен тіркесіп, қимылдың д ү р к і н д і л і г і н, с о з ы ң қ ы л ы ғ ы н білдіреді: Сөйлей-сөйлей шешен боларсың (мақал). Ұрыны ұрып-ұрып үйден қуып жіберіпті («Алдар Көсе әңгімелері»). /Ол/ ...тәтті талқанды аузын толтыра-толтыра асады (Мұстафин). Сары тазы енді таң қалып тұрып-тұрып, ақырында, Абай ұзап кете бастаса, тынышсызданып, үре бастайды (Әуезов). Бұлардың барлығы көсемшелердің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да етістіктермен қабысу жолымен тіркесіп, етістікті сөз тіркесінің ең көп таралған тобын құрайтындығын дәлелдейді. Пысықтауыштық қызметтегі көсемшелер де, мезгіл үстеулері сияқты, сөйлемде өздері қатысты етістіктерден аулақ кетіп, алшақ қабысу ыңғайында да жұмсала береді, мысалы: Құрымбай үйге асығып кірді. Асығып Құрымбай үйге кірді. Құрымбай асығып үйге кірді. Осының бәрінде көсемше тек етістікпен тіркеседі, басқа сөздермен тіркесе алмайды. Сондықтан сөйлемнің барлық шенінде тұра береді. Сын есімді сөз тіркестері. Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі – сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікпен тіркесе бермейді, барлық етістікте сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Барлық етістік бірдей ондай сапалық айқындауыш болуды керек етпейді. Ондай етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің не басқа заттың ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдертін кес, піш, бойла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланыста бола алады. Сапалық сын есімдердің ішінде мынандай сөздер етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болады: жақсы, жаман, қатты, ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ т.б.: жақсы түсінді, жаман жазды, оңай түсінді, ұзын кес, кең піш, майда тура. Бұлар етістікті сөз тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынасты білдіреді. Қатыстық сын есімдердің ішінде етістікті сөз тіркесінің бағыныңқылы сыңары қызметіне –сыз//-сіз, -дай//дей тұлғалы сөздер көп жұмсалады: Абай түнді ұйқысыз өткізді (Әуезов). Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді (мақал). Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, нәзік бел тал шыбықтай бұраңдаған (Абай). Сан есімді сөз тіркестері. Сан есімдер заттың сандық сапасын білідеретін сөз ретінде есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылатыны белгілі. Дегенмен, олар етістіктермен де тіркесе береді. Сан есімдер етістікті сөз тіркестері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайды. Бұл қызметте сан есімдер атау тұлғасында етістіктермен қатар тұрады. Сонымен қатар сан есімдер рет, есе, қабат тәрізді сөздермен қосарланып та жұмсалады: үш рет келді, екі есе көбейді, үш қабат айтты т.б. Есептік сан есімдер ал, айт, сөйле, кел, қара, жүр, өл, тіріл, секір, сүрін тәрізді етістіктермен қабыса тіркеседі. Сан есімдер бұл қызметте қимыл мен күйдің қайталану мөлшерін білдіреді: Жанбота туды екі алды (Мұстафин). Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады (мақал). Әкесі екі өліп, екі тіріліп бір жетіден кейін қайта өлгендей болар еді (Мүсірепов). Жомарт екеуі коммунизмге бір-ақ секірмек (Мұстафин). Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді (мақал). Батырлар сол бетімен он төрт қонып, Қара Ертіс жағасына барды жетіп (Байзақов). Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің шамамен алғандығы қарқынын білдіреді. Би болыстар екі-үш қонып... ауылнайға қарай кетті (Көбеев). Қожаш та... қамшымен Шалқанды бір-екі тартып өтті. Шалқан Жүністі қамшымен екі-үш рет сілтеп өтті (Көбеев). /Ол/ бір сөзді бес-алты рет жөндейді (Ерғалиев).Сан есімдер етістікті сөз тіркесі құрамында рет, дүркін, қабат сөздерімен қосарланып, қимылдың дүркінділік дәрежесін көрсетеді: /Ғайша/... бірер рет көзінің астымен Қожашқа қарап қойды. Бұл мәселе обкомда бірінші рет қарағанда, аудан өкілі боп рахмет те қатынасты (Мұқанов). Бейсен екі дүркін сөйлеп үлгірді (Мұстафин). /Айшакүл мектеп үйін/ бір сылағанда, үш қайтара сылады (Майлин). Мың қабат түшкірсеңіз де, мұншалықты кедей колхоз дегеніңізге сену қиын (Әбішев).Сан есімдер есе сөзімен қосарланып келіп, етістіктермен тіркескенде, қимылдың сандық тұрғыдан даму дәрежесін білдіреді: Жұмыс аумағы үш есе ұлғайды (Мұстафин). Олар жоспарды бірі үш есе, бірі бес есе орындады (Мұстафин). Мезгіл мағыналық есімдер мен сан есімдер тобы етістіктермен тіркесіп, күрделі сан мөлшерін білдіреді: алты ай іздеді, бес километр жүгірді, он сағат істеді. Мұндай сөз тіркестерінің сан-мөлшерлік мәні, көбінесе, мезгілдік болады: Ауылдастар... бір төбені бір ай қазды (Ерғалиев). Үйіндегі бір нанды бір ай жейді аз-аздап (Абай). Бұлар байдың үйінде... екі-үш күн жатты (Көбеев). Иванов 10 минут сөйлейді (Нұрпейісов). Жомарттың жоспарын Жанат сегіз күн ұстады (Мұстафин). Үш адам алға кетті. Он километр жүгірді. Зат есімді сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы – зат есімді тіркестер. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы әрі мағыналық, әрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын құрайды. Сөз тіркестерінің бұл түрі тура объектілік қатынаста жұмсалады. Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады, мысалы: жер жырту, киім тігу, бала оқыту, кітап оқу, мылтық ату, қымыз ішу. Кейбір зат есімдер етістіктермен бір тіркесте жиі қолданылуының нәтижесінде және керісінше, өздерінің бұрынға дербестілігінен айрылып, түйдекті тіркес қалпында баяндауыштың не басқа мүшенің құрамына еніп кетеді, мыс: сөз сөйлеу, темекі тарту, орақ ору, жол жүру, төсек салу. Мұндай тіркестердегі зат есімдер, сырт қарағанда, қимылдың обьектісі болып көрінгенімен, қолдану тәжірибесінде ешқашан табыс жалғауын қабылдамайды. Ал, жоғарыда келтірілген (жер жырту, киім тігу т.б.) за есімдер табыс жалғаулы болып та немесе жалғаусыз да жұмсала береді. Бұл ерекшелік алдыңғылардың (сөз сөйлеу, орақ ору) құрамындағы сөздердің тығыз байланыста екенін, дербестілігінің жоқтығын көрсетсе, соңғылардың (жер жырту, киім тігу т.б.) оларға қарағанда, арасының алшақтығын аңғартады. Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сөз тіркстерін тіркесу ерекшелігіне қарай екі топқа бөлуге болады:

  1. Нақтылы зат есімдердің қимылды, қозғалысты білдіретін етістіктермен тіркесі. Мыс: ағаш кесу, пішен ору, таяқ ұстау, ет турау, гүл отырғызу, шам жағу, тері илеу, үй салу, кілем тоқу.

Осындай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары етістіктердің мағыналық ерекшелігіне үйлесімді болып ыңғайласа тіркеседі. Сондықтан, мысалы, тоқу етімтігіне тоқталып жасалатын зат атауларының бірі обьекті бола алады, ал тоғыту етістігі қой тоғыту, қозы тоғыту тәрізді бірен-сарпан сөз тіркестерінің ғана құрамында жұмсалады. 2. Абстракті зат есімдердің күйді, сезімді білдіретін етістіктермен тіркесі. Сөз тіркестерінің бұл түрі сирек құралады. Өйткені ақыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылық тәрізді абстрактілі зат есімдердің обьектілік қызметі солғын болады. Оның үстіне, мұндай сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында, көбінесе, лексикалық лексикалық тіркес ретінде ұғынылады. Бұлар ән тыңдау, ақыл беру тәрізділер. Әдебиеттен мысалдар: 21-22 жылдардағыдай билік айтып олжа түсіретін... заман емес. Сары оған мынандай сөз айтты. Досбол Хасеннің үстінен арыз бермекші (Майлин) . 9 сұрақ.Сөйлемге тән белгілер. Сөйлемнің негізгі белгілері туралы ғалымдар арасында түрліше пікірлер бар. Дегенмен солардың барлығы айналып келгенде, предикативтілік, модальділік және интонация үшеуінің төңірегінде өрбиді. Сайып келгенде, сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілікті де, модальділікті бе (айтылған ойға айтушының субъективті көзқарасын білдіруі), интонацияны да бірдей жатқызған орынды болмақ. Сондай-ақ мынаны да ескерген жөн: сөйлем бүкіл тілдік категорияларды өз бойына жинақтай келе, өзіндік үлкен екі қасиетімен дараланады, олар: 1) сөйлемнің негізін құрайтын элемент – бастауыш пен баяндауыш екендігі, осы екеуінің арқасында ғана оның модальдік қасиеті айқындалады. Сондықтан да ең алдымен, сөйлемге тән қасиет, ол – предикативтілік. Предикативтілікке жақ, шақ категориясы негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге асады. Ал предикативтілік мына үш нәрсенің байланысы болып табылады: а) субъект-предткат арасындағы байланыс (логикалық аспект); ә) тема-рема арасындағы байланыс (коммуникативтік аспект: тема – сөйлемдегі оқиғаның басталу шегі; рема – айтылған хабардың амал-әрекеті); б) бастауыш-баяндауыш арасындағы байланыс (грамматикалық аспект). Сөйлемнің бір құрамды, екі құрамды немесе мүшеленбейтін түрлері болатыны белгілі. Бұларда предикативтілік түрлі деңгейде көрініс алады. Айталық, екі құрамды сөйлемдерде предикативтілік нақты, бір құрамды сөйдемдерде предикативтілік жартылай, ал мүшеленбейтін сөйлемдерде предикативтілік болмайды да. Бұған қарағанда, предикативтілік бастауыш пен баяндауыш арасындағы таза гр-лық құбылыс. Сөйлемнің модальділік белгісі сөйлем арқылы адамның қуану, шаттану, еркелету, шошу, ашу-ыза, күдіктену, күшейту, әсерлеу, құптау, жақтырмау және т.б. қасиеттерінің көрінуімен беріледі. Олардың негізгі көрсеткіштері рай категориясы, модаль сөздер, демеуліктер және интонация болады. М. – сөйлем мазмұнының шындыққа қатысын (объективті м.: Ол жақта қыс ерте түседі) және сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын (субъективті м.: Ол жақта қыс ерте түсетін сияқты) білдіретін функционалды-семантикалық категория. Инт. да сөйлемге тән. Сөйлемнің барлық түрінде оның құрылымдық компоненті ретінде и. болады. И-ның тоны, ұзақтылығы, интенсивтілігі, тембрі т.б. компоненттерінің қасиеттері сөйлемнің коммуникативтік, эмоциялық мағынасына үлкен әсер етіп, оны өзгертіп және түрлі реңкке бояп отырады.

10 сұрақ. Сөйлем мүшелері туралы. Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болуы керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; 3)сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек. Мысалы: Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? –сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? –сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.

 

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болыпүшке бөлінеді. Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы: Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

 Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы: Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш,Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді –күрделі баяндауыш.

 Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы:

 Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

 Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер жәнетұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішіндебастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарөздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесібастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?

 Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиысабайланысады. Мысалы: Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің

Баяндауыш

 Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүшебаяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.

 Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;

2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойдытиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағынажауап береді.

 Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді

Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бір. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады. Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара толықтауыш; 2) күрделітолықтауыш; 3) үйірлі толықтауыш. Тұрлаусыз мүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауышдеп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Күрең (қандай?) ат еш нәрседен үрікпейсұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып келеді. Екінші (нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды. Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауыштымекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемніңтұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Неге? Не үшін? 11 сұрақ. Бастауыш жасалу жолдары және түрлері. Сөйлем құрауға негіз болатын , өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелерін тұрлаулы ( бас ) мүшелер дейміз. Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субьектісі болады. Баян. Бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан турлаулы мүшелердің ең негізгісі бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болатыны белгілі. Оны мыналардан байқаймыз: 1)Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол - сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі. 2)Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай , сөйлем толымсыз болуы да мүмкін. Ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі. Бастауыштың грамматикалық тұлғасы сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Бастауыштарға қойылатын негізгі сұрақтар кім? Не? Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда жұмсалуына қарай жоғарғы сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сұрақтар сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге жалаң күйінде қойылмайды, баяндауыштармен қабаттаса қойылады. Мыс: Ажар баяндама жасады ( Кім баяндама жасады?- Ажар ...). Сөйлемде бастауыштық негізгі қызмет атқаратын сөздер зат есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер. Олар түбір тұлғада да, көптік , тәуелдік қалпында да бастауыш болады. М. Аттар әлденеге құлақ тіге қалды. Біз жүріп келеміз. Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің енді бір тобы сапалық есімдер – сын есім, сан есім, есімше: Алтау ала болса, ауыздағы кетер... Еккен орар. Зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар. Бастауыш - субьектінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болғандықтан , сол қызметті өтей алатын заттардың аты арнаулы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан ондай зат есімдер арнаулы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мыс: Жарас ағаш екті деген сөйлемді алайық . Мұнда Жарас, ағаш деген екі зат есімдер. Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған: Жарас - қимыл иесі, бастауыш, ағаш - қимылдың обьектісі, толықтауыш. Олардың орнын ауыстырғанмен бірінің қызметінде екіншісі жұмсала алмайды. Оның себебі - ол екі зат есімнің екі түрлі синтаксистік қызметі атқаруға бейімділігінде: Жарас арнаулы бастауыш болатын сөз де, ағаш арнаулы толықтауыш болатын сөз. Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көбірек жұмсалатындары зат есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар жіктеу, сілтеу, және кім? Не? Деген сұрау есімдіктері. Мысал: Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. Өзі - жөн білетін, пысық жігіт. Cілтеу, сұрау және басқа есімдіктердің бастауыш болатын мысалдар: Бұл – Байжанның талай келген үйі. Ешкім дыбыс шығармады. Заттың сындық, сандық, қимылдық сапасын білдіретін сөздер де сөйлемдер бастауыштық қызметте жұмсала береді. Ол үшін сапалық есімдер субстантивтеніп айтылады. Сапалық есімдерден болған бастауыштар. Заттың сындық сапасын білдіретін сын есімдер, ойды ықшамды етіп сөзбен білдіру керек болғанда, зат есімдермен қатарласып тұрмай ақ, дара күйінде бастауыш және толықтауыш та болуы мүмкін. Есімше де бастауыш болғанда, сын есімдей, қимылдық сапаның үстіне заттық мағына жамап тұрады. Есімшеден болатын бастауыштардың ерекшеліктері мынадай: a) Баяндауышы етістік, зат есім, есімдіктерден болған сөйлемде есімше бастауыш қимыл иесі кісі ( сұрағы – кім? Не қылған? ) орнына жұмсалады: М. Бәйгені озған алады. Ә)Баяндауышы сын есімнен болған сөйлемде есімше бастауыш басқа заттың мағынасында жұмсалады. Берген ұят емес, алған ұят. Б) Көптік жалғаудағы есімшелер бастауыш болғанда, олар әр уақытта қимыл иесі – кісі- мағынасында жұмсалады: Егін оратындар әрі кетті де, астық таситындар қырман басында қалды. В) Тәуелдік жалғауларды тұрып бастауыш болған есімшелер әр уақытта зат есім мағынасында жұмсалады: Жазғаның маған ұнады. Күрделі және үйірлі бастауыштар. 1) Ілік септіктің жасырын түріндегі сөз бен үшінші жақтық тәуелдік жалғаулы сөздер тіркесіп, күрделі бастауыш жасалады. Мыс: Милиция бастығы үйге кірді. Ілік септігіндегі есімдер тағы мынадай сөздермен тіркескенде, күрделі баяндауыш болады: Тәуелді көмекші есімдермен ( алды, арты, жаны т.б): Колхоз маңы ығы жығы. Ауылдың жаны терең сай. 2)Бастауыш құрамындағы екеуміз , үшеуміз, дегеніміз, деген сөздері айтылып күрделі бастауыш жасалады. М. Идея дегеніміз –шығармадағы негізгі ой. 3) Субстантивтенген күрделі сын есім, сан есімдер тобы күрделі бастауыш болады. М. Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты. 4) Көп сөзден болған күрделі жалқы есімдер күрделі бастауыш болады. М. Аудандық оқу бөлімі жұмысқа қызу кірісті. Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесібастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер? Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиысабайланысады. Мысалы: Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің (ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше). Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі 

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара бастауыш

Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.

 

Күрделі бастауыш

Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.

 

Үйірлі бастауыш

Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.

Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.

 

Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі. 

Сөз табы

Мысалдар

Зат есім

Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.

Сын есім

Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты.

Сан есім

Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.

Есімдік

Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.

Есімше тұлғалы етістік

Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.

Тұйық етістік

Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.

Одағай

Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.

Үстеу

Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.

Еліктеу сөз

Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]