
- •1Сұрақ.Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары
- •3 Сұрақ. Сөз тіркесі (жалпы сипаттама). Оған тән белгілер.
- •12 Сұрақ. Баяндауыш
- •18 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері
- •26 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;
- •37Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •3.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •5.Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •7.Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •8.Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •39 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
1Сұрақ.Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары
Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесініңСинтаксисі, сөйлемнің Синтаксисі. Соңгысы өз ішінен жай сөйлем Синтаксисі, құрмалас сөйлем Синтаксисі болып жіктеледі. Синтаксистік байланыс сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық,формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздернегізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан: Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады. Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады. Синтаксистік емес категориялар жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы, сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады.Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс. Синтаксистік категориялар сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формағабағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б. Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс. Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалыққасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік,пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты. Синтаксистік құрылым белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді. Синтаксистік мағына — синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны.Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық(баяндауыштық) мағына, бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді. Синтаксистік талдау — сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау. Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз. Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:
Қайрат баяндады;
балаларға баяндады;
Досанмен болған;
болған әңгіменің;
әңгіменің мән-жайын;
мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.
Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді. Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;
Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;
Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;
Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;
Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;
Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақты, жалпылама жақты;
Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тәнсинтаксистік ерекшеліктері бар.
2 сұрақ. Сөздердің байланысу тәсілдері – сөйлемнің, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысқа түсу жолдары. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысқа түсуінің екі түрлі жолы бар:
Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.
Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл); 1.Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы. Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай). Салаластық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық тәсілмен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері әрі аналитикалық, әрі синтетикалық тәсілдермен байланысады.
Сөздердің байланысу тәсілдері Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:
Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.
Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.
Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.
Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.
Сөздердің байланысу түрлері Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу. Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз. Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз. Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі . Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы. Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі. Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат. Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады. Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу.