- •I.Енбекақы –экономикалық категория ретінде
- •1.1Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
- •1.2Еңбекақы формулалары мен жүйелері.
- •1.3Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар турлері.
- •II.Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі.
- •2.1Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі.
- •2.2Еңбекақыдан ұсталынатын аударымдардың синтетикалық есебі
- •Қорытынды
II.Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі.
2.1Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі.
Кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқаисысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжат бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақысына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек.Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын,оның ішінен табыстан ұсталаты ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап,қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлем тізімі(ведомосі)деп аталады.Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цех,бөлімшелер бойынша пайдаланады.Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу тізімдемесі әрбір жұмысшы мен қызметкерлер бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және онда ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы болып табылады.Бұл тізімдемеде жұмысшы-қызметкердің аты-жөні,табельдік көлемі,оларға есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары және одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы менсоңындағы кәсіпорынның жұмыскерлер мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі.
Жұмыскерлер мен қызметкерлер осы есеп айырысутөлем тізімдемесі бойын-ша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып,қол қояды.Бұл тізім-деме бойынша біріншіден жұмысшы немесе қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе,екіншіден бұл тізімдеме бойынша есеп айы-рысудың аналитикалық есебі болып табылады,ал үшіншіден осы тізімдеме ар-қылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақы-ларын төлейді. Кейбір ұжымдарда есеп айырысу төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі журнал түрінде жасалып,негізгі жә-не қосымша беттерден тұрады. Негізгі беттерде жұмысшылар мен қызметкер-лерге есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы олардан ұсталатын ұсталымдарды есептеуге керекті мәліметтер көрсетіледі.Тізімдерінің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге ашылғандығына байланысты болады.Бұл тізімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген және депотенттелген еңбекақы сомалары есептеледі.Тізімдемені толтыру барысында олардың ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады.Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың,алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомасына сәйкестігін тексеру қажет.Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының одан ұсталатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті.Сомалардың дұрыстығын анықтау үшін тізімдемелердің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс.
2.2Еңбекақыдан ұсталынатын аударымдардың синтетикалық есебі
Кәсіпорында жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350-ші ,,Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу,,деп аталатын синтетикалық,пассивті шотта есептеліп жүргізіледі.Бұлшот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал ордерінде көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге қызмет істегендері,қызмет атқарғаны және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығынының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығынды есептейтін белгілі бір шотқа,оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылу керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі керек.
Сондықтан да рапорттар мен өнімді өндіру тізімдемелері,табельдері және т.б. алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімшелері бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлерінің санаты бойынша топталады.Бұл топтау журнал ордердің үлгілі түрі №3 және №4 өндеу кестелерінде жүргізіледі,ол кестенің сол жағында дебиттелетін шоттар көшірмесі,ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежесіне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалар түрлері бойынша бөлініп жазылады.Кәсіпорында жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы сомасы бөлу тізімдемесінің негізінде шығыстар есептелетін шоттарға былайша жазылады.
1)Негізгі өндіріс жұмыскерлеріне еңбекақы есептелінді.
Дт Кт
3350
2)Жартылай фабрикаттарды дайындайтын жұмыскерлерге еңбекақы есептелінді.
Дт Кт
3350
3)Қосалқы өндіріс жұмыскерлеріне еңбекақы есептелінді.
Дт Кт
3350
4)Цех жұмыскерлеріне еңбекақы есептелінді.
Дт Кт
3350
5)Тауар сатумен байланысты жұмыскерлердің еңбекақысы есептелінді.
Дт Кт
335
6)Кәсіпорын қызметкерлердің еңбекақысы есептелінді.
Дт Кт
3350
7)Есептелген еңбекақы сомасы кассадан өтелді.
Дт Кт
1010
8)Еңбекақыдан ұсталатын салық салу.
–есептелген еңбекақыдан жеке табыс салығы ұсталынды.
Дт Кт
3120
9)Есептелген еңбекақы қорына жасалынды.
Дт Кт
3220
10)Есептелген еңбекақыдан ұсталынған әлументтік салық сомасы көрсетілді.
Дт Кт
3350
11)Еңбекақыдан ұсталған салық түрлері бюджетке аударылды.
Дт Кт
1040
3220
3150
III Кәсіпорын ,,Жол-Өткен,, ЖШС №1бөлім цех бойынша
жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталымдар мен аударымдар
есебінің жүргізілуі.
Жаруашылық субъектіні жүргізі барысында кәсіпорын Жол-Өткен ЖШС №1болім цехы бойынша жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталымдар мен аударым дар есебінің жүргізілуі.Яғни қызкеткерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады. Жеке табыс салығын ұстауға бір мысал келтіріп көрейік.2006ж 22 қазанында Шойбекова Жанар Жарасқызы Жол-Өткен ЖШС-тіктен жеке еңбек келісімшартын үзеді(Еңбек туралы заңы 25бабы,3тарауы)Қазан айында Шайбекова Жанарғ пайдаланылмаған демалысы үшін 70570теңге компенсация төленген болатын.Сонымен,Шайбекова Жанар Жарасқызының жылдық жиынтық табысы (2006жыгғы)640434теңге құралған,оның ішінде ай бойынша
қаңтар 48700 шілде 48700
ақпан 48700 тамыз 48700
наурыз 63700 қыркүйек 68700
сәуір 48700 қазан 48700
мамыр 35580 қараша 48700
маусым 87632 желтоқсан 46922
жиыны 640434
Еңбеккердің жиынтық жылдық табысына штаттық кестесі бойынша белгіленген айлығы және қосымша төлемдері кірген
Наурыз Наурыз мейрамына сыйақы 15000
Мамыр Уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша 8230
жәрдем ақы
Маусым Құжаттар негізінде дәлелденген бір жолғы 50000
медициналық қызметті төлеу
Қыркүйек 9айдың нәтижесі бойынша төленген сый ақы 20000
Жол-Өткен ЖШС бухгалтериясына еңбекке әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей айлық есептік көрсеткіштің деңгейінде өзінің жалақысынан шегерім жасау құқын беру туралы өтініш білдірген.2006жылы ай сайын жеке табыс салығының ұсталғаны жалақы бойынша есеп айырысу карточкасының есебінде көрсетілген.Жеке табыс салығын ұстаған кезде 3350,3351шоттары есептеліп,3353шоты кредиттеледі.
Жалақыдан ұсталынған алименттер сомасы осы алимент төленетін тұлғаның пайдасына үш күннің ішінде төленуі немесе аударылуы керек.Онда бір бала үшін жалақының төрттен бірі,екі бала үшін жалақының үштен бірі және одан да көп балаларға жалақының жартысы ұсталады,бірақ олардың мөлшері жалақының 50% аспауы тиіс.Егер де алимент төлеуші жұмыстан шығып кетсе,онда оны мен қоса атқарушы құжаттары үш күннің ішінде жаңа жұмыс орнына беріледі. Мысалы бухгалтерия Калмыкова О.С.10.05.2002ж.5-ші разрядтағы слесарь С-дан Калмыковтан В.Н.алимент ұстау туралы атқарушы құжаты келіп түскен,ондағы ұсталатын алименттің мөлшері жалақының бестен бірін құраған.Слесарь Калмыков В.Н.май айында толық жұмыс істеген.яғни 21күн,168сағат.Кәсіпорында аптаның бес күні жұмыс күні етіп белгіленген және 1-ші разрядтың мөлшері 15000 теңге құраған.Ағымдағы айда Калмыковқа негізгі жалақысының 75% мөлшерінде сыйақы есептелген.Сонымен,Калмыковтан ұсталатын алименттің сомасы мынаны көрсеткен.
1.Алынған табыстың сомасын есептеу.
–мамыр айында есептелген жалақының сомасы =19950теңге (15000*1033)
–мамыр айында алынған сыйақының сомасы=14963 теңге (19950*75%)
–табыстың жалпы сомасы =34913теңге
2.Алынған табыстан ұсталатын сомасын есептеу.
–жинақ зейнеткерлік қорға аударылатын міндетті зейнеткерлік жарнасының сомасы =3491
–ағымдағы айда ұстауға жататын жеке табысының сомасы = 1530
–мамыр айында алынған табыстан ұсталатын ұсталымның жиыны =
5021(3491+1530)
3.Ағымдағы айда слесарь Калмыковтың В.Н.алатын сомасы 29892 теңге (34913-5021)құраған.
4.Атқарушы құжаты 10.05.2002жылы түскендіктен,алимент 10 мамырдан31мамырға дейінгі аралықтағы уақытқа (яғни 16 күнге) есептелінген.4555теңге=29892/21*16*0,2 Келесі айларда алимент жалақының толық көлеміне есептелінеді.
Жинақ зейнеткерлік қорға міндетті зейнеткерлік жарнасы еңбеккерлердің жала қысынан,қосымша төлемдерінен,үстемесінен және осы жұмыс беруші аталған қорға аударады.
Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ мүшелік жарналарының шегерімдері қызметкерлердің жазбаша түрдегі араздары бойынша жүзеге асырылады.Кызметкердің еңбек төлемінен ұсталған мүшелік жарналары тиісті кәсіподақ ұйымдарының шоттарына аударылады.
1.Есептелген еңбекақыдан ұсталынған табыс салығының сомасы көрсетілді.
Дт Кт
3120
2.Есептелген еңбекақыдан зейнетақы қорына ұсталымдар жасалынды.
Дт Кт
3220
3.Есептелген еңбекақыдан жеке табыс салығы ұсталынды.
Дт Кт
3120
Осы есептелінген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар. Есебінің жүргізділуі 1-қосымша арқылы көре аламыз.
