Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
publish821515_1246.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
80.38 Кб
Скачать

Өмірді сақтандыру

«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды енгізеді:

  1. Өмірді сақтандыру.

  2. Аннуитетті сақтандыру.

  3. Өмірде белгілі бір оқиғаның пайда болуына байланысты сақтандыру.

4. Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуы арқылы өмірді сақтандыру.

Сақтандырушы – сақтандырудың осы түрі (сынып) бойынша қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы.

Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасаған тұлға. Егер сақтандыру шартымен өзгесі көзделмеген болса, сақтанушы бірмезгілде сақтандырылған деп есептеледі.

Cақтандырылушы – сақтандыру сақтандыру жүзеге асырылатын адам.

Пайда алушы - сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.

Сақтандыру объектісі – сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына байланысты сақтанушының (пайда алушы) мүліктік мүддесі.

Сақтандыру жағдайы – оның пайда болуына байланысты сақтандыру шартының талаптары бойынша көзделген тәртіппен сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.

Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісін сақтандырған және сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандырушының жауапкершілігінің көлемін білдіретін ақша сомасы.

Сатып алу сомасы – сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан кездегі сақтанушыға сақтандыру шартының талаптарына сәйкес төленуге тиісті ақша сомасы.

Өмірді сақтандыру

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда немесе сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не жасқа байланысты сақтандыру шартымен анықталған жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

Өмірді сақтандыруға сақтандырудың мынадай түрлері кіреді:

    1. өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру;

    2. қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру;

    3. өмірді жинақтап сақтандыру.

1. Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін сақтандыру

Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру - бұл сақтандырушының сыйлықақы төлеудің орнына егер сақтандырылушы аталған мерзімге немесе жасқа дейін өмір сүрсе пайда алушыға сақтандыру төлемін жасауды міндетіне алады. Осы сақтандырумен жабылатын тәуекел бұл сақтандырылушының кірісті кеміту мүмкіндігі факторын ескере отырып, айрықша өмірінің ұзақтығы тәуекелі.

Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандырудағы сақтандыру жағдайы болып қайтыс болу емес, өмірдің ақырғы мерзімі алынады, сондықтан медициналық тексеру, сақтандырылушының денсаулық жағдайы туралы өтініш тапсыру міндетті емес. Сақтандырылу немесе сақтандырылмау жөнінде таңдауды сақтандырылушының өзі жүзеге асырады, өйткені денсаулығы нашарлаған адамға сақтандырылу тиімді емес.

Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін сақтандырудың негізгі түрлері:

Баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыру;

Дереу өмірлік рентасы бар сақтандыру.

Баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыру. Сақтандыру сомасын төлеу белгілі бір уақыт кезеңінен басталған кезде сақтандыру баяулатылған болып табылады. Сөйтіп, егер сақтандырылушы аталған сақтандыру мерзіміне дейін өмір сүрген болса, онда сақтандыру төлемі сақтандыру шартында көрсетілген белгілі уақыт кезеңі аралығында жүзеге асырылады. Егер сақтандырылушы сақтандыру шартында көрсетілген күнге дейін өмір сүрген болса, онда сақтандырушы баяулатылған сақтандыру капиталы арқылы пайда алушыға сақтандыру сомасын төлеуді міндеттенеді.

Сыйлықақыларды сақтанушы сақтандырудың барлық мерзімі аралығында немесе сақтандырылушы қайтыс болған күнге дейін төленеді.

Баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандырудың екі түрі бар: сыйлықақыны өтеу арқылы және сыйлықақыны өтемей жасалатын.

Сыйлықақыны өтемей жасалатын баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыруда егер сақтандырылушы сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін қайтыс болса, төленген сыйлықақылар сақтандырушының билігінде қалады. Сақтандырудың бұл түрі тек жинақтық болып табылады, өйткені оның мақсаты – сақтандырылушының кәртаюына жинақ жасау.

Сыйлықақыны өтеу арқылы жасалатын баяулатылған сақтандыру төлемі бар сақтандыруда егер сақтандырылушы сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қайтыс болса, онда төленген сыйлықақылар пайда алушыға төленеді.

Қалыптағы жағдайда сақтандырылушы шартта көрсетілген жастан ұзақ өмір сүрген жағдайда сақтандыру рентасын жасау арқылы белгілі бір соманы төлем жасауға сақтандырылуға ұмтылады. Төлем жасалатын сәттеге қатысты ренталар шұғыл және баяу жасалатын болып бөлінеді.

Шұғыл өмірлік рента – бұл өздерінің қалған күндерін қамтамасыз ету үшін капитал салымын салғысы келген егде жастағы адамдар үшін тиімді сақтандыру. Баяу жасалатын өмірлік рентаның екі түрі бар: сыйлықақы өтелетін және сыйлықақы өтелмейтін. Сыйлықақы өтелетін баяу жасалатын рентаны сақтандыру кезінде сақтандырылушы белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қайтыс болған жағдайда сақтандырушы төленген сыйлықақыларды пайда алушыға қайтарады. Сыйлықақы өтелмейтін рентаны сақтандыру кезінде сақтандырылушы белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қайтыс болған жағдайда сақтандыру жойылды деп есептеледі, және сыйлықақылар сақтандырушының билігінде қалады. Баяу төленетін рентамен сақтандыру – бұл қосымша зейнетақымен қамсыздандыру жөнінде қамкөңілдік танытып отырған адамдар үшін тиімді. Ол әлеуметтік сақтандыруға қосымша ретінде қызмет етеді.

Өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыруға байланысты төленуге тиісті сақтандыру сомаларын анықтау әдістемесін қарайық.

Сақтанушы не сақтандырылушы сақтандыру сомасын алу үшін соңғы жарналарын төлеу орны бойынша сақтандыру ұйымына сақтандыру куәлігін және егер онда ақшаны банкке аудару жөнінде өтініш бар болған жағдайда төлем жасау туралы өтінішін беруі тиіс. Егер жарналар сақтандыру агентіне түбіртектер арқылы қолма-қол төлеген болса немесе банкке есеп кітапшасы бойынша жасалған болса, онда соңғы жарнаны төлеген түбіртек немесе есеп кітапшасының түбіршегі беріледі.

Төлем жасаудың негіздемесі болып сондай-ақ тиесілі сақтандыру жарналарының толық төленгенін көрсететін сақтанушының белгіленген нысандағы жеке шоты табылады.

Аталған құжаттарды талдау кезінде барлық жарналарды төлеудің толықтығы, барлық құжаттардағы сақтандырылушының фамилияларының, атының және әкесінің атының ұқсастығы тексеріледі. Егер соңғы үш жыл ішінде жекелеген жарналардың төленбегендігі анықталған болса, онда төленетін сақтандыру сомасынан ұсталуы тиіс болады. Артық төленген жарналар сақтандыру сомаларымен бірге қайтарылады.

Төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін негізінде тікелей ақша төленетін белгіленген нысандағы төлемге есеп жасалады.

Сақтандырылушының өмірінде тартымды жағдайдың пайда болуына байланысты өмірдің ақырғы мерзіміне дейін өмірді сақтандыру төлемдері өмірді сақтандыруды танымал етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан уақтылы төлем жасау - сақтандыру сомаларын төлеу және өмірді сақтандыруды одан әрі дамыту арасындағы кері байланысты бекітуге ықпал жасайтын маңызды фактор болып табылады.

Сатып алу сомасын алу құқығы бар сақтанушы өмірді сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу кезінде өтініш, сақтандыру куәлігін, сондай-ақ соңғы жарнаны қолма-қол ақшамен төлегені туралы түбіртекті (есептеу кітапшасының түбіртегінің түбіршегі) береді. Осы құжаттардың және сақтанушының жеке шоты негізінде сатып алу сомасының есебі және төлемі жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]