- •I.Енбекақы –экономикалық категория ретінде
- •1.1Еңбекақы және еңбекақы түрлері.
- •1.2Еңбекақы формулалары мен жүйелері.
- •1.3Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар турлері.
- •II.Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі.
- •2.1Еңбекақыдан ұсталатын аударымдардың аналитикалық есебі.
- •2.2Еңбекақыдан ұсталынатын аударымдардың синтетикалық есебі
- •Қорытынды
1.2Еңбекақы формулалары мен жүйелері.
Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру механизмі жұмысшы күшінің еңбекақыға айналу процесін бейнелейді. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі функцияларында еңбекақының соншалықты орындалуына байланысты. Еңбекақының қабылдаған осы үлгісі мен оны нақты және нақты емес түрінде есептеу тәсілі еңбекті бағалау мен нәтижесінің өзара байланысын көрсетеді, жай және күрделі қызмет істейтін әртүрлі категориядағы қызметкерлердің төлемдеріндегі қажетті үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Еңбекті ұйымдастыру және олардың төлемі жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы қарым қатынасқа ықпалын тигізеді.
“Қазақстан Республикасы Еңбек туралы”Заңның 70-бабы бойынша жұмыс беруші заңға жеке еңбек келісім шартына ұжымдық келісім шартқа сәйкес қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге міндетті.
Жұмысшының еңбекақысы орындалған жұмыскердің сапасы мен санына ауырлығына байланысты анықталады.
Еңбекақының формалары мен жүйелері еңбек және халықты әлументтік қорғау министірлігінің 15.05.2000ж №111-п “Қызметкерге еңбекақыны төлеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныс”Бұйрығынды белгіленген жұмыскерлерге еңбекақы есептеудің әртүрлі тәсілін анықтайды. Олар өндіріс жағдайы мен жұмыс жасайтын жеке құрам категориясына байланасты яғни Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997жылдың 16-шы қаңтарында тіркелген №244тіркелімі және Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық агенттігінің 1996 ж 19-шы желтоқсандағы № 50 қаулысында бекітілген жалданып жұмыс жасаушылардың сан және еңбекақы статистикасы бойынша нұсқаулықтың 5бөліміне сәйкес жұмысшылар және қызметкерлер тобына жататындар.
Кәсіпорындағы шаруашылық етуші субъект еңбекақы жүйесін дербес таңдайды.Ұйымдардағы еңбекақы жүйесі ұжымдық келісім шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен анықталады.
Жұмыскерлердың еңбегі мерзімдік еңбекақымен кесімді еңбекақымен немесе басқа еңбекақы жүйелері бойынша төленеді. Төлем жеке және ұжымдық еңбектің нәтижелері үшін берілуі мүмкін.Еңбекақының негізгі екі түрі бар
–Мерзімді (негізгі-жұмысшының бір сағатына қойылатын тарифтік мөлшерлеме немесе қызмет ақы және жұмыс істелген уақыт)
–Кесімді (негізгі-жұмыс көлемі және орындалған бірліктерін бағалау)
Мерзімді еңбекақы –тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе жұмыс істелген уақыт үшін төленеді. Мерзімдік ақы мынадай жағдайларда төленеді.
–жұмысшы өнім шығарылымын арттыруға тікелей ықпал ете алмағанда
–кесімді бағалауды анықтауға қажетті өнімділіктің толық көрсеткіші болмағанда
–жұмыс уақытын пайдалануға қатаң басқару ұйымдастырылып жасалған
жұмыс уақытыны нақты қатаң бақылау жүргізілгенде
–жұмысшыларды дұрыс тарифтендіргенде яғни разряды бар жұмысшының
орындаған жұмыс біліктілігіне сәйкес келгенде
–қызметкерлердің еңбекақысы үшін
Мерзімді еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтауға мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген. Мысалы автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмыскерлер мен қызметкерлерге ұжымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне тағы басқаларға Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар.
1.жай мерзімді
2.мерзімді сыйақы
Мерзімді сыйақылар–жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифта немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне санына сапасына және т.б көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Жай мерзімді-жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақы тына тарифта немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.Кесімді еңбекақы–жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғандажұмысшылар қызметкерлерге тиісті еңбекақы олардың өндірген өнімнің көлемін немесе саның тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған ,яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға-белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп есептелінеді.Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті яғни қажет болатын адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады.Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын өндіретін өнімнің санымен немесе көлемімен анықталады.Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар.
–тікелей кесімді
–кесімді сыйлық ақы
–үдемелі кесімді
–аккордтық
–жанама кесімді
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің іс теген жұмысшының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері–бұл құжатта көрсетілген өндірілген өнімнің саның сол өнімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.Кәсіпорында жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді саны мен сапалық жағынан артығымен орындағаны өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды отындар мен энергияларды үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді.Ұйымдарда немесе олардың бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорында жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны еңбекақы есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем –өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі ауыр болып саналатын опе рациялар менақы есептеу көбінесе құрылыс салушы ұйымдарда жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер саның қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшы лар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі –жаңама кесімді жүйесі болып табылады .Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруа-шылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес оларға қызмет ететін көмекші өндіріс жұмысшыларына төленеді яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың жабдықтардың тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьға операторға және жөндейтін және оларда жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.
Мерзімді еңбекақыны есептеу.
Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істе-ген жұмысына есептелетін қосымша төлем мерзімнен тыс уақытта істеген жұ-мысына есептелетін қосымша төлем демалыс немесе мейрам күніне төленетін төлемдер жұмыстың ауырлығы мен зияндылығына төленетін қосымша төлем өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер біреудің орнына жұмысты атқар-ғаны үшін төленетін төлем тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегендігіне есептелетін төлемдер жатады.
Халқаралық шаруашылықтың әртүрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған уақытқа есептелді. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай күн немесе сағат алынады. Егер тұтақты еңбекақы алатын жұмыскерлер мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшысы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады. Мысалы сәуір айында 22жұмыс күні бар айына11000теңге тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы сол айдағы 15күн жұмыс істеп 4күн ауырып қалған және 3күн қоғамдық жұмыс атқарды делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне жәрдемақы бюджеттен (әлументтік қордан)төленеді.
Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін яғни (11000/22)Содан кейіегі алынған нәтижені (500теңгеге) жұмыс істеген және қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына көбейтеміз.
Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген мысалымызда жұмысшының сәуір айында
тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 9000 болады (500*(15+3))=9000теңге
Кесімді еңбекақы есептеу.
Кәсіпорында кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жұмысшылар мен қыз-меткерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді істеген жұмысының атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі.Ол үшін алғашқы құжаттардакөрсетілген өндіріс шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі олардың бір данасын жасап шығаруға өндіруге белгіленген бағаға көбейту.
Ұйымдарда тапсырысты жеке адам орындағанда яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшы немсе жұмысшылардың қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмыскерлер мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмы-сына төленетін жағдайда жоғарыда аталған құжаттарға әр жұмысшы мен қыз-меткердің жұмыс істеген уақыты мамандық дәрежесі бригада болып өндірген өнім мен істелген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір данасын өндіруге берілген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны мен көлемін көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысын есептеп шығарады .
Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің ара-сында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай,күн сағат) табылады .Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтеміз. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомасы есептелінеді. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғары көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомасының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэфиценті болып табылады. Одан кесім тариф бойынша жұмысшылар немесе қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэфицентке көбейтіліп әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы немесе өндірілген өнімнің саны меноның мамандық дәрежесіне байланысты еңбекақысы есептелінеді.
Мысалы құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнім мен істелген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669тг 60тиын құрайды делік .Бұл жағдайда осы бригадағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сай былайша есептеліп шығарылады. Қосымша табыс коэффиценті бұл мысалымызда 26теңге (жиырма алты ) , (он )тиынға тең болып отыр (яғни алты бағана он төрт бағана немесе 62669 теңгеге 13тиын = 26теңге 10тиын
