- •II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы
- •Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
- •Жапон экономикалық ғажабы
- •Жапонияның бюджет жүйесі
- •Жапонияның салық жүйесі
- •Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
- •Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
- •Кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
- •Қаржы жүйесі және оның буындары
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
- •Ресейдің салық жүйесі
- •Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер
- •10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары
- •Украинаның салық жүйесі
- •Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
- •11.2 Беларуссияның салық жүиесі
- •12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
- •12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
- •Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі
- •12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
1991 жылдың 31 тамызында Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігі жария етілді. Өзге де Кеңес Үкіметінің құрымындағы ыдыраған өз алдына егемендік алған мемлекеттер сияқты Өзбекстан Республикасы ашық демократиялық мемлекет құру жолында біраз қиыншылықтарға кезікті.
Дегенмен, Өзбекстан дамыған елдер тәжірибесін қайталамастан, өз азаматтарына сапалы өмір қамтамасыз ету жолында тырысып келеді.
Тәуелсіздік жылдары бойы Өзбекстанда экономикалық реформалар үздіксіз жүргізілуде. Кеңес Үкіметі құрамынан қалған елдердің ішінде тек Өзбекстан ғана 90-шы жылдары өнеркәсіп өндірісін айтарлықтай шамада игере алды.
Индустрияның негізгі салалары - газ, мұнай, энергетика, әуе, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау түрлері сақталып қана қоймай, әрі дами түсуде.
Республика толығымен энергетикалық жәнс астық тәуелсіздігін қамтамаеыз етуде.
Экономикалық салада инвестицияларды тарту арқылы ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру мемлекет жүргізіп жатқан басты сипаттардың бірі. Минералды шикізат пен энергетика ресурстарыньщ табыстары, сондай-ақ шетелдік инвестициялар да Өзбекстан экономикасына үлкен септігін тигізуде, олардың жалпы салымы АҚШ-тың 10 млрд долларынан асып түсуде.
Асак және Самарқанда автозаводтар салынды, жеңіл машина, автобустар мен тіпті, ауыр машиналар да шығарылуда. Жаңа технологиялар негізінде «Зарафшан-Ньюмонт» атты алтын өндіруші фабрика құрылды, Бұхаралық мұнай өңдеуші завод, «Кобул Үзбек Текстиль» тоқыма комбинаты т.с.е. іске қосылды.
Жалпы Өзбекстан жері Минералды шикізаттың шамамен 100-ге жуық түріне ие. Пайдалы қазбалар алтын, уран, күміс, вольфрам, цинк сияқты қорлар өз пайдаларын беруде.
Республика территориясының үлкен бөлігі табиғи газ бен мұнай өндіру үшін жарамды да қолайлы. Тәуелсіз жылдары бойы мұнай өндіру мен газ конденсатын өндіру 3 млн тоннадан 8 млн тоннаға көтерілді. Жылына 4 млн тоннаға дейін мақта өндіру арқылы мақта экспортеры болып әлемдік нарықтағы ірі өндірушілер қатарына қосылуда.
ТМД елдерінің ішінде Өзбекстан жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіруден алдыңғы қатарда келеді.
Меншікке байланысты қайта құрулар - экономикадағы реформалаудың басты мәселесінің бірі. Мемлекет тарапынан жеке бизнесті дамытуға қолдау көрсету. кәсіпкерлікке еркіндік беру қарастырылған. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету Бизнес-қоры, инвестициялық қорлар және бизнес инкубаторлар арқылы жүзеге асырылуда. Мемлекетменшігінен алу жұмыстары қызу қарқынмен өткізілуде. Бүгінде 100 мыңнан астам шағын кәсіпорындар жүмыс істеп жатыр, оның 23 мыңы шаруа қожалығы. Экономикалық мемлекеттік емес секторы жиьштық ішкі өнімнің 65 құрайды, саудада 96, ал ауылшаруашьілығында тіпті 100 дейін. Бүл салада еңбекпен қамтылған халықтың % жұмыс істейді.
Бүгінде Өзбекстан табиғи ресурстарға бай, көне мәдениеті бар жас егемен мемлекет ретінде әлемдегі қызығушылықты тудырып жатыр. Республиканың егемендік мәртебесін 165-тен астам мемлекет мойындап отыр, әлемнің 100-ден астам елімен дипломатиялық қатынастар бекітілді. Ташкентте 50-ден астам елшіліктер мен халықаралық ұйымдар өкілеттіліктері ашылған. Өзбекстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымының тең құқылы мүшесі болды.
Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер Өзбекстан экономикасына жалпы қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді.
23-кесте. Өзбекстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштері (2002 ж.)
Халық саны |
25,1 млн адам |
Еңбекпен қамтылған халық саны (бір жылға орта есеппен) |
9,3 млн адам |
Жұмыссыздық деңгейі |
0,5 |
Жалпы ішкі өнім |
103,1 |
Өнеркәсіптік өнім көлемі |
108,0 |
Экономика саласындағы енбекпен қамтылғандар саны |
9.0 мдн адам |
Ақпарат көзі: |
|
Статистический ежегодник (мировые сравнения, 2003 г.).
