Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shet_mem_fin_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.77 Mб
Скачать

10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары

Қандай да мемлекетте болмасын - мемлекеттік бюджет мемлекеттік реттеудің және экономиканы ынталандырудың басты құралы бола отырып, мемлекеттің өз іс-шараларын жүзеге асыруына басты ықпал ететін қаржылық буын.

Украинаның бюджет жүйесі «Украинаның Бюджет жүйесі туралы заңына» сәйкес реттеліп отырады. Бүл заңда көрсетілгендей, Украинаның мемлекетгік бюджет жүйесі: мемлекеттік бюждет, Қырым (Крым) АР республикалық бюджеті мен жергілікті бюджеттерден тұрады.

Мысалы, «Украинаның 1999 жылғы мемлекеттік бюджет туралы» заңында мемлекеттік бюджет сомасы 25135260,8 мың гривенге бекітілген. Бюжеттапшылығы 1240 млн гривен мөлшерінде анықталған.

Ал, мемлекеттік бюджеттің табыстар қатары төмендегідей:

  • Украинаның мемлекеттік бюджеті туралы заңымен анықталатын ҚҚС-ң бөлігі;

акциз төлемінің бөлігі;

  • кәсіпорындар мен ұйымдар пайдасынан алынатын салық;

  • сыртқы экономикалық саладан түсетін түсімдер;

  • мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер;

  • жалға алған мүлік үшін төлем;

  • Украинаның зейнетақы қорының жарналары;

  • халықты әлеуметтік қорғау мен Чернобыль апаты салдарын жою шараларын жүзеге асыру қорының жарналары;

халықты еңбекпен қамту қорының мемлекеттік жарналары;

  • мемлекеттік мақсагты қорлардың жарналары;

  • ішкі займдардың түсімі;

  • мемлекет қолындағы құнды қағаздардан түскен дивидендтер;

  • табиғи рестустарды арнайы пайдалану үшін төлем;

  • Украина заңымен бекітілген басқа да табыстар.

Украина Мемлекеттік бюжджетінің шығыстары

  • халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту мен қолдау бағдарламаларын қаржыландыру;

  • халықты әлеуметтік қолдау шаралары;

  • білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, дене шынықтыру;

  • өндірістік және өндірістік емес құрылысты қаржыландыру;

  • геологиялық барлау жұмыстары;

  • қорғаныс;

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • құқық қорғау және кеден органдары;

  • заң шығарушы, орындаушы, сот билігі мен прокуратура;

  • сыртқы экономикалық және сыртқы саяси істерді жүзеге асыру;

  • Украинаның мемлекеттік бюджетінен Қырым АР бюджетіне, облыстар, Киев және Севастополь қалаларына берілетін дотациялар мен жәрдем қаржылар;

  • зейнетақының барлық түрлері;

  • Чернобыль апатына ұшыраған азаматтарға төлемдер;

  • жұмыссыздық бойынша жәрдемақы;

  • сыртқы және ішкі қарыз;

  • басқа да Украина заңдарына сай шығыңдар.

  1. Украинаның салық жүйесі

Украинада салық салу 02.02.1994 жылғы «Салық жүйесі туралы» Украина Заңының негізінде Жүзеге асырылады

Украинаның салық жүйесі жалпы мемлекеттік салықтар мен басқа міндетті төлемдерден (барлығы 19 салық) және жергілікті салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мен алымдардан тұрады (аталған төлемдер саны 16).

Жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар:

  1. қосылған құнға салынатын салық;

  2. кәсіпорын пайдасына салынатын салық;

  3. жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

  4. акциздер;

  5. кеден баждары;

  6. мемлекеттік баждар;

  7. қозғалмайтын мүлікке салынатын салық;

  8. жер салығы;

  9. рента төлемдері;

  10. транспорт құралдары мен басқа да өзі қозғалатын машина, механизмдер иелерінен алынатын салық;

  11. кәсіпшілікке салынатын салық;

  12. мемлекеттік қаражаттар есебінен орындалған геологиялық барлау жұмыстарынан алым;

  13. табиғи ресурстарды арнайы пайдаланғаны үшін алым;

  14. қоршаған ортаны ластағаны үшін алым;

  15. Чернобыль апаты салдарының көзін жою қорына жиналатын алым және халықты әлеуметтік қорғауға алым;

  16. міңдетті әлеуметтік сақтандыру алымы;

  17. міндетті мемлекеттік зейнетақы сақтандыру алымы;

  18. мемлекеттік инновациялық қорға алым;

  19. кәсіпкерлік саланың кейбір түрлеріне арналған сауда патентіне төлем.

Жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар Украина Жоғары Кеңесімен бекітіледі және Украина территориясының барлық жерінде орындалады.

Ал, жергілікті салықтар мен алымдарға жататындар:

  1. жарналардан алынатын салық;

  2. коммуналдық (тұрмыстық) салық;

  3. қонақ үйі төлемі;

  4. автокөлік тұрағы үшін алым;

  5. нарықтық алым;

  6. пәтерге ордер беру үшін алым;

  7. курорттық алым;

  8. ипподром жарысына қатынасу үшін алым;

  9. ипподром жарысьшдағы ұтыс үшін алым;

  10. ипподром тотализаторына қатысушы тұлғалардан алынатын алым;

  11. жергілікті белгілерді (символика) пайдалану құқығы үшін алым;

  12. кино немесе телетүсірімдер жүргізу құқығы үшін алым;

  13. жергілікті аукциондар өткізу, лотереялар сату үшін алым;

  14. шекаралық облыс территориясынан автокөлікпен жүру және шекарадан шығу үшін алым;

  15. қызмет саласы мен сауда объектілерін орналастыруға рұқсат беру үшін алынатын алым;

  16. ит ұстаушылардан алынатын алым.

Енді осы аталған салықтардың кейбір негізгілеріне қысқаша тоқтала кететін болсақ, кәсіпкерлік субъектілері үшін пайдаға салынатын салық ерекше маңызды.

Қазіргі кезде Украина кәсіпорын пайдасына салынатын салық 01.07.1997 жылы енгізілген «Кәсіпорын пайдасына салық салу туралы» Украина заңының негізінде жүзеге асырыларады.

Салық салынатын объект - пайда.

Пайда-кәсіп орын өзі шеккен шығындарымен амортизациялық аударымдарынан алып тастағаннан қалған есепті кезеңде тапқан жалпы табысы.

Тағы бір ескере кететін жәйт, жеке тұлға немеее занды тұлға казинодан, немесе лотереядан ұтыс тапқан жағдайда ұтыс сомасының 3% мөлшерде салыққа тартылады. Аталмыш салық бойынша біршама жеңілдіктер қарастырылмаған. Мысалы, жалпы украиналық азаматтық мүгедектер ұйымдары құрған кәсіпорындар, немесе құрамында қызметкерлер санының 50% мүгедек адамдардан құралса, осы кәсіпорында салықтан босатылады.

Салық есептік тоқсандағы әр айдың 20-нан кешіктірілмей төленуі тиіс. Ол, қосылған құнға салынатын салықтың төленуі мен Украинаның 01.10.1997 жылы күшіне енген жаңа «Қосылған құнға салынатын салық туралы» заңына сәйкес жүргізіледі.

ҚҚС-н төлеушілер болып кәсіпкерлік саланың субъектілері, сондай-ақ төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыру шыжеке тұлғалар да саналады, яғни:

  • тауар сату бойынша салыққа тартылатын жылдық көлемі 600 салық салынбайтын минимумнан асса;

  • Украинаның кеден территориясына тауар кіргізетін, немесе жөнелтетін тұлғалар;

Украинаның кеден аумағында сауда бойынща кәсіпкерлік істі жүзеге асырушылар.

Салық салу объектісі болып төмендегі операциялар саналады:

  • Украинаның кеден аумағында сауда істерін жүргізу бойынша операциялар;

  • резидент еместердің Украина территориясына тауар алып кіру операциялары;

Украинадан сыртқа жөнелтілетін тауарлар бойынша операциялар.

Салықтардан басқа Украинаның барлық территориясында еңбекті қорғау қорына аударылатын міндетті төлемдер, темір жолдарды дамыту қорыңа төлемдер, өнімді сертификаттау үшін төлем, лицензиялау үшін төлем сияқты басқа да төлем түрлері алынады.

11-ТАҚЫРЫП

БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

  1. Бюджет және оның мәні, калыптасу кезеңдері.

  2. Бюджеттің кірістерінің мәні, мазмұны.

  3. Беларуссияның салық жүйесі.

80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басына қарай бұрынғы КСРО - құрамына кірген мемлекеттердің барлығының экономикалық жағдайлары күрт өзгерістерге ұшырады. Беларусь мемлекеті де солардың қатарында.

90-шы жылдардың басы Беларусь Республикасы үшін әміршіл экономикадан аралас экономикаға өту кезеңі болып саналады, нарық инфрақұрылымын, бәсекені дамыту, мемлекет меншігінен алу, шаруашылықтың қилы түрлерін құру сияқты басты моселелер алға койылды. Дегенмен, кәсіпорындардың шаруашылық байланыстарының үзілуі, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, өндірістің кұлдырауы сияқты жағымсыз факторлар орын алған болатын.

Белорусь Республикасының өз бетімен дербес алғаш 1991 жылғы бюджеті БССР-ң 1990 жылғы шілде айында қабылданған, яғни Жоғарғы Кеңес қабылдаған Беларусь Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация негізінде құрылған болатын. Бұл бюджетте мына көрсеткіштер көрініс тапқан болатын: табыстар мен шығыстар бойынша республикалық бюджет көлемі, бюджет тапшылығының шекті мөлшері, Кеңес бюджеті және Республика облыстарының бюджеттері мен Минск қаласының бюджеті.

Жергілікті бюждеттер жергілікті кеңестермен бекітіліп, республикалық жиынтық бюджетіне кіргізілетін.

1991 жылғы бюджеттің ерекшелігі болып республика бюджетіне айналым салығы мен халықтан алынатын табыс салығының толығымен аударылуы саналды.

Бюджеттің табыс бөлігі мақсатты түсімдерде жоспарланады. Бюджеттегі қаражаттардың шектеулігіне байланысты және 1991 жылғы шұғыл шараларды жүргізуге байланысты республикалық және аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру қорына түсімдер тарту көзделді. Бұл осы қорға амортизациялық аударымдардың 40% дейін тарту есебінен кеңестік, республикалық және жергілікті бағыныштағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі қорларын қалпына келтіру мақсатында жүргізілді. Түсімдердің жоспарлы сомасы мемлекеттік бюджеттің барлық табысының 2,2% деңгейінде анықталды.

Аталмыш қор қаражаттары тұрғын үй салу, әлеуметтік сая объектілері, жаңа кәсіпорындар салу, халық тұтынатын тауарлар шығаратын кәсіпорындарды ұлғайту, халыққа білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына бағыттау қарастырылды.

Сонымен қатар мақсатты төтенше жағдай салығы Чернобыльдегі АЭС-ң қиыншылықтарының көзін жою мақсатында еңгізілді.

Ал, бюджеттің шығыс бөлігіне қаражаттарды бағыттауда шамалы өзгерістер орын алады. Бұл жердегі ерекше өзгешілік ауыл шаруашылық шығындарының әлдеқайда төмендеуі: егер олар 1989 жылы жиынтық бюджеттің 62,7% кұраған болса, 1991 жылы 58,4% деңгейінде жоспарланды. Оның өзінде айтарлықтай бөлігін, яғни - 49,5% мемлекет баға арасындағы айырмашылықты орнына келтіруге бағыттады.

1991 жылы Республиканың қаржы министрлігі Беларусь Республикасының республикалық және жергілікті бюджетінің табыстар мен шығыстар жіктеуін бекітті, бұл жағдай өз кезегінде бюджетті құру мен орындау, бюджет құжаттарын қалпына келтіру, есеп берудің түрлерін үйлестіруге мүмкіндік берді.

Бірақ та бюджеттегі терең өзгерістер 1992 жылы болды. Олар бюджет процесін реттеуші бірқатар заң шығарулылық актілердің қабылдауымен байланысты. Олар: «Беларусь Республиқасының бюджет жүйесі туралы», «Беларусь Республикасындағы салықтар мен алымдар туралы» заңы, т.б. бірқатар салықтар туралы заңдар.

Осы кезеңдерден бастап бюджетгің табыс бөлігін қалыптастыру 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген салық заңдылығының негізінде жүзеге асырылды.

Нарықтық қатынасқа көшу тікелей салу салудан гөрі жанама салық салуға көшуді қажет етті. Жаңа салық жүйесі айналымға салынатын салықтан бас тартыгі, орнына қосылган құнға салынатын салық пен акциздерді енгізу, яғни Европа елдеріндегі салық салу механизміне көшуді қарастырды.

Қазіргі таңда бюждет құрамында барлық мемлекеттік бюджеттен тыс және бюджеттік мақсатты қорлардың қаражаттары шоғырланған.

Бұл мәліметтер мемлекеттік бюджеттегі қаржы ресурстарын орталықтандыру процесінің нығая түскеніне дәлел. Мысалы, аталмыш қорлардың жалпы бюджет кұрамына енгізілуі нәтижесінде 1997 жылы - 18,7% көтерілген. 2001 жылғы болжам бойынша мақсатты қорлардың бюджеттегі үлесі 22,7% көлемінде анықталған.

Қаржы ресурстарын орталықтандырудың қарқынды процесі — бюджетте тағы бір ерекшеліктің пайда болуына әсер етті. Бұл ерекшелік - мемлекеттің бюджеттік қор көлемінің бірден ұлғаюы. 1992 мен 2000 жылдар аралығында жоғары инфляция жағдайында ол 7140 есеге (мақсатты бюджеттік қорларды есептемегенде) ұлғайды.

1992- 2000 жылдар аралығында Беларусь мемлекетінің табыстар мен шығыстар бөліміне, жалпы бюджет жүйесіне талдау жасай отырып, төмендегідей түжырымдар жасауға болады; яғни трансформациялық экономика жағдайында оның даму ерекшеліктері мынада:

  • бюджеттік қатынастар аясы мен бюджет процесіне қатысушылар қатарын ұлғайту;

  • мемлекеттік бюджетте қаржы ресурстарын орталықтандыруды нығайту; ЖІӨ-гі бюджет ресурстарын ұлғайту;

  • бюджет көлемінің жылдам өсуі; бюджет құрамында мақсатты бюджетті қорлардың қалыптасуы;

  • жиынтық бюджеттегі жергілікті бюджеттер үлесін қысқарту

  • бюджет қүрамында резервтік қорлардың қалыптасуы;

  • тұракты бюджет тапшылығы;

  • нарықтық инфрақұрылымды дамытумен байланысты арнайы шығындардың пайда болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]