 
        
        - •II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы
- •Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
- •Жапон экономикалық ғажабы
- •Жапонияның бюджет жүйесі
- •Жапонияның салық жүйесі
- •Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
- •Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
- •Кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
- •Қаржы жүйесі және оның буындары
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
- •Ресейдің салық жүйесі
- •Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер
- •10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары
- •Украинаның салық жүйесі
- •Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
- •11.2 Беларуссияның салық жүиесі
- •12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
- •12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
- •Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі
- •12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
- Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
Бюджет табыстары — мемлекет өз міндетін орындау үшін аса қажетті орталықтандырылған қаржы ресурстарының бөлігі. Олар мемлекеттің кәсіпорындар, ұйымдар мен азаматтар арасында қоғамдық өнім мен болатын экономикалық қатынастарды сипаттайды.
Табыстардың міндеті - бюджет шығындарын жабу. Осылай бола тұра, қаржылық қатынастардың ерекше түрлерін, табыстарды бюджетке тарту амалдарын, т.с.с. ұйымдастыра отырып, еңбек өнімділігін жоғарлатуды ынталандыру, барлық ресурстарды тиімді пайдалану, түсімдерді ұлғайту мәселелерін шеше білген жөн деп саналды.
Бюджетке түсетін түсім көздерін мынадай басты белгілері арқылы топтастырыуға болады: төлемдерді алу түріне қарай, оларды төлеу субъектілеріне қарай, салық салу объектісі бойынша т.с.с. Түріне, ашу амалына және мағынасына қарай бюджет табыстарын салықтық және салықтық емес деп бөлуге болады.
Нарыққа өту жағдайында салықтық түсімдер үлесі бюджеттің жалпы көлемінде жоғарылай түседі.
Қазіргі таңда Беларусь Республикасының 2001 жылғы «Беларусь Республикасының бюджеті туралы» заңының 4 бабына сәйкес, республикалық бюджет табыстары мыналар есебінен кұралады:
- БР-ң кеден аумағына әкелінетін тауарларға салынатын ҚҚС-ғы мен акциздер; 
- БР-ң кеден аумағында өндірілетін тауарларға салынатын ҚҚС-ғы; 
спирт бойынша кейбір жөнелтілген тауарларға акциздер;
- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін бірыңғай салык; 
- табысқа және заңды тұлғалар пайдасына салынатын салық; 
- ойын бизнесіне салынатын салық; 
- Чернобыль АЭС-і қасіретін жою үшін төтенше салық; 
- сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық операциялар табысы; 
- еркін экономикалық аймақ табысы; 
- басқа да міндетті төлемдер мен алымдар. 
Сондай-ақ, республикалық бюджет табыстарына мемлекеттік мақсатты бюджеттік қорлардың қаражаттары да енеді.
- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдаудың республикалық қоры; 
- мемлекеттік еңбекпен қамту қоры; 
- республикалық жол қоры; 
- республикалық табиғатты қорғау қоры; 
- республикалық «Энергосбережение» қоры; 
- кепілдеме қоры. 
Жалпы республикалық бюджет табыстарын төмендегідей топтарға бөлуге болады:
- ағымдағы табыстар; 
- күрделі табыстар; 
- ЕЭА - табыстары; 
- мемлекеттік мақсатты бюджеттік қорлар табыстары. 
11.2 Беларуссияның салық жүиесі
Беларуссиядағы басты салықтар больга мыналар саналады:
- қосылған құнға салынатын салық; 
- пайда және табысқа салынатын салық; жылжымайтын мүлікке салынатын салық; 
- экологиялық салық; 
- экспорттык және импорттық кеден баждары; 
- жер салығы; 
- азаматтар төлейтін табыс салығы; 
- жарнамаға салынатын салық; 
- мемлекеттік баж; 
- тағы да басқа ерекше түрлері (мысалы, ит ұстаушылардан алынатын алым сияқты). 
Ендігі жерде мемлекет деңгейіндегі аса маңызды осы аталған салықтардың негізгілеріне қысқаша шолу жасайық.
Мемлекеттік бюджет кіріеінің басым бөлігі қосылған құнға салынатын салықтың үлесінде. Аталмыш салық Беларуссйяда 1992 жылдан бастап қолданыста. Бұл салықты мемлекет аумағында тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер төлейді.
Салық салу объектісі - салық салынатын айналым.
Салық мөлшерлемесі - 20%.
Пайдаға салынатын салықты меншіктің ұйымдық-құқықтық түріне байланыссыз барлық заңды тұлғалар төлейді.
Салық салу объектісі - кәсіпорынның баланстық пайдасы.
Баланстық пайда өнім өткізуден түскен пайда, өткізуден тыс операциялар бойынша пайда мен осы пайдаларға жұмсалған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады.
Салық салынатын пайдаға 30% салық салынады.
Шағын кэсіпорындар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған, мысалы жылдық баланстық пайдасы 5000 мәрте минималды жалақы сомасын құрайтын кәсіпорындар 15 пайыздық мөлшерлемемен салық төлейді.
Пайдаға салынатын салық бойынша жеңілдіктер үш түрде көрініс тапқан:
- салық салынатын пайдаңы ішінара кеміту; 
- салықтан толығымен босату; 
- төмендетілген салық мөлшерлемесін бекіту. 
Бұдан басқа жеңілдіктер жыл сайын бюджет бекітілген кезде қайта қаралып, белгіленіп, қадағаланып отырады. Табысқа салынатын салықты меншіктің ұйымдық-құқықтық түріне тәуелсіз барлық заңды тұлғалар төлейді. Салық дивиденд және оған теңестірілген басқа да табыстардан 15% мөлшерлемемен алынады.
Акциздерді мемлекет аумағына тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар төлейді.
Акцизделетін тауарлар тізімі төмендегідей:
- спирт және спиртті өнімдер; 
- алкоголь өңімдері; 
- арақ-шарап өнімдері; 
- сыра; 
- темекі өнімдері; 
- дизель отыны; 
- автокөлік бензині; 
- шикі мұнай; 
- бағалы тастар мен металдардан жасалған зергерлік бұйымдар, т.б. 
Акциздерге байланысты мәселедерді, яғни акцизделетін тауарлар тізімі, акциздік маркалар, олардың таңбалану тәртібін т.б. Беларуссияның Министрлер Қеңесі анықтап, Жоғарғы Кеңесі бекітеді.
Салық мөлшерлемесі тауар өткізуден түскен табысқа (кедендік құнына) пайызбен немесе заттай мағынадағы тауарларға абсалюттік сомада белгіленеді.
Салықсалу объектісі, тауар өндірущілер үшін-өндірген өнімін өткізуден алған табысы; ал импортерлер үшін - тауарлардың кеден құнына пайыз түрінде акциз мөлшерлемесі бекітілген кеден құны.
Акциз салығын төлеу мерзімі салық сомасының мөлшеріне байланысты болып келеді.
Жылжымайтың мүлікке салынатын салықты шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару қүқығында салық еалу объектілері бар занды тұлғалар және жеке тұлғалар төлейді.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын ұйымдар мен мекемелер жылжымайтын мүлікке салынатын салықтан босатылған.
Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың, аяқталмаған құрылыс объектілерінің құны, жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерінің құны салық салынатын объектілер болып саналады.
Заңды түлғалар үшін салық мөлшерлемесі 1% - ал өндірістік кооперативтер үшін 0,1%. Салықты төлеу жыл бойы әр тоқсан сайын төленіп отырады.
Экологиялық салықты төлеушілер болып табиғат ресурстарын пайдаланған барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер саналады.
Салық салынатын объектілер - өндірілген табиғат ресурстарының көлемі; қайта өңделген мұнай өнімдерінің көлемі; қоршаған ортаға шығарылған ластаушы заттардың көлемі.
Салық салу объектілеріне сәйкес экологиялық салық салу үш бөлімнен тұрады:
а) белгіленген лимит, сондай-ақ үстем лимит шегінде табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
ә) мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеу үшін төленетін төлем;
б) белгіленген лимит, сондай-ақ үстем лимит шегіңде қоршаған ортаға ластайтын заттар шығарғаны үшін төленетін төлем.
Табиғат ресурстарын пайдаланудың лимитін, үстем лимитін, мөлшерлемесін экономика және табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің ұсынысымси Министрлер Кеңесі бекітеді. Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттардың лимитін, үстем лимитін әрбір салық төлеуші үшін депутаттардың жергілікті кеңесі бекітеді.
Қоршаған ортаға белгілеген лимиттен, үстем лимиттен артық мөлшерде ластайтын заттар шығарған жағдайда 15% мөлшерінде, табиғат ресурстарын лимиттен, үстем лимиттен артық мөлшерде өндірген жағдайда 10% мөлшерінде салынады.
Ауылшаруашылығы мақсатында қолданылатын сулар, жер асты сулары салықтан босатылады.
Калий және ас тұзын өндіру үшін алынатын экологиялық салықтар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бірдей үлеспен бөлінеді. Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру үшін алынатын экологиялық салықтардың 85% республикалық, 15% жергілікті бюджет кірісіне есептеледі.
Ендігі жерде жер салығына қысқаша тоқталатын болсақ, салықты барлық меншік иелері — заңды және жеке тұлғалар, немесе жалға алушылар төлейді. Салық салынатын объект — тұлға меншігіндегі, иеленудегі жер салығының мөлщерлемесі әр жердің категориясына байланысты бөлек-бөлек анықталады.
Салық салу мақсатында жер бірнеше категорияға бөлінеді:
- елді мекен жерлері; 
- орман және су қоры жерлері; 
- өнеркәсіп мақсатындағы жерлер; 
- көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер. 
Салық мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан жеріне байланысты анықталады. Жер салығы жылына бір рет төленеді.
Тағы да бір тоқтала кететін маңызды салықтың бірі - азаматтардың табысына салынатын салық. Бұл салықты Беларуссияда тұрақты немесе уақытша азаматтар, шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар да төлейді.
Беларуссияда тұрақты тұратын азаматтар үшін салық салу объектісі болып азаматтардың ел аумағында және елден тысқары жерде ақшалай және заттай нысанда алған барлық табыстары саналады, ал уақытша тұратын азаматтар үшін салық салу объектісі болып азаматтардың ел аумығында ақшалай және заттай заттай нысанда алған барлық табыстары саналады.
Азаматтардың табысы бірнеше топқа жіктеледі:
- еңбекақы және сыйақы түріндегі табыстар; 
- кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтар; 
- шетелдік жеке тұлғалардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың Беларуссия аумағында алған табыстары; 
- авторлық марапат түріндегі табыстар. 
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс салығын төлеушілер болып табылады. Салық салынатын табыс жалпы табыс пен осы табысты алуға кеткен шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады.
Шетелдік жеке тұлғалардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың Беларуссия аумағында алған табыстарына салық алғаш жіктеудегі топқа салынатын тәртіппен салынады (яғни жіктелуі -1).
Беларуссиядағы төлем көздерінен алынған табыстарға 20% мөлшерлемемен салық салынады.
Авторлық марапат түріндегі табыстарға да салық салу алғашқы топқа сәйкес салынады.
12-ТАҚЫРЫП
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі кезеңдері. 
- Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама. 
- Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қысқаша сипаттама. 
- Түрікменстан Республикаеының экономикалық, қаржылық жүйесіне қысқаша шолу. 
