Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shet_mem_fin_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.77 Mб
Скачать

8-ТАҚЫРЫП

ЖАПОНИЯДҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ

  1. II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы

Соғыс аяқталған соң Жапония экономикасы қиын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының40%-нан айырылуы, ауыр өнеркәсіп жабдықтарының 30% жоғалып, Нагасаки мен Хиросима атом бомбалауынан толығымен жойылып кетті. Тауар мен материал, азық-түлік жетіспеушілігі жалпыға бірдей сезілді. Инфляция 50%-ға дейін жетті. Жапондық иен курсы американ долларына шаққанда әлдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. 1946 жылы өнеркәсіп өнімінің деңгейі соғысқа дейінгінің 14% құрады. 1945 жылдан 1947 жылдар аралығында қағаз ақша саны 4 есе өсіп кетті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа дейінгі деңгейдің 13% құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауға тура келді.

1947 жылы оккупациялық әкімшілік жаңа Жапондық Конституция (Ата Заң) даярлап шығарды.

Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезеңге бөлінді.

1кезең: (1945—1960 жж.) экономикасының түбегейлі өзгеруі, әлемдік экономикада АҚШ-тың басымдығы. 1950 жылдардан Жапония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2% болған

.1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді. Жалпы алғанда салықтар көтерілді, тек корпорацияларға салынатын салық төмендетілді, басқару әкімшілік аппараты қалыпқа келтірілді, мемлекеттік бюджет шығыстары қысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы қатардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінде тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырған.

Банк жүйесі секілді саясаттардың басымды бағыттарын мемлекет бақылап отырды.

Жапонияның экстенсивті үлгісі өте жоғары көрсеткіштер көрсетті.

50-жылдардың ортасынан бастап Жапон экономикасының өсуі жылдам қарқынмен өрлеуге беталды, осы кезеңнен бастап «Жапондық ғажап» өз бастамасын көрсете бастаған болатын.

  1. кезең: (1970 ж.) Жапония экономикасында айтарлықтай кұрылымдық өзгерістер орын алды.

1951-1970 жж. аралағында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2% құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төмендегідей болатын, мысалы: ФРГ мен Италияда - 7,4%, Францияда - 6,2%, АҚШ-та - 4%, Англияда - 3%.

1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі бойынша Жапония АҚШ-тан кейінгі әлем бойынша 2-ші орынға ие болды, ал 1970 жылы Жапония әлемдік экспортта 4-ші орынға шықты.

Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етпей қоймады. Олар ең алдымен:

  • энергоматериалдарды азайту арқылы өндірісті белсендіру;

  • электроника және технология салаларын толықтай игеру;

  • экономиканы реттеуші мемлекет рөлінің өзгеруі, инфляция, ұлттық валютаның тұрақтануы, нарықтық механизмдерді құру секілді қосалқы әдістер арқылы экономиканы реттеу;

  • сыртқы экономикалық қатынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемдегі инвестиция құйып, экспортқа деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.

  1. кезең: Интенсивті үлгіге негізделген экономиканың қарқынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер.

Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастарының дамуына төменгі факторлар әсер етті:

  1. Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;

  2. Өндірістің орталықтануы мен шоғырлануын мемлекеттің реттеуі;

  3. Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеюі;

  4. Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;

  5. Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;

  6. Ұлттық кірісті мемлекет саясатымен қайта қарауы.

Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс

Азия, Австралия және Жаңа Зеландияның нарық жүйелерін кеңінен басып алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]