Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция. Маш. жас. өнд. автом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.01 Mб
Скачать

Сурет 53 - Қарпығыш құрылғыларының түрлері: а) бір жылжымалы ернімен; б) екі жылжымалы ернімен; в) вакуумды; г) ағымды

Вакуумды қарпығыш құрылғыларына қойылатын негізгі талаптар: тетіктің қарпылатын бетінің тегіс болуы; қымтаулылық; қарпылатын беттің таза және тегіс болуы. Берілген қарпығыштар көбінесе жазық тетіктер үшін қолданылады. Олардың артықшылықтары – арзандығы, қарпудың жоғары сенімділігі, кішігірім салмағы. Сорғы таңдауда шығатын белгілері болып мыналар саналады: тетіктің пішіні және мөлшері; қоршаған орта шарттары және қажет етілетін қарпу күшінің мөлшері. Есептеу кезінде статикалық ұстап тұру күші динамикалық күштен басым болуы керек, мысалы, тежеу кезінде.

Магнитті қарпығыш құрылғыларында әр кезде электр магниті қолданылады. Мұндай қарпығыштардың көбінесе өзінің қарпу құрылғылары болмайды, ол пайдалану кезінде қолайлылық туғызады және қарпығыштардың құрастырылуын жеңілдетеді. Әркездік магниттік қарпудың кемшілігі ол – тетік механикалық күш көмегімен босатылуы керек (итергіш, магниттік полюстердің қосылуы және т.б). Электромагниттік қарпу құрылғылары, тетіктің полярлық ауысуы немесе тоқ бағыты ауысуынан босатылуы уақытында тез магниттенсіздіріледі.

Механикалық қарпудың жетегі ретінде гидро- және пневмоцилиндр қолданады,олардың соташықтары иінтірек жүйесінен немесе басқа механизмдерден өтіп, қарпуды әрекеттендіреді.

ӨР және қарпығыш құрылғыларын таңдағаннан кейін (сур.54) тұрақтандыру дәлдігімен алынған басқарылатын объекттің орын ауыстыруының шақтамалы жылдамдығын анықтау керек. Содан соң қарпу құрылғыларының және механизмнің жетек түрін таңдайды, барлық механизмнің құрастыру өлшемдерін есептеп, таңдайды, дайын құрастырманы қатаңдыққа және динамикалық тұрақтылығына есептейді. Тұрақтандырудың шақтамалы жылдамдығын анықтайды; орын ауыстыру уақытын анықтайды; қарпығыш құрылғыларының параметрлерін есептейді.

Қарпылатын объекттің әртүрлі пішіні мен өлшемі, қарпу және ұстап тұруға қойылатын көптеген қосымша талаптар қарпығыш құрылғыларын көп мөлшерде қолдануды қажет етеді. Егер ӨР қолданатын манипуляторлар саны бірлікпен есептелсе, қарпу- одан он есе көп, ал кішігірім қарпығыш құрылғыларын есептеу мүмкін емес. Сериялы өндіріс жағдайындағы ӨР-ң қарпуға барлық талаптарын есепке алу мүмкін емес, сондықтан роботты жұмыс орнына орнықтыру кезінде, штатты қарпуды шешіп, орнына әдейі жобаланған және пайдалану орны бойынша дайындалған жаңа қарпуды орнықтыру жағдайлары көптен кездеседі.

Автоматикалық құрастырудың технологиялық үрдістерін жобалау. Автоматикалық құрастырудың негізгі кезеңдері.

Машинаны құрастыру өндірістік үрдістің қорытынды және анықтаушы кезеңі болып табылады. Өндірістің түрлі салаларында құрастыру өндірісі 25 % дан 50 % құрайды, бұйымды дайындаудың жалпы еңбексыйымдылығынан. Құрастыру өндірісінің автоматтандырылуы технологиялық тапсырыстардың бір қатарымен байланысты, мысалы, құрастырудың технологиялылыққа тексерілуі.

Құрастыру өндірісінің роботтандырылуына бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінуде. Құрастыруға кететін шығын бұйымның технологиялық өзіндік құнының 50 % құрайды, бұған жетуге қолдық еңбек пен квалификациясы жоғары жұмысшы қолдану көмек болып отыр. ТМД елдерінің болжам көрсетуі бойынша – құрастырма операцияларын орындау үшін 1980жылы 7 млн. адам кіріскен болса, 1995жылы - 9 млн. адам. Зауыттарда, шығарылытын бұйымның жоғары сапасы мен өнімділік көрсеткішін қамтамасыздандыратын құрастырма автоматтарын, жартылай автоматтарды, автоматтадырылған тізбектерді ұтымды пайдалану арқасында әмбебап және қайтабаптамалылығы оңай роботтар көмегімен құрастыруды автоматтандыру мүмкіндігі жеткілікті кеңейіп жатыр.

Өндірістің әр салаларындағы құрастырудың қатынасты еңбексыйымдылығын, механизациялау, автоматизациялау және роботтандыру дәрежесін талдай отырып, құрастырма операцияларын роботтандыру мәселесі әлде қайда маңызды болып табылады – деген қорытынды жасауға болады. (сур. 55 и сур. 56 ). Құрастыру операцияларында роботтарға мынандай талаптар қойылады: жоғары өнімділік, тұрақтандыру дәлдігі мен сенімділігі. Робот құрастыру орнында дәл бейімделуі керек; құрастырма бірлігін біріктіріп орнықтыруы керек; құрастыру үшін тетіктің жарамдылығын бақылау; жиналатын тетіктің қатынастық күйін тексеру; құрастыру орнынан дайын түзілімді тасымалдау.

Күрделі бұйымдардың құрастыруына роботтың жылжымалылық дәрежелердің үлкен саны; жоғары тезәрекеттілігі; қарпығыштар мен құрастыру құралының автоматты алмастыру мүмкіндігі; дамыған программалық қамтамасыз ету жүйесі; роботты «оқытудың» және «қайта оқытудың» қарапайымдылығы қажет.

Қарпығыш құрылғыларының түрлері мен параметрлерін

таңдаудың жиынтық сұлбасы (Қ.Қ.)

Сурет 54 - Роботтардың қарпығыш құрылғыларын таңдаудың жиынтық сұлбасы

Сурет 55 - Өндіру салалары бойынша құрастырудың еңбексыйымдылық диаграммасы

Сурет 56 - Салалар бойынша құрастыру процестердің механикаландырылған, автоматтандырылған, роботталынған деңгейі (1, 2, 3)

Америкалық институттың өндірістік зерттеулердің мәліметтері бойынша құрастыру жалпы өндірістік уақыттың 53% дейін алады. Бұның ішінде тек 5% ғана тетіктерді бекітуге, ал қалған уақыт транспорттауына,берілісі, тасымалдауына, бағдарлануына кетеді.

Құрастырудың толық автоматтандыру процесі кепілденген саңылау мен қынағы бар цилиндрлік қосылыстарға ойдағыдай шешілді. Автоматты құрастыру бес негізгі кезеңдерден тұрады: базалық тетіктің немесе түзілімнің құрастыру аумағына берісі; қосылған тетіктердің өзара бағдарлануы; құрастырудың (немесе бекітудің) өзі, түзілімнің бекітілуі және жиналған бірліктердің келесі құрастыру тұрағына тасымалдануы.

Нег.: 1 [ 182-251], 2 [ 267-275], Қос.: 5 [ 155-233], 4 [ т.2] 6 [ кт.1, 7]

Бақылау сұрақтары:

1.ӨР қарпығыш құрылғыларының түрлері.

2.ӨР қарпығыш құрылғыларын есептеу әдістері.

3.Құрастыру процестің автоматтандыруының негізгі мәселелері.

4.Цилиндрлік қосылыстардың автоматты құрастырудың кезеңдері.

15- Дәрiс тақырыбы. Құрастыру-өндіріс прцесінің соңғы, қорытынды кезеңі.

Машинажасауда құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығы бұйым жасаудың жалпы еңбексыйымдылығының 30-40% құрайды. Құрастырудың автоматтандырылуы өнім сапасының көтерілуіне мүмкіндік береді, өйткені субъективті фактор әсері жартылай немесе толық жойылады; құрастыру жұмыстарының өзіндікқұны төмендейді; жұмысшылар босатылады; еңбек шарттары жеңілденеді; өндірістік аудандар кішірейді. Автоматтандырылған құрастыру кезінде бұйымның тетіктеріне қарапайым және симметриялы пішін беруге ыңғайлы, себебі шанап-бағдарлану құрылғысынан автоматтың жұмыс тұрағына тетіктердің берілу кезіндегі бағдарлануын жеңілдетеді. Сурет 57 автоматты бағдарлануының тапсырманы жеңілдету көзқарасы жағынан тетіктердің керекті және кересіз пішін беруі көрсетілген. Бағдарлануға жарамды тетіктерді үш негізгі топқа бөлуге болады:бірінші топқа айналу осі бар тетіктер жатады; екінші топқа-симметрия жазықтығы бар тетіктер; үшінші топқа-симметрия жазықтығы жоқ тетіктер.. Екінші топқа жататын тетіктерді тағы үш топқа бөлуге болады: бірінші топқа - үш симметрия жазықтығы (сурет 58 а); екінші топқа - екі симметрия жазықтығы (сурет 58 б); үшінші топқа - бір симметрия жазықтығы бар тетіктер құрайды. Үшінші топтың тетіктері 58 г-суретте көрсетілген.