Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция. Маш. жас. өнд. автом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.01 Mб
Скачать

27 Сурет –Оң қолдың ережесі: а) координат осьтерінің оң бағыттары; б)айналудың оң бағыттары

Құралдың координат жүйесі. Бұл жүйе ұстағышқа қатысты кесуші бөлігінің жағдайларын есептеу үшін тағайындалған күйінде сипатталады (28 а сур. ). СББ білдектер құралдарының алуан түрлілігі үшін құралдардың біріңғай координат жүйесін Хи қолданады, Zи– білдектің стандартты координат жүйесіне қатысты осьтеріне параллель болып келеді және де сол жаққа бағытталған координат жүйелерінің басы білдекте берілген құралдың бапатауының ерекшкліктерін есептегенде Т құралдық блогының базалық нүктесінде орналасқан. Блокты баптау кезінде білдектегі Т нүктелері құралды таситын, мысалы N нүктесімен, білдек элементінің базалық нүктесімен біріктіріледі (28 сур. ).

28 Сурет -Құралдың координат жүйелері: а)кескіш; б) бұрғы

Құралдың кесуші бөлігі оның төбесінің және кесуші жиегінің жағдайымен сипатталады. Құралдың төбесі доғаланған радиус r арқылы және Хи ТР и Zи ТР координаттарының бапталатын Р нүктесімен беріледі (28а сур.).

Кескіш жиегінің орналасқан күйі басты және көмекші пландағы j и j1 бұрыштарымен , ал бұрғының –төбеде 2j бұрышымен және D диаметрімен беріледі. Айналатын құралдың төбесі айналу осінде жатады, сондықтан оны көрсету үшін Zи ТР аппликатасын көрсеткен жөн. Бапталған Р нүктесң құралдың траекториясын есептегенде қолданылады (28а сур.).

ТКЖ– да тетіктердің барлық өлшемдері берілген және тетік қарамының барлық негізгі нүктелер координаттары берілген.Тетік және бағдарлама координат жүйелері көбінесе біріктірілген болады және тетіктер өңделуі бағдарламалау жүретін біріңғай жүйесімен анықталады. Таңдалған білдектің ТКЖ– не сәйкес технолог-бағдарламалаушымен тағайындалады. ТКЖ–да өңделудің басталу нүктесі –бастапқы О нүктесі көрсетіледі. Бағдарлама бойынша тетікті өңдеу үшін қолданылатын бірінші нүкте болып табылады, «бағдарламаның нөлі» деп атайды. Өңдеудң бастағаннан бұрын құрал центрі Р осы нүктемен біріктірілуі керек. Көпқұралды өңдеу кезінде бастапқы сызықтар бірнеше бола алады– қолданылатын құралдар саны бойынша, өйткені құралға өзінің траекториясы беріледі. О және Р нүктелерінің орналасуы айлабұйымның базалық С нүктесі (О-W-С-М) және F (Р-К-F-М) нүктесіне қатысты алынатын құралкүймешік нүктесіК арқылы білдектің координат жійесіне көшеді. Егер«білдектің нөлі» стандартты ҚКЖ басында орналасқан болса, білдек мүшелерінің базалық нүктелері білдектің орнықтырылған нүктелерінде көрсетіледі, ал құрал траекториясы құралдың ҚКЖ–да ұстайтын жұмыс мүшелері базалық нүктелерінде орын ауыстыру ОҚ–да берілген. Токарлықөңдеу кезінде бағдарлама координат жүйесініңбасы болып базалық алдындағы тетіктің базалық нүктесін алады, айлабқйымда тетікті орнату кезінде айлабұйым жазықтығындағы базалық С нүктесімен сәйкес келеді (29 б сур. ). Бастапқы О нүктесі Xд WO и ZдWO координаттарымен тағайындалады. Токарлық білдекте (29 а сур. ) айналдырық алдында орналасқан білдектің көлденең нүктесі М білдектің Z және X координат осьтерінің орналасуын анықтайды . Білдектің жұмысы кезінде құралкүймешіктің базалық F (XMF және ZMF) нүктесінің орын ауыстыруының өтпелі мағыналары цифрлік индикациясының тақтасына жазылады. Dз х l өлшемдеріне ие дайындама санағының нүктелері О және WR – бастапқы нүктелерінің бар болуы бағдарламаға тән.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]