
- •2.2. Дәріс сабақтарының конспектілері.
- •24 Сурет -Құралдарды алмастыру кезіндегі даналық өзгеру сипаттамасы
- •25 Сурет - Сандық бағдарламалау басқарудың жүйелер құрылымы.
- •26 Сурет – сбб білдектерінің стандартты координат жүйелері.
- •27 Сурет –Оң қолдың ережесі: а) координат осьтерінің оң бағыттары; б)айналудың оң бағыттары
- •28 Сурет -Құралдың координат жүйелері: а)кескіш; б) бұрғы
- •29 Сурет - сбб токарлық білдектерінде өңдеу кезіндегі координаттық жүйелер.
- •30 Сурет - Көпмақсатты білдек тораптары және тетіктің координаи жүйесі:
- •31 Сурет - Құрал ортасының траектория сүлбесі: 1 – тетік қарамы,
- •32 Сурет –сбб білдектерінің координат жүйелері
- •33 Сурет - 1-3 координаттық тіреу нүктелері берілген сүлбе :
- •Сурет 47 - Лаушықтағы тұрқы тетік дайындамасын орнату сұлбасы
- •Сурет 48 - ат тоқырау қарқындылығының графигі
- •Сурет 49 - Қадамды конвейерлердің сұлбалары
- •Сурет 52 - Өнеркәсіптік роботтарды тұрақтандыру дәлдігі бойынша үлестіру
- •Сурет 53 - Қарпығыш құрылғыларының түрлері: а) бір жылжымалы ернімен; б) екі жылжымалы ернімен; в) вакуумды; г) ағымды
- •Сурет 57 - автоматты құрастыру үшін технологиялық және технологиясыз тетіктердің мысалдары
- •Сурет 58 - Симметрия жазықтығы бар тетіктер
- •Сурет 59 – Автоіздестіру әмбебап діріл құрылғы механизмнің сұлбасы.
31 Сурет - Құрал ортасының траектория сүлбесі: 1 – тетік қарамы,
2 – Құрал ортасының қозғалу траекториясы
СББ білдектерінде көбінесе декарттық, цилиндрліи сфералы координат жүйесі қолданылады (32 сур. ). Декарттықта Анүктесі X, Y, Z координатарымен беріледі.
Тетік контурының белгілі бір бөлімшелері және қашықтықтары геометриялық элементтермен аталады. Оларға тура кесінді, шеңбер доғасы: екінші деігей түзуі және жоғары деңгей жатады. Элементтің өту нүктесі немесе бір элементтің екішіге өтуін геометриялық тораптар нүктесі деп біледі. Тетік өңдеуден траекториясын көрсетуде бастапөы кезеңде ең басты траекториясын тіреуіш нүктесінің координатын алуға байланысты.
32 Сурет –сбб білдектерінің координат жүйелері
Бұл координаттар абсолют өлшемдерімен көрсетілуі мүмкін, яғни білдек немесе тетіктің әр түрлі нүктесіне берілген нөлдік ннүктесіне байланысты (33а сур.), немесе бір нүктеден екіші нүктеге қозғалған құралдық айналу өсімі. (33б сур.).
33 Сурет - 1-3 координаттық тіреу нүктелері берілген сүлбе :
а – абсолютті өлшемдер; б - өспелі өлшемдер
Бағдарлама құру практикасында құрал траекториясын әрбөлектен құралған, бір бірінің бөлімшелеріне өтпелі болып көрсетіледі және де бұл бөлімшелер тетік контурының бөлімшелері немесе қашық бөлімшелері болып табылады.Құрал ортасының траектория бойынша қозғалыстың өсуін анықтаудан басқа өңдеуді бағдарламасында құралдық қозғалыс жылдамдығын көптеген көмекші технологиялық бұйрықтарды көрсету қажет. Басқарушы бағдарламаны (ББ) құрастыру үшін тетіктің операциялық сызбасын, сызбадайындамасын және нүктеаралық қашықтық пен тіреу нүктелерінің координатымен толтырылған кестесі бар РТК аса қажет.
Программалауды автоматтау деңгейі. Үлгілі программаларды ұйымдастыру.
ПД дайындау процессін жалпы түрде детальды өңдеудің жеке кезеңдерін тізбекті программалау кейпінде көрсетуге болады. Әр кезеңдерде нақты есептерді шешеді. Есепті шешу әдісіне байланысты программалауды автоматтаудың төрт деңгейін ажыратуға болады: бірінші деңгей (қолмен программалау) – программалау деңгейін аса керекті немесе қалта калькуляторын қолданумен және перфолентте деректерді дайындау құрылғысын қолданудың көмегімен қолменен дайындау; екінші деңгей (төменгі) – ЭЕМ ді кейбір есептерді өңдеу үшін қолдану, негізінен есептеп шығару сипатында; үшінші деңгей (орташа) – ЭЕМ де жеке ауыспаларды өңдеу; төртінші деңгей (жоғарғы) – ЭЕМ көмегімен операционды технологиялық процесстерді және барлық ПД барлық кезеңдерін өңдеу. Автоматтаудың жоғарғы деңгейінде ПД – ны дайындау өндірісті технологиялық дайындаудың автоматталған жүйесінің есебінің құрамына кіруі мүмкін. Ережеге сай, БП ны дайындауды автоматтаудың екінші төртінші деңгейлеріне автоматталған программалау жүйесімен (АПЖ) жүзеге асырылған әдіс сәйкес келеді. Ал бұл әдіске анықталған проблемалы-бағытты программалау тілі – АПЖ тілі де сәйкес келеді. Қолмен программалау кезінде ең бастысы БП ақпараттарын қабылданған кодта ұйымдастырудың сипаты болып табылады.
Әр түрлі СББ ларда үлгілі программалардың саны бірнеше ондықтарға жетуі мүмкін. Тоқыма станоктар үшін программаларды ұйымдастырудың бірнеше үлгілі әдістерін ерекшелуге болады (34 - сурет). Қара жүрісті ұйымдар бір группаға кескіштің көлденең жүрісімен (34,а - сурет), ал келесі группаға (34,б,в - сурет) – бойлық жүрістермен жүзеге асады. Кескіштің төбесіндегі жобалап есептеу сұлбасы мүмкін болып табылады (34,в - сурет).
Токарлы өңдеу кезінде түзетулерді программаларға екі түрлі әдіспен енгізеді. Бірінші әдіс – құралға түзету енгізу. Бұл жағдайда түзету кесуге дейін енгізіледі (әдетте, құралды позицияға қондырғаннан кейін), берілген құралмен оған тағайындалған барлық беттерді өңдеп біткеннен кейін алынып тасталынады. Екінші әдіс – беткі қабатқа түзетуді енгізу. Бұл жағдайда түзету кескіш құралдың нақты беткі қабатқа шығар алдында енгізіледі және өңдеуден кейін алынып тасталынады. Түзету топтарының саны СББ пультімен ЭЕМ жадысына енгізіледі, станокты қалыпқа келтіру кезінде: қолмен теріп, перфолентадан БП ға енгізу құрылғысынан немесе автоматты құрал өлшегіш машинасымен кабельді байланыспен енгізіледі. Бұл құралдың станокқа енгізілген мәліметтері олардың толық
қолдану периодына дейін сақталады. әртүрлі СББ да құралға түзетулер БП мен әр түрлі шақырылады. Әдетте түзетуді құрал ұзындығына және радиусына береді. Құралдың ұзындығына түзету құрал мен түзетудің бірлескен кодын көрсететін БП кадрымен алынады.
БП ны дайындау әдісі, оларды редактрлеуді есепке алғанда, сонымен қатар СББ станок түріне, өндірістіің нақты шарттарына, станоктың СББ мен жұмыстарының ұйымдасқан принциптеріне және басқаларына тәуелді болады. әр түрлі СББ ларда үлгілі программалардың саны бірнеше ондыққа жете алады.
Нег.: 1 [ 103-132],2 [ 161-170],3 [ 202-232], Қос.: 7 [ 34-63]
Бақылау сұрақтары:
1.Кескіш құралдың қозғалыс траекториясы қалай анықталады.
2.Басқарылатын бағдарлама деген не. (ББ).
3.СББ білдегінде өңдеу операциясын жобалау үшін керк бастапқы мағлұматтар.
4.Тіреуіш нүктелері дегеніміз не.
5.Программалауды автоматтау деңгейлері.
10- Дәрiс тақырыбы. СББ станоктағы өңдеу қателіктері, бұл қателіктердің орны толтырылған.СББ мен станоктарда өңдеу қателіктері станоктың тасымалдаушы жүйесінде, оның жұмысшы органдарының жетектерде, басқару және бақылау жүйелерінде, детальдың өзінің құралында да туындаған көптеген өзара байланысқан қателіктермен қалыптасады: программалау қателіктері, интерполятор қателіктері, бақылау және өлшеу қателіктері, позициялау қателіктері, геометриялық қателіктері, құралды орнату қателіктері, құралдың серпімді деформациялары, детальды орнатудың геометриялық қателіктері, детальды серпімді орын ауыстыру, детальдың температуралық деформациялары (35 - сурет). Қателіктердің үлкен бөлігі станоктың тасымалдау жүйесін беру жетектерінің қателіктеріне жатады.
Станоктардың сенімділігі оларды 2 және 3 кезектің аралығында қарқынды қолданумен байланысты. Станоктардың жұмысының нәтижесі бас тартудың барлық түрлерін үш түрге бөлуге болатынын көрсетті: ұйымдасқан, электр құрылғылардың бас тартуы және механикалық жүйелердің бас тартуы.
Сондықтан да, станоктың факт жүзінде өнімділігін есептеген кезде станок сенімділігін сипаттайтын техникалық қолдану коэффициентін есепке аламыз:
3
5
– сурет. СББ мен
станоктардағы өңдеу кезіндегі қателіктерді
түрлендіру сұлбасы.
Техникалық қолдану коэффициенті:
Мұндағы,
n - бас тартумен дәлелденген тәуелсіз элементтердің саны;
li - i – ші элементтің бас тарту қарқындылығы;
ti - бұл элементтен бас тартуды алып тастаушы орташа уақыт.
Станоктардың сенімділігін жоғарылату үшін станок жұмысының
диагностика жүйесінің бар болуы қажет.
Станоктардағы дайындаманы өңдеудің берілген дәлдігін принципиалды әдістердің екеуінің біреуі арқылы алуға болады: 1) байқалатын жүріс және өлшеу әдісімен, 2) өлшемдерді жөнделінген станоктарда автоматты түрде алу әдісімен. Өңдеудің дәлдігі жөндеу дәлдігінің коэффициентін дұрыс таңдауға байланысты.
Станокты жөндеу СББ станоктарын эксплуатациялаудың жауапты кезеңі болып табылады. Дұрыс жөндеу еңбек өнімділігін жоғарылатуға, өнім сапасына және құрылғының көп уақытқа сақталуына себеп болады. Халықаралық стандартта екі термин қабылданған: жөндеу және подналадка. Жөндеу кезінде жаңа немесе эксплуатацияланған станоктың жұмысқа бағытталған және оны жұмысқа жарамды күйде сақтауға іс - әрекеттердің кешені туындайды. Жөндеу өзіне кесу құралын дайындауды, жұмысшы органдарын берілген орындарына таратуды, бірінші детальды сынау өңдеуін, коррективті құрал жағдайына және өңдеу режиміне енгізуді, ПД да қателіктерді түзетуді қосады. Станок столында дайындаманы орнатудың әр түрлі сұлбалары болады (36 - сурет): а) станок столында; б) бейімделуде; в) координатты плитада орнатылған бейімделуде; г, д) координатты плитаға тәуелсіз.
36 – сурет. СББ станоктарында детальдарды орнату: 1 – станок столы; 2 – деталь (бөлшек); 3 – бейімделу; 4 – координатты плита.
37 – сурет. Детальды салыстыру сұлбалары және ортаны іздеу көмегімен станок столында бейімделу сұлбалары: а) оптикалық; б) индикаторлық (37 - сурет).
Автоматты тізбектерде (АТ) машинаны дайындаудың технологиялық процесстерін жобалау.
Автоматтық тізбек – транспорттайтын құрылғылармен байланысқан автоматты түрде әсер ететін және басқарудың бірлік жүйесі бар жүйе. АТ де өндірісті кешенді автоматтау толығырақ жүзеге асырылған. АТ қолдану бұйымдардың сапасын жоғарылатады, еңбек сыйымдылығын және оларды дайындаудың өзіндік бағаларын төмендетеді, мағыналы адамзат ресурстарын босатады, өндірістік аймақтарды қысқартуға әкеліп тірейді, еңбек шартын жақсартады. АТ әр түрлі құрылымдарды, олардың тағайындалуына тәуелді конструктивті безендіруді, автоматтаудың жүзеге асырылған дәрежелерін, жұмыстың нақты шарттарын иемденуі мүмкін. АТ ны жобалауда негізгі мақсат технологиялық процесті таңдау, құрылымды және жұмыс режимін таңдау болып табылады. АТ – ға орындалатын операциялардың синхрондылығы және олардың қатарының қарапайым конструктивті іске асыруы кіреді. Операциялардың концентрациясының мақсатқа лайық дәрежесін анықтай отыра ыңғайлы қызмет көрсетуді және бақылауды, жеке позициялардың синхрондығын, жоңқалардың толық шығарылуын қамтамасыз ету қажет. АТ – де өңдеу үшін бұйымдар базасын таңдау кезінде қосымша талаптар қанағаттандырылуы керек: дайындаманың қажетті орнын автоматты түрде фиксациялау мүмкіндігі, тиеу және түсіру, жоңқаның базалық бетке түсуінен қорғаныс деген сияқтылар. Сондықтан да АТ – да әр түрлі жасанды базалар қосымша элементтер кейпінде кеңінен қолданылады. АТ – тер станоктардан жинақталуы мүмкін. Оларды қосымша автоматты түрде жөндеумен, мысалы, болттарды дайындау үшін тізбек, жабдықтау керек (38 - сурет).
Машина детальдарының әр түрлерін өңдеудің, дайындаманы алудың, термиялық өңдеудің және жинақтаудың механикалық өңдеудің АТ – сы бар. АТ – да технологиялық процесс үзіліссіз жүзеге асырылады. Бұл өндіріс циклын қысқартуды қамтамасыз етеді. АТ әр түрлі варианттарын салыстыру үшін өнімді өңдеудің өз құнының тәуелділігін білу қажет: шығарылым аралығын, тізбектің әсер етуінің есептеу циклінің ұзақтылығы. Мұндай тәуелділікті өзіндік құнның іргетас функциясы деп аталады. Қазіргі уақытта қайта өңдеу және иілгіш автоматты тізбектерді құру актуалды болып табылады. Бұл өз кезегінде ГПС – ты құру және өңдеу үшін қажет.
Нег.: 1 [ 73-93],1 [ 152-155],2 [ 9-13],2 [ 170-176], 3 [ 221-232],
Қос.: 7 [ 469-478, 489-494],9 [ 250-265].
Бақылау сұрақтары:
1.СББ станоктарында өңдеу қателіктеріне әсер ететін факторлар.
2.СББ станоктарында өңдеу дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер.
3.СББ станоктарын жөндеу (бейімделуді жөндеу, кесетін құралды орнату).
4.Автоматты тізбек деп не аталады?
5.Автоматты тізбекті қолданудың негізгі артықшылықтары.
11- Дәрiс тақырыбы. АТ – тің түрлері, негізгі түйіндер және механизмдер.
АТ – ның конструктивті шешімдерінің үлкен түрлілігі бар. Машинажасауда дайындаманы жеке – жеке енгізетін және өңделген детальдарды жеке – жеке беретін тізбектерді қолданады. Жұмыс принципі бойынша бұл тізбектер екі классқа бөлінеді: синхронды (қатаң) және синхронсыз (иілгіш). Синхронды тізбектерде (39 - сурет) өңделетін дайындамалар бір станоктан екіншіге қатты типті транспорттық құрылғы көмегімен беріледі.
Көбінесе тізбектегі дайындамаларды бір уақытта қадам өлшеміне тасымалдайтын қадамдық транспорттық құрылғыларды қолданады. Тізбек станоктарының арасындағы аралық қадам өлшеміне тең немесе кем. Мұндай тізбектерді ірі корпусты детальдар үшін қолданады. Бірінші кластың АТ – нің кемшілігі бір станоктан бас тартқанда барлық тізбектің тоқтап қалуы болып табылады.
39 – сурет. Синхронды АТ сұлбасы
Сондықтан да ұзындығы бойынша үлкен тізбектер үшін оны қолдану коэффициенті қатты төмендейді. Сондықтан да көбінесе мұндай типтің тізбектері қысқаларға бөлшектенеді.
Синхронсыз типті тізбектерде аралық бункерлер немесе магазин – жинақтағыштар қолданылады.
40-сурет. Синхронды емес АТ сұлбасы
Барлық тізбек тәуелсіз жұмыс істейтін аймақтардан құралады. Бір аймақтың міндетті түрде тоқтатылған кезінде басқалары жұмысын жалғастырады. Қарапайым АТ – ті кеміте алатындықтан бұл тізбектер өндірушірек болып табылады. Мұндай тізбектерді кішірек, жеңіл табылатын дайындамалар үшін пайдаланылады.
Өңделетін дайындамаларды орнату сипаты бойынша АТ – ті серікті немесе серіксіз деп бөледі. Серікті АТ – де (41 - сурет) дайындамаларды тізбектің әр түрлі позицияларында орынды өзгертусіз бір орнатудан кейін өңдейді. Дайындамаларды бейімделу – серіктерінде орнатады және солармен бірге транспорттық құрылғымен станоктан станокқа тізбек трассасы бойынша беріледі. Орнатылатын база болып алдын – ала өңделген немесе дайындаманың алғашқы жазылған беттері қызмет көрсетеді. АТ – тің берілген позициясына бейімделу – серіктері тізбекке параллель орналасқан арнайы транспортермен қайтып келеді. Тізбектегі серіктер саны позиция жұмысшыларының санын көбейтеді. Серіктер, яғни спутниктер өзі арқылы күрделі құрылғыларды көрсетеді. Бұдан басқа, әрбір станокта АТ тің берілген позициясында серікті бекіту үшін құрылғы болуы керек. Мұндай тізбектердің бағасы 10-30% ке әдеттегіден жоғары болып келеді. Серігі бар тізбектер синхронды типті орындайды.
41 – сурет. Бейімделу – серігі бар АТ сұлбасы
Автоматты транспорттау серіксіз тізбектерде детальдың өзінің базалық беттерін қолдану есебінен болып келеді. Сонымен қатар, негізгі базаларды дайындау операцияларын АТ – тен шығарады. Осылайша, дамыған базалық алаңы бар ірі корпусты детальдарды өңдеу жүзеге асады. Серіксіз АТ – тің бейімделуі станационарлы типті орындайды: олар әрқашан да тізбектің әр станоктарына бекітілген.
Сонымен қатар, автоматты тізбектерді транстпорттайтын құрылғының орналасуы бойынша ажыратады. Жоғарыда аталған АТ – тер станоктардың жұмыс зонасы арқылы өтетін дайындамаларды орын ауыстыратын АТ – ге жатады. Мұндай тізбектер конфигурациясы бойынша қарапайым болып келеді. Мұндай орын ауыстыруда дайындамалар станоктарды өңдеу аймағынан басқа жақта өтеді. Қосымша жүктеу құрылғыларының көмегімен өңдеу үшін бұл дайындамалар бейімделуге және керісінше орын ауыстырады, бұл тізбекті күрделендіреді. Мұндай тізбектерді айналу денесі типіндегі детальдарды өңдеу кезінде қолданады.
42 – сурет. Өңделетін дайындаманы жарып орын ауыстыртатын АТ сұлбасы
Дайындамының қозғалу сипаты бойынша АТ бір ағымды және тармақтанған ағынға бөлінеді (43 - сурет). Бірінші тізбектерді тізбектің жеке позицияларында өңдеу ұзақтылығы бірдей болған жағдайда қолданады, ал екіншісі – тізбектердің жеке аймақтарында өңдеу ұзақтылығы жоғары болғанда және станоктарды қайталануын қолдану мүмкіндігі туады.
43 – сурет. Тармақталатын АТ сұлбасы
1,2 және 3 позицияларда өңдеу ұзақтылығы бұйым шығару темпінен төмен болатын болса аймақтағы тізбек бір ағынды болады, станоктар қайталанады және аймақтағы тізбек тармақталған болып табылады. Егер де соңғы позицияларда өңдеу ұзақтылығы қайтадан темптен аз болатын болса 3 аймақта тармақтар кездеседі және тізбек қайтадан бір тармақты болады.
Қолданатын құрылғы типі бойынша АТ арнайы және арналған станоктарды, агрегатты станоктарды және жалпы тағайындалатын станоктарды өзіне қоса алады. әрбір АТ – тің құрамды бөлігі болып - технологиялық құрылғылар, дайындаманы бекіту және орнату үшін бейімделулер, транспорттайтын құрылғылар, жүктеуші құрылғылар, жоңқаларды алып тастау үшін араналған механизмдер, техникалық бақылау құралы және тізбекті басқару үшін арналған құрал жатады.
Дайындаманы жүктеу, қысу және транспорттау.
АТ – де дайындаманы жүктеу үшін роботталған кешендерде автооператорларды, манипуляторларды және өндірістік роботтарды қолданады. Дайындаманы жүктеу – түсіру бункерлі механизм кеңінен таралған. Мұндай механизмде барлық операциялар автоматты түрде орындалады. Оператор бункреге дайындаманы үйіп тастайды және станоктың жұмысын бақылайды. Өндірістің әр түрлі салаларында кеңінен қолдану вибрационды жүктеу құрылғыларын ВЖҚ алады. Бұл құрылғылар кең аралықта өнімділікті сатысыз қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Түзу сызықты және спиральды орамдары бар ВЖҚ қолданады. Жетек ретінде оларда электромагниттік, гидоравликалық және пневматикалық вибраторлар қолданылады. 44 – суретте түзу сызықты орамы бар ВЖҚ – ның принципиалды сұлбасы келтірілген. Онда орамның қозғалысы кезінде дайындамаға әсер ететін күштер көрсетілген. Электромагниттік вибраторды қолданған кезде орам гармоникалық тербелісті болады. Әсер ететін инерция күшімен үйкеліс күшінің анықталған қатысы кезінде дайындама орамға қатысты қозғалатын болады. Шартқа тәуелді түрде вибрацияланатын орамдағы дайындама әр түрлі режимде қозғала алады: сырғанаумен, лақтырылуымен.
44 – сурет. Түзу сызықты орамы бар ВЖҚ – ның принципиалды сұлбасы
Спиральды орамы бар ВЖҚ – да тангенциалды орналасқан серіппелер спиральды орамдарға вертикалды және орамдық тербелістер туралы хабарлайды. Осындай ВЖҚ – лардың конструкциясы 45 – суретте көрсетілген.
45 – сурет. Спиральды орамы бар ВЖҚ
Дайындамалар бункерге үйіліп тасталынады. Дайындамалар конустық түпте периферияға қарай жылжиды, ал спиралды орам бойынша жоғары жылжиды. Дайындаманың бағытталу әдісін таңдау ауысатын дайындамалардың пішініне тәуелді. 46 – суретте қарапайым пішінді дайындаманың бағытталуының кейбір әдістері көрсетілген.
46,а – суретте диск тәрізді дайындамалардың бағытталуы көрсетілген; 46,б – суретте қалпақ тәрізді детальдардың бағытталуы көрсетілген; 46,в – суретте екісатылы дайындаманың бағытталуы көрсетілген.
Қысу механизмдері өңделініп жатқан дайындамаларды станоктардың жұмыс істеу позицияларына бекіту үшін тағайындалған. Қысудың барлық механизмдерін екі группаға бөлеміз: симметриялы дайындаманы қысу үшін және произволды пішінді. Қысу жұдырық, цанг арқылы, мембранамен, рычагпен және басқаларымен жүзеге асады. СББ станоктарында, көп мақсатты станоктарда өңдеу кезінде және АТ – де бейімделу – серіктерін қолданамыз. Бұл қысылып беімделу, мұнда дайындама позицияланған және бекітілген. Дайындамамен бірге серік бекіту және базалаудың өзгерісінсіз станоктан станокқа, позициядан позицияға орын ауысады.
47 – суретте үш координатты жазық бойынша базаланатын корпусты детальдың серігінде орнату сұлбасы келтірілген. Деталь төрт винттік тірекке келіп тіреледі. Детальды серікте көрсету үшін арнайы бағыттарды немесе әмбебап өлшеу құралдарын қолданады. Оның көмегімен қажетті аралықты серіктің өлшеуіш базасынан белгіленген жерге дейін аралықта анықтайды. Нәтижесінде деталь технологиялық базасының координатты жүйесі OXYZ қажетті орынды серіктің негізгі базасының O1 X1 Y1 Z1 координат жүйесіне қатысты алады.
46 – сурет. ВЖҚ – да дайындаманың бағытталу әдістері
Әр АТ әр-түрлі машина қатарынан тұрады, олардың жұмыс сенімділігінен шығарылатын өнім сапасы, тізбек өнімділігі және жүргізілетін өңдеудің өзіндік бағасы тәуелді болады. Әр-түрлі АТ қолдану коэффициенті 0,7-ден 0,9-ға дейін. Барлық отказдарды екі топқа бөлуге болады: біріншісіне, әр-түрлі механизмдер мен құрылғылар жұмысының отказы, екіншісіне берілген өңдеу дәлдігін ұстамау нәтижесіндегі отказдар жатады. Бұл отказдар өлшеуіш құрылғыларымен табылады.Экспоненциалды үлестірілу заңы – АТ-ның отказсыз жұмыс істеу уақытын үлестіру заңдарының ең тиімдісі екендігі өндіріс көздеуімен орнатылған. 48 – суретте отказ қарқындылығы көрсетілген, λ тізбек t пайдаланылу уақыт функциясында.
График үш аумаққа бөлінген: 1 – аумақ АТ-ны игеру және дайындауда пайда болған қателіктерді жою нәтижесінде отказ қарқындылығының тез кішіреюі; аумақ 11 – тізбекті қалыпты пайдалану мерзімі; аумақ Ш – жүйе элементтерінің физикалық тозуы нәтижесінде отказ қарқындылығының жылдам өсу кезеңі. А қисығы сапасы төмен тізбекті сипаттайды, ал Б қисығы – сапасы жоғары, өйткені онда 1 аумағы қысқарды да, 11 аумағы ұзарды. Тізбектің номиналды өнімділігі (тұрып қалуды есепке алмай) (шт/c):
Qном=60·m / tц
мұндағы m - бір циклде тізбектен шешілетін тетік саны;
tц - цикл ұзақтығы (оперативті уақыт), мин
Тұрып қалуға уақыт жоғалтуын есепке алғандағы АТ-ның фактивті өнімділігі (шт/с):
Qф= Qном·ko
Нег.: 1 [ 155-164], 2 [ 211-229] ,Қос.: 9 [ 266-280]
Бақылау сұрақтары:
Автоматтты тізбектердің түрлері, сипаттамасы.
Бейімделу – серіктемедегі дайындаманы базалау қалай жүзеге асырылады.
3. АТ орнындағы дайындаманы тиеу-тиепшығару қондырғысы.
4. Автоматтандырылған тізбек жұмысының сенімділігі.
5. Автоматтандырылған тізбек өнімділігі