Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция. Маш. жас. өнд. автом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.01 Mб
Скачать

24 Сурет -Құралдарды алмастыру кезіндегі даналық өзгеру сипаттамасы

Даналық уақыттың мұндай өзгеруі белгілі кесу режимдерінде баптаудағы максималды құралдар санын қолдану тиімді болып табылады.

Технологиялық ауысуларды біріктіру кезінде өңделінетін беттердің өзара орналасуы, жұмыстық аумуқтағы кескіш құралдардың мүмкін орналасуы және туындаған жоңқаның тосқауылсыз жойылуы ескеріледі.Дайындаманың қаттылығы технологиялықауысулардың шоғырлануна әсер етеді.

АС операциясының құрылымына білдек жұмысының сенімділік факторы үлкен әсерін тигізеді.Баптаудағы құралдар санынығ ұлғаюымен,білдектің сенімділігі кемиді, ал тоқыраудың ұлғаюымен ауысым кезінде оларды жоюға уақыт ұлғаяды. Ағымдық өңдеу кезінде әрбір операцияға бір білдек қолдануға болатын болса, даналық уақыттың мөлшерікелесіге тең болуы тиіс:

мұндағы p –берілген білдектің жұмыс сенімділігі;

Σtуо –бір жұмыстық ауысым үшін тоқырауларды жою уақыты;

n - өнімді шығарудағы ауысымдық тапсырма, дана

Мұндай тәсілмен анықталан даналық уақыт оперативті уақыттае кем болуы тиіс немесе

tшт ≤ tоп .Егер бұл шарт ұсталмаса онда операцияны орындау шарттарын қарастыру керек және tоп құрамдас бөліктерін азайту керек. Сонымен қатар тоқырауларды жою үшін жұмыс диаграммасын және білдектің жұмыссыз тұруын пайдаланып білдектің сенімділік факторын жою керек.

Бағдарламалық басқаруы бар білдектерде өңдеу операцияларын жобалау.

СББ білдектерінің ерекшелігі- дайындаманың өңдеу бағдарламасы дайын арнайы бағдарламаұстағышқа енгізілген символдар түрінде беріледі. Бағдарламаларды дайындау процесі дайындаманы өңдеу процесінен уақыт және кеңістікпен ажыратылған.

Металл кесетін білдектерде тетіктердің механиклық өңдеуі еңбек сыйымдыылығының маңызды төмендеуіне сандық бағдарламалық басқарылатын (СББ) металл кесуші білдектерді қолдануына негізделген механикалық өңдеу процестерінің автоматизациясы, және де автоматты сызықтар мен автоматтандырылғанбөлімшелері осы білдектердің негізінде (мысалы, роботталған технологиялық кешендердің) қол жеткізеді.

СББ білдектерді қолдану өндірістің дайындық мерзімін 60-70%-ке;өнімді шығару циклын 50-60%- ке; технологиялық жабдықты жобалау және шығару қаржысын 30-70%-ке; білдекте өңдеудегі қосымша және негізгі уақыттың қысқартуы арқылы еңбек өнімділігінің өсуін қысқартуға мүмкідік береді.

СББ білдектерінің әсерлігі мамандарылған білдектегіштердің керекті санын қысқартуымен, өндірістік аудандарды үнемдеумен,еңбек өнімділігін ұлғайтумен, күрделі тетіктердің өңделу сапасының ұлғайтумен, жаңа бұйымдарды шығару кезінде өндірісті дайындау мерзімдерін қысқартуымен анықталады.

СББ білдектерді және ЭЕМ-ді қолдану – технологилық процесстермен автоматтандырылған басқару жүйелерін (ТП АЖБ)- негізгі құрамдық ГАП элементінің (2-ші деңгейдегі ГАП, яғниикемді автоматтандырылған өндірістің). Осы білдектерді пайдалану әсерлігі олардың технологиялық жетілуге ғана тәуеді емес, қңделінетін тетіктердің, айлабұйым мен құралдардың ұтымды таңдауға, жоғарыөнімділікті технологиялық өңдеу процесін таңдауына дұрыс ұйым жүктеуінің және қызмет көрсетуінің, яғни өндірістің технологиялық дайындығынығ негізгі сұрақтарын шығаруына да тәуелді болады.

СББ білдектерінің жіктелуі түрлі сипаттармен іске асырылады, олардың негізгілері: өңделу операцияларының негізгі түрлері бойынша(білдектер тобы бойынша– токарлық, жоңғыштық, бұрғылауыш, координаттық-кеулеужоңғыш, бұрғылауыш-жоңғылағыш, жоңғылағыш- кеулеужоңғыш;бұрғылауыш-жоңғылауыш-кеулеужоңғыш;ажарлағыш; көпмақсатты/көпоперациялы /;электрөңдеу үшін; әр–түрлі;); қимылды басқару принцибі бойынша, ол сандық бағдарламалы басқару жүйесі (СББЖ) арқылы анықталады, білдектердің үш тобын ажыратуға болады: позициялық СББЖ, контурлық СББЖ, комбинарланған СББЖ, пайдаланылатын құралдың саны бойынша: бір және көпқұралдық. Көпқұралды білдектер деп құралдар саны 12–ге дейін болатын білдектерді айтамыз. 12–ден артық құралдары бар және құралдар дүкендерімен жабдықталған білдектерді көпмақсатты білдектерге жатқызады.

Білдектер индексациясы. Білдектің негізгі белгіленуіне осы индекстердің біреуін қосады:

Ц – циклдік басқаруы бар білдектер;

Ф1 – жұмыстық мүшелер жағдайының цифрлік индексациясы бар білдектер, сонымен қатар цифрлік индексациясы бар және берілгендерді қолдық тәсілмен енгізу білдектері;

Ф2 –позициялық ББЖ бар білдектер;

Ф3 –контурлық ББЖ бар білдектер;

Ф4 –аралас ББЖ бар білдектер.

Сонымен қатар автоматты құрал ауысымымен байланысты білдектердің құрылымдық ереекшелігін айқындайтын индекстер енгізілген :

Р – револьверлі бастың бұрылуымен құралдық ауысымы;

М – дүкеннен құралдың ауысымы.

Бұл индекстерді Ф1, Ф2 индекстерінің алдында жазады, мысалы, РФ2 – позициялық ЖББ және револьверлі басы бар білдек ; МФ3 – контурлық ЖББ және құралдың дүкені бар білдек. 262ПМФ4 – аралас ЖББ көпмақсатты және дүкені бар білдек.

Салт – дәстүрлі аталған СББ білдектерде қазіргі өнеркәсіптік өндірісте екі негізгі топ бөлінген : айналу денелерін және тұрқылық тетіктерді өңдеу үшін қолданылатын білдектер.

СББ токарлық білдектер негізгі параметрлер бойынша , яғни өңделу ұзындығының L диаметріге D қатынасымен, патронды (L/D= 0,25-1,0 тетіктер өңделуі бар) және центрлік (патронды-центрлік, L/D= 1,0-10 және одан жоғары).

Ең көп таралған болып екі револьверлі басы бар, ревльверлі басы бар, бастиекпен, және екі бастиегі бар токарлық білдектер конструкциялары есептелінеді. Ірі сериялы өндірісте 2 және 3 айналдырықты токарлық револьверлі басы бар білдектерді пайдаланылады.

Жаңа отандық токарлық білдектер бүкіл негізгі параметрлер бойынша әлемдік деңгейге жауап береді.

Жоңғылағыш білдектерді 250х1000, 320х1250, 400х1600 мм өлшемдерімен консольді столмен шығарады. Консольсіз столы бар жоңғылағыш білдектер жоғарлатылған қаттылық және өңдеу дәлдігіне ие болады.Оладың столдар ені: 250,400, 500, 630, 1000 мм құрайды.

Көпмақсатты білдектер білдекте тетіктің бір орнатуымен көптеген операцияларды орындауға мүмкінлік береді. Құрылымдық сипаты бойынша бұл білдектер : тұрқылық тетіктердің кешендік жоңғылағыш- кеулейжоңғыштық-бұрғылағыш өңдеуге арналған көлденең айналдырық және бұрылғыш столы бар (стол ені 250-4000 мм); жайпақ тетіктерді өңдеу үшін вертикаль айналдырықпен (стол ені -250-1000 мм); ұзынөлшемді тетіктерді өңдеу үшін ұзартылған столы бар (ені 400-2500 мм).

Білдектер айналу денелерін өңдеу үшін шығарылады. Отандық (ресейлік) модельдерден ТМД елдерінің территориясында Қазанның 50 жылдығы атындағы Ивановтың білдекқұрылыстық біріккен қоғамының көпмақсатты білдектері кеңінен таралған. Білдектер типтік өлшемдердің кең диапазонында шығарылады; білдектердің бірқатары ГПС модульдер сияқты жеткізіледі.

А.И.Ефремов атындағы «Красный пролетарий» (Москеу қ.) зауытында 17А20ПФ30, 17А20ПФ40 моделінің сол базадағы, соның ішінде СББ– 16А20Ф3 және ГПМ «AMAG»(ЭМАГ) фирмасының лицензиясымен токарлық және токарлық көпмақсатты жартылайавтоматтардың бүкіл гаммасы шығаррыла бастады. Зауыт белгілі білдекқұрылыстық Германия (бұрын ФРГ)- ЭМАГ фирмасымен қатынасып жұмыс жасайды.Бұл фирма Германия территориясында 2 зауыттары және Франция мен Испанияда зауыттары бар. Жыл сайын 250- астам күрделі СББ білдектерді және түрлі ГПС ( басқа фирмалардың білдектерін қосқанда) шығарады.

Өнеркәсіпте отандық білдектері қолданылады:

«Мини-центр ИР 200АМФ4» - кіші өлшемді өте күрделі тұрқылық тетіктердің кешендік өңдеуіне арналған прецизизионды білдек (стол өлшемі 200х200мм). Білдекте қарам бойынша ажарлауды орындауға болады:

  • стол айналуы әрбір 0,001о–та іске асырылуы мүмкін ;

  • айналдырық айналу жиілігі – 70-12000 айн/мин;

  • жетек қуаты 5,5 кВт;

  • құралдар саны 20;

  • СББ классы – CNC;

  • Білдек массасы 4,5 т.

Бұл білдек бақылау мен диагностика жүйелерімен жабдықталған және адамсыз технология шартында қолдануға жарамды болып табылады.

Нег.: 1 [ 83-85, 92-103], 3 [193-202 ], 1 [ 141-151], Қос.: 7 [ 8-12, 27-34]9 [ 125-127]

Бақылау сұрақтары:

1.Өңделінетін тетіктің конструкцисының технологиясына қойылатын талаптар.

2.Агрегатты білдектерде өңдеу кезінде технологиялық өтулердің шоғырлану дәрежесі.

3.Операцияны нормалау кезінде білдек сенімділігі қалай ескеріледі

4.СББ білдегі қарапайым металлкесуші білдектен айырмашылығы қандай.

5.СББ білдектерін қолданудағы негізгі артылықшылықтар.

8- Дәрiс тақырыбы. Сандық бағдарламалы басқаруы бар технологиялық жабдық (СББ).Металлкесуші білдектердегі тетіктердің механикалық өңдеуінің еңбексыйымдылығының маңызды кемуі СББ металлкесуші білдектер қолдануы негізінде механикалық өңдеу процесстерінің автоматизациясы арқылы қол жеткізеді . Білдекті жүйелі санды бағдарламалы басқаруына(ЖСББ) мыналар жатады:

  • техникалық жабдықтар;

  • бағдарламалық қамту;

  • пайдалану құжаттамасы.

ЖСББ-ныңтехникалық жабдықтарына мыналар жатады

- есептегіш-логическалық бөлім;

  • білдектің орындағыш мүшелерінеәсер қалыптасу жабдықтары (беріліс жетектері, басты қозғалыс, электроавтоматиканың орындағыш аппараттарыжәне т. б. );

  • басқарылатын объектінің жағдайы туралы ақпарат көздері бар жабдықтар (бақылау, адаптации, диагностика және т. б.);

  • Сыртқы жүйелермен және перифериялық құрылғылармен өзара әсерді қамтамасыз ететін жабдықтар (жоғары рангтегі ЭЕМ–мен байланыс құбырлары).

Техникалық жабдықтар СББҚ – автономды құрылғысы түрінде рәсімделеді.

ЖССБ–ның негізгі сипаты басқарылатын құрылғының күрделілік деңгейі болып табылады.

Осы сипат бойынша ЖССБ–ды келесі сипат бойынша жіктейді:

  • бір координат осі бойында тікбұрышты сыртпішінқұрумен;

  • 2 немесе 3 координат осьтері бойыншақарамдық сыртпішінқұрумен;

  • Көпмақсатты білдектер үшін (4 немесе 5 координат осьтері бойынша);

  • Ауыр және универсалды білдектер және білдектік модульдерді жабдықтау үшін (10 –12 координат осьтері бойынша).

Металлкесетін ЖСББ білдектер үшрангілік қүрылымнан тұрады(25 сур.).

1-ші рангтің деңгейі – білдектің орындаушы мүшелер күйінің бергіштері, СҚАД жүйесінің жағдайының, өңделінетін тетіктің дәлдәгі, білдек дайындығы, айлабұйым мен құралдың ауыстыруы, бұрыстықтарды енгізу және т. с. с.. 2-ші ранг деңгейі – білдектің жетек пен орындаушы механизмдер жиынтығы (білдек). 3-ші ранг деңгейі - ЖСББ–дың техникалық жабдықтар деңгейі (соның ішінде СББҚ).Бағыттауыш жүйенің айтылған рангтер арасындағы ақпарат берудің барлық құбырларын көрсетеді. СББ құрылғысы – білдектің автоматоматты механизмдерін басқару орталығы болып табылады.

Құрылымдауша СББҚ білдектің автоматты механизмдерімен енгізу құрылғысы, есептегіш бөлім, электрлік байланысы бар автономды электронды агрегат сияқты орындалған. Сыртқы түрі басқару тақтайшасымен анықталады, ол арқылы білдекті басқару режимін таңдау іске асырылады (қолдық,баптау,жартылайавтоматты, автоматты);

СББҚ - 3-ші ранг

білдек- 2-ші ранг

Датчиктер-1-ші ранг