Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция. Маш. жас. өнд. автом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.01 Mб
Скачать

Сурет 57 - автоматты құрастыру үшін технологиялық және технологиясыз тетіктердің мысалдары

Сурет 58 - Симметрия жазықтығы бар тетіктер

Қосылған тетіктердің өзара бағдарлануы автоматты құрастыдың жауапкершілігі жоғары кезең болып саналады. Бағдарлану механизмі жетек құрылғысыме, бақылау құрылғысымен және өздігінен реттелу механизмі болып бөлінеді. Жетек құрылғысы бар бағдарлану механизміне: қиықжиектерін қолдануымен, осьтің қисаюымен, үйкеліс күштің жоюлуымен, бағыттаушы элементімен қосылған тетіктердің бағдарлану механизмдері жатады. Бірақ та бұл механизмдердің сезгіштігі жоқ және олар қатаң режимде жұмыс істейді. Ең тиімді, әсерлі болып бапталу механизмі, яғни автоіздестіру механизмі саналады. Автоіздестіру әмбебап діріл құрылғысы .59 суретте көрсетілген.

Сурет 59 – Автоіздестіру әмбебап діріл құрылғы механизмнің сұлбасы.

Базалық тетік 3 (төлке) базалық құрылғы болып саналатын инерциялық элементтің 2 ұясында орнатылып, бекітіледі. Инерциялық элемент тербеліс жүйесінің серпімді буын ролін атқаратын серіппе өзегімен 1 қатаң байланысқан.

Машинажасау өндірісінің автоматтандырудың болашағы.

Икемді өндірістік жүйелерін жасау мен оны енгізу. Қазіргі заманғы бағдарламалы-бақылау технологиялық жабдықтарын, микропроцессорлы бақылау-есептеу жабдықтарын, роботтарды және роботталынған кешенді, құрылымдық, технологиялық және өндірістік жұмыстарды автоматтандырылған жабдықтарын кең қолдануына негізделген икемді автоматтандырылған өндірісті (ИАӨ) жасау- өнеркәсіпте технологиялық және техникалық базаны жетілдіру бойынша ірі шараларды өткізуде, сонымен қатар өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қолдануда негізгі кезең болып саналады. Икемді автоматтандырылған өндірістер (ИАӨ) -бұл өндірістегі кешенді автоматтандырудың сапасы жағынан жетілдірілген кезеңі. Олар есептеу техникаларын қолдану мен робототехниканы қолдану арқасында қол еңбегін жою сияқты бас ерекшеліктері бар жоғары автоматтандырылған цехтер мен зауыт-автоматтардың жасалуына мүмкіндік береді.

Икемді өндіріс жобалау мен басқару объекті ретінде өзін жаңа топ жүйесі ретінде көрсетеді. ИАӨ модульдік принципті сақтауымен сипатталады. Әртүрлі буындардың нақты иерархиялық бағынышы болады. ИАӨ осындай элементтері бар: ИТК- икемді технологиялық кешен; ИТБ-икемді технологиялық бөлім; ТКК- тасымалдау-қоймалық кешен; ИӨН- икемді өндірістік модуль; ҚМ- қоймалық модуль. Машинажасау өндірісінің икемді автоматтандырудың негізгі бағыттары осындай: материалсыйымдылық пен бұйымдардың және процестердің энергиямен қоректенуінің аздығы; қалдықсыз технология; жабдықтардың жоғары сенімділігі; эргономика мен жұмыс орындарның ыңғайлылығы (комфорт); айналдырған табиғи ортаны қорғау; мамандықтардың үйлесімділігі. Жаңа материалдардың қолданылуы, машина массасының төмендеуі өнімнің бір дана шығаруға дайындаманың меншікті шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Қара металдың пластмассаға және түсті металға алмастырылуы, дәлдігі жоғары құйманың қолданылуы да металдың меншікті шығынын азайтады. Көлденең-бұрама илемдеу, көлемдік қалыптау, аунақшамен жаю т.б. тәсілдермен алынған дайындамалы өндіріс аймағында дайын өнімді шығару келешегі мол болып саналады.. Өндірісті автоматтандыру еңбекті гуманизациялау мәселесін, яғни еңбек шарттарын жақсартуға бағытталған шаралар шеңберін және еңбектің сүйкімділігін жасауға мүмкіндік береді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей жаңа техника мен технологияларды енгізудің сәттілігі кешендегі технологиялық, экономикалық, ұйымдастыру және адами факторлардың өзара әрекеттілігін есептеген кезде ғана жетуі мүмкін.

Нег.: 1 [ 267-283], 1[ 283-293], 2 [ 275-278] .Қос.: 4 [т.2], 4 [т.2], 9 [ 365-375].

Бақылау сұрақтары:

1. Автоматты құрастыру кезіндегі қосылған тетіктердің бағдарлануы.

2. Автоматты құрастыруға арналған жабдықтар.

3. ИАӨ негізгі артықшылықтары.Иілгіштік түсінігі.

4. ИАӨ құрылымдық элементтері.

5. Машинажасау өндірісін автоматтандырудың болашағы.