Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор келен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.48 Кб
Скачать

3 Дәріс. 3 Тақырып.. Қағидалары түсінігі, жіктелуі. Конституциялық, жалпы басқару және кедендік қағидалары.

Кез келген мемлекеттік органның бүкіл іс-әрекетін белгілі бір құқықтық-ұйымдастырушылық шеңберде ғана жүргізіп отырғандықтан, оның жұмысының барлық параметрлеріне әсер етіп, шектеп, нақты арнада ұстап отыратын түпкілікті ұстанымдардың қажеттілігі белгілі. Егер мұндай қағидалар (принциптер) болмаса кеден органдарының іс-әрекетінде бірізділік жойылып, бұл органның өз қызметкерлері де, сондай-ақ кеден органдарымен қарым-қатынасқа түсетін шаруашылық субъектілер, жеке тұлғалар мен өзге басқару органдары өз жұмыстарын нақты арнада дұрыс жүргізе алмас еді.

Кеден органдарының құрылымдарын қалыптастыруға және оның ағымдағы жұмысын басқаруға, жалпы алғанда оның біртұтас мемлекет механизміндегі үйлесімді іс-әрекетіне негіз болған принциптер жүйесін үш блокқа:

  • конституциялық;

  • жалпы басқару принциптері;

  • кедендік басқару принциптері деп жіктеуге болады.

Кеден органдары жұмысындағы ең басты принциптері ретінде конституциялық принципті атауға болады. Мемлекеттің кез келген басқарушы билік органы ең жоғары заң күші бар құқықтық құжат Конституция белгілеген құқықтық, құзырет шеңберінде ғана ұйымдастырылып,іс-әрекет жасауы тиіс. Яғни, мемлекеттің барлық басқару органдары Конституцияда белгіленген негізгі мақсаттарды - елдің территориялық-экономикалық тәуелсіздігін қорғау, оның экономикасының өркендеуіне жол ашу, халқының құқықтық қорғалуы, әл-ауқатының, әлеуметтік жағдайының көтерілуі, ұлттық мүддені қорғау, т.б. орындау үшін қызмет ететіні белгілі. Егер қандай да бір мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның іс-әрекеті, олардың шығарған нормативтік-құқықтық және жеке қолдану актілері Конституцияға сәйкес келмейтін болса, заңдық күші болмайды.

Кеден органдары атқарушы билік органдары жүйесіне енеді. Сол себепті, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесі органдарының ұйымдастырылуында және жұмыс істеуінде қолданылатын жалпы басқару принциптерін кеден органдары да өз ұйымдастырушылық-әдістемелік әректінде басшылыққа алады.Әкімшілік процедуралар мынадай принциптерге негізделген:

  • заңдылық;

  • төменгі қатардағы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жоғарыдағыларға бағынуы;

  • барлық адамдардың заң пен соттың алдындағы теңдігі;

  • азаматтардың құқығы мен еркіндігінің басымдығы азаматтар мен ұжымдардың арыз-шағымдарын қараған кездері бюрократизм мен созбалаңдылыққа салуға жол бермеу;

  • әкімшілік процедураларда белгіленген әрекеттер мен актілердің барлық азаматтар, ұжымдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндеттілігі;

  • жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, олардың мүдделерінің теңгерімділігі;

  • мемлекеттік құпия мен басқа да заңмен қорғалатын құпиялар туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пікір мен жариялылықты есепке алу;

  • мемлекеттік биліктің беделін сақтау және ҚР беделін түсіретіндей, мемлекеттік қызметтің мүддесіне қайшы келетін іс-әрекеттерді жасамау, соның ішінде жемқорлыққа қарсы тұру, мемлекеттік қызметкерлерге заңда белгіленген тыйымдар мен шектеулерді бұзуға қатаң түрде жол бермеу;

  • мемлекеттік органдардың барлық деңгейінде әкімшілік іс жүргізу ережелері талаптарының біркелкілігі;

  • құзыретті нақты анықтау және барлық мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғаларының қызметінің өзара үйлесімді болуы;

  • үнемділігі және тиімділігі.

Бұл аталған принциптер кеден органдарының ұйымдастырылуы мен күнделікті ағымдағы іс-әрекетінде толық сақталып отыруы тиіс.

Кеден органдарының дербес мемлекеттік орган ретіндегі тек еден саласына ғана тән кедендік басқару принцптеріне келсек, ол негізінен республиканың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты болып табылады. Кеден огандарының кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын әкелу және әкету құқықтарын белгілейтін негізгі принцпитеріне - кеден режимдерін таңдау және оны тауар тасушының еркімен өзгерту; кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекараны кесіп өту орны мен уақытын белгілеу; таурлар мен көлік құралдарын әкелу мен шығаруды реттеу, шектеу, қажетті жағдайларда мүлде тыйым сау, тасымалдау тәртібін орнату; кедендік

шекара арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарын одан әрі пайдалану; сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану мен іске асыру, т.б. жатады.

Бұл үш блоктағы ( конституциялық, жалпы басқару, кедендік басқару, кедендік басқару принциптері) принциптердің бір-бірінен басты айырмашылығы Конституцияның баптарынан, ұстанымдарынан туындайтын принциптер мемлекет пен қоғамның бүкіл іс-әрекетін қамтиды және тек қана мемлекеттік басқару немесе ұлттық заң жүйесі шеңберінде ғана қолданылып қоймай, азаматтық қоғамның, әлеуметтік өмірдің бүкіл қарым-қатынастарына, ұстанымдарына да негіз болады.Қазақстан Республикасы Конституциясында - бұл қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, халық игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, ең маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу десек, бұл ұстанымдар кеден органдары жұмысының да басты өзегі деуге болады.

Кеден органдары, жалпы кеден ісін ұйымдастыруда жүйелілік принципіне ( принцип системности) баса назар аударуы қажет. Жүйелілік принципі кеден огандарының ғана емес, жалпы мемлекетттік басқарудың басты принциптерінің бірі болып, басқарудың стратегиялық нормаларын білдіреді және ол кеден органдарының бүкіл аумағында және екінші дәрежелі буындарының іс-әрекетінде жүзеге асырылып отырылады. “Кеден құрылымы”, “кеден жүйесі” ұғымдарының арасында органикалық байланыс, бірлік бар. Құрылым-элементтердің өзара тұрақты қарым-қатынасының бүкіл жиынтығын білдіретін, олардың біртұтас жүйеленген қондырғыға байланысу әдістерінің жиынтығын білдіретін ұғым , яғни тұрақтылығымен сипатталатын элементтерді реттеудің әдісі. Ал жүйе - бұл элементтер мен құрылымның біртұтас бірлігі. Жүйелілік кеден органдарын ұйымдастыруда ғана емес, сондай-ақ, оларды басқаруда, бүкіл ағымдағы іс-әрекетіндн үлкен рөл атқаратын принциптердің бірі. Кеден органдарының құрылымдық қалыптасуын, дамуын және жетілілуін, сондай-ақ оның бүкіл буындарының қызметінің функционалдық бірлігін жүйелілік принципі қамтамасыз етеді. Үнемділік және тиімділік принципінің мәні - кеден органдарының алдына қойылған мақсат пен міндеттерге барынша аз материалдық, қаржылық және еңбектік шығындарды жұмсау арқылы қысқа мерзімде қол жеткізу болып табылады. Кеден органдарын басқарудың жалпы принциптері ретінде жоғарыда атап өтілген жүйелілік, үнемділік пен тиімділік принциптерімен қатар жүйенің кері байланыс принципін ескерген жөн. Бұл принцип бойынша басқару субъектісі ішкі жүйесінде қазіргі сәтте қандай өзгерістер болып жатқаны, оларға жүктелген міндеттер, алға қойылған мақсаттар қалай орындалып жатқаны жөнінде қажетті мөлшерде ақпарат алып, біліп отыруы тиіс, төменгі деңгейдегі кеден органдары (кеден бекеттері, кедендер, кеден басқармалары) кеденнің басқарушы органдарына жоғарыдан келген әр қилы бұйрықтардың, қаулы-шешімдердің, жарлықтардың, сондай-ақ кеден ісін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттардың, нұсқаулардың қалай орындалып жатқаны туралы дер кезінде толық, жан-жақты ақпарат беріп отырады.

Ал ақпараттың толықтығы принципі қазіргідей ақпарат ағынының көлемі орасан мол мөлшерде өсіп отырған кезеңде кеден органдары жүйесінде ақпараттық процестерді молайтуға, жеделдетуге жол ашады. Бұл принциптің негізгі мағынасы ақпарат ағынын барынша жеделдету, фактілерді, оқиғаларды, іс-әрекеттерді толық, жан-жақты мәлімдеу, қажетті жерге барынша тез жеткізу. Қазіргі кедендік жүйеге енгізіліп жатқан бүкіл мемлекеттік кедендік шекараны толық қамтуды мақсат етіп отырған компьютерлік-ақпараттық технологиялар, электрондық пошта жүйесі бұған толық мүмкіндік береді.

Кеден органдарын басқарудың жеке принциптерін екі үлкен топқа бөлуге болады. Бірінші топқа кеден жүйесіндегі экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани мәселелерге қатысты қолданылатын принциптер енеді. Екінші топқа кеден органдары жүйесінің экономикалық қауіпсіздігін өз құзыреттілігі шеңберінде қорғауының, яғни мемлекеттік құқық қорғаушы орган ретіндегі іс-әрекетінің принциптерін жатқызуға болады. Жеке басқару принциптеріне: заңдылық, орталықтандыру, ол саналы түрде жүргізілетін орталықсыздандырумен ұштастырылып отырылады, үздіксіздік, жеделдік, иілімділік, жауапкершілік, дәстүр жалғастығы, ақырғы нәтижеге ұмтылу және т.б. жатады. Сонымен қатар кеден органдары жүйесінің принциптеріне кадр таңдау және оларды оқыту, тәрбиелеу принциптері жатады.

Кеден органдары басшыларының ағымдағы ұйымдастырушылық-биліктік және әкімшілік-атқарушылық іс-әрекетінің негізіне басқарудың ұйымдастырушылық-технологиялық принциптері жатады. Ол принциптердің қатарына: бірегей басшылық, нақтылық, еңбек бөлістіру, скалярлық(склярлық принципі - әрбір ұжым, соның ішінде кеден органдары да нақты иерархиялық құрылымға ие болуы тиіс дегенді білдіреді), билеушіліктің бірегейлігі және дара басшылық принципі (әрбір қызметкер тек қана бір бастықтан бұйрықтар мен нұсқаулар алып отыруы тиіс және жоғары буындағы басшылардың тек біреуіне ғана өз жұмысы туралы есеп беруі қажет), өкілеттілікті беру, басқару диапазоны (жоғары буындағы лауазымды тұлға нақты белгіленген және тиімді мөлшердегі бағынышты қызметкерлердің іс-әрекеті үшін ғана жауап береді) және т.б. принциптері жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]