Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор келен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.48 Кб
Скачать

4. Кеден огандарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.

Республиканың кеден органдары жүйесінің ұйымдастырылуы және қалыптасу процесі ең алдымен мемлекеттік шекараны шарттық-құқықтық анықтау, белгілеу, делимитизациялау, демаркациялау процестерін жүргізумен тығыз байланысты. Мемлекеттің кеден шекарасын нақты белгілеу, сол арқылы сыртқы кедендік шекарада орналасатын кедендер мен кеден бекеттері жүйесін жасау, олардағы қызметкерлердің санын анықтау, жұмыс аумағын белгілеу, т.б. процестердің бәрі ең алдымен көршілес елдермен арадағы мемлекеттік шекараны келісім-шарттық, құқықтық негізде тану немесе танымау мәселесімен тығыз байланысты.

Қолда бар құралдар мен адам күшін тиімді пайдалану үшін жылжымалы кеден бөлімшелері құрылған. Және мұндай бөлімшелер едәуір өнімді жұмыс жасаған- кедендік шекара маңы аумағында республика көлемінде кеден тәртібін бұзу бойынша қозғалған істердің 40 пайызы осы жылжымалы бөлімшелердің үлесінде екен. Олар тек өткен жылы ғана кеден тәртібін бұзғандардан 27 537 мың теңге айыппұл төлеттіріп, 5 679 автокөлік құралын ұстап, 4 896 кеден тәртібін бұзу бойынша істің қозғалуына себепкер болған.

Кеден органдары өзінің міндеттерін басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып атқарады.Кеден органдарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орнын алдымен оның атқарып отырған қызметтерінің түрлеріне және оның қайсы функциясына басым мән беріліп отырғандығына қарап анықтауға болады.Кеден органдары өзінің фискальдық, реттеушілік (регулятивтік) және қорғаушылық қызметтеріне сай мемлекеттің басқа да атқарушы органдарымен (күш,қаржы т.б. ведомостваларымен), банк жүйесімен(валюта бақылауы бойынша), түрлі экономикалық субъектілерімен, сыртқы экономикалық әрекетке қатысушы жеке және заңды тұлғалармен қоян-қолтық қарым-қатынас жасайды.

Кеден органдары өзінің валюта бақылау қызметін Республиканың Ұлттық Банкімен, жалпы банк жүйесімен бірлесе отырып атқарады.Ұлттық банк кеден органдарын банкілер мен олардың филиалдарының тізімімен, валютаның ресми курсы туралы ақпаратпен жедел қамтамасыз етіп отыруы тиіс.Ал кеден органдары Ұлттық Банкке экспорт-импорт валюта бақылауының нәтижелері туралы ақпарат жіберіп отыруы, есеп берілген айдың 5- күнінен қалдырмай банкілерге кеден шекарасы арқылы тауарлардың іс жүзінде қозғалысы туралы ақпарат беруі керек.

Кеден органдары елдің миграциялық саясатына да қатысуы мүмкін. Республиканың Ішкі істер министрлігінің Төл- құжат жұмысы және рұқсат қағаздарын беру мен тіркеу бөлімдері кеден ережелерін бұзған адамдардың мемлекет шекарасы арқылы сыртқа кетуіне және келуіне шектеу қоюға құқылы.Кеден органдарының өкілетті лауазымды адамдары кеден ережелерінің бұзылғаны байқалған жағдайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1993 жылғы 9 сәуірдегі хатына сәйкес Рұқсат қағаздарын беру мен тіркеу жөніндегі аймақтық органдарға немесе республиканың Ішкі істер министрлігінің Төлқұжат жұмыстары және рұқсат қағаздарын беру мен тіркеу басқармасына жазбаша ақпараттар беріп отыруына болады.Кейбір жерлерде кеден органдары миграциялық полицияның міндетін, тікелей өз функциясына кірмесе де атқаруда.

Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік шекарадағы кеден органдары, шекарадағы кеден огандары, шекара қызметі және көші- қон полициясы қызметтерінің өзара үйлесімді іс- әрекеттерінде талдауды, зерделеуді қажет ететін бірқатар проблемалар бар. Сондай- ақ осы мемлекеттік органдарының жергілікті жерлердегі құрылымдарының іс- әрекетінің тәжірибесін, олардың кезестіріп отырған қиындықтарын зерттеп-зерделей отырып, салааралық құқықтық- нормативтік базаны толықтыру және жетілдіру мәселесіне де назар аудару қажет.

Мемлекеттік шекарамыздың кейбір телімдерінде осы үш мемлекеттік органның (шекара қызметі, кеден органдары және көші-қон полициясы) қызметін өзара біріктіре, үйлестіре атқаратын арнаулы жылжымалы бөлімшелер құруға болады деп есептейміз. Мұның өзі мемлекеттік бақарудағы үнемділік және тиімділік принципін қолданудың бір көрінісі болып, шекарада арнаулы жабдықталған үй-жай, құрал, көік, адам ресурстарын барынша тиімді, үнемді пайдалануға жол ашар еді.

Қазақстанның шекарасының көп бөлігінің құрғақ, климаты қатал, шөл далада, халық аз мекендеген өңірлерден өтетінін есепке алсақ, әрі кеден органдарының, әрі шекара әскерінің, әрі көші-қон полициясының функциясын біріктіре атқаратын жылжымалы жедел шекара бөлімшелері әскери, экономикалық және заңсыз миграциядан қорғауда үлкен рөл атқаруы мүмкін. Әр мемлекет өзінің атқарушы- билеуші, құқық қорғаушы органдарын, өзінің ішкі-сыртқы географиялық, демографиялық, экономикалық, т.б. жағдайларын есепке ала отырып, өзіне тиімді схема бойынша жұмыс істетуіне болады. Басқа мемлекеттердің органдарының жұмыс істеу схемасын механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайларына сай келе бермеуі мүмкін.

Кеден органдарының құрылымы мен құзыреті жағынан биліктің өзге атқарушы билік органдары жүйесіндегі кеден органдарының құқықтық мәртебесін оған жүктелген міндеттер, құзыреті, қызметтік функциялары,ұйымдастыру тәртібі сияқты т.б. өлшемдері арқылы айқындауға болады. Ең негізінен, кеден органдарының маңызы мен қажеттілігін мемлекеттің өркендеуінің қазіргі сатысында кеден органдары жүйесінсіз Республика Конституциясында белгіленген елдің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеттері жүзеге аспайтындығымен айқындауға болады.

Ел экономикасының тәуелсіздігін және тұрақты дамып отыруын оған кереғар әсер етуі мүмкін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан қорғау мәселесі, яғни, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі оның саяси тәуелсіздігінің нығаюының, халқының әлеуметтік-экономикалық қорғалуының маңызды алғышарттарының бірі. Бұл міндеттің орындалуында кеден органдары маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар кеден органдары мемлекеттің қоғаныс қабілетін арттыруда, қоғамдық тәртіптің сақталуында, жалпы елдің әлеуметтік- экономикалық саясатының негізгі бағыттарын айқындауда үлкен рөл атқарып, мемлекеттің валюта бақылауы, құқық қорғаушылық іс-әрекеті, т.б. қызметтеріне де өз құзіреті шеңберінде қатысып отырады.

Жаңа тарихи кезең Республиканың кеден органдары алдында жаңа міндеттер қоймақ. Кеден комитеті тарапынан кеден қызметін жетілдірудің Тұжырымдамасы қарастырылып, оны іске асыру үшін кеден қызметін реформалаудың 2003 жылға дейінгі Бағдарламасы жасалды. Бағдарлама Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау тауып, бекітілді. Бұл Бағдарлама бойынша Республиканың кеден органдарының ұйымдастырушылық іс-әрекетіне негіз болған құқықтық-нормативтік базаны Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық конвенциялар, келісімдер, келісім-шарттарға толық сәйкестендіру көзделіп отыр. Бағдарламада басқа да қажетті шаралар белгіленген. Олардың маңыздыларына тоқталсақ, біркелкі коммуникативтік жүйемен қамтылған мемлекеттік кеден кеңістігін қалыптастыру, ақпараттандыру және компьютерлендіру негізінде қазіргі заманғы кедендік технологияларды енгізу арқылы кеденнің басқару құрылымын, сондай-ақ инфрақұрылымын және оларды басқаруды жетілдіру, жалпы, мемлекеттегі кедендік әкімшілікті жаңа міндеттер дәрежесіне сай көтеру болып отыр.

2000 жылдың қазан айындағы Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері, Ел басыларының Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы келісім шартқа қол қоюы мемлекетіміздің кеденшілері алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Соның ішінде біркелкіленген (унифицированный) кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібін, сондай-ақ біркелкі кедендік режимді қолданатын кедендік реттеу жүйесін жасау міндеті нақты түрде экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер кеден органдарына жүктелді.

Кеден органдары алдына қойылатын міндеттер мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикалық, саяси мақсаттарымен тығыз байланысты болып, белгілі кезеңдегі стратегиялық және тактикалық мақсаттарға сай өзгеріп отыруы мүмкін.

Кеден ісін, кеден саясатын жүргізу мемлекеттің монополиясы болып, ол негізінен кеден органдары арқылы жүзеге асырылады және кеден органдары өз іс-әрекетін тек мемлекеттік басқару шеңберінде ғана жүргізеді.

Кеден органдары Конституцияда белгіленген заң шығарушы органдардың, Президенттің заң дәрежесіндегі нормативтік және тиісті ведомостволар мен Үкіметтің заңға тәуелді нормативтік актілеріне, қаулы, ережелеріне сай іс-әрекет жасайды.

Сондай-ақ кеден органдарына «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Заңның 424-бабына сәйкес азаматтар мен мемлекеттің алдында Республиканың экономикалық егемендігін және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, жеке тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуы, сондай-ақ лардың кеден ісі саласында өз міндеттерін орындауын қадағалау бойынша жауапкршілік жүктелген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]