
- •1 Дәріс. 1 Тақырып. Мемлекет және құқық түсініктері, мемлекеттердің типтері.
- •2. Кеден органдарының саясаты мен басқарылуы.
- •4. Кеден огандарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.
- •3 Дәріс. 3 Тақырып.. Қағидалары түсінігі, жіктелуі. Конституциялық, жалпы басқару және кедендік қағидалары.
- •6 Заңдылық және демократиялық принциптері.
- •17 Суретте техникалық заттарды жасаудың негізіне салынуы мүмкін жз және миналарды табу әдістері көрсетілген.
- •14 Дәріс. Тақырып 14. Тауарлардың кеденді, сарапталуы. Кеден сарапталуының бағыты мен міндеті, олардың негізгі түрлері.
- •15 Дәріс. Кеден зертханаларының жүйесі. Экс құрылымы.
2. Кеден органдарының саясаты мен басқарылуы.
Кеден органын құрудағы басты мақсат - мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, «кедендік егемендік» ұғымы аясына кең ауқымдағы міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады. Кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, басқа мемлекеттік басқару органдарына берілетін жалпы өкілеттіктер кеден органдарына да қатыстыекенін байқауға болады. 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында:
Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқа да нормативтік-құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функцияларды атқаруға;
баршаға бірдей міндетті жүріс-тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға;
әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге;
мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс-тұрыс тәртібінің сақталуын бақылауға;
өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз деп атап көрсетілген.
Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекттің тәуелсіз кеден саясатын жүргізу болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Заңда Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары:
Қазақстан нарығын қорғау;
Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
экономиканың дамуын ынталандыру;
экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;
бәсекені ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету;
экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
шетел инвестицияларын тарту;
сауда саясаты міндеттерін шешу; деп көрсетілген.
Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты -мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқа да құқықтық-нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттік кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт-бағдарын: Президент, Парламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалқ және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп,дамып отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.
Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметрлерін ішкі экономикалық субъектілердің потенциялдық іс-әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалық кеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып Үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай-ақ ағымдағы іс-әрекетте Үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс-әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс-әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен - ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім-шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды; елдің заңдары белгілеген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттік кеден заңдарын бұзған заңды және жеке тұлғаларға жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган - кеден құрылып, ол мемлекеттік механизмнің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттікке ие болады.
Кеден органы түсінігі және оның өзге де мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны туралы сөз болғанда бұл органдардың басқарылуы - яғни, белгілі бір министрліктердің, әдетте, қаржы, кіріс немесе күштеу ведомостволары құрамына енуі немесе Президентке, Үкіметке тікелей бағынып, жеке орган ретінде әрекет етуі жағдайларына көңіл бөлу маңызды болмақ.Кеден органдарының бағыныстылығы мәселесі оның атқаратын дәстүрлі (экономикалық, реттеушілік, фислальдық, құқық қорғаушылық, т.б.) қызметтерінің қайсысына мемлекеттік тұрғыдан басым мән беріліп отырғанын көрсетеді.
2 дәріс. 2 Тақырып. Кеден органдарының құрылымы,құқық қорғаушылық сипаты.
Қазақстан Республикасында дербес кеден саясатын жүргізетін кеден органы 1991 жылдың 12 желтоқсанындағы Президент Жарлығы бойынша құрылды.1992 жылдың қараша айында Қаржы министрлігінің құрамындағы Бас кеден басқармасы болып қайта құрылды. Бұдан кейінгі “қайта құруларды”тізбектесек:
1995 жылдың сәуірінде Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті;
1995 жылдың қазан айында өз мәртебесі бойынша Үкіметтің құрамына кірмейтін, бірақ оған бағынатын Қазақстан Республикасының Кеден комитеті;
1997 жылдың қаңтар айынан Мемлекеттік кеден комитеті;
1998 жылдың қазан айында Орталық кеден органының қызметі Мемлекеттік кіріс министрлігіне берілді.
Кеден органы осындай ”қайта құрулардың” тізбегіне ұшырап, оның үстіне әр жыл сайын дерлік оның басшылары өзгеріп отырды. Мұның өзі републикамыздың кеден органдарының құрылымдық қалыптасуына, тәжірибе жинақтап, елдің кеден аумағын толық қамти қадағалауына кері әсерін тигізгені сөзсіз. Әрқилы деректерге сай республикада кеден құрудың бастапқы жылдары елге әкелінетін тауарлардың 50 пайыздан 80 пайызға дейіні контрабандалық жолмен әкелінген деген мағлұматтар бар.
Мемлекеттік Кіріс министрлігінің алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасының фискальдық және кеден саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыру;
Кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін, мүддесін қамтамасыз ету;
бюджетке салықтар мен төлемдердің және басқа да мемлекет алдындағы қаржылық міндеттердің түсуін қамтамасыз ету;
алкоголь өнімдерінің өндірісіне және айналымына мемлекеттік бақылау жасау;
мемлекетке шығын әкелетін экономикалық қылмыспен және құқық бұзушылықпен күресу;
экономикалық қылмыспен күресу саласында халықаралық ынтымақтастық.
Кеден органдарының Кіріс министрлігінің қарамағына берілуі, жалпы мемлекеттік бюджетті толтыру, экономикалық субъектілерден өндірілетін төлемдерді, кірісті көбейтуге зор маңыз берілуі 1997-1998 жылдардағы алдымен әлемдік экономиканы, соңынан Қазақстан экономикасын жайлаған ауыр дағдарыстан, сол себепті бюджетке түсетін кірістің күрт азаюынан туындаған қадам деп ойлаймыз.Кеден органдары құрылымдық жағынан бір-біріне иерархиялық бағыныстылық қағидасымен біріктірілген біріңғай жүйе құрайды. ”Қазақстан Республикасындағы кеден ісі” заңының 8-бабында көрсетілгендей кеден органдары жүйесіне:
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы;
кеден басқармалары;
кедендер;
кеден күзеттері енеді.