
- •1 Дәріс. 1 Тақырып. Мемлекет және құқық түсініктері, мемлекеттердің типтері.
- •2. Кеден органдарының саясаты мен басқарылуы.
- •4. Кеден огандарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.
- •3 Дәріс. 3 Тақырып.. Қағидалары түсінігі, жіктелуі. Конституциялық, жалпы басқару және кедендік қағидалары.
- •6 Заңдылық және демократиялық принциптері.
- •17 Суретте техникалық заттарды жасаудың негізіне салынуы мүмкін жз және миналарды табу әдістері көрсетілген.
- •14 Дәріс. Тақырып 14. Тауарлардың кеденді, сарапталуы. Кеден сарапталуының бағыты мен міндеті, олардың негізгі түрлері.
- •15 Дәріс. Кеден зертханаларының жүйесі. Экс құрылымы.
1 Дәріс. 1 Тақырып. Мемлекет және құқық түсініктері, мемлекеттердің типтері.
«Мемлекет» түсінігі туралы: «Қазіргі заманғы өркениетті мемлекет - бұл бүкіл қоғамның қалыпты өмірін және дамун ұйымдастыруға, азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бост андықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған институт, мемлекеттің ішіндегі, сыртындағы таластар мен дау-дамайларды шешудің құралы» деген анықтама береді заңгер ғылым С.А.Комаров. Ал, құқық түсінігіне заңи әдебиетте төмендегідей анықтама беріледі: «Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады».
Құқықтық тұрғыдан алғанда мемлекеттерді үш түрге жіктеуге болады:
Этатикалық (яғни, мемлекеттегі барлық азаматтар мен өзге де қоғамдық қатынастардың субъектілерінің міндетті түрде бағынуға және орындауға тиісті бұйрықтар мен императивтік жарлықтар арқылы басқарылуы);
Құқықтық (мемлекеттегі әлеуметтің құқықтық формалар және әдістер арқылы басқарылуы);
Аралық (мұндай мемлекеттік басқаруда этатикалық және құқықтық әдістер аралас қолданылады)
Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін және толық мемлекеттік егемендігін алғаннан соң Қазақстан мемлекеті өз аумағында құқықтық мемлекет құруды басты мақсат етіп қойды. Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқаруда құқықтың басымдығы (приоритетность права) идеясын басшылыққа алады және сол себепті ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың ой-ниеттерін ғана емес, сонымен бірге, азаматтардың, қоғамдық қатынастардың басқа да субъектілерінің құқықтарын, еркіндіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету және кепілдеу қажеттілігін де есепке алатын құқықтық түрлер мен әдістерге басымдық береді.
2001 жылы сәуір айында Кеден Комитеті төрағасы Президент алдында кеден органдарының жай-күйі, іс-әрекеті жөнінде баяндады, осы кездесуде Президент кеден органдарының алдына алты міндет қойды:
бюджеттің кіріс бөлігін толтыру бойынша болжамдалған міндетті сөзсіз орындау;
кеден органдарын автоматтандыру бағдарламасын бітіру және іске қосу, нормативтік-құқықтық базаны жүйелеуді аяқтау;
кеден органдарының «Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасына қатысуы. Есілдің теріскейжағалауында Еркін экономикалық аймақ құру.
шекараны нығайту, контробанда мен есірткі тасымалымен ымырасыз күрес;
кеден органдарының әуе бөлімшелерін құру. Бұл тапсырмаға сәйкес кеден органдарына сыртқы кедендік шекараны бақылау үшінҚазақстан Республикасының Әскери әуе күштерінен арнайы техникалар беріледі;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қатысу.
Қазақстанның кедендік шекарасының ұзындығы 14320 шақырым, соның ішінде 2000 шақырымы аумақтық сулардың жағалаулары арқылы өтеді екен. Ал кеден органдарының жеке құрамында 5000 адам бар (2002 жылдың мәліметтері бойынша). Әрине, кеденшілердің саны аз болғандықтан мұндай ұзындықтағы кедендік шекараны толық жабуға адам саны жетіспейді. Сондықтан қазіргі таңда кеден органдары құрылымдарын одан әрі дамыту, олардың жұмысында компьютерлендірілген, автоматтандырылған технологияларды кеңінен пайдалану қажеттігі туындайды.
Қазақстанның жер аумағының үлкен, халқының аз болуына байланысты оның шекара шебіндегі әрбір адамды, техника мен үй-жайларды тиімді пайдалану қажеттігіне байланысты, Қазақстанның кеден органдарының өздеріне тән құқық қорғаушылық, экономикалық, фискалдық сияқты дәстүрлі функцияларымен қоса белгілі дәрежеде әскери қорғаушылық та маңызы бар.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі құқықтық негіздерінің жасалуы оның ҚСРО құрамында болған дәуірінен басталады. 1990 жылы жарияланған «Қазақстан Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» және 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңы мемлекеттік тәуелсіздіктің құқықтық негіздерін қалады. Қазақ мемлекеттілігінің өркедеуінің басты бағыты - Қазақстанда өмір сүретін халықтың егемендігін, тәуелсіздігін, жер аумағын қорғау, елдің экономикалық өркендеуіне жол ашып, халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесіне айналдыру. Қазақстан мемлекетінің құрылуы мен дамуына қазақ халқының ықылым заманнан бергі қалыптасқан қоғам мен мемлекеттік билік туралы философиялық көзқарастары негіз болды. Қазақстан мемлекетінің этникалық негіздеріне келсек, ол қазақ ұлтының өз тәуелсіз мемлекеттігін құруға деген ынта-ықыласы, сондай-ақ қазақ жерін мекендеген бүкіл ұлттық топтардың ынтымақ-бірлігі. Тәуелсіз Қазақстан жаңа құқықтық негізінде жұмыс істейтін мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыра бастады. Сол мемлекеттік атқарушы билік органдарының маңызды бір буыны-кеден органдары. Кеден органдары қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың құрамдас бөлігі болғандықтан, өзінің нақты қызмет ету аумағына, өз құзыретіне ие болып отырады.