Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Payd_kazba.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.51 Mб
Скачать

3.1. Жалпы мәліметтер

Жанғыш қазбалар қатты (шымтезек, қазба көмір, жан­ғыш тақтатас), еүйық (мүнай) және газ тэрізді (жанғыш газдар) түрлерге бөлінеді. Оларды көбінесе жалпы "каус­тобиолит" деп атайды (грекше: " каустос" - жангыш, "биос" - өмір жэне "литое" - тас). Бірақ мүнай мен газ тас болмағандықтан, жалпы жанғыш қазбалар деген атау- ды қолданған дүрыс.

Жанғыш қазбалар отын-энергетикалық кешенін негізін қалайтындықтан, экономикада орасан зор мәнге ие. Олар өнеркәсіптің барлық салаларында қолданылады - ауыл шаруашылығының, коммуналдық-түрмыстық са- ланың отын-энергетикалық базасы және химия, коксхи- мия мен электрод өнеркәсібінің бастапқы шикізаты. Пай­далы қазбалардың бүл тобы үлесіне әлемде өндірілетін ми­нералдық шикізаттың жалпы бағасының 75% -дан аста­мы келеді. Отын-энергетика балансы XX ғасырда айтар- лықтай өзгеріске түсті. XX ғ. басында оның қүрамында басты рөлді көмір атқарды (>90%), ғасырдың ортасында энергетикалық шикізаттың көмірмен салыстырғанда тиі- мдірек түрлері - мүнай мен газ кең пайдаланыла бастай- ды. Осыған орай отын-энергетикалық баланста көмірдің үлесі 50%-ға дейін төмендеді. Бірақ, осыған қарамай, көмір өндірісінің абсолют көлемі артумен болды, 1980 жылы ол 1950 жылмен салыстырғанда екі есе (КСРО-да 2,5 есе) көбейді.

Көмір, мүнай және табиғи газ энергия мен химиялық шикізаттың жаңармайтын органикалық көзіне жатады.

Бірақ жер қойнауындағы көмірдің қоры энергетикалық әлеуеті бойынша мүнай мен газдың қорынан бірнеше есе артық. Болжамдық ресурстарда (ол 12,8 трлн. тонна шарт- ты отын деп есептеледі) көмірдің үлесіне 85% көлемі келеді. Сондықтан көмір энергия мен химиялық шикі­заттың жүздеген жылдарға жететін ең сенімді көзі са­налады.

Төменде қатты күйдегі жанғыш қазбалардың ішінде негізінен көмір мен жанғыш тақтатас кенорындары ғана сипатталады.

Қатты жанғыш қазбалар геологияда кенорындарды аршу мен өндіріс жүйелерінің оңтайлы төсілдерін таң- дау үшін, сонымен қатар көмірді (жанғыш тақтатасты) мүмкіндігінше толық өрі экономикалық тиімді пайда­лану үшін көсіби кен мамандарына геологиялық пара- метрлер комплексі туралы ақпарат айрықша маңызды мәнге ие. Бүл параметрлердің ең негізгілері мыналар:

  1. көмірлі қатқабаттың сипаттамасы - қалыңдығы, қүрамы, көмірқанықтылығы, жатысының қүрылым- дық ерекшеліктері, негізгі қүрылымдық формалардың бүзылғандық сипаты мен дәрежесі;

  2. экономикада эр түрлі бағыттарда пайдалануға жа- рамдылығын анықтайтын қатты жанғыш қазбалардың саласы, қүрамы мен қасиеттерінің негізгі көрсеткіш­тері;

  3. көмір қабаттарының морфологиясы мен жатые жағ­дайлары;

  4. кенорынның инженерлік-геологиялық жағдайла­ры (гидрогеологиялық жағдайлары, сыйыстырушы тау­жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттері, газдылығы, геотермикалық режимі, т.б.).

Бүл параметрлер көмірлі (тақтатасты) алаптар мен ке­норындар қалыптасуының және олардың кейінгі өзгеріс- терінің барлық геологиялық тарихына байланысты. Осы себепті қатты жанғыш қазбалар кенорындарының геоло- гиясы бойынша материалды жақсы үғыну үшін геология­лық параметрлердің негізгі жиынтықтарын ретімен баян- дау қажет. Алдымен пайдалы қазбаның өзін, оның зат- тық қүрамы мен қасиеттерін сипаттайтын кешендер қарастырылады. Көрнекілік үшін жекеленген алаптар көмірінің қүрамы мен қасиеттерінің негізгі көрсеткіш- терініқ мәні көрсетіледі. Содан кейін пайдалы қазба де­нелері қүрылысының типтері, жатые пішіндері мен бүзы- лысқа түскендігі туралы, яғни көмір қабаттарының мор­фологиясы туралы ең маңызды мөліметтер баяндалады. Соңында, көмірлі қатқабаттың сипаты, оның қүрамы мен қүрылысы туралы айтылады. Көмірлі алаптардыңең көп таралған жіктелімі келтіріп, көмір жиналудың кейбір заңдылықтары көрсетіледі.

Қатты жанғыш қазбалардың сапасын, қүрамын және қасиеттерін сипаттаған кезде жекелеген көрсеткіштерді бел гілеуге қолданылатын әріптік символдар мен индекс- терді білу қажет. Көрсеткіштердің салыстырмалық мәндерін алу үшін сынаудың тікелей нәтижелері көбіне­се қүрғақ затқа, жанғыш массаға, органикалық затқа, т.б. қайта есептеледі. Ескеру керектігі, салыстырмалық көрсеткіштерді алу-сынау жағдайларының түрақты- лығы кезінде, сынамаларды алу, сақтау мен даярлау жағ­дайларының өзгермегендігі, сыналатын нысан күйінің анықталғандығы мен бастапқы нөтижелерді қайта есеп- теу ережелерін сақтағанда ғана мүмкін болады.

Осыған байланысты қатты жанғыш қазбаларды зерт­теу әдістерінің, сынамалар алудың, аналитикалық көр­сеткіштердің бірегей белгілерінің МЕМСТ-ры мен халы- қаралық стандарттары әзірленіп, талдау нәтижелерін бір күйден екінші күйге қайта есептеудің формулалары анықталған. Осындай зерттеулерде көмір (тақтатас) шарт- ты түрде үш қүрамдас: ылгал, минералдық компонент (минералдық масса) пен органикалық заттар (органика­лық масса) түрінде белгіленеді.

Талдау нәтижелерін жалпы отынға, сондай-ақ ылғал- сыз (қүрғақ) отынға немесе көмірдің органикалық мас- сасына (ылғалсыз және минералдық массасыз) есептеп көрсетуге болады. Көмірдің сапалық көрсеткіштерінің көпшілігі аналитикалық сынама бойынша анықталады, яғни бүл сынамадағы көмір 0,2 мм-ге дейінгі түйірлерге уатылады, ал ылғалдылығы зертхана бөлмесіндегі атмос- фераның ылғалдылығына теңестіріледі. Талдау нөтиже- лерін бейнелеудің басқа формалары есептік болып, олар аналитикалық сынамадағы күлділік пен ылғалдық не­гізінде алынады.

Қүрғақ күлсіз күй - жалпы ылғалсыз және күлсіз отын- ның шартты күйі. Қүрғақ күлсіз отынға келтіріліп есеп- телген көрсеткіштер көмірдің органикалық массасының жуықтаған сипаттамасы ретінде пайдаланылады.

Отынды толық сипаттау үшін оның жүмыстық күйі (немесе жүмыстық отын) деген түсінік пайдаланылады. Отынның мүндай күйі өндірілген, түтынушыларға жөнелтілетін немесе пайдаланылатын көмірдің ылғал­дылығы мен күлділігіне сай келеді. Мүндай күйге есеп- теу жүмыстық отындағы жалпы ылғал мен күлділіктің әсерін ескеріп, оның сапалық көрсеткішінің мәнін анықтау үшін жүргізіледі.

Кез келген аналитикалық көрсеткіштің белгісі негізгі символдан (мысалы, S - күкірт), негізгі көрсеткішті то- лықтыратын төменгі индекстен (мысалы, St - жалпы кцкірт) жәнв бүл шамасына отынның қандай күйіне сөйкес келетінін толықтыратын жоғарғы индекстен түра­ды. Отынның күйі мынадай жоғары индекстермен белгі- ленеді: г - жцмыстық, а - аналитикалық, d - (агылшын- uia dry - қцргақ) қцргақ, daf - (агылиіыниіа dry ashes free - қцргақ, кцлден арылган) - қцргақ кцлсіз, о - органика­лық, af - агылиіыниіа ashes free - кцлден арылган ) - ыл- гал кцлсіз. Көмір сапасының жекелеген көрсеткіштерінің шартты белгілері мынадай:

Жүмыстық ылғалдың массалық үлесі, %

Wr

Қүрғақ отынның күлділігі, %

Ad

Бомба бойынша ең жоғарғы меншікті

жылу бөлгіштігі, кДж/кг

Жүмыстық отынның ең төменгі

меншікті жылу бөлгіштігі, кДж/кг

Qri

Қүрғақ күлсіз отыннан үшпа

заттардың шығымы, %

ydaf

Көмір біріккіштігінің пластометриялық көрсеткіштері, мм:

  • пластометриялық отыру (сему) х

  • п ластикалық қабаттың қалыңдығы у Иммерсиялық майдағы витриниттің

шағылыстыру көрсеткіші, % R0 Жартылай кокстеуде шайырдың

I БӨЛІМ. КЕНОРЫНДАР ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР 3

1-ТАРАУ 3

а) 1.2-сурет. Тақта тәрізді (жалпақ) пайдалы 10

(1.1), 37

2-ТАРАУ 55

МАГМАЛЫҢ КЕНОРЫНДАР 55

2.1. Жаралу жағдайлары 55

2.2. Кенорындарының типтері 58

3-ТАРАУ 65

ПЕГМАТИТТІК КЕНОРЫНДАР 65

3.1. Жаралу жағдайлары 65

3.2. Кенорындарының типтері 68

4 ТАРАУ 73

ГИДРОТЕРМАЛЫҚ КЕНОРЫНДАР 73

4.1. Жаралу жағдайлары 73

4.2. Кенорындарының типтері 75

Баңылау сүрақтары 82

5 ТАРАУ 83

ЖАПСАРЛЫҚ-МЕТАСОМАТОЗДЫҚ КЕНОРЫНДАР 83

5.1. Жаралу жағдайлары 83

5.2. Кенорындарының типтері 84

Бақылау сүрақтары 92

6 ТАРАУ 93

МЕТАМОРФТАЛҒАН ЖӘНЕ МЕТАМОРФТЫҚ КЕНОРЫНДАР 93

6.1. Жаралу жағдайлары 93

7 ТАРАУ 98

ВУЛКАНОГЕНДІК-ШӨГІНДІ КЕНОРЫНДАР 98

7.1. Жаралу жағдайлары 98

7.2. Кенорындарының типтері 98

ГИДРОТЕРМ АЛЫҢ-ШӨГІНДІ (СТРАТИФОРМТЫҚ) КЕНОРЫНДАР 103

8.2. Кенорындардың типтері 103

Ші Ш 2 ИЗ §5 104

Бақылау сүрақтары 107

9 ТАРАУ 108

МОРУ КЕНОРЫНДАРЫ 108

9.1.Жаралу жағдайлары 108

9.2. Кенорындарының типтері 111

Бақылау сүрақтары 120

ШӨГІНДІ КЕНОРЫНДАР 121

10.1. Жаралу жағдайлары 121

10.2. Кенорындардың типтері 123

Бақылау сүрақтары 135

Ill БӨЛІМ. ПАЙДАЛЫ ҢАЗБАЛАР КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ТИПТЕРІ 137

1.1. Темір 140

Өнеркәсіптік кенорындарының типтері 143

1.3. Хром 161

Жалпы мәліметтер 161

Хром кенорындарының кен-геологиялық жағдайлары 163

1.7. Алюминий 179

Жалпы мәліметтер 179

Өнеркәсіптік кенорындарының типтері 182

Алюминий кенорындарының кен-геологиялық сипаты 182

1.9. Қалайы 197

Кенорындардың өнеркәсіптік типтері 198

1.10. Қорғасын мен мырыш 199

Жалпы мәліметтер 199

1.11. Сүрме мен сынап 207

Жалпы мәліметтер 207

1ЛЗ. Платина тобының металдары 215

Жалпы мәліметтер 215

1.14. Уран 220

Жалпы мәліметтер 220

Өнеркәсіптік кенорындарының типтері 223

1.15. Бериллий Жалпы мәліметтер 223

Өнеркәсіптік кенорындардың типтері 225

1.16. Тантал мен ниобий Жалпы мәліметтер 225

1.17. Литий 227

Жалпы мәліметтер 227

1.18. Сирекжер элементтер 228

Жалпы мәліметтер 228

БЕЙМЕТАЛЛ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР 234

2.1. Бейметалл пайдалы қазбалардың жіктелімі 234

ЕЗ' £32 СИЗ* 246

2.6. Тальк 256

f gg§« [Ш* 261

ЖАНҒЫШ ҚАЗБАЛАР 302

3.1. Жалпы мәліметтер 302

3.3. Көмірдің жіктелімі және негізгі пайдалану бағыттары 328

Өнеркәсіптік және өнеркәсіптік-генетикалық жікте- лімдер 328

3.4. Көмір қабаттарының морфологиясы 334

Қабаттардың қүрылымы 335

Көмір қабаттарының бүзылыстары 342

3.6. Көмір кенорындарының жалпы сипаттамасы 353

Көмірлі формациялардың, алаптар мен кенорындар­дың жіктелімі 353

Е=Э' I ЙЭ' E*34 358

Көмір алаптары кенорындарының кен-геологиялық сипаты 361

Бақылау сүрақтары 372

IV БӨЛІМ. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫН БАРЛАУ ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК БАҒАЛАУ 376

1-ТАРАУ 376

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 376

ЖҮЙЕСІ 376

1.1. Жалпы мәліметтер 376

1.2. Қатты пайдалы қазба кенорындарының қоры мен болжамдық ресурстарының жіктелімі 377

1.4. Пайдалы қазба кенорындарын барлау 389

Барлау мәселелері 389

Барлау принциптері 390

• • • • • • 393

Барлау жүйелері 404

Барлау үңғымаларының орналасуы 406

Сынамалаудың түрлері 412

Барлау үдерісіндегі гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер 428

Геологиялық қүжаттау 429

КЕНОРЫНДАРДЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ- ӨНЕРКӘСІПТІК БАҒАЛАУ 433

2.1. Бағалаудың мәселелері 433

2.2. Кондициялар туралы түсінік 435

2.5. Пайдалы қазба кенорындарын компьютерлік модельдеу 449

Бақылау еүрақтары 452

Сапасының барлық көрсеткіштері (ең жоғарғы және ең төменгі жану қызулығынан басқалары) отынның эр түрлі күйіне есептеледі. Ол үшін аналитикалық күйдегі отынның массасы 100% деп қабылданып, қүрғақ отын­ның массасы - 100 - W", ал қүрғақ күлсіздің - 100 - (Wа + А") болады.

Шымтезек. Қазіргі кезде қазба көмірдің шымтезек- тен оның жер қыртысында өзгеріске түсу нәтижесінде жаралғаны нақты анықталған.

Шымтезек органикалық текті пайдалы қазбаға жата­ды, өсімдіктердің аса ылгалды жәнеауаның жетімсіздігі жағдайларында солуы мен жартылай ыдырауы нәтиже­сінде қалыптасады. Шымтезек жаралуда басты рөлді бактериялар мен грибоктардың қатысуымен жүретін биохимиялық гумификация үдерісі атқарады. Өсімдік қалдықтарының негізгі қүрылымдық өзгерістері шым- тезектіктің жоғарғы қабатында болады. Өсімдік қалдық­тарының шымтезек жаралатын қабатта болуы 10 жыл- дан аспайды, ал өндіріске жарамды шымтезек қабатта- рының қалыптасу үдерісі мыңдаған және ондаған мың жылға созылады.

Шымтезектің түсі сарғыш-қоңырдан қара-сүрға дейін өзгереді. Оның қүрылымы шымтезек жаратушы өсім­діктердің қүрамы мен ыдырау дәрежесіне байланысты талшық тәріздіден аморфтыға дейін өзгереді. Бітімі көпшілік жағдайда біркелкі, кейде қабатталган. Қоңыр көмірден шымтезек өзінің қүрамында ылғал мен өсім­діктердің формалы бөліктерінің(қабық, сабақ пен тамыр) жоғары мөлшерімен, сондай-ақ ңант, гемицеллюлоза мен целлюлоза болуымен айрықшаланады. Шымтезекте же­келеген компоненттердің шоғырлануы мынадай: көміртек Са/=50-60%, сутек Н'ш = 4,5-6,5%, азот Ndaf = 0,8-2,9% оттек Oda'=31-40% күкірт Sda'-= 0,1-0,5%. Шым- тезектің жылу бөлгіштігі Q4 9,1 МДж (2200 ккал/кг) шамасынан аспайды. Осы көрсеткіші бойынша ол ағаш пен қоңыр көмірдің аралығында орналасады.

Шымтезекті қоректендірілетін су мен шымтезек өсімдіктер өсуінің жағдайларына байланысты шымте- зектің үш типі бөлінеді: жоғарғы, төменгі және аралық. Олар өз кезінде типшелерге бөлінеді: орман, мибатпақ, ал қүрамындағы жекеленген өсімдік қалдықтарының басым қүрамына байланысты - фагна, қамыс, қоға, т.б. Төменгі шымтезектің қүрамында минералдық қоспалар жоғары (18% -ға дейін), ал битум (5-8%) мен фосфор (Pflb <0,2%) аз болады. Жоғарғы шымтезекте минералдық заттардың мөлшері 4% -дан аспайды, ал битум (20%) мен фосфор {Р205 >0,3% ) - жоғарылайды.

Қазіргі кезде шымтезек негізінен ауыл шаруашылы- ғында тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Көмір мен жанғыш тақтатас

Көмір - жанатын қатты шөгінді таужыныс, ол солған өсімдік қалдықтарының биохимиялық, физикалық-хи- миялық, химиялық жөне физикалық өзгерістері нәти­жесінде қалыптасады. Көмірде органикалық қүрамдас- тармен қатар үдайы минералдық қоспалар болады, олар­дың мөлшері 1-2% -дан 50 % -ға дейін өзгереді. Жанғыш шөгінді жаралымдардың қүрамында минералдық зат­тардың мөлшері 50% -дан асса, оларды көмірлі таужы- ныстарға немесе жанғыш тақтатасқа жатқызады.

Қазба көмір заттық қүрамы мен физикалық қасиет- терінің эр түрлілігімен сипатталып, бастапқы өсімдік материалының әркелкі табиғатымен, көмір жаралудың бірінші кезеңі мен өту жағдайларының ерекшеліктері- мен, қалыптасу үдерісінде көмірлі алаптар температу- расы мен қысымының өзара әрекетімен байланысты бо­лады.

Көмір түпнүсқа затының ңүрамы бойынша гумус, сап­ропель және гумус-сапропельден пайда болады. Жер қыртысында ең көп таралғаны гумус көмір, ал минерал­дық затының мөлшері жоғары сапропель көмір (жан­ғыш тақтатас) аз таралған. Гумус-сапропель көмір де си­рек кездеседі, осыған байланысты ол сапропель сияқты өте шектеулі өнеркәсіптік мәнге ие. Көмір жаралу үшін қолайлы палеогеографиялық және геотектоникалық факторлардың жиынтығы - өсімдік материал, белгілі бір климаттық жағдайлар, жазық батпақты бедер ЖӘНӨ өсімдік қалдықтарының жиналуы мен сақталуын қам- тамасыз ететін жер қыртысының тектоникалық қозға- лыстары болу қажет.

Бүл факторлардың барлығы біздің планетаның геоло­гиялық тарихында түрақты болмаған. Жер қыртысының өзіне төн тектоникалық қозғалыстарымен сипатталатын жекелеген қүрылымдық белдемдерінің кеңістіктегі жағдайы, сондай-ақ теңіз бен континенттер шекарасы- ның орналасуы өзгеріп түрған. Гумидтік климат аридтік климатты алмастырып және керісінше болып, өсімдік пен жануарлар әлемі эволюцияланған.

Кембрийге дейін, кембрий мен ордовикте ең қарапа­йым өсімдік организмдер - балдырлар басым таралған. Олар аз өзгерістерге түскені болмаса бүгінгі күнге дейін жеткен. Тек силур дәуірінің соңында ғана алғашқы қара­пайым қүрлық өсімдіктерінің қалдықтарынан нағыз шымтезектіктер қалыптаса бастаған. Шымтезек жара­лу үдерісі кейінгі геологиялық кезеңдерде қарқынды да­мыған. Бүл кездерде қолайлы жағдайларда шымтезектің бастапқы материалының рөлін эр түрлі және жоғары үйымдасқан өсімдік жиынтықтары атқарған.

Карбон дәуіріне түқымды папоротниктер мен буын- дылардың молдығы тән, ал кезеңнің соңында - кордаит мен каламит ағаштар дамыған. Кордаит қылқандылар- дың бастапқы түрі ретінде пермь дәуірінде айрықша кең таралған. Мезозой эрасында өсімдік әлемінде қылқан- дылар, саговиктер мен гинкгілер, ал кайнозойда - қыл- ңандылар мен жапыраңтылар басым дамиды.

Көміржаралу заманының басында негізінен жағалау- теңіз фациялық жағдайлары орнап, олар көп дүркін теңіз (паралалық көміржаралу) бен континенттік түзілімдер- мен алмасқан. Өсімдіктер эволюциясы көміржаралу ал- ңаптарының континенттерге сүғына енуіне океліп, көмірлі қатқабаттар ңалыптасу фациялық жағдайлары- ның эр түрлі ерекшеліктерін туындатқан. Атап айтқан- да, лимналық (көлдік) көміржаралудың кең таралуы орын алған. Жер қыртысының теріс бағытты қозғалы- сын, егер ол жылдамдығы бойынша батпақталған жа- зықтардағы өсімдік қалдықтарының жиналу жылдам- дығына сай келсе, шымтезек жатындары пайда болуы мен олардың көмір қабаттарына айналуының басты шар- ты деп қарастыру керек.

Көміржаралудың масштабы мен көміржиналу бел- демдерінің кеңістікте орналасуы жер қыртысының же­келеген алқаптарының тектоникалық эволюциясының барысымен тығыз байланысты. Бүл алқаптарда баяу үзақ бату аясында, тербелмелі тектоникалық қозғалыстардың тиісті амплитудасы мен мерзімдерінде шымтезекжина- лу мен шымтезектердің эрозиядан сақталуына қолайлы палеогеографиялық жөне фациялық жағдайлар орнаған.

Көміржаралу замандары орогенездің негізгі фазала- рының алдындағы немесе олардың аралығындағы жер қыртысының қозғалғыштығы күшейген кезеңдермен байланысты.

Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің көп қоры бар. Рес­публика аумағында 200-ге жуық көмір кенорыны мен 200- ден аса көмірбілінімі белгілі. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық ресурсы 164,4 млрд. тонна шамасында деп бағаланады. Оның ішінде: тас көмір - 71,6 млрд. тонна, қоңыр көмір - 92,8 млрд. тонна. Барланған қор 60 млрд. тонна шамасында, тысбаланстық қор 19,3 млрд. тонна. Олар­дың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні - 17% ), 37% - қоңыр көмір (Думлер, т.б., 1966).

Ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналас­қан (Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен). Ірі кенорындар - Шүбаркөл (қоры 2,2 млрд. тонна), Борлы (0,5 млрд. тон­на), Самара (1,3 млрд. тонна), сондай-ақ Теңіз-Қор- жынкөл алабының барланбаған бірқатар кенорындары да осында. Соңғысында Сарыадыр кенорнында ғана көмір қоры барланған (179 млн. тонна). Алаптың көмір ресурсы жалпы алғанда 2,7 млрд. тонна болып бағалана- ды. Солтүстік Қазақстандағы ең ірісі - Торғай энергети- калық қоңыр көмір алабы, оның қор ресурсы - 52 млрд. тонна, ал барланғаны - 7 млрд. тонна ғана. Мүнда көмірдің негізгі бөлігі Қүсмүрын (қоры 2,6 млрд. тон­на), Святогорск (алдын ала бағалау бойынша 1,4 млрд. тонна.) Орлов (1,1 млрд. тонна), Егінсай (1,1 млрд. тон­на), Приозер (0,4 млрд. тонна), Кызылтал (0,4 млрд. тон­на) кенорындарында шоғырланған. Торғай аймағында, сонымен қатар Жыланшық қоңыр көмір алабы орналас­қан (7 кенорын), оның жалпы ресурсы 22,8 млрд. тонна, қоры өлі барланған жоқ. Ең жақсы зерттелгені Жар- күйе кенорны (38 млн. тонна). Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Біріншісінің геологиялық ресурсы 14,8 млрд. тоннаға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. тонна (Іле кенор­ны), көмірі - қоңыр, маркасы - ЗБ. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. тонна, оның ішінде барлан­ғаны - 3 млрд. тонна, көмірі - қоңыр, маркасы - 2Б. Шы­ғыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) - қоры 1,5 млрд. тонна, көмірінің маркасы Ү, Кендірлік (1,6 млрд. тон­на, барланғаны 250 млн. тонна, көмірдің маркасы Ү, 1Б) кенорындары белгілі. Кендірлікте көмірмен қатар жан­ғыш тақтатас барланған, олардың жалпы қоры 4 млрд. тонна, барланғаны - 20,3 млн. тонна. Қазақстанның ба- тысындағы ең ірісі - Мамыт қоңыр көмір кенорны. Оның жалпы ғеологиялық қоры 1,5 млрд. тонна, оның ішінде барланғаны 0,6 млрд. тонна.

Сонымен, республикадағы ең үлкен көмір ресурсы Орталық Қазақстанда (жалпы республикалық ресурстың 50% шамасы), екінші және үшінші орындарда - тиісін­ше Солтүстік ЖӘНӨ Оңтүстік Қазақстан. Негізгі көмір өндірістері Орталық Қазақстанда орналасқан.

Жалпы алғанда Қазақстан шикізат базасы көмірге деген ішкі қажеттілікті және экспортқа шыгаруды толық өтейді, көмір өндірудің әлеуеттік мүмкіндігі өте үлкен.

Жанғыш тақтатас. Ең жақсы зерттелгені - Зайсан ой- паңындағы Кендірлік кенорны. Оның жалпы геология­лық қоры 4,1 млрд. тонна, оның ішінде өнеркәсіптік са- наттар бойынша барланғаны - 20,3 млн. тонна, С2 - 155 млн. тонна. Кенорын ашық және штольня тәсілдерімен игерілуі мүмкін. Сонымен қатар, жанғыш тақтатастың үсақ кенорындары (қоры бірнеше млн. тонна) Арал ма­ңында (Байқожа, т.б.), Торғайда және Алакөл ойпаңын- да (қоңыр көмірмен бірге) белгілі. Бірақ олардың қазіргі кезде жанғыш тақтатастар сапасының төмен болуына байланысты практикалық мәні жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]