- •Мазмүны
- •1.1. Жалпы мәліметтер 376
- •I бөлім. Кенорындар және пайдалы қазбалар
- •1.1. Негізгі үғымдар мен аныңтамалар
- •1.2. Кенорындарды игерудің кен-геологиялық жағдайлары
- •1.3. Кенорындарды игерудің гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары
- •II бөлім. Пайдалы қазба кенорындарының ж аралу жағдайлары мен генетикалық типтері
- •Кенорындардың генетикалық жіктелімі
- •Пайдалы қазба кенорындарының генетикалық жіктелімі
- •1.1. Кенорындардың жаралу жағдайлары мен орналасуын анықтайтын факторлар
- •1.2. Кен заттардың көзі мен олардың түзілу тәсілдері
- •Магмалың кенорындар
- •2.1. Жаралу жағдайлары
- •2.2. Кенорындарының типтері
- •3.1. Жаралу жағдайлары
- •3.2. Кенорындарының типтері
- •- Тасындылар; 2-10 - пегматит денесінің бел- демдері: 2 - блоктық кварц: 3 - ірі блоктық микроклин II: 4 - үсақ пластиналық альбит;
- •- Клевеландит-споду- мен; 7 - кварц-мусковит үялары; 10 - графика- лық кварц-микроклин;
- •- Сыйыстырушы таужыныстар
- •4 Тарау
- •4.1. Жаралу жағдайлары
- •4.2. Кенорындарының типтері
- •- Серициттелген;
- •5 Тарау
- •5.1. Жаралу жағдайлары
- •5.2. Кенорындарының типтері
- •6 Тарау
- •6.1. Жаралу жағдайлары
- •6.2. Кенорындардың типтері
- •7 Тарау
- •7.1. Жаралу жағдайлары
- •7.2. Кенорындарының типтері
- •Вулканогендік-шөгінді кенорындар қалай қалыптасады? Олардың жағдайларына, морфологиясы мен пайдалы қазбалар денелерінің қүрамына қандай ерекшеліктер тән?
- •Колчедан кенорындар жаралуының геологиялық жағдайлары мен заттық қүрамы қандай?
- •Қорғасын-мырыш жоне темір кенді вулканогендік- шөгінді кенорындардың сипаттамасы қандай?
- •8.1. Жаралу жағдайлары
- •8.2. Кенорындардың типтері
- •9 Тарау
- •9.1.Жаралу жағдайлары
- •9.2. Кенорындарының типтері
- •10 Тарау
- •10.1. Жаралу жағдайлары
- •10.2. Кенорындардың типтері
- •Ill бөлім. Пайдалы ңазбалар кенорындарының өнеркәсіптік типтері
- •1.3. Хром
- •1.7. Алюминий
- •1.9. Қалайы
- •1.10. Қорғасын мен мырыш
- •1.11. Сүрме мен сынап
- •1Лз. Платина тобының металдары
- •1.14. Уран
- •1.15. Бериллий Жалпы мәліметтер
- •1.16. Тантал мен ниобий Жалпы мәліметтер
- •1.17. Литий
- •1.18. Сирекжер элементтер
- •2.1. Бейметалл пайдалы қазбалардың жіктелімі
- •2.2. Асыл (әсемтас), әшекей және техникалық тастар
- •2.6. Тальк
- •3.1. Жалпы мәліметтер
- •3.2. Жанғыш қазбалар сапасының, қүрамының және қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері
- •3.3. Көмірдің жіктелімі және негізгі пайдалану бағыттары
- •3.4. Көмір қабаттарының морфологиясы
- •3.6. Көмір кенорындарының жалпы сипаттамасы
- •IV бөлім. Пайдалы қазба кенорындарын барлау және геологиялық-өнеркәсіптік бағалау
- •1.1. Жалпы мәліметтер
- •1.2. Қатты пайдалы қазба кенорындарының қоры мен болжамдық ресурстарының жіктелімі
- •1.4. Пайдалы қазба кенорындарын барлау
- •2.1. Бағалаудың мәселелері
- •2.2. Кондициялар туралы түсінік
- •2.3. Кенорындардың өнеркәсіптік игеруге даярланғандығы
- •2.5. Пайдалы қазба кенорындарын компьютерлік модельдеу
9 Тарау
МОРУ КЕНОРЫНДАРЫ
9.1.Жаралу жағдайлары
Мору кенорындары минералдар мен таужыныстарға атмосфераның жербеті мен жерасты суының, органика- лық агенттердің ықпал етуі нәтижесінде жаралады. Олардың әрекетінен таужыныстар мен минералдар ме- ханикалық жолмен жекелеген қүрамдас бөліктерге қирайды, содан кейін химиялық үдерістер ықпалынан ары қарай өзгеріске үшырайды. Бүрынғы минералдар экзогендік жагдайларға тозімді жаңа минералдармен алмасады. Бүл үдерістердің мору деп аталатыны белгілі. Олардың нәтижесінде мору қыртысы мен оларға байланысты мору кенорындары қалыптасады.
Мору қыртысы - дербес континенттік геологиялық формация. Ол жер бетіне шыққан түбірлік таужыныстарға атмосфералық және биогендік агенттер ықпал етуі нәтижесінде жаралып, осы таужыныстардың механикалық, химиялық және биохимиялық қирау онімдерінен түрады. Мору кыртысы барлық экзогендік кенорындар минералдық массаларының қуатты көзі болып табылады.
Мору кенорындарының қалыптасуы жер қыртысы- ның жербеті бөлігіндегі термодинамикалық жағдайлар- да химиялық төзімсіз болатын тереңдік таужыныс массаларының қайта топтануымен байланысты болады. Мору қыртысы жер қойнауында грунт суы деңгейіне дейін, яғни жер бетінен 60-100 м, кейде 200 м тереңдікке дейін таралады. Морудың негізгі агенттеріне су, оттек, көмір қышқылы, организмдер және температураның ауытқуы жатады.
Түбірлік таужыныстардың мору қыртысында ыдыра- уына маңызды рөлді тотығу, гидраттану, гидролиз реак- циялары атңарады. Мору ңыртысындағы геохимиялық түрленулер сатылана жүретіндігімен сипатталады. Бастапқы сатыда мору сілтілі орта жағдайында, таужыныс- тардан оңай еритін түздар (сульфат, хлорид және калий, натрий, кальций, магний карбонаттары, кремнийтотың) шығарылған кезде отеді. Осымен бір мезгілде алюминий, темір мен марганецтің жиналуына әкелетін силикаттар гидролизі жүреді. Минералдардың ыдырау жылдамдығы эр түрлі және олардың ңүрамы мен кристалдық қүрылы- мына байланысты.
Ыдырау кезінде бейметалл элементтер оңай шығып кетеді де, металдар мору қыртысында жиналады. Жыл- дам шығарылатын элементтерге хлор, бром және күкірт; оңай шығарылатындарға - кальций, натрий, калий мен фтор; жылжығыштарға - кремнийтотық, фосфор, марганец, кобальт, никель мен мыс; ал салғырттарга (инерт- тілерге) - темір, алюминий мен титан жатады.
Түпнүсқа таужыныстардың ыдырауы нәтижесінде және элементтердің таңдалып жылыстауынан қүрамы эр түрлі (немесе эр түрлі мору профилі) және әздеріне тән пайдалы қазба кенорындары бар мору қыртысы пайда болады. Мору қыртысының профилі таужыныс жасаушы силикаттардың ыдырау дәрежесі бойынша анықталып, бүл кәрсеткіш оның минералдық массасындағы кремний мен алюминийдің арақатынасы бойынша бейнеленеді.
Мору қыртысы мен оларға байланысты пайдалы қазба кенорындары жаралу үшін мынадай факторлар маңызды мәнге ие: климат, түбірлік таужыныстардың қүрамы, қүрылымы мен жасы, массивтің тектоникалық бүзыл- ғандығы, ауданның бедері, гидрогеологиялық жағдай- лар, мору қыртысы қалыптасу үдерісінің үзақтығы.
Пайдалы қазба денелерінің пішіні мен орналасу жағдайлары бойынша аудандық, сызықтық және жапсар маңы мору қыртысының кенорындары бөлінеді (9.1-су- рет). Аудандық мору қыртысының кенорындары түбірлік таужыныстарды желек түрінде жауып жатады. Олардың астыңғы шекарасы күрделі. Бейтегіс, көлденең қимасы- ның өлшемдері ондаған метрден мыңдаған метрге дейін, қалындығы - ондаған метр. Сызықтық мору қыртысы- ның кенорындары желі тэрізді болып, жарықшақтар жүйесі бойынша 100-200 м тереңдікке дейін дамиды. Жапсар маңы мору қыртысының кенорындары еритін таужыныстар (мысалы, карбонаттар) мен ыдыраған кезде минералдық зат жеткізетін таужыныстардың жапсары бойынла ооналасалы.
9.1-сурет. Мору қыртысы кенорындарының типтері
а - аудандық: 1 - жамылғы түзілімдер; 2 - жоса-саз таужыныстар; 3-4 - никель минералдары жиналған серпен- тенит: 3 - нонтрониттенген; 4 - ыдыраған; 5 - ыдырамаған серпентинит; б - сызықтық: 1-2 - серпентинит: 1 - ыдырамаған; 2 - никель минералдары жинала ыдырап морыған;
3 - жоса-саз таужыныстар; 4 - жарықшақтық белдемі; в - жапсар маңы (карст): 1 - серпентинит; 2 - әктас;
3 - карст түзілімдері; 4 - кен
