Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УММ БД каз материалы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Банктің трастық операциялары

«Траст» ағылшын тілінен аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.

Траст операциясы клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Траст операциясына қатысушыларға мыңалар жатады:

  1. Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) —сенімді меншік иесіне сенімхат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

  2. Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) — траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мүндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.

3. Бенефициар — траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.

Сонымен, банктің траст операи,иясы — бұл банктің өз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

Траст ,қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жыл-житын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялың портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа үшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің ңоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мүраға ңалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:

/. Клиенттердің мұраға к,алған мүлкін иемдену;

II. Сенімхат бойынша операщияларды жүзеге асыру;

III. Агенттік қызметтер.

Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.

Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі.

Мұраға қалдырған мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті — бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу және қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті отбасы мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.

Келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару, Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.

Агенттік (делдалдық) қызметтер.

1. Активтерді сақтау:

  • бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

  • бағалы қағаздар бойынша табыс алу;

  • бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру;

  • бағалы қағаздарға айырбастау;

  • мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару;

  • активтердің жалпы ңұнын (табыстың жалпы сомасын) сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

  • мүлік куәлігі бойынша сомаларды алу;

  • клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру;

  • сейфтерді жалға беру.

2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару:

  • бағалы қағаздарды сатып алу-сату;

  • бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;

  • клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;

  • сенім білдірушінің шоттарын төлеу;

  • сақтандыру полисін рәсімдеу.

Клиент келісімшартқа сәйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:

  • клиент атынан келісімшарт жасау;

  • акциялар мен облигацияларды беру;

  • несие алу;

  • чек жазу;

  • вексельді аударып жазу және т.б.

Траст операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісімшарт болуы кажет. Осы келісімшарт негізінде мынадай қызметтерді атқарады:

  • бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беру;

  • бағалы қағаздарды ұстаушылар, эмитенттер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу;

  • пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу және т.б.

  • облигациялық займдар бойынша қарызды өтеу қорларын иемдену;

  • мүлікті кепілдіктен босату;

  • корпорациялардың (зейнетақы корларының) және т.б қорларын басқару;

  • сенімхатқа сәйкес бір бағалы қағазды алып, басқасын беру,яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік қызметті жүзеге асыру;

  • акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.

Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды.

Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондық сыйақы алады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банктің қаржылық операцияларына не жатады?

2. Лизинг операциясы немен сипатталады?

3.Лизингтің қандай түрлері бар?

4.Қаржы лизингі дегеніміз не?

5. Факторинг операциясы немен түсіндіріледі?

6. Факторинг операциясында неше қатысушы бар?

7. Факторинг операция бойынша банктің табысы қалай анықталады?

8.Форфейтинг дегеніміз не?

9.Банктің форфейтинг операциясы қалай сипатталады?

10.Форфейтинг операциясында неше қатысушы бар?

11.Форфейтинг операциялары қандай мәмілелерге жасалмайды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.201-219.

22-тақырып. Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері

1.Дәрісті ұсыну

2. Есеп айырысу формалары және есеп айырысы инструменттері. Есеп айырысу операцияларын классификациялау критерийі. Есеп айырысудың әдістері мен тәсілдері.

Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.

Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу кассалық операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

-банктік шоттарды ашу;

-ұлттық және шетел валютасында аударым операцияларын жасау;

-төлемнің шартын өзгеру және қайтару;

-валюталық операцияларға бақылау жасау;

-шоттан қолма қол ақша беру;

-ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

-банктен кеңсеге дейін немесе керісінше ақшаларды инкассациялау, құндылықтарды жеткізіп беру және т.б.

Осы ережеге сәйкес кассалық операциялар бұл құндылықтарды қабылдау қайта сана, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияларды білдіреді.

Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуы тиіс:

-кіріс кассасы;

-шығыс кассасы;

-кіріс-шығыс кассалары;

-қайта санау кассасы;

-кешкі касса;

-сыртқа шығатын касса.

Банк кассасына клиенттерден қолма қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көменгімен жүргізіледі:

-қолма қол ақшаны салатындығының хабарламасы;

-кіріс кассалық ордер бойынша.

Басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді.

Кассадағы қолма қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота және монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, саныны сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.

Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын тексереді де құжаттарды бақылаушы бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады.

Бақылаушы-бухгалтер кассалық құжатты алғаннан соң ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма қол ақшаны туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады.

Бақылаушы – бухгалтер болмай қалған кезде банктегі бұйрыққа байланысты оның міндеті кассирге жүктеледі.

Төлемдік есеп айырысу қатынастарының дамуы мен жетілдірілуі қолма қол және қолма қолсыз айналыс арасындағы қатынастар өзгереді. Қазіргі кезде қолма қол ақшамен есеп айырысудың үлес салмағы ақшасыз есеп айырысуларға қарағанда азайып отыр, бұл электрондық төлемдер жүйесін пайдалану арқылы есеп айырысулар көлемінің кеңеюімен байланысты.

Ережеге сәйкес ақшасыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

  • төлем тапсырмасы;

  • төлем-талап тапсырмасы;

  • инкассалық өкім;

  • чекпен есеп айырысу;

  • векселмен есеп айырысу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Есеп-айырысу операцияларының қандай түрлерін білесіз?

2. Есеп-айырысу операцияларына не жатады ?

3.Төлемдердің тағайындалу коды немен сипатталады?

4.Төлем тапсырмасымен есеп айырысуды қалай түсінесіз?

5. Төлем талап-тапсырмасы мен асеп айырысудың қандай ерекшелігі бар?

6.Чек және вексельдермен есеп-айырысу қалай жүреді?

7.Аккредитив дегеніміз не?

8.Инкассо мен инкассалық өкімнің өзара айырмашылығы бар ма?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.109-136.

23-тақырып. Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару

1.Дәрісті ұсыну

2.Валюта, валюталық позиция, валюталық курс туралы түсінік. Валюталық курсты анықтаудың тәсілдері: спот-курс, тікелей және жанама котировка, котировка туралы түсінік, кросс-курс, форвард-курс. Валюталық құндылықтар, олардың түрлері, валюталық нарық және олардың түрлері, субъектері.

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, «валюта мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы күнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде, халықаралык, ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары».

Осы заңда «валюталық операиияларға» мынадай түсінік берілген:

  1. меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құңдылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде, төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел ва- лютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;

  2. валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту.

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

  1. шетел валютасы;

  1. номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

  1. тазартылған құйма алтын;

4) ұлттык, валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлтгық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

— ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде, уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;

  • ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

  • ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық сауда және өзге де өкілеттіктер жатады.

Ал бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құңдылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александ­рит жене жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капи­тал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1. Ағымдық операщияларға жататындар:

  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысу- ларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

  • салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды және өзгеде табыстарды алу және аудару;

  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын ауда­рымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және баска сомаларды аудару:

  • осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жа­татындар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;

  • интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

  • мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік ңүңығына төлеуге аударымдар;

  • тауарлар, жүмыстар және кызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;

  • өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құңығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық үйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

  • зейнетақы активтерін жинактауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

  • жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтанды­ру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Со-нымен қатар, ҚР Ұлттың банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталык, реттеу — нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкция-ларды қолдану шараларын білдіреді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Валюталық операциялар дегеніміз не?

2. Ағымдағы валюталық операцияларына не жатады ?

3.Капитал қозғалысымен операциялар дегеніміз не?

4.Валюталық саясат ты қалай түсінесіндер?

5. Валюталық нарықтың қатысушылары кім?

6.Валюталық құндылықтарға не жатады?

7.Конверциондық операциялар дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.223-231.

24-тақырып. Банктердің баланстан тыс операциялары

1.Дәрісті ұсыну

2. Банктердің баланстан тыс операциялары

Банктердің баланстан тыс операциялары: шартты және мүмкін талаптары, банктердің репутациясына байланысты кепілдік беруі, агенттік қызметтері, олардан келетін комиссиялық табыстың деңгейі, Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің шет елдік несиелік желіге қызметі, баланстан тыс операциялардың түрлері: шарт жасасу арқылы жүргізілетін, шартты түрде жүргізілетін және комиссиялық операциялар. Үкіметке кепілдік беру, кепіл болушылық, қаражатпен қамтамасыз етілмеген аккредитивтер, кепілдік және кепіл болушылық.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Банктердің баланстан тыс операциялары дегеніміз не?

2. Банктердің баланстан тыс операцияларының шарттары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004.