Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УММ БД каз материалы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Модуль 1. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару.

Тақырып 1. Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы

1. Дәрісті ұсыну.

2.Коммерциялык банктер туралы түсінік, олардың үйымдастыушылық құрылымы, қызметінің принциптері, функциялары, банктер типтері мен танысу.

Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы

ҚР-дағы коммерциялың банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жыл-дың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялык, банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке түлғалармен кең көлемде банктік операция-лар мен қаржылың қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғы-нан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдың тарихы бар.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бүл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазыла-ды. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдер-ден айырмашылыгы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалга, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталың лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-аң дамыған шет елдерде ез филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлтық банкі лицензия береді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Коммерциялык банктер дегеніміз не?

  2. Коммерциялык банктер үйымдастыушылық құрылымы?

  3. Коммерциялык банктер қызметінің принциптері, функциялары?

  4. Коммерциялык банктер типтері?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. С.5-14.

2-тақырып. Қазақстан Республикасында коммерциялық банкті құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы

1. Дәрісті ұсыну.

2. Банктердің акционерлік қоғам формасында құрылуы, мемлекеттік банктердің мемлекеттік кәсіпорын түрінде құрылу

3. Коммерциялық банктерді мемлекеттік тіркеуден өткізудің және банктік операциялармен айналысу үшін лицензиялаудың тәртібі

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;

  2. Әділет Министрлігтде мемлекеттік тіркеуден өту;

  3. Банк операи,ияларын жүргізуге Ұлттык, банктен ли- цензия алу.

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке түлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • рұқсат алу үшін беретін етініші;

  • құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);

  • банктің жарғысы (түпнұсқа);

  • банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

  • құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттың банктің белгілеген тізімі бойынша);

  • құрылтаишылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

  • егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;

  • егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, үйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

  • банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде — үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — бір жылдың еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;

  • жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережссі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктік несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жанадан құрылатын бапктің бизнес-жоспары, оның ішнде болу керек, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен аукымы, қаржылық болашағы (есеп айырісу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);

  • тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;

  • нотариалды түрде куәландырылған, құрылтаишылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;

  • басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.

Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезенде жаңадан құралатын банк Ұлттың банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзсге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

—үйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

—жарияланған жарғылык, капшпалды төлеу. Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

— заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

— жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

— банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, кайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  • заемдық операциялар: оны төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

  • сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, қүйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

  • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

—сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы кағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау кызметін көрсету, сондай-ақ жауапіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

—ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

  • төлем карточкаларын шығару;

  • банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;

  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

  • төлем құжаттарын инкассаға қабылдау (вексельден басқаларын);

  • чек кітапшаларын шығару;

  • бағалы ңағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

  • аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

— ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;

—үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

  • брокерлік — мемлекеттің бағалы қағаздарымен;

  • дилерлік — мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздармен;

  • кастодиандық;

  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктіц филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операуияларды жүзеге асыруға құқ,ылы жэне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

— Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;

  • Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

  • Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер. Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.

Банктін, өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен жэне оның атынан әрекет ететін банктің орналаск,ан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктін құрылымдық, бөлімшесі.

Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:

  • өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;

  • өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;

— ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

  • өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

  • аудиторлық үйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдың есебі;

  • өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәләндыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;

— өкілдікте жұмыс жасаитын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Еншілес банк — жарғылык, капиталдын, елу пайыздан астамы бас банкке тиселі жэне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалык, бөлімі (жинақ, кассасы) — ҚР аумағында банктік операциялардын жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттык, банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтык, бөлімшесі.

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

  • банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;

  • банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;

  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;

  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

  • банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;

  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.

Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан астам белігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.

Жарияланған жарғылық қордың 50%-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдың құндылықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банк ашу және қызметін ұйымдастыру неше кезеңді қамтиды?

2. Банкті ашуға рұқсат алу үшін қандай құжаттар қажет?

3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу талаптары қандай?

4.Банк қызметін қалай түсінесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.5-14.

3-тақырып. Қаржылық қадағалау агенттігінің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Банктерді тарату.

1. Дәрісті ұсыну.

2. Қазақстан Республикасында банкті ашуға рұқсат және лизенция беруші ресми орган – Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі (Қаржылық қадағалау агенттігі).

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департамент көмегімен жүзеге асырылады.

Мұндағы басты міндеттердің бірі бұл банктердегі қызметтін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігімен тұрақтылығын қолдау.Ал, ол міндетті шешуде қызметін қадағалаудың екі негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.

Бұл дитанциялық қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.

Дистонциялық қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау органдары мәліметтерді беру түрінде жүргізілетін пруденциалдық қадағалау әдісі.

Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаментіне есеп берудің төмендегідей формаларын тапсырады:

  • 700 Нформасы бойынша күнделікті баланысы;

  • Ашық валюталық позицияның лимиттері және валюталық метто- позициясы туралы апталық есебі

  • Ағымдағы өтімділіктің орындалғаны жайлы апта сайын есеп беру;

  • Пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;

  • Активтердің және шарты талаптары мен мміндеттемелердің ай сайын жіктелуін;

  • Тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.

Қашықтан қадағалаудың артықшылғы – онда банктердің жағдайы туралы мәоліметтер әсіресе капитал жеткіліктілігі, өтімділігі және табстылығы бойынша жиі жаңартылып тұрады.

Инспекциялық қадағалау – банктерде орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.

Инспекциялай әдісінің артықшылығы – банктің барлық операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек-жағдайда бірнеше жылға бір рет жүргізіледі, содықтан банктің жағдайының барлық жақтарына үзіліссіз бақылау қызметін жасай алмайды.

Дистанциялық қадағалау, инспекциялау барысында анықталған мәселелерді жою бойынша жұмыстардың нәтижесінде бақылау жасауы мүмкін. Осымен бірге қадағалау орындарықызметкерлерінің есеп берулерді тексеру, инспециялау ісінде біліктілігі мен кәсіптілігі болу керек.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің механизімі қазіргі кезде көптеген елдерде осындай екі әдісті бірге қамтиды. Соның ішінде дитанциялық қадағалау әдісі жедел тексерудің қажет ететін банктердің анықтаудың негізі болып табылатын көрсеткіштерді айқындау үшін қолданылады, және тексеруді ерекше алңдататын қызметтердің бағытын дұрыстап тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банк ашу және қызметін ұйымдастыру неше кезеңді қамтиды?

2. Банкті ашуға рұқсат алу үшін қандай құжаттар қажет?

3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу талаптары қандай?

4.Банк қызметін қалай түсінесіз?

5.Банк қызметін реттеудің қандай әдістерін білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.5-14.

Тақырып 4. Қазақстан Республикасында банктердің қызметтерінің құқықтық негіздері

1. Дәрісті ұсыну.

2. Мемлекеттік тексеру және банктің заңды тұлаға ретіндегі мәртебесінің ресімделіну тәртібі.

Банктік қызметті тиімді қадағалау банктік қызмет жағдайы үздіксіз бақылау үшін шарттар құрайтын тұрақты заңдық базаға негізделді. әртүрлі мемлекеттерде заңдық база әртүрлі болып келеді. Бірақта олардың көбінде келесідей үш деңгейде тұрады: бірінші деңгей – банктік қызмет туралы заң; екінші қадағалау ережелерімен шектеулер жүйесі; заңның орындалу тәртібінің немесе белгілі бір ереженің анықтамалары берілген бағдарламалық құжаттар қатары. Қазақстан Республикасының банктеріне қатынас бойынша мемлекеттік саясат басқармамен шығарылған әртүрлі заңдарға, жарлықтарға және ережелерге негізделген. өзінің мақсаттары бойынша бұл құжаттар «нақты » не экономикалық реттеу актілері болып бөлінеді, бірақ көп жағдайда екі сипатта болады. «Нақты» реттеуге банктік тәуекелдерді төмендетуге және қаржылық институттармен банк жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнама жатқызылады. Реттеуден несимелік тәуекелдер –минималды капитал деңгейі, өтімділік дәрежесі және т.б. өтеді. Экономикалық реттеу ақша несиелік саясат құралдарының көмегімен экономкалық саясат мақсаттарына жету үшін бағытталған. Соның ішінде, ақша массасын бақылау, міндетті резервтер нормасы мен экономика және әлеуметтік бағдарламалардың тиімді салаларын несиелендіру бақылау және т.б. Сонымен, банктік заңнама ретінде банктік қадағалау банк қызметінің келесі «нақты» және экономикалық маниторингті және инспекторлық тексерулер мен қорытындылар нәтижелері бойынша банктердің нормативті актілер мен ережелерді орындаудың бақыланатын міндеттеуін қамтиды.

«Нақты» реттеу жалпы тұрақсыздық қауіпін максималды төмендету немесе жою үшін жүргізіледі. Банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын – реттеу, бухгалтерлік есеп және аудит стандартына сәйкес бекіту және қалыптастыру арқылы банктер мен олардың клиеттері арасында, банктер мен реттеу органдары арасында нақты қарым – қатынастарды анықтайтын жаңартылып отырыатын заңдық база қолдайды. Банктер үшін міндетті және банктік жүйенің сенімділігін тұрақтылыығын қаматамасыз ететін құқықтық нормалар шекті шектеулерді бекітеді. Олар тиімсіз менеджметпен жіберілген залалдпарды жоюға, тоқтатуға немесе шектеуге мүмкіндік береді. Құқытық реттеудің жоқтығы немесе әлсіздігі нақты облыстарды тепе- теңдіксіз туғызады, банктер қызметтерінің қолайсыздығына, қаржылық нарықтардың жойлуына және жалпы тұрақсыздыққа әкеледі. Мұнда бәсекелестік ақша нарығының дамуына шектеу қоймайтын, қаржылық жүйеге сенімділікті сақтаудың және сауықтыруды қамтамасыз ететін қаржылық құқықтық ретеу жұйесін құрі қажет. Негізінен ішкі және шетел қаржы нарықтарында тиімді бәсекеклесетін республиканың қаржы институттарының реттеушілік халықараралық стандартарда максималды бейімделуі өте маңызды.

2000 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша республикада екінші деңгейлі 55 банк қызмет атқарған, соның ішінде, мемлекетаралық – 1, мемлекеттік – 1, шетелдік қатысумен (резиденттер еместердің банктерінің еншілес банктерін қосқанда) -22. Сонымен қатар, банктік емес қаржылық мекемелер бекітілген: 44 ломбард, 7 несиелік серіктестік, 46 ұйым. 2000 жылдың 1 қаңтарында банктік қызметті аудиторлық тексеруді жүргізу бойынша Ұлттық банктің лицензиясын 17 аудиторлық компаниялар, соның ішінде 5 халықаралық және 15 қазақстандық алған.

Халықаралық банктік тәжірибеде қабылданған екінші деңгейлі банктердің қызмет стадартына жету мақстаныда Ұлттық банк үздіксізщ мониторинг жүргізді. 2000 жылдың 1 қаңтардың жағдайы бойынша халықаралық стандарттарға өту бойынша банктердің бірінші тобына 12 банк, ал екіншісіне – 25 банк жатқызылды.

Банктік қадағалау бойынша заңнаманың ерекшелігі болып банктік бақылаушылардың қаржылық жағдайы, барлық мүмкін болатын залалдарды, басқару дөрекілерді бағалау сияқты кең сипатта қызмет етуі табылады.

Құықтық реттеу банктің нарыққа кіруін лицензиялау процесінде басталады. Көптеген дамыған мелекеттерде лицензияларды қадағалау қызметін атқармайтын басқарушылық агенттр береді. Лицензияны қиындықсыз және зиянсыз алу үшін критериялық талаптар қатары қолданылады. Мысалы, жаңабанктік құруда заңды тұлға ретінде ол банктік операцияларды жүргізуге Ұлттық банктің лицензиясы ретінде Заң министрлігінің тіркеуінен өтеді. Банк оны құрушылар, банктің акцияларының категориялары мен номиналды бағасы, саны туралы мәліметтер және банктьің жарғылық капиталын қалыптастыру бойынша банк жарғысы негізінде құрылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банк қызметін реттеудің қандай әдістерін білесіз?

2.Пруденциялық реттеу дегеніміз не?

3. Қандай пруденциялық нормативтерді білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.5-14.

Тақырып 5. Коммерциялық банктер қызметін макроэкономикалы деңгейде реттеудің мазмұны

1. Дәрісті ұсыну.

2.Банк қызметін реттеу себептері ,ақша-несие саясаты, сипаты,әдістері, құалдары мен танысу.

Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта бағамының көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау), халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.

   Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағым-дағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтама-сыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытта-луы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады.

Қазақстан экономикасының нарықтық принциптерге өтуінен бастап ақша саясатының мақсаты инфляциялық процестерге және осы негізге сүйенетін сұранысты реттеу үшін ақша эмиссиясын шектеу болып табылады. Бұл ақша айналымының реттеуші құралдарын қолдану арқылы жүзеге асады: яғни, ақша массасын реттеу, валюталық реттеу.

Екі деңгейлі банк жүйесін қалыптастырғаннан кейін,ақша ретеушілері жиынтық сұранысты реттеуге және ақша қаражаттарының әр алуан түрлерімен формаларын бір уақытта қолдану мүмкіндігін қамтамассыз ету үшін бағытталған болатын.

Ақша массасының құрылымы мен динамикасының анализі ақша айналымының реттеу механизімін жасауда маңызы зор. Айналымдағы ақша көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несие эмиссиясының көмегімен болжамдалады. Несиелеу процесі кезінде, алтынволюталық қорлардың өсуі және шетел волютасын сатып алу нәтижесінде оның активтері көбейеді. Бұл, сонымен бірге, пассивтердің өсуіне, яғни ақша агрегаттарының ( қолма – қол ақша, міндетті резервтер ) пайда болуына әкеледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолма – қол ақша айналымын реттеудегі басты қызметтерінің бірі - экономика субъектілерінің қажеттілігін ұлттық валюта ақша белгілерімен дер кезінде және тұтас қанағаттандыруы.

Елімізде инвестициялық саясаттың басым бағыттары мына қажеттіліктен туындайды: отандық өндірісті инвестициялау үшін қажетті валюталық қаржылармен қамтамасыз ететін экспорттық потенциалды дамыту; өмірлік маңызды жүйелерді құрайтын салаларға мемлекеттік қолдау көрсету; сыртқы және ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие өнімдерді шығаратын өндірістер мен салаларды инвестициялау; дайындығы жоғары деңгейдегі өнімдерді шығаратын өндірістерді инвестициялау. (12, 193-194)

Инновациялық экономика кез-келген азаматтың назарын аудара алды. Түптеп келгенде, оның классикалық экономикадан өзгешелігі – пайдаланылатын – пайдалы қазбалар емес, жоғары экономикалық негіз – яғни адамның білімі, ал оның күш-қуаты шексіз екендігі белгілі. Инновациялық жүйені құру үшін ғылыми-техникалық әлеуетті дамытумен қатар, іргелі дүниелерді коммерциялық қолданысқа дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа инфрақұрылымның және институциялдық отаны қажет ететін қолданбалы зерттеулер саласы да қажет болды.

Ұлттық инновациялық қордың міндеттері – инновациялардың құрылуын және енгізілуін қаржыландыруды жүзеге асыратын иноовациялық қорлар мен инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу; инновациялық инфрақұрылымды дамыту; халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар?

2.Банк қызметін реттеу себептері ?

3.Ақша-несие саясаты, сипаты, әдістері, құалдары ?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.5-14.

Тақырып 6. Екіңші деңгейлі банктер қызметің еттеу үшің пруденциялық нормативтер 1. Дәрісті ұсыну.

2.Базельдік келісім және банкті реттеу принциптері,пруденциалдық нормативтер жуйесі,банк қызметін бағалау ушін қолданылатын коэффициенттер мен қөрсеткіштер мен танысу.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейіндегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңының 41 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктерді қызметін реттеудегі мынадай жолдармен жүзеге асырады:

- пруденциалдық нормативтерді белгілеу;

- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;

- банктердің қызметін тексеру;

- банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;

- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;

- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру;

Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциалдық нормативтер мен міндеттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктрдің пруденциалдық нормативтерді және орындаға міндетті, басқада нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.

Пруденциалдық нормативтердің немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және олардың әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.

Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды жабу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін Ұлттық банк белгілейді.

Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттық банк бекіткен тәртіпке күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциалды нормативтер 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалды нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

1.Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;

  1. меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;

  2. бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

  3. өтімділік коэффициенті;

  4. ашық валюталық позиция лимиті;

  5. негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмысалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті;

  1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналды бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез-келген пруденциалдық нормативтер және лимитттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.

  2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті. Меншікті капитал (К) – бұл І деңгейлі капитал мен ІІ деңгейлі капитал қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.

Меншікті қаражаттардың жеткіліктігі төмендегідей екі коэффициенттің көмегімен есептеледі.

Банктің қаражаттардың жеткіліктілігі төмендегідей екі коэффициенттің көмегімен есептеледі.

Банктің бірінші деңгейлі капиталының барлық активтер сомасына қатынасы 0,06 – дан кем болмауға тиіс.

Мұнда, КІ – бірінші деңгейлі меншікті капитал;

ИК – банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың субординаларлық қарызы;

А – банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы;

Банктің меншік капиталының тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтерге қатынасы 0,12-ден кем болмауы тиіс.

Мұнда, К – банктің меншікті капиталы;

Ар – тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы.

Пс– арнайы резервтер қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы.

  1. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері:

Мұнда, Т – тәуекел мөлшері (несие лимиті);

К – банктің меншікті капиталы;

Пс– арнайы резервтер қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы.

4. Ағымдағы өтімділік коэффициенті екі коэффициентпен анықталады:

- бакнтің ағымдағы өтімділік коэффициенті;

- банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті;

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең төменгі мәні Ұлттық банктің басқармасы бекітеді.

Мұндағы, Аор - өтімді активтердің орташа айлық шамасы;

Мор – талап етілетін мінедеттемелердің орташа айлық шамасы;

– ағымдағы өтімділік коэффициеті

Мұндағы, Аор - өтелу мерзімі үш айдан аспайтын активтердің орташа айлық шамасы;

Мор - үш ай мерзімге дейінгі тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;

– қысқа мерзімді өтімділік коэффициеті

5. Ашық валюталық позиция лимиті Ұлттық банк Басқармасы және басқы рейтингтік агентіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингін иеленетін шетел валюталары бойынша ашық валюталық позиция лимитін белгілейді.

6. Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банк инвестициясынының жоғары мөлшерінің коэффициенті

Мұндағы, Н – негізіг қорларға және басқада қаржылай емес активтерге жұмсалынған инвестицияның сомасы;

К – банктің мешікті капиталы;

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Банк қызметін реттеудің қандай әдістерін білесіз?

2.Пруденциялық реттеу дегеніміз не?

3. Қандай пруденциялық нормативтерді білесіз?

4. Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері?

5.Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті?

6.Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері?

7.Өтімділік коэффициенті?

8.Ашық валюталық позиция лимиті?

9.Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмысалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.15-34.