
- •5В050900 «қаржы» мамандығы үшін «банк ісі » пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1.Глоссарий
- •Модуль 1. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару.
- •Екінші модуль. Банктік ресурстарды басқару.
- •Несиелендірүді ұйымдастыру
- •Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы
- •Форфейтинг
- •Банктің трастық операциялары
- •Модуль 4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Модуль2. Банктік ресурстарды басқару.
- •Модуль 3. Банк активтерін басқару
- •Модуль4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару.
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
- •5В050900 "Қаржы" мамандығының күндізгі және сырттай оқыту бөлімінің студенттері үшін "Банк ісі" пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •1.Курстық жұмысты рәсімдеу
- •1. Курстық жұмысты рәсімдеу
- •Жұмыстың мӘтіндік бӨлімін өҢдеу ережелері.
- •Мұндағы: к – несие сомасы, теңге
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •5.Оқушылардың өздік жұмыстары
- •5.1.Өздік жұмыстарының тақырыптары
- •5.2.Коллоквиумның сұрақтары
- •5.3 «Банк ісі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Екінші модуль. Банктік ресурстарды басқару.
7-тақырып. Банкттік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялар.
1. Дәрісті ұсыну.
2. Банктік ресурстар және олардың қалыптасуының қайна көздері, банктік меншік капиталы, олардың қызметтері банктік резевтер, жарғылық капитал, депозиттіқ операциялар және олардың түрлері, дипозиттік мультипликатор мен танысу.
Коммерциялык. банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос акшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін канағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық, банктік пассивтік операциялык. негізінде оның ңызметінің жүзеге асырылуы үшін ңажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термин «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық опе-рацияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, үйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік к,арыз к,оры деген экономикалың түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттік ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық. және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтық ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттік қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық, құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялың банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдың қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
Банк ресурстары — бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық, активтік операциялар бойынша банк өтімділігін к,амтамасыз ету жэне пайда табу мак,сатында орналастыруға бағыгпталатын банктің меншікті және тартылған к,аражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыңалар жатады:
Банктің меншікті капиталы.
Банктің заемдык, және тартылған к,аражаттары. Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі
тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе. ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Банк ресурсы дегеніміз не?
2. Банк ресурсы құрылымы неден тұрады?
3.Банктің меншікті капиталын қандай баптар құрайды?
4.Меншікті қаражат жеткілігін қалай анықтайды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.66-80.
8-тақырып. Банктің меншікті капиталы басқару.
1. Дәрісті ұсыну.
2. Банктің меншікті капиталы – банк ресурстарының тұрақты құрамдас бөлігі
Банк ресурстарының құрылымына мыңалар жатады:
1.Банктің меншікті капиталы.
2.Банктің заемдык, және тартылған к,аражаттары. Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе. ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын қалайды.
Банктің меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:
-банктердің дивидендтерді өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда пайыз мөлшерінің өзгеріне, қарыз алушының несиелік қаілетінің нашарлауына байланысты, оладың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
-банк көбіне тұрақсызқысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысыты қайтарылып алынуы мүмкін.
Банктің меншікті қаражаты –банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы банктің пайдасының жиынтығын білдіреді.
Банктің меншікті акционерлік капиталы шығарылған акциялардың номиналдық құнына тең. Бөлінбеген пайда кірістерден шығыстардың артық болуын сипаттайтын банктің баланстық бабы. Резервтік капитал ационерлік капиталдарды эмиссиялаудан түскен құрылтайшылық пайда және ағымдық пайдадан жыл сайынғы бөлулер есебінен қалыптасады.
Банк капталының құрылымында базистік капиталдан басқа қосымша элементтер де болуы керек. Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсаттарға бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар. Капиталдың жалпы құрылымы келесідей:
Базистік капитал;
-Акционерлік капитал
-Ашық резервтер (акционерлік пайдадан құрылған резервтер)
Қосымша капитал;
-Жабық (жарияланбаған) резервтер
-Активтерді қайта бағалау кезінде пайда болған резервтер.
-Күмәнді қарыздарға жалпы резервтер.
-Жабық кірістер.
-Бағалы қағаздар
Банк капталының сенімділігін арттыру мақсатында оның құрылымына
келесідей талаптар қойылды.
-базистік капитал мөлшері банк капиталының жалпы көлемінің 50%-нан төмен болмауы керек. Пайдадан салықтар төленгеннен кейін ғана базистік болып анықталуы керек.
-қосымша міндеттемелердің сомасы базистік капиталдың жалпы сомасының 50%-нан аспауы керек.
-егер несиелік жоғалтулар кезінде жалпы резервтік қорлар төмендетілген бағамен активтерді қосса, онда олардың көлемі тәуекелге бейім активтердің мөлшерінен 1,25%-тік, кейбір жағдайда 2%-тік пункт аспауы керек.
-егер активтер ревальвациясынан резервтер сатылмаған бағалы қағаздардан жабық кірістер нысанын қабылдаса, онда олар 55%-дық жеңілдікке жатады.
Біздің елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерді ескере отырып
банк қызметін реттеу бойынша нормативтік актілерді өңдеу процесінде жоғарыдағы талаптарды ескеру қажет. Банктік қызметті реттеу үшін капиталдың маңызды элементтерін олардың шығындардың орнын толтыруға дайындық дәрежесіне қарай анықтап отыру қажет. Бұл әртүрлі банктік мекемелердің капиталының жеткіліктілігін есептеуде біртұтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына келесілер жатады:
-банк пайдасы;
-акциялар шығару;
-құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
-облигациялар шығару.
Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті қаражаттарын мындай көздер құрайды:
жарғылық капитал;
резервтік капитал;
қосымша капитал;
банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған көздер;
бөлінбеген банк пайдасы.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын толтыру мақсатында құрылады. Сондай-ақ резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Банк ресурсы дегеніміз не?
2. Банк ресурсы құрылымы неден тұрады?
3.Банктің меншікті капиталын қандай баптар құрайды?
4.Меншікті қаражат жеткілігін қалай анықтайды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.66-80.
9-тақырып. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару.
1. Дәрісті ұсыну.
2. «Депозитттер», «депозиттік операциялар», «депозиттік портфель» туралы түсінік, депозиттік портфельді қалыптастырудың және басқарудың проблемалары.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
1. Депозиттік қаражаттар;
2. Депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Депозит - бұл клиенттердің ( жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
талап етуіне дейінгі депозиттер;
мерзімді депозиттер;
жинақ салымдары;
бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы нақты ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттарды білдіреді. Оларға мыналар жатады:
мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Мерзімді депозиттер – бұл банктердегі белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос қаражаттары болып табылады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
меншікті-мерзімді депозиттер;
алдын ала алуы ескерілетін мерзімді депозиттер.
Мерзімді салымдар бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды, бірақ басқа шоттарға аударуға болады.
Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар төмендегідей бөлінеді:
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен облигациялары;
- банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар мен облигациялар;
- шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар мен құндылықтар.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының ерекшеліктері келесідей:
ақшалай қаражаттар сақтауға тұрақты мерзімі болмайды;
шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тартылған қаражаттарға не жатады?
2.Депозит дегеніміз не?
3.Депозиттің қандай түрлері болады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.81-90.
10-тақырып. Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі. Оның құрылуы мен дамуы.
1. Дәрісті ұсыну.
2. Депозиттерді сақтандыру жүйесі және оның банктердегі жеке тұлғалардың салымдары бойынша міндттемелерін қамсыздандырудағы рөлі.
Салымшылар – жеке тұлғалар – Қазақстанның резиденттері ұсынатын құжаттар: қол үлгісі қойылатын құжат; есепке қойылатын фактіні растайтын салық қызметі органының берген құжат көшірмесін ұсынады. Салымшылар – заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері еместер және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес банктер салымшыларының (депозиторлардың) мүдделерін қорғау мақсатында салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік етуді (сақтандыруды) жүзеге арысратын ұйым құрылады. Уәкілетті орган салымдарды (депозиттерд) міндетті ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жөніндегі ұйымдардың қызметінің құқықтық мәртебесін, құру тәртібін, реттеу мен тоқтатуды белгілейді. Салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) тәртібін, сондай-ақ банктермен салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік ету ( сақтандыру) жөніндегі ұйымның өзара қарым-қатынасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленеді. Банктер салымдарды (депозиттерді) міндетіт ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жүйесіне уәкілетті орган бекіткен мөлшерде және тәртіпте жүзеге асыру жолымен қатысады. Бұрын ондай уәкілетті орган Ұлттық Банк болды, ал қазіргі кезде жаңадан құрылған қадағалау функциясын жүзеге асыратын қаржы нарығы мен қаржы операцияларын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік атқарады. Несие нарығын дамыту үдерісі көбінесе депозиттерді тартуға күш салуға байланысты. Деректерге қарағанда, шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы қысқара басталуымен доллардың құнсыздану үдерісі басталды. 2002 жылға дейін доллардың өсу үдерісі жүргеніне қарамастан 2006 жыл бұрынғы жылмен салыстырғанда ол 6,1 %-ға ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттер үлес салмағы артып, шетелдік валютадағы депозиттердің үлес салмағы керісінше азайды, сөйтіп теңгеге сенім артты. Бұл ұлттық банкінің отандық төлем қаражатының тұрақтануы бойынша тиімді ақша-несие саясатын жүргізумен түсіндіріледі. Қазақстанның валюта нарығында долларлық салымдардың тартымдылығы айтарлықтай төмендеді. Талдаушылардың көпшелігі доллар бағамының төмендеуі қысқа мерзімді деп ойлайды, егер АҚШ-тың экономикалық жағдайын ескерсек, теңгелік депозиттердің өсуі дегенмен ұзақ мерзімді сипатта болатын сияқты. Жеке тұлғалар депозиттері үлес салмағының өсуі 44,3 %-ға дейін көтерілуі, 2000-2002 жылдары жеке тұлғалар депозиттерінің өсуінен болады. 2005 жылы заңды тұлғалар депозиттері өсуі – 43 %, жеке тұлғалар депозиттерінің өсуі – 37,8 % болды және тиісінше, заңды тұлғалар депозиттерінің үлес салмағы – 2,2%-ға артты. 2006 жылы жағдай мүлдем өзгерді: заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі 9%-ға тең болды, жеке тұлғалар депозиттері 52,6%-ды құрап, 2 еседен аса өсті, тиісінше, олардың үлес салмағы айтарлықтай артты. 2007 жылы заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі біршама азайып 15,5%-ды, ал жеке тұлғалар депозиттері 22,7% болды, сондықтан да жеке тұлғалар депозитерінің өсу деңгейі соншама жоғары емес. Халық салымдарның құрамында мерзімді депозиттер үлесі біртіндеп өсуде [3, 7 б]
Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес және ҚР Азаматтық Кодексімен реттеледі. [8, 202 б]
Бұл орайда Қазақстан заң шығарушысы депозиттерді тарту бойынша шектеу қояды, өйткені, банк заңнамасы бойынша депозиттерді тарту банк операцияларына жатады, оны депозиттерді тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясын алған банктер немесе ұйымдар ғана жүзеге асыруға құқылы.
Коммерциялық банкілердегі азаматтар салымдарын сақтандыру пайдасының негізгі дәлелдері: салымшылар арасында үрейді болдырмау және «ақпарат алмаған салымшыларды қорғау». Салымшылар банктің банкроттығы бойынша негізді және негізсіз қауіптенуі, қарыз қаражаттарымен жұмыс істейтін тек жеке банктің банкроттануынша ғана емес, сонымен бірге ол негізінен жиі болатын «домино әсері» деп аталатынға да әкелуі мүмкін. Бұл банк жүйесінің жүйелік дағдарысына әкелуі мүмкін болатын салымшылар өз қаражаттарын банктерден жаппай алған кезде басталады, сонымен бірге «банктерге шабуыл» сенімсіз ақпарат, газеттің «жалған хабары» себебінен болады. Дағдарыс жағдайына ұшыраған банк клиенттерінің депозиттерін тым болмаса ішінара өтеу арқылы банк үрейін болдырмау, шығыстары әдеттегідей, жүйелік дағдарыс салдарын жою шығындарынан әжептәуір аз болады.
Сондай-ақ «ақпарат алмаған салымшыларды қорғау» азаматтардың депозиттерін сақтандыру пайдасында маңызды дәлел болып табылады. Әрине, әдеттегідей, банкінің барлық салымшылары банк жағдайын тұрақты түрде қадағаламайды және оларды жақсы түсіне бермейді, өйткені халықтың экономикалық білімі мен машықтары төмен.
Сақтандыру депозиттері жүйесін енгізуге қарсы дәлелдер ерекше түсіндіруді талап етеді. Депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі, салымшыларды қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тетігі бола тұра, сол кезде тәуекелдіктерді басқаруға бағытталған банк менеджментінің ынталандыруын азайтады, банкілердің мүмкін болатын банкроттығына және соңғы нәтижесіне жағдай жасайды. Банктердің менеджерлері арасында «моральдық тәуекелдік» проблемасының пайда болуы өкіметтің аса қауіпті саясатты ынталандыру, кейде мүмкін болатын шығындарды мемлекет «толтыратын» сенімді, экономикалық субъектілердің жауапкершіліксіз тәртібінен болады.
Банктердің жоғары мөлшерлемелері де салымшылардың ынталандыруын тудырмайды. Оларды, әдеттегідей, ауыр қаржы жағдайына ұшыраған банктер ұсынады.Әрине, салымшылар жоғары өтемақыны талап етеді. Депозиттер бойынша төмен пайыздар «пайыздық қырқысты» тудыруы мүмкін. Қазір депозиттерді сақтандырудың (ДСЖ) бірталай алуан түрлі нысандары бар. Олардың жіктеулері көрсеткендей өзара елеулі түрде ажыратылады. Іріктелім негізінде валюталық салымдарды сақтандыру есебі ескерілген зерттеулер жатыр.
Халық арасында кең түсіндіру жұмысын үдемелі жүргізе отырып, банктердің және қорға мүше банктердің кейбір депозиттерінің сақтандырылмағандарына назар аудару керек еді. Сонымен, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне енбеген банктер, осы жағдайды пайдаланып, мерзімді депозиттер бойынша жоғарырақ мөлшерлемелерді ұсынып, ұлысқа ие болды. Депозиттерге сақтандыруды қолданған банктер, қорға депозиттерді аудару жүйесінің сенімділігін арттыра отырып, зиян шекті. Берілген жүйеге кірмейтін банктермен салыстырғанда, қатысушы банктер, бәсекеге қабілеттігін азайтып, нарықтық орнын жоғалтып, қорда сақтандыруға жатпайтын сыйақы мөлшерлемелерінің баламалы жағдайларымен мерзімді депозиттердің жаңа түрлерін ұсынуға мәжбүр болды.
Депозиттерге кепілдік беру ережелері жөніндегі халықтың хабардар болуы өскен кезде, 2002 жылы жағдай біршама түзеле бастады. Кепілдік беру жүйесімен расталған депозиттердің өсу қарқыны, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерінің жалпы көлемінің өсуінен артып кетті. Шетел валютасыман депозиттерге кепілдік беру бүгінгі күні маңызды болып есептелмейді, өйткені экономиканы долларсыздандыру үдерісін тежейді.
Сонымен, Қазақстандық депозиттер нарығының ерекшелігі – еліміздегі үш ірі банктің шоғырлану деңгейінің өсуі. Алайда бұл банктердегі депозиттердің жалпы көлемі төмендемей, жай қарқында өсті. Заңды тұлғалардың депозиттері – бұл негізінен есеп айырысу шоттарындағы қаражат қалдықтары екенін ескере отырып қорытқанда: ірі банктер үшін депозиттер ресурстар көзі ретінде, оларды құрған кезеңдегіден соншама тартымды емес. Ірі банктер клиенттерге пайыздық мөлшерлемесінің шамасымен емес, оларға банкілер сенімділігімен маңызды, ең пайдалы, қомақтыларын таңдап алып, «мамандана» бастауы сөзсіз. Ақшасы аз жинақталған клиенттер, яғни көпшілігі, басты назарды депозиттер бойынша пайыздардың шамасына және жинақталған ақшаны басқа банкке аудару мүмкіндігін «қарап шығуға» аударады.
Доллар бағамының құлдырауы, еуроның тұрақсыздығын, муниципалдық тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды және де жылжымайтын мүлікке салым салуды есекере отырып, әзірге банк депозиттері пайда алудың сенімді мүмкіндігі ғана емес, әрі жылжымайтын мүлікке салым салу болып есептеледі. Алайда жеке тұлғалардың депозиттерін тартатын банкілер, сыйақы бойынша пайыздық мөлшермелерінің шамасы бойынша, заңға сәйкес шектелген. Сондықтан олар салымды тарту үшін үлкен жарнамалық бюджет жұмсауға мәжбүр.
Жеке меншік қорды құру қандай да болмасын банк тобына жеке тұлғалардың депозиттер нарығындағы тек өз орындарын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге Ұлттық банк жүйесінің тұрақтылығына оң әсер етеді. Және де оның «жұмылдыру» әсерін күшейтеді, яғни әрі салыстырмалы түрде отандық ірі салымшылар мен инвесторлар үшін, сондай-ақ жақын және алыс шетелдегі капитал иелері үшін тартымдылықты арттыра түседі. [10, 29 б]
Қолданыстағы заңдар бойынша депозиттерге кепілдік беруге жеке меншік қорларына тыйым салынбаған. Бірақ, алайда олардың құрылуы мен қызмет етуі заңдарда жазылмаған. Проблема шешуді талап етеді, өйткені жуық арада депозиттерге кепілдік берудің жеке меншік қорын құру жөнінде сөз болуы мүмкін.
3.2. Банктердің депозиттік операцияларын жетілдіру жолдары.
Үкіметтің 2003 жылғы 28 шілдеде № 753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес қазіргі кезеңдегі салымшылардың қорғау жүйесінің бәрі бірдей депозиттерді халықаралық стандартпен сақтандырудың деңгейіне сәйкес келе бермейді, бұл ВХҚ және қаржы тұрақтылығының Форумы ұсынған талаптарға қатысты болады. Осыған байланысты халықаралық стандартқа өту және банк-қатысушыларды тарату процесіне қадағалау жасауда Қордың өкілеттіктерін кеңейту ұсынылады; объектілерді айқындаудың кепілдік ету рәсімдерін жетілдіру және оны үнемі кеңейту; салымдарға кепілдік ету жүйесінің объектілері болып табылатын тұрғындардың депозит бойынша өтеу мөлшерін ұлғайту; банк жүйесіне салымшылардың сенімін арттыру және тұрақтылықты сақтаудың деңгейіне дейін салымдар бойынша өтемді резервке жеткізу мақсатында салымдарға кепілдік ету жүйесінің банктердің қаржыландыру тәртібін жетілдіру.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тартылған қаражаттарға не жатады?
2.Депозит дегеніміз не?
3.Депозиттің қандай түрлері болады?
4.Депозиттерді сақтандыру жүйесі және оның банктердегі жеке тұлғалардың салымдары бойынша міндттемелерін қамсыздандырудағы ролі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.81-90.
11-тақырып. Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын көздері және банкаралық несиелік ресурстар.
1. Дәрісті ұсыну.
2. Коммерциялық банктердің депозитке жатпайтын қаражаттарды тарту мақсаты және ондай қаражаттардың банк өтімділігін қамтамасыз етудегі рөлі.
Банктік тәжірибеде банктік ресурстар қатарын депозиттік емес тартылған қаражаттар да толықтыруда. Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары болып табылады. Мұндай қаражаттарды тартудың көп тараған формаларына мыналар жатады:
банкаралық нарықтан займдар алу;
бағалы қағаздарды сата отырып, кейіннен қайта сатып алу туралы келісім жасау;
вексельдерді есепке алу және Орталық банктен ссуда алу;
банк акцептерін сату;
коммерциялық бағалы қағаздар шығару;
евродолларлар нарығынан займдар алу;
капиталдық ноталар мен облигациялар шығару.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Жинақтарды тартудың тағы бір маңызды факторы - тұрғындардың банктік жүйеге деген сенім дәрежесі. Бұл фактор салымшылар үшін депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерге қарағанда артық.
Тұрғындардың ақшалай кірістерінің көлемі банктік сфераға салымдарды тартудың мүмкін болатын көлемін анықтайды. Адам неғұрлым көп табыс тапса, соғұрлым ол тек тұтынып қана емес жинақтай да алады. Сонымен қатар тұрғындар кірістерінің өмір сүру минимумынан жоғары болуы олардың ақшалай қаражыларын жинақтауға деген сұраныстары да арта түседі.
Бүгінгі таңда банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг, және басқа да операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар ғана емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құрылады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорындарға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
Кез келген банктің мақсаты өзінің ресурстық потенциалын арттыру болып табылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тартылған қаражаттарға не жатады?
2.Банкаралық несие?
3.Овернайт дегеніміз не?
4.Күндізгі займ?
5.Депозиттік емес ресурстарды қалай түсінесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.91-93.
12-тақырып. Активтер және коммерциялық банктің активтік операциялары мен активтер портфелі.
1. Дәрісті ұсыну.
2. Активтер және активтік операциялар туралы түсінік, олардың пассивтік операциялардан айырмашылығы.
Банктің активтік операциялары бұл қажетті табыс алу үшін және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында банктің өзіндегі ресурстарын орналастырумен байланысты операциялар. Банктік активтердің маңызды бөлігі – несиелік портфельді құрайды. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуелді болып келеді. Олар банктік операциялардың пайдасынан басты көзін құрайды.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендіруіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуне болады:
а) касса және оған тенесетін ақшалай қаражаттар;
ә) бағалы қағаздарға жұмсалатын инвестициялар;
б) ссудалар;
в) банктің ғимараты мен жабдықтары және т.б.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердін көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады. Активтердің жіктелуі қосымшада көрсетілген (Сурет 1)
Қолма қол ақшалар
Несиелік
мекемелердегі қаражаттар
Несиелік операциялар
Негізгі қаржылар
АКТИВТЕР
Лизинг,
факторинг, трасттар
Инвестициялық
бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар
Саудалық бағалы
қағаздар
Сурет 1- Екінші деңгейлі банктердің активтерінің жіктелуі
Бақылау сұрақтары:
Банк активтері?
Банктің активтері қандай топтарға бөлінеді?
Банк активтерінің жіктелуі?
Банк активтерінің құрылымы неден тұрады?
Банк несиелері қалай жіктеледі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.94-96.
13-тақырып. Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері.
1. Дәрісті ұсыну.
2.Банктің несиелердің жіктелуі, принциптері, несиелендіру әдістері, несие бағасы,ссудалық шоттар формаларымем танысу.
Әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызылады.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарлады өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі – тауарлардың ұдайы жеткізуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің рөлі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді( атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте векселді қаншалықты есептеуге алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің рөлін төмендетеді.
Банктік несие – бұл банктердің арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез-келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражаттарды өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме ретінде көрінеді.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемдң кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің де көлемі өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұранс өседі, екінші жағынан тұрғындарды несиелеудің өсуітөлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсірісе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
70-жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиенің бұл түрінің мақсаты – клиенттерді жоғальпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Сондай-ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-пен Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «дербес несиелер» деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады,бірақ олардың тауарларды қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар.
Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір қызметтерді алу үшін (мысалы, туристтік сапарларды төлеу) кезінде пайдаланылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады. Әдетте дербес несиенің соммасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтеу мерзімі 36 ай.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей-кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті табылады.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен тұрғын үй сатып алуға, осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланады.
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірісті ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекеттік және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жинағы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп отырады.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайырымдылыық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Несиенің келесі бір түрі бұл – ауылшаруашылық несиесі. Енді қазіргі жағдайда ауылшаруашылығын дамытудың бір жолы – ол коммерциялық банк арқылы ауылшаруашылығына несиелендіруді ұйымдастыру. Қазіргі таңда ауылшаруашылығының саласына қарай несиені ұсынуда, бұл салада келесідей жетіспеушілік туындайды:
Капитал көлемінің жетіспеуіне байланысты, ауылшаруашылық кәсіпорындарды өнім өндіруді өздігінен ұйымдастыра алмайды;
Нарықтық экономикада өнім сапасын жоғарлату;
Жыл мезгіліне егіншілік, мал шаруашылығының табиғи климиттық факторларға тәуелді болуы;
Сондықтан ауылшаруашылығының осындай бағытына қарай банктер ипотекалық несие мен лизинг несиесін ұсынады.
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
Мерзімдері бойынша:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);
несиелеу объектілері бойынша:
негізгі қорларға берілетін несие;
айналым қорларына берілетін несие;
несиелеу әдістері бойынша:
қалдық бойынша несиелеу;
айналым бойынша несиелеу;
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарына айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.
Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық;
экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауды операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық – кез-келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвистициялау);
несие субъектілері бойынша: қысқа, орта, ұзақ мерзімді;
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:
аукциондық – Ұлттық банктің ақша-несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде,республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;
ломбардтық – Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;
бюджеттік – Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несие;
Қазіргі несиелеу жүйесі қарьіз алушының несиелік қабілетін аньқтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл коммерциялың банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл қ,арыз алушынын, өзінің к,арыздык, міндеттемелері бойынша толык, жэне уақтылы есеп айырысу к,абілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем кабілетінен бір айырмашылығы — онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспекти-вадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып,ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мелшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыт-тағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты ңарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін керсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушынын мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктік несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлга ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік та-рихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарьіз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі — оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерий болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңызы зор:
оның жеткіліктілігі яғни Орталық банктің тарапынан жарғылың қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициент негізінде талданады;
несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі — қарыз алушының активтерінің құны және несиелік елісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уаңтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сактандырушының тұрақты болуы, қарыз алушынын ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
СОҢҒЫ критерий — бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:
іскерлік тәуекелді бағалау;
менеджментті бағалау;
к,арыз алушының қаржылық, тұрақтылығын бағалау;
қаржылық коэффициенттерді бағалау;
ақша тасқынын талдау;
қарыз алушы туралы аппарат жинақтау;
• орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын к,адағалап отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдік қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.
Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процесс несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып несиенің толық қайтарылуымен аяқталады.
Жинақталған ақша сомасы ел экономикасын инвестицияландырып капиталға айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал – несие.
Әр кезеңде пайдаланылатын несиелеу механизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
-несиеге деген өтінішті қарау;
-несиелік қабілетін талдау;
-несиелік келісім-шарт жасасу;
-несие беру;
-несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субьектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиелік саясат дегеніміз не?
2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?
3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?
4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?
5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?
6.Несиелеу принциптеріе ата?
7. Несиелеу әдістеріне нежатады?
8.Несиелік тәуекелді басқару әдістері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.
2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.
14-тақырып. Заңды тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру.
1. Дәрісті ұсыну.
2. Клиенттерге несие беруді тиімді ұйымдастыру – сапасы жоғары несиелік портфельді қалыптастырудың және банк етімділігін қажетті деңгейде демеп отырудың бірден-бір алғы шарты.
Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;
несиені қайтару;
жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу. Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау шін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерт-теулер орталығы дайындап, ҚР, Ұлттық банк Директоратының 27 қырқұйек 1994 ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты банктердің әдістемелік нқсқауың, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдың бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: «Кәсіпорын балансы» (№1 форма); «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы «Кәсіпорынның (үйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф — мерзімді — тоқсандық формалары) және «Кәсіпорынның (үйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі» (№5-з — мерзімді — тоқсандық— жылдық формалары).
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, ала-шаң қарыз, қорлар) көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды, пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:
ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған каражаттар қалдықтары);
жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; бере қабілетін бағалауда мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады.
Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда көзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысун бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
3) жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылытар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициент қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Бірақта алашақ қарыздық сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттық нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді.
Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке алу қажет:
• қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен болса, соғұрлым тауарлы-материалдық құндылықтар қоры көп болады);
өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан түсетін төлемдердің жылдамдығы);
өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (етімді қаражаттардың айналысы);
жұмыстың маусымдылығы.
Өтімді қаражаттардың мөлшерінің темендеуіне ықпал етушілерге мыңалар жатады:
ағымдағы қызмет зияндары;
өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;
өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;
• күрделі қаржы жұмсалымдарға мобилизациялануы. Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың жинақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.