- •5В050900 «қаржы» мамандығы үшін «банк ісі » пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1.Глоссарий
- •Модуль 1. Коммерциялық банктерді макро және микроэкономикалық деңгейде басқару.
- •Екінші модуль. Банктік ресурстарды басқару.
- •Несиелендірүді ұйымдастыру
- •Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы
- •Форфейтинг
- •Банктің трастық операциялары
- •Модуль 4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Модуль2. Банктік ресурстарды басқару.
- •Модуль 3. Банк активтерін басқару
- •Модуль4. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару.
- •Банктің шығысы мен кірісін талдау.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
- •5В050900 "Қаржы" мамандығының күндізгі және сырттай оқыту бөлімінің студенттері үшін "Банк ісі" пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •1.Курстық жұмысты рәсімдеу
- •1. Курстық жұмысты рәсімдеу
- •Жұмыстың мӘтіндік бӨлімін өҢдеу ережелері.
- •Мұндағы: к – несие сомасы, теңге
- •Курстық жұмыс тақырыптары
- •5.Оқушылардың өздік жұмыстары
- •5.1.Өздік жұмыстарының тақырыптары
- •5.2.Коллоквиумның сұрақтары
- •5.3 «Банк ісі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
"БЕКІТЕМІН"
ЭҚГҒФ деканы
_________Толымгожинова М.К.
"___"_____________ 2014 ж
5В050900 "Қаржы" мамандығының күндізгі және сырттай оқыту бөлімінің студенттері үшін "Банк ісі" пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Семей, 2014
5В050900 "Қаржы" мамандықтарының күндізгі оқыту бөлімінің студенттері үшін "Банк ісі" пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқауды құрастырған "Қаржы" кафедрасының аға оқытушысы _____________Г.М. Шакаримова
Қаржы кафедрасының жиналысында бекітілді
"_29_"_08_ 2014 ж., хаттама № _1_
Кафедра меңгерушісі ________________ э.ғ.к.., С.Ж. Ибраимова
ЭҚГҒФ ОӘБ бекітілді
Хаттама № _1_ "_9_"__09__ 2014 ж.
ЭҚГҒФ ОӘБ төрағасы _______________э.ғ.к., С.Х. Тойкин
Мазмұны
1.Курстық жұмысты рәсімдеу
2.Курстық жұмыс тақырыптары
1. Курстық жұмысты рәсімдеу
1.Курстық жұмыс бойынша мәтіндік кұжаттарды өндеуге қойылатын жалпы талаптар.
Курстық жұмыс А4 форматының ақ қағазды стандартты бетінің бір жағына жазылады.
Курстық жұмыс келесідей жиек мөлшерлерін сақтай отырып орындалады: сол жағынан 25-30мм, оң жағынан 10 мм, жоғарғы және төменгі жиек мөлшері 20 мм. Азат жол 5 белгіге немесе 15-17мм тең. Tақырыпшалар мәтіннен төменгі және жоғарғы жағынан бір жолмен өзгешеленеді.
Курстық жұмыс тақырыбын екі қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)
Курстық жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Курстық жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 30 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б. рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, жалпы қабылдан бағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.
Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Курстық жұмыстың жалпы көлемі 25 беттен кем болмауы тиіс.
