Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УММ БД каз материалы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

ПОӘК 042-18-4.1.- 09/03-2014

№ 1 баспа 11.09.2014ж.

99 беттен 99 бет

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.

3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-4.1.- 09/03-2014

«Банк ісі» пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер

Баспа № 1 11.09.2014ж.

5В050900 «қаржы» мамандығы үшін «банк ісі » пәнінің оқу-әдістемелік кешені

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР

Семей

2014

Мазмұны

1.

Глоссарий

2.

Дәрістер

3.

Практикалық сабақтар

4.

Курстық жұмыс

5.

Оқушылардың өздік жұмыстары

1.Глоссарий

Акция – иеленушінің акционерлік коғамда өзінің меншікті қаражаттардың бөлігімен иелену құқығы

Ақша активтер – жеке және заңды тұлғалардан ақша сомаларды алу құқығы.Бұл банктегі дипозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, зайымдар ж.т.б.

Валюта – бұ біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері мен төлем құралы.

Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.

Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсатына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шаралары.

Дивиденд – акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

Дисконт – қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және зхаңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Домицилиант – векселде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, векселде делдал ретінде қатысатын банк.

Депозиттік сертификат – бұл салым иесіне белгілі бір мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығын куәләндыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Диверсификациялау – тәуекелді төмендету құралы. Егер капитал әр түрлі бағалы қағаздар арасында таратылатын болса онда тәуекелдер төмендейді. Бағалы қағаздар қоржынына облигацияларды, артықшылығы бар және жай акцияларды кіргізу жөн – мұндайды бағалы қағаздардың түрлері бойынша диверсификациялау деп атайды. Диверсификациялау экономиканың салалары, аймақтары, мемлекеттер және мерзім бойынша айырылады.

Банк ресурстары – бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастырылуға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға бөлулерлен кейін қалған банк пайдасының бір бөлігі.

Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.

Валюталық интервенция – ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.

Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Қарыз міндеттемелер – инвестор (несиегер) және осы құжатты шығарған тұлға (несие алушы) арасында зайымды дәлелдейтін құжат. Қарыз міндеттемелерге облигацияларды, мемлекеттік зайымдарды, банктердің депозиттік және сақтандыру сертификаттарды, вексельдерді жатқызады.

Қарыз бағалы қағаздар – пайыз түрінде табысты алу айырбасқа қарызға берілген қаражаттарды дәлелдейтін және қарыз алушының белгіленген уақытта қарызды қайтарып беру міндеттемесін көрсететін бағалы қағаздар.

Инвестициялар- көбейту немесе құның сақтау мақсатымен экономиканың әр түрлі салаларына салынатын ұзақмерзімді капитал салымдары.

Инвестор-инвестициялық қызметті асыратың жеке немесе заңды тұлға.

Инновациялар - ғылым, техника, технологияны еңгізу негізімен негізгі капиталды (өндірістік қорларды) немесе өндірілген өнімді жаңарту.

Ипотекалық несие –бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.б.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

Қаржы-несиелік саясаты – ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық реттеу әдістерінен тұратын мемлекеттің саясаты.

Қаржылық салымдар - бұл бағалы қағаздарды сатып алу, яғни инвестициялық қоржының құрау. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар, олардың атқаратың мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші ролге ие болып отырған меншікті инвестициялар. Жалпы, қаржылық инвестициялар дегеніміз несие-қаржы қызметі болып табылады, сондай-ақ несие мекемелеріне (банкілерге) сақтауға тапсырылатың ақша сомасы, қаржы мекемелеріне сақтауға тапсырылатың бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар) және депозиттік салымдар.

Коммерциялық банк – бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын және қолма қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты.

Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюта-

ларына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.

Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығаруымен немесе өзін өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.

Дисконталған таза пайда –бастапқы уақытқа келтірілген барлық мерзім бойынша есептелген ағымдағы тиімділіктін сомасы.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндірістке, саудаға, қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Мерзімді депозит – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Пайыз тәуекелі – берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлемелерінен тартылған қаражаттарп бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Траст операциялары – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің төлем құжатын сатып алуы.

Хеджирлеу – белгілі бір шетел валютасында активтерді және міндеттемелерді сатып алу барысында бағамдық айырманың пайда болуымен байланысты мүмкін болар зияндардан қорғау (сақтандыру) тәсілі болып табылады.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

2 ДӘРІСТЕР – мақсаты болып ұсынылатын пән теориялық сұрақтарын ұстамды нысанда қарастыру табылатын оқу сабағының нысаны.

Дәріс жоспары